КСРО ның құлауы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 13:35, реферат

Краткое описание

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.

Содержание

Кіріспе
I.КСРО ның құлауы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы
1.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін алуы
1.2. КСРО - ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы
1.3. КСРО - ның ыдырауынан кейн Түркия Мемлекеті
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

тмт срс.docx

— 60.67 Кб (Скачать документ)

          Еуропалық Қоғамдастыққа интеграцияны нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің (әртүрлі деңгейде болса да) интеграциясы ретінде жүзеге асырылды. Достастықта ашық нарықтық экономикаға өтпелі кезеңдегі мемлекеттердің интеграциясы жүзеге асырылды.

 Еуропалық  Қоғамдастыққа интеграция бірнеше  онжылдықтардың ішінде, негізінен  мемлекеттердің саяси шешіммен  айқындалатын көлбеу экономикалық  байланыстарға қарқын беру арқылы  эволюциялық жолмен дамыды. Достастықтағы  интеграцияның мәні жаңа нарықтық  жағдайдағы сауда экономикалық  байланыстарды дамытуда оларды  егеменді мемлекеттерді” интеграциялық қатынастарыны” деңгейіне дейін жеткізуінен көрінді.

          Әлемнің саяси картасында жаңа мемлекеттердің пайда болуы, олардың Достастыққа бірігуі осы елдердің тәуелсіздігін қорғауды қамтамассыз еткен жоқ. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру, КСРО сияқты қуатты әскери державаға ыдырағаннан кейін пайда болған бос кеңістікті толтыру қажеттігі туындады. 1992 жылы 15 мамырда ТМД-ң бес мемлекет басшылары қол қойған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт осы бағыттағы маңызды қадам болды, аталған шарт Қазақстан мен Ресейдің бастамасы бойынша қаралды. Шартқа қатысушы мемлекеттер мен аралық қатынастарда күш қолданатындардан немесе күш қолданатын қаупін төндіруден бас тартатын міндеттемелерін қуаттады. Олар өздерінің арасындағы және басқа мемлекеттермен арадағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге міндеттеді. Шартқа ТМД-ң 9 елі қол қойып, оған Украина, Молдава және Түркменстан ғана кірген жоқ.

         Бұл шарттың 4 бабы НАТО-ның жарғысына өте ұқсас, және БҰҰ Жарғысының 51 бабына сәйкес жасалынған. Бұл бап қатысушы тараптар үшін ерекше маңыз алды. Бұл бап бойынша: ”Егер қатысушы мемлекеттердің бірі қандай да бір мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының тарапынан шабуылға ұшыраса, онда бұл осы шартқа қатысушы барлық мемлекеттерге қарсы жасалынған басқыншылық ретінде қаралатын болады. Қатысушы мемлекеттердің кез-келгеніне қарсы басқыншылық актісі жасалынған жағдайда басқа барлық қатысушы мемлекеттер әскери жағын қоса алғанда, оған қажетті көмек көрсетеді, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының 51 бабына сәйкес ұжымдық қорғанысқа арналған құқықтарын жүзеге асыру тәртібімен өздерінің қарауында бар құралдарымен көмек көрсетеді.

         Өркениетті елдердің экономикалық және саяси интнграцияға ұмтылуы бүгінгі таңдағы обьективті немесе заңды құбылыс. Мемлекеттердің жақындасуы дүниежүзілік дамудың жаңа дәрежесін айқындады., сондай-ақ қоғамдық өмірдіңбасқа да салаларында жаңа сапалық өзгерістерге қол жеткізіп отыр. Олардың қатарында, бірінші деп, дүниежүзілік дамуда бейбітшілік принциптері үстем болып, интеграцияның саяси қақтығыстарды шешудің бейбіт механизмін жетілдіре түседі. Екіншіден, дүниежүзіндегі мемлекеттердің өзара капитал алмасу, халықаралық сауданың дамуы және сыртқы экономикалық саясаттың либерализациялану прцесі жүруде. Бұл соңғы кездегі әлемдік дамудың заңдылықтарының бірі болып отыр. Үшіншіден, соңғы жылдары мемлекетаралық экономикалық дамуды реттейтін бірнеше механизмдер пайда болды. Олар кедендік, сауда-саттық, валюталық тағы да басқа. Төртіншіден, жоғарғы техникалық және информатикалық даму еңбек өнімділігінің артуына әкеліп отыр, бұл өз тарапынан ауқымды нарықтық кеңістікті қажет етеді. Тауар айналымының өсуі, оның жолындағы әр түрлі кедергілерді жойып, бір елден екінші елге ауысып отыруды қажет етеді. Бесіншіден, қазіргі кезде дүниежүзілік сауда рыногындағы бәсекелестіктің ауқымы мен сапасы өзгерді. Экономикалық мықты мемлекетпен бәсекелестік әлсіз мемлекеттердің бірігуін қажет етеді. Сондықтан да, Қазақстанның және ТМД-ң басқа мемлекеттерінің интеграциялық дамуы экономикалық қажеттілігінен, оған сәйкес экономикалық және саяси жағдайдан туындап отырған процесс.

        Бүгінгі таңда Еуразия басты саяси күрес алаңына айналып отыр. Қазір Азия мен Еуропаға бөлек саясат ұстануға мүмкін емес. Осы жағынан алып қарағанда Еуропалық интеграцияның және ұжымдық дипломатия стратегиясы ТМД үшін үлкен тәжірибе болатыны сөзсіз. Еуропалық Одақтың сыртқы саясатының негізі 1957 жылы Рим келісімшарты, 1992 жылы Маастрихт және 1997 жылы Амстердам шарттарында бекітілді. Еуропаның Ұжымдық дипломатиясының көрінісі “2000 жылдың күн тәртібі” деп аталатын құжатта айқындалған.

        Интеграция – ТМД-ң өмір сүруінің негізгі қажеттілігі екендігі даусыз. Аймақтық интеграцияның пайдасын көріп отырған елдердің қатарында ЕО басқа, Оңтүстік Азияны жатқызуға болады. Бұл аймақ 60-80 жылдардағы әртүрлі қақтығыстардың ошағы болғаны белгілі. Бүгінде АСЕА-ға мүше елдер тұрақты дамудың үлгісін көрсетуде.

        ТМД-ң құрамында аймақтық интеграцияның даму тенденциялары бүгінгі күннің шындығы. Бұл жалпы ТМД-дағы геосаяси, геоэкономикалық дамуға әсерін тигізуде. Аймақтың интеграцияға Орталық Азияның және үштік одақтың құрылуын жатқызуға болады. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттерінің белсенділігімен Орталық Азия мемлекеттерінің Одағы және оны жүзеге асыру механизмдері: Мемлекетаралық Кеңес, Атқарушы Комитет құрылды.  Бұл Одақ ортақ экономикалық кеңістікті қалыптастыруға міндетті. Сондай-ақ бұл Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы әлеммен байланысын нығайту, аймиқтық экономикалық дамуын қамтамассыз етуі қажет.

Орталық Азиядағы интеграция тек экономикалық емес  сонымен қатар әскери, саяси-гуманитарлық ақпараттық және қауіпсіздік деңгейде дамуда. Осыған айғақ ретінде біз 1994 жылы 30 сәуірде Шолпан-Атада (Қырғыз Республикасы) қабылданған “Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларының ортақ экономикалық кеңістікті құру туралы” келісімді айта аламыз. Бұл бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан халықтарының ортақ тарихи негізінде және өзара дамуды тереңдету үшін, ортақ экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында өзара тауар, капитал және жұмыс күшінің еркін алмасуы үшін, жер қойнауларының шикізат ресурстарын тиімді пайдалануы үшін сондай-ақ ТМД-ның экономикалық дамуы туралы кодекстерді жүзеге асыра отырып, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикалары өзара ортақ экономикалық кеңістік құруға келісті делінген.

         Бұл Одаққа ТМД-ң басқа да мемлекеттері еркін қосылу “процедурасы” қабылданған. Кейін осы үшін Одаққа Тәжікстан да мүше болды. Орта Азия Республикаларының ТМД құрамындағы аймақтық дамудағы ынтымақтың тағы бір көрінісі 1995 жылы Ыстықкөлде өткен конференция. Мұнда “Ыстықкөл Декларациясына” қол қойды.

Ыстықкөлде өткен конференция Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістерге жаңа серпін берді. Бұл конференцияда “іс-қимыл жоспары” қабылданған болатын.

ТМД-дағы жаңа қалыптасып отырған жағдай  Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусия мемлекеттерінің 1993 жылы Төрттік Одағының құрылуына алып келді. Қазақстан мен Қырғызстан сияқты көп ұлтты мемлекеттер үшін бұл одақтыңөзіндік маңызы зор. Төрттік Одақтың құрамындағы мемлекеттер Кедендік одақ құрып 1993-1995 жылдар аралығында тауар айналымының өсуі байқалды. Мысалыға, 1995 жылы Кеден Одағына мүше елдер мен Белорусьтің арасындағы тауар айналымы - 18 пайызға, Қазақстанның - 40 пайызға, Ресейдің - 12 пайызға жетті. ТМД-ң басқа мемлекеттермен салыстырғанда 2 пайызға артық. 1996 жылы көрсеткіштер: Белорусь – 27 пайыз, Қазақстан – 31 пайыз, Қырғызстан – 44 пайыз, Ресей – 17 пайыз, яғни 7 пайызға өскен.

        Кеден Одағы кейінрек дамып, кеңейіп қазір де ол Еуразияның экономикалық қауымдастық. Бұл жаңа ұйым. Оның Кедендік Одақтан көптеген артықшылықтары бар. Олардың бірі ол ұйымдасқан бір бірлескен. Қазіргі таңда бұл ұйым өзінің даму жолында. Осы жылдың, яғни 2003 жылдың 19 сәуірінде бірінші экономикалық форум өтті. Бұл форумның нәтежиесінде Бірлескен Декларация қабылданды. Декларация  мемлекетаралық экономикалық қатынастарды тереңдетуге бағытталған.

       ТМД құрамындағы аймақтық интеграцияның дамуы барысында Грузия, Украина, Әзірбайжан,Молдова және Өзбекстанның бірлестігі ГУУАМ құрылған. Бұл саяси- экономикалық  сипаттағы бірлестік. Белорусь және Ресейдің арасындағы Одақ, Орталық Азиялық экономикалық қауымдастық, ЕурАзЭқ. Міне, бұлардың бәрі ТМД-дағы интеграцияның дамуын көрсетеді.    

        ТМД-ң құрылуымен байланысты жаңа геосаяси ахуалға әсер етуші факторлардың бірі Каспий теңізі мен Каспий мұнайын тасымалдау болып отыр. Әйгілі саясаттанушы З.Бжезинский “Каспий – ХХІ ғасыырдың кілті” деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай президент Н.Назарбаев былай деген: ”Каспий бейбіт интеграция негізіне айналуы қажет. Тек бір-бірімізге хабарлай отырып күш-қуатымызды бріктіріп, күшті пайдалы механизм құра аламыз.Осы жағдайда ғана алдымыздағы барлық кедергілерді жеңе аламыз.”5

Кеңес одағының ыдырауы тарих беттерінде өшпес із қалдырды, ол өзінің құрылу оқиғаларымен, ыдырау тарихымен көп зерттеушілердің қызығушылығын тудырды. Қазіргі кездегі Кеңес Одағының мұрагері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын айта аламыз. Бірақ ТМД-ның КСРО-дан айырмашылығы көп, соның бірі ол жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бірлестігі, күштеп біріктірілген емес, әр мемлекет өзінің даму жолын өзі таңдаған. Соның бірі интеграция. Бұл мемлекеттер интеграция жолында бірігіп келешекке бірге аттанбақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. КСРО - ның ыдырауынан кейн Түркия Мемлекеті 

1991 жылы КСРО  ыдырағаннан кейін тәуелсіздігін алған түрік тілдес мемлекеттерді ең алғаш болып таныған мемлекет Түркия Республикасы еді. Осыдан кейін жаңа тәуелсіз мемлекеттер мен Түркия арасындағы байланыс нығайып, халықтар арсындағы барыс-келіс артты. Бұл қарым-қатынастың тереңдеуі түрік инвестициясының көптеп құйылуына, Орталық Азиялық жастардың Түркияда білім алуына, мәдени байланыстардың артуына жағдай туғызды. Түрік халықтары арасындағы тамырластықтың тереңдеуіне Н. Назарбаев, Т. Өзал, Г. Әлиев, А. Ақаев, С. Демирел сияқты президенттер мен олардың премьер-министрлерінің сіңірген еңбегі зор. Осы кезеңде түрік тілдес халықтардың бірлігі туралы сөз қозғалды, тіпті бұл мемлекеттердің арасындағы саяси және экономикалық ықпалдастықты арттыратын одақ құру да күн тәртібіне қойылды. Сол кезеңдегі Түркия Республикасының президенті пантүркизм идеяларын жақтаушы Т. Өзалдың Байкалдан Жерорта теңізі мен Дунайға дейін созылып жатқан Ұлы Түркия құруды ұсынғаны да

жасырын емес. Осы бағытта жұмыстар атқарылды, мемлекет басшыларының, түрлі деңгейдегі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің кездесулері ұйымдастырылып, олар болашақ одақтың алғышартын талқылауда деп күтілген болатын. Бірақ 2000 жылдарға дейін өзекті болып келген бұл тақырып соңғы жылдары маңызын жоғалта бастады.

 

Мұның негізгі себептері:

 

-Тәуелсіздік алған мемлекеттердің кейбір мәселелерде Түркиямен келісе алмауы;

-Әр мемлекет басшысының мүдделерінің бір-біріне қайшы келуі;

-Түркияда биліктің өзгеруімен мемлекет саясатының бағытының өзгеруі;

-Мемлекеттер арасында туындаған шекара даулары;

-Сыртқы күштердің әсері;

-Географиялық алшақтық.

 

Жоғарыда аталған қайшылықтар түрік тілдес халықтардың өзара бірлігіне кері әсерін тигізуде.

           Түрік тілдес халықтардың арасындағы алғашқы үлкен қайшылық  1990 жылдардың ортасында басталды. Өзбекстан президенті И. Каримовқа қарсы оппозиция өкілдерінің бірнешеуі өздеріне қарсы қозғалған сот процесінен қашып Түркияға барып бассауғалаған болатын. Түркияның оларды қабылдап, заңға сәйкес саяси баспана сұрағандарды кері қайтара алмаймыз деуі ресми Ташкент пен ресми Анкара арасында қарым-қатынастың бұзылуына алып келді [2]. Сонымен бірге осы жылдары Түркіменстандағы этникалық өзбектердің қысымға ұшырауы Өзбекстан мен Түркменстан арсында да дипломатиялық қайшылық тудырды. Осыдан кейін Өзбекстан түрік тілдес халықтардың форумдарының көбіне қатыспайтын болды. Өзбекстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас сол 90-шы жылдардағы деңгейде қалды. Негізі ресми Ташкенттің қандай да бір одақ түрлерне мүше болудан алыс тұруға тырысатыны да белгілі.

           Екінші бір келіспеушілік Каспий теңізіндегі шекара белгілеуде шықты. Мұнай мен газға бай теңізден көбірек үлес алғысы келген мемлекеттер шекара мәселесіне келісе алмады. Бұл жерде Түркіменстан мен Иран жағы теңізді тең бөлуді ұсынса үлесі көп Қазақстан мен Ресей бұл ұсыныспен келіспеді. Нәтижеде бауырлас елдердің арасы суымаса да арадағы қатынастардың дамуына сызат түсірді. Келесі бір кикілжің Әзербайжан мен Түркіменстан арасында туындады. Каспийдегі даулы аймақтан табылған газ кенішіне таласқан қос мемлекет арасындағы келіспеушілік арағайындықпен қақтығысқа ұласпағанымен түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Осындай кикілжіңдер Ашхабадтың да түрік халықтары бірігіп ұйымдастырған жиындардан алысырақ тұруына әсер етті.

           Басқа бір текетірес Каспий газын Еуропаға жеткізу төңірегінде туындады. Газ жеткізудің екі бағыты жоспарда болатын. Біріншісі Түркіменстан-Иран-Түркия арқылы өтетін «Набукко» жобасы, екіншісі Түркіменстан-Қазақстан-Ресей арқылы тасымалдау. Газ құбырының стратегиялық маңызы бар екендігін және қазынаға орасан қаржы түсіретіндігін ескерген жоғарыдағы мемлекеттер арасында тартыс туындады. Баррикаданың екі жағында қалған Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің басшылары құбырды өз территориясынан өткізуге күш салды. Бұл мемлекеттер арасында саяси салқындықтың туындауына себеп болды.

         Түркияның Армения шекарасын ашуға тырысуы да Әзербайжанмен арада дипломатиялық және саяси текетірестің шығуына әсер етті. Сондай-ақ Әзербайжанның бұрынғы президенті Г. Әлиевтің елде төңкеріске ұмтылған әскери күштерді Түркия жағы қолдады деп айыптағаны да есімізде.

         Қырғызстандағы ішкі тұрақсыздықтардан кейін Қазақстанның шекараны жауып тастауы, бұған жауап ретінде Қырғызстанның Қазақстанға келетін суларды бекітуі де арадағы байланысқа әсер етті. Егер тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі Орталық Азияның бес елінің қарым-қатынастар тарихындағы кикілжіңді тұстарға қарайтын болсақ, онда бұл кикілжіңдердің көпшілігі су мәселесінде туындағанын аңғарамыз. Бұл проблеманың әсіресе 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында өткір болғандығы соншалықты қақтығыс шығу ықтималы да қылтиып қалған болатын. Жалпы Орталық Азия елдерінде жылда туындайтын су мәселесі, бұл елдерде су туралы ортақ келісімнің болмауы аймақта белгілі бір деңгейде қайшылықтың барының көрінісі саналады.

Сондай-ақ КСРО ыдырағаннан кейінгі жылдары Түркиялық кейбір сарапшылардың, саясаткерлердің өз елін үстемірек көруі немесе  Анадолыны түрік халықтарының көшбасшысы санауы да арадағы ынтымақтастықтың тереңдеуіне кедергі жасады. Бұл туралы Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың «бізге бір үлкен ағаның орнына екінші үлкен аға керек емес» деп кесіп айтуы да көп нәрсені аңғартса керек [4]. Өздері кеше ғана бодандықтың қамытынан құтылған, жоғарыдан айтылған нұсқаулармен жүріп-тұрған елдер, тәулсіздігін алған ендігі жерде басқа бір мемлекеттің айдауымен жүрмейтіні анық еді.

           КСРО құрамында болып келген түрік елдері тәуелсіздігін жариялағаннан кейін батыстық сарапшылар Түркияның саяси-экономикалық құрылымын осы елдерге үлгі ретінде ұсынды. Дәл осы Түркиялық модельді қабылдау керектігін түрік саясаткерлері де тілге тиек ететін. Әрине жоғарыда айтқанымыздай өзінің моделін таңатын амбиция басқа түрік елдерінің қытығына тиді. Осы бір кезеңде, анығырақ айтсақ 2002 жылы Түркиядағы парламент сайлауының нәтижесінде билікке келген АК партия (Әділет және Даму) түрікшілдіккке қарағанда исламшылдыққа көбірек бет бұрды. Түрік мемлекеттерімен арадағы қарым-қатынастарды жандандыру мәселесі кейінгі орынға ысырылып бірінші орынға «бұрынғы Осман империясының құрамында болған елдермен байланысты жандандыру» тұжырымы шықты. Тәуелсіздігін жаңа алған түрік тілдес елдерге Түркиялық модельді жая алмаған бауырларымыз, ендігі жерде араб елдеріне осы модельді экспорттауды көздеуде. Барлық сыртқы саясатын осы мәселемен байланыстыра жүргізуде. Кейбір түрік ғалымдары бұл тұжырымның да соңы сәтсіз аяқталуы мүмкін деп дабыл қағуда, алайда ресми Анкара әзірге бағытынан тайған жоқ.

Информация о работе КСРО ның құлауы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы