Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 13:35, реферат
XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Кіріспе
I.КСРО ның құлауы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы
1.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін алуы
1.2. КСРО - ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы
1.3. КСРО - ның ыдырауынан кейн Түркия Мемлекеті
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер
1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республи касы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутатта ры “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, үлттық табысына жоғары иелік ету қүқы бар, тәуелсіз сыртқы жэне ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық қүқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық үлттарының азаматтары Қазақстанның біртүтас халқын қүрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі жэне мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерінің ұлтыпа, үстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, элеуметтік жэне мүліктік жағдайына, шүғылданатын қызметіне, түрғылықты орны- на қарамастан бірдей қүқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте бо- лады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тэуелсіздігі мен аумақтық түтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін қүруға хақылы екендігі, республика азаматтарының эскери міндетін өтеу, оның тэртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тэуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан кейін Қазақстан тэуелсіз, егемен
мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің
жаңа конституциясының жобасы дайындалды.
Облыстардың, қалалардың жэне аудандардың
басқару органдары- на реформалар жүргізілді.
Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың
алдына Президент пен Үкімет шешімдерін
орындау, жергілікті жерлерде экономикалық,
мәдени-элеуметтік мәселелерін шешу міндеті
қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды
қызметінен босатуды Қазақстан Президенті
мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін
болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту,
оның орындалуын қадағалау, депутаттармен
жүмыс жүргізу, түрақты комиссиялардың
қызметіне басшылық ету, эртүрлі қоғамдық
үйымдармен байланыс жасау Кеңестердің
қарауына берілді.
1.2. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы
Кеңестер Одағының ыдырауы ХХ ғасырдың соңындағы ең елеулі оқиғалардың бірі. Ол жаңа тарих беттерінің бастамасына алып келген оқиға. Бұл одақтың ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Әрине, оның кері салдарлары болды. Орныққан экономикалық, саяси, мәдени қатынастарды қайта орнату жаңа тәжірибесіз мемлекеттер үшін оңайға соқпады. Бірақ оның оң жақтары да болды. Ол 70 жыл бойы отарда болған, мәжбүрлі интеграция үрдісіне түскен мемлекеттер үшін, әлемдік қауымдастыққа өздерін жаңа, тәуелсіз, демократиялы, зайырлы мемлекеттер ретінде көрсетуге мүмкіндік туды. Алыс-жақын шет елдермен қатынас орнатуға мүмкіншілік туды. Көпшілікті қызықтырған, дүниенің бір бөлігін өз уысында ұстаған одақтың ыдырау себебіне тоқталар болсақ.
КСРО-ның ыдырауына алып келген басты себеп – биліктің күшті орталықтандырылуынан. Екіншіден, КСРО-ның орталық билігі бұқаралық көпшіліктіңсана-сезімінің әсіресе, ұлттың қайта өрлеп дамуы мен өсуінің заңдылығын мойындамағандығынан. Үшіншіден, өзінің дұрыс екендігіне сенген басқарушы элита әлеуметтік төмен адамдардың мәселелрін тыңдаудан және түсінуден қалды. Орталықпен одақ республикаларының мүдделері көп нәрселерде сәйкес келе бермейтін болды. Бұлардың бәрі әлеуметтік наразылықтар тудырып, қоғамның деформациясына алып келді. “Қайта құруң кезіндегі “реформаторлар” қоғамды жаңаша басқаруға қабілетсіз болып шықты. Қоғам саяси және мемлекеттік жетекшілерден түбегейлі өзгерістер күтті. Бірақ ол бітпейтін саяси талқыламаларға түсіп, нәтижесіз қалып жатты. КСРО ыдырауының тағы бір себебі ол оның құрылымдық бөлімдерінің иерархиялығында. Бөлек этникалық қауымдастаықтар әр түрлі бағыныштылы, тәуелділік сатысына қойылды.
Қоғамның көп бөлігінде осы тәртіпке деген наразылығы күшейе түсті. Дәл осы үрдіс КСРО өмірінің соңғы 5 жылының әлеуметтік саяси динамикасын анықтайды. 1986-1987 жылдардағы жариялылық жетекші элитаның артықшылығы мен өмір жағдайын ашқан кезде жай қарапайым адамдардың оларға қарсы ашу-ыза сезімі күшейді. Бұлардың барлығы ұйымдастырылған және жүйелі қоғамдық қарсылық қозғалыстарына алып келді. Ортаға шыққан ұлттық мәселелер орыс “отаршылдары” мен “жергілікті” ұлт өкілдеріні” арасындағы немесе көршілес ұлттардың арасындағы қақтығысқа алып келді.
1990 жылдың 24 шілдесінде
ақпараи құралдарына жаңа
1991 жылы 19 тамызда
ТАСС, КСРО-дағы төтенше жағдайлар
бойынша мемлекеттік
Өзінің 13 жылдық өмірінде ТМД көптеген сынақтардан өтті. Ең бастысы көпшіліктің “өлі туылған бала“ деген көріпкелділіктерге қарамастан ол өз өмірін жалғастыруда. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық тәуелсіздіктерін алғандықтары, бұрынғы одақ республикаларының бірігу идеясын жоққа шығармады. Тіпті өзара ынтымақтастықтың бұл түрі одан ары тереңдей түсіп, бірнеше біріккен саяси құжаттармен, белгілі бір істерде әсіресе экономикалық сферадағы қатынастармен толыға түсті.
ТМД өз өмірі кезінде бірнеше кезеңнен өтті:
Бірінші кезең - 1991 мен 1993 жылдар аралығы. Одақтас Республикалар саяси тәуелсіздігін алады. Мемлекеттілігін, қаржы-экономикалық, кеден, шекара құрылымдарын бекітеді. Бірақ олардың халықшаруашылық кешені біртұтас экономикалық кеңістікте, бір валютамен өз жұмысын жалғастырып жатады.
Екінші кезең - 1993-1996жылдар. ТМД мемлекеттері өздерінің саяси егемендігін нығайта түседі, өз беттерімен халықаралық қауымдастыққа кіреді, өздерінің кеңес одағына кірмеген жақын көршілерімен шаруашылық байланыстарын орнатады. Ал Достастық шеңберінде бірге келісілген шешімдерге байланысты қатынастар ауырлай түседі. Көптеген келісілген заттар орындалмай қалады. Бірақ кейбір мемлекеттер тығыз қатынастар орнатуға деген талпыныс байқалады, мысалға кеден одағы, Орталық Азиялық Экономикалық қауымдастық.
Үшінші кезең 1997 жылдан басталады. Достастықтың бүкіл мүшелері дағдарысты мойындайды. Осы дағдарыстан шығу жолдары мен ортақ мақсат-мүдде қарастырыла бастайды. Кейбір мемлекеттер, ғалымдар ТМД-нің барлық атқарушы органдарын біріктіріп, бірінші орынға экономикалық ынтымақтастықты қоюды, еркін сауда, кеден, тарифтік зонасын құруды валюталық одақ идеясын ұсынады.
ТМД-дағы қиыншылықтар мұнымен жойыла қоймайды. Интеграциялық мақсаттар екінші орынға кетіп, көп елдер үшін өздерінің саяси-экономикалық егемендіктері маңыздырақ болып кетеді. Нәтижесінде Достастық қарам-қайшы жағдайда, тіпті тоқырауға жақын қалады.3 Қазіріг таңда Достастық әр түрлі саяси күштер тарпынан айтылып жатқан көптеген сындарға тап болуда. Өйткені, біріншіден, Кеңес Одағының құлауына өкініш білдіретін саяси топтар жағы. Олардың сындары, бұрынғы шекара шеңберінде бір мемлекет құру деген келмеске кеткен үміттерге негізделген. Бірақ ТМД құрылғанның алғашқы кезінен бастап-ақ бұл мәселелерді мақсат етпеген болатын. Ең маңыздысы, айтылып өткендей, жаңа мемлекеттердің құрылуы мен нығаюы болатын. Ал екіншіден, ТМД бір халықтық шаруашылық жүйе ыдырағаннан кейін көп шығындарсыз одақтың кезіндегі интеграциялық байланыстарды сақтай отырып, экономикалық бөлінуді жүзеге асыра алмаған үшін сынады.4
КСРО-ның ыдырауына байланысты желік пайда болғаны да түсінікті. Өзін-өзі басқару мен ұлттық идеялар бірінші кезекке шыққанда экономикалық проблемаларға назар аударудың қажеті жоқ сияқты көрінді. Бірақ кейінгі оқиғалар сауық-сайрандармен қатар нанның да қажет екендігін көрсетті. Экономиканы айналып өту қиын, ол өз сөзін айтпай тұрмайды. Осы негізде интеграция мен өзара іс-қимыл идеялары туындай бастайды.
Белорустың, Ресейдің және Украинаның 1991 жылы 8 желтоқсанда Беловеж келісіміне қол қоюы және соның ізінше 13 желтоқсанда Орталық Азия республикаларының Ашхабадта кездесуі бұрынғы КСРО аумағында бір бірінен оқшау тұрған словян және түрік одақтарының құрылу қаупін туғызды. Осы жағдайда Н.Назарбаев оқиғаның осылайша дамуына жол бермеу үшін барлық күш-жігерін жұмсады. 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің ұсынысы бойынша Алматыда 11 тәуелсіз мемлекеттерінің басшыларының келіссөздері өтті. Осы кездесу қорытындысының шын мәнінде тарихи сипаты болды: “Мәртебелі уағдаласушы тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды”. Бұл факт Алматы декларациясында жарияланды.
Жаңа елдердің мемлекеттілігін қалыптастырумен қатар олардың өзара қарым-қатынастарының оңтайлы үлгісін іздестіру процесі де жүріп жатты. Қазақстан ТМД құрылған кезден бастап Достастықтың тағдыры үшін айрықша жауапкершілік танытты. ТМД елдерімен тең құқықты, өзара тиімді қарым-қатынастарды орнату және дамыту Қазақситандық сыртқы саясаттың аса маңызды міндеттерінің бірі болды.
“Независимая” газетіне берген сұхбатында Н.Назарбаев Қазақстанның Президенті былай деген болатын: “ТМД елдері үшін интеграция, ынтымақтастық экономикалық қажеттілік қана еме, бұл керек десеңіз жаңа рухани психологиялық тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенім”. Күрделі экономикалық кезең жағдайында іс жүзінде барлық кеңестен кейінгі мемлекеттерде олардың келісілген іс-қимылын, сындарлы ынтымақтастығын, өзара қолайлы ымыраға келу шешімдерін іздестіру айрықша маңыз алды. Көптеген тәуелсіз мемлекеттер ынтымақтастық және өзара түсіністік болмаса, тұрақтылықты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық реформасынсыз әлемдік қоғамдастыққа ену мүмкін емес екенін түсінді. Осы жағдайларды ескергенде ғана интеграцияға балама жоқ деп айтуға болады.
Бұрынғы Одақтың мемлекеттері арасындағы қатынас бірінші кезеңде біркелкі болмады, тіпті бірінші кезде қарама-қарсы болды. Егер де Ресей, Белорус, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан белсенді түрде Достастық идеясые қолдаса, Украина позициясы қарсы, ал Түркменстан бұл мәселеден өзін алшақ ұстады. Молдова жалпы Достастық қағидаларымен келісті, Армения ТМД шеңберіндегі қатынастарды нағайтуға тырысты, бірақ Әзірбайжанмен арадағы қақтығыстардың нәтижесінде оның интеграциялық үрдістегі рөлі әлсіз болды.
Мұндай қатынастардың мәні түсінікті-ақ: бұл жаңадан қол жеткізген саяси тәуелсіздік пен экономикалық егемендікті жоғалтып алу қаупі; саяси партиялар мен қозғалыстар тарапынан күшті қысым өткір идеологиялық және ұлтаралық қарама-қайшылықтар және т.б.
Сол кездегі Достастық жағдайына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп баға берді: “оқиғаның даму барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттердің “өркениетті түрдегі ажырасу” органына айналуда. Бұл үрдісті басқа интеграциялық жөнге бағытталып талпыныстары өз нәтижесін бермеді.
Кеңестен кейінгі аймақта интеграция осылайша дамып жатты және ол Батыс Еуропада болып жатқан үрдістерден ерекшеленеді. Бұл ерекше-ді салыст түрде мынадай сипатта көрсетуге болады:
Еуропалық Қоғамдастыққа интеграцияны тәуелсіз өмір сүрудің ұзақ мерзімдітарихы бар егеменді мемлекеттер жүзеге асырды. Достастықты бастапқы кезеңде біртұтас тоталитарлық мемлекеттен бөлінген және егемедігін құқықтық тұрғыдан рәсімдеуді мақсат еткен мемлекеттер қалыптастырды.
Информация о работе КСРО ның құлауы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы