КСРО ның құлауы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 13:35, реферат

Краткое описание

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.

Содержание

Кіріспе
I.КСРО ның құлауы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы
1.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін алуы
1.2. КСРО - ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы
1.3. КСРО - ның ыдырауынан кейн Түркия Мемлекеті
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

тмт срс.docx

— 60.67 Кб (Скачать документ)

           Анадолыдағы түріктер бетін араб әлеміне бұрса, Орталық Азияның солтүстігіндегі Қазақстанның саясаткерлері Ресеймен ынтымақтастықты жандандыруға тырысып жатыр. Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары сыртқы саясатта көпвекторлық бағыт ұстап Ресейден біршама ұзақ тұруға тырысқан Қазақстан соңғы жылдары аймақтағы өзгеріп жатқан геосаяси өзгерістерді ескеріп Ресеймен қарым-қатынасқа көбірек мән беруде. Алдымен Ресей мен Белоруссиямен бірігіп Кедендік одаққа, артынан Біртұтас экономикалық одаққа бірігуді көздеуде. Яғни қазіргі таңда Қазақстанның сыртқы саясатындағы интеграцияда түрік тілдес мемлекеттер емес Ресей алдыңғы орынға шықты. Осыған қарап-ақ тәуелсіз түрік халықтарының ең батысы мен ең шығысында жатқан қос мемлекет бір-біріне «теріс қарап тұр» деп айтуға болады.

           Соңғы жылдары тұрақсыздықты басынан өткерген Қырғызстан да Қазақстанның ізімен Ресеймен байланысты қайта тереңдетуде жоспарлауда. Жаңа сайланған қырғыз билігі өздерінің экономикалық мақсаттарының бірі Біртұтас экономикалық одаққа кіру екенін жариялады. Бұл мәселе алдағы уақытта қалай дамитынын уақыт көрсетер, дегенмен нақты геосаяси жағдай Бішкекті де Ресеймен жақындасуға итермелеуде. Ал Өзбекстан мен Түркіменстан билігі әлі де оқшаулық танытып келеді. Әзербайжан болса Түркиямен арасы біршама жақын болғанымен басқа түрік елдерімен байланысы айтарлықтай терең емес. Мүмкін Әзербайжанның географиялық орналасуы кедергі келтіріп тұрған болар.

Жалпы географиялық жағдай түрік халықтарынң алдында тұрған ең үлкен кедергілердің бірі. Егер әлемнің саяси картасына қарасақ Түркия мен Әзербайжанды Орталық Азиядағы бауырларынан Иран мен Каспий теңізінің бөліп жатқанын көреміз. 1990 жылдары Түрік  халықтарының экономикалық одағын құруға (тіпті бұл одақ сөз жүзінде құрылды да) да осы географиялық алшақтық кедергі жасады. Иранның Каспий жағалауында әзербайжандар мен басқа да түрік халықтары тұрады (ресми емес мәліметтер бойынша Иранда 20-30 миллион көлемінде түрік халқы бар), алайда мемлекет парсылардың идеологиясына негізделгендіктен, бұл ел түрік халықтарының одағына қарсы, реті келсе одан аулақ тұруға тырысады.

          Түрік халықтары одағының құрылуына басқа сырт мемлекеттер де оң қабақ танытады деп айта алмаймыз. Әрине аймақтық держава боларлық қуатқа ие жаңа бір күштің пайда болғанын статус квоны сақтауды қалаушы супердержавалардың қаламайтыны анық. Мүдделері бір арнадан шығатын, ислам халықтары болғандықтан араб әлеміне де сөзі өтетін, сөйтіп Таяу Шығыста өзімен санасуға мәжбүр ететін одақтың  АҚШ үшін теріс келері сөзсіз. Қайта бір-бірімен басы қосылмайтын, арасында саяси-экономикалық бәсекелестік пен мүдде қақтығысы бар елдер өз саясатын жүргізуге тиімді. Құрамында татар, саха, башқұрт сияқты ірі халықтар бастаған 30-ға жуық түрік тілдес халық тұратын Ресейдің де бұл одақты қолдамайтыны ашық нәрсе. Сондықтан Ресей үшін кеше ғана қолтығының астынан шыққан тәуелсіз түрік халықтарының Анкараға емес Москваға қарай іштартқаны пайдалы. Мұндай жағдайда құрамындағы түріктер де тыныш жатады, ал жаһандық державалық амбициясы КСРО ыдыраған соң әлсіреген Кремльдің күші ең болмаса аймақтық көршілеріне жүретін болады.  Дәл Ресейдегідей жағдай мыңжылдан бері түріктердің шығыс көршісі болып келе жатқан аспан асты елінде де бар. Шығыс Түркістан - Қытайдың жарылуы мүмкін жарасы... Мұндағы ұйғырларға Анкара үнемі «сөз жәрдемін» беріп келеді. Егер түрік халықтары  одақтасып кетсе онда олардың басқа да жәрдем беру ықтималдылығынан қорқады Пекин... Шығыстағы аждаһаның да түрік одағына қарсы болу себебі осы мәселеде жатыр. 

          Жоғарыдағыдай кедергілерге байланысты бұрын жиі ауызға алынатын Түрік одағын құру мәселесі соңғы бірнеше жылда бәсеңсіп қалды. Бұл одақтың құрылуы сыртқы және ішкі факторларға байланысты әл әзір мүмкін емес деп болжам жасауға болады және оған негіз де бар.  Өйткені түрік тілдес мемлекеттердің билігіңнің қазіргі беталысы мен саясатына  үңілсек ешқайсысының ойында Түрік одағын құру жоспарының жоқ екенін көреміз, өйткені реалистік жағдайдың оған мүмкіндік бермейтіні барлығына айдын анық. Әрине біртұтас түрік мемлекетін құру немесе түрік тілдес халықтардың одағын құру мәселесі 1990 жылдардың басындағы өткір болып тұрған кезде ішкі және сыртқы факторлардың әсері мен бұл мемлекеттердегі шынайы жағдай ескерілмей, тек жалаңсөзге сүйенген тұжырым болатын. Осы тұжырымға сенетін көптеген адамдар бұл кезеңде осы жолда еңбек етіп тер төкті. Төгілген тер текке кетпей халықтардың арасында да жақындық сезімін қайта оятуға, жаңғыртуға себепші болды. Тіпті «бір халықпыз бөлек мемлекетпіз» ұраны кең жайылды (әсіресе Әзербайжан мен Түркия арасында). Алайда жоғарыда атап өткеніміздей 2000 жылдардан бастап бұл одаққа сенетіндердің саны азайып, оның болашағына күмәнмен қарайтындардың қатары артты. Өйткені «үйдегі бағаны базардағы нарық бұзыпты» деген ескі қағиданы ұмытып, тәуелсіздіктен кейін теория жүзінде оп-оңай одақ құруды ойлағандар, іс-жүзінде бұл шаруаның қиындығын ескермегенді. Одақ құру жалаң сөздермен емес нақты істермен әрекет еткенде ғана мүмкін болатынын, ол үшін халық арасында оның идеологиялық негізі қалану керектігін бүгінде сол адамдардың көпшілігі мойындап үлгерді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасы КСРО ыдырағаннан кейін посткеңестік шеңбердегі көптеген интеграциялық бірлестіктердің құрылуына себепші болды. Біздің президентіміздің ТМД-ны құрудағы маңызы зор, тек ТМД-ны емес, Кедендік Одақ, Орталық Азиялық Экономикалық Қауымдастықтың құрылуна да Қазақстан көп күш-жігер жұмсаған. Бұлардың қатарында ЕурАзЭқ-ты да атап кетсек  артық болмас деп ойлаймын.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы өмір сүруінің он жылға жуық тарихы Достастық проблемалары күрделі және әрқилы екенін анық көрсетуде. Көп жағдайда ТМД-ның өз ішіндегі түрлі күштер, интеграцияның қарсыластары ретінде бой көрсетті, өйткені интеграциялық үрдістер, егемендіктің бір бөлігін, экономикалық бірлестіктің тиімділігі үшін жоғарғы басқару органдарына беруді көздейді. Алайда, Достастықтың бірқатар елдерінің басшылығы әзірге мұндай іс-қимылдарға дайын емес, олардың егемендіктің өлшемдері туралы өз түсінігі бар.

Қорыта келе түрік одағын құруға халықтың да  саясаткерлердің де дайын еместігін өткен жиырма жыл көрсетіп берді. Ендігі жерде ғалымдардың барлығы байланыстарды жалаң сөздерге негіздеп емес, атқарылатын істерге қарап өлшеу керектігін айтуда. Олай болса романтикалық немесе сағыныш кезеңі деп бағаланған жиырма жылды артқа тастадық. Бұдан кейінгі қатынастарды экономикалық, ғылыми негізде қалыптастыру қажеттілігі, ғалымдар, зиялылар арасындағы байланысты тереңдетуге күш салуға мән беру керектігі мінберлерден айтылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданған әдебиеттер

 
1.

     Көніш Рысбайұлы “Қазақстан Республикасының тарихы” А. 1999ж.

2. 
     Әбдіжаппар Әбдікәрімұлы “Қазақстан тарихы” А. 2005ж

 
3.

   “Қазақстан тарихының очеріктері” А. 1994ж.

4.

    Атаев Х.А. Торгово-экономические связи Ирана с Россией в XVІІІ-XІX в.в. Москва: Наука, 1981.

 

5.

   Барковский А.Н., Краснов Л.В., Рыбаков О.К. СНГ! На пути к экономическому союзу. Москва, 2000.

 

6.

   Гаврилов В. Интеграции в СНГ и национальные интересы. Москва, 1993.

 

7.

  Десять лет Независимости Казахстана: итоги и перспективы развития. Материалы международной научной конференции. Университет Кайнар. Алматы, 2001.

 

8.

  Евразийское пространство интеграционный потенциал и его реализации. Ответственный редактор Тажин М.М. Алматы, 1994.

 

9.

  Жукубович Т.С. СНГ и интересы России. Москва, 1997.

 

10.

  Исингарин Н. Проблемы интеграции  в СНГ. Алматы, 1998.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе КСРО ның құлауы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы