Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2013 в 18:14, реферат
Бұл қазіргі кездегі Жапонияның келбеті болса, ал феодалдық кезеңдегі Жапонияның мемлекеті мен құқығы бізді қызықтыратыны анық. Өйткені кез келген мемлекет ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса отырып өзінің бойындағы жақсы-жаман қасиеттерін де беріп, дарытып отырады. Қазіргі Жапония әлемдегі ең қалталы мемлекет болып табылады. Экономикалық күш-қуаты жағынан екінші орынды иемденеді. Енді оның феодалдық кезеңіне көз жүгіртейік.
Кіріспе 2
Ежелгі Жапонияда мемлекет пен құқықтың пайда болуы 2
Жапонияның әлеуметтік құрылысы 5
Мемлекеттік құрылысы 7
Камакура сегунаты (1192-1133). 8
Муромати сегунаты (1336-1573) 12
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16
Токугава сегунаты. Токугава жаңа сословиелік жүйесін құрды, ол синокосе: си самурайлар, но шаруалар, ко қолөнершілер, се саудагерлер. Самурайлар иерархиялық әлеуметтік баспаның ең жоғары орнын иеленді. Си былай бөлінеді сегун, оның жақындары, император, кугэ жерсіз ақсүйектер, букэдайме және буси.
Сегунат режимі императорды биліктен аластатты. 1615 жылы бүкіл Жапония біріктірілді. Мемлекеттің астанасы Эдо (қазіргі Токио) қаласына ауыстырылды. Сегуннан кейінгі екінші тұлға болып оның бірінші министрі және бас кеңесшісі табылды, сегун кәмелетке толмаған жағдайда оны регенттік кеңес тағайындайтын. Жоғарғы кеңесуші орган болып ақсақалдар кеңесі табылды. Жергілікті жерлерде билікті губернаторлар жүзеге асыратын; сегунның ерекше шенеуніктері жергілікті жерлерге бақылау және тексеру мақсатымен жіберілетін. Тұрғылықты халық негізгі төрт сословиеге бөлінді: самурайлар, шаруалар, қолөнершілер және саудагерлер, қайыршылар мен көшпенді артистер ешбір сословиеге жатпйтын. Барлық мемлекеттік лауазымдарды самурайлар иеленді. Халықтың сексен пайызын құраған шаруалар жерді “мәңгілік” жалға алу құқығына сәйкес иеленетін. Қолөнершілер мен саудагерлер цехтар мен гильдияларға біріккен.
Жапондық
феодалдық құқығының дамуына
қытай құқығының әсері ерекше
болды және мұнда да конфуций
ілімінің догмалары көрініс
Жапондық “Жүз
заңдар” (1742 жылы) феодалдық жинағы
азаматтық, қылмыстық, процессуалдық
құқықтардың негізгі
Феодалдардың байлығы күрішпен өлшенетін еді. Самурайлар тек қана әскери қызметпен байланысты болатын. Қала қызметкерлері қолөнершілер, саудагерлер, мұғалімдер, суретшілер, дәрігерлер. Сонымен, XVI-XVII ғасырларда Жапония кешеу феодализм кезеңіне кірді. Мемлекетті біріктіру процесі қалалардың бостандығын жойды. Сословиелер құрылып, шаруалар жерге бекітілді де, қару-жарақ тартып алынды. Мемлекетті бір орталыққа қосу процесі салыстырмалы ғана еді, 200 шақты князьдіктерде сақталды. Бірақ шаруаларға жер беріп, ішкі мемлекеттік соғысты тоқтату өнеркәсіп күштерін дамытты. Қолданған жерлердің алаңы екі есе көбейді, Жапония феодализм дамитын мүмкіндігін әлі қолданып бітірген жоқ. XVII ғасырдан бастап феодалдық басқарушылар шетел азаматтарымен қарым-қатынас құруға тиым салды. Христиан дініне қарсы Симабар көтерілістен сабақ алды. Жапонияның өзінен-өзі тұйықталуы феодалдық құрылыстың ілгерілеуін шектеп, ғылым мен техниканың дамуын тежеді. Бірақ, бұл шаралар Жапонияны шетел отаршылдығынаи сақтап қалды, бейбіт өмір 250 жылға созылды. XVII-XVIII ғасырлар Жапонияның феодалдық дамуының ең жоғары кезеңі.
XVІІІ ғасырда Жапонияның экономикалық жағдайы нашарлап кетті. Ақсүйектер мен қарапайым халықтың арасындағы қайшылықтар күшейе түскені де осы кез. Сегунның сарайы бір тойдан кейін бір той өткізіп жатты, шаруалар болса кедейлікке шырмалып, ауылдан қаша бастады. Бала өлтіру де өте жиі кездесетін. Шаруалардың қашу нысандары өзгерді. Бұрын салық. төлегевде он бөліктің алтауын өзіне қалдырған шаруалар енді бес бөлігін қалдыра алатын еді. Шаруалар қалаға қашпасын деп, қалада тұратын адамдарды жиі санап жазып алатын болды. Шаруалар ұйымдарына тыйым салынды. Шыдамдары біткен шаруалар феодалдарға қарсы көтеріліс жасауды тоқтатпай, XVІІІ ғасырдың соңында осындай көтерілістер көбейіп кетті. Токугава сегунаты өкілдері әкімшілік шаралармен феодалдық тәртіпті сақтағысы келгенімен, қолдарынан келген жоқ. Бакуфуның қаражаттық, терең дағдарысы, натуралдық шаруаның ыдырау процесі, тауарлық-ақшалық қарым-қатынастардың дамуы, самурай тобының әлсіреуі, сауда капиталының дамуы дағдарысты күшейте түсті. Сондықтан XVIII ғасырда өткізілген шаралар нақты нәтиже берген жоқ. Жапония бұл кезде басқа мемлекетгермен қарым-қатынастарды үзіп, таза тұйықталу саясатын жүргізе бастады.
1854 жылы Жапонияга американдар басып кіріп, Ансэй шарттарын жасады. Бұл шарттар Жапонияның тәуелсіздігін шектегенімен, оның сауда-экономикалық байланыстарын күшейтті, шетелдің жаңа ғылымы және техника жетістіктерімен таныстырды. 1855 жылы Ресеймен шарт құрылып, Жапония Курил аралдарының 18-ін жоғалтты, Сахалин бөлінбей қалды. 1875 жылы Ресей Сахалин аралын заңдастырып алып, Жапонияға Курил аралдарын қайтарып берді.
Экономикалық дағдарыс және әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар еріксіз революциялық жағдай туғызды.
Біз көлемі жағынан кішкентай жұмысымызда Жапонияның екі мыңжылдық тарихын қарастырдық. Сөйтіп феодалдық Жапонияның жаңа өзгерістер кезеңіне дейінгі дамуын көрсеттік. ХІХ ғасырдың ортасында Жапония феодалдық құрылымның ыдырауының салдарынан болған елдің дамуына кедергі болып отырған құлдырау жағдайында болды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ең алғашқы капиталистік мануфактура пайда болды. Алайда, феодалдық қатынастардың қалдықтары мен ішкі нарықтың тар болуы (шаруалар — халықтың негізгі бөлігі — өнеркәсіп өнімдерін алмады) жаңадан қалыптасып келе жатқан өндірістің дамуына кедергі жасады. Енді Жапонияны Мейдзи революциясы күтіп тұрған болатын. Дәл осы Мейдзи революциясынан қазіргі кездегі Жапонияның жаңа даму сатысы бастағандығы анық.
Жапондық феодалдық құқығының дамуына қытай құқығының әсері ерекше болды және мұнда да конфуций ілімінің догмалары көрініс тапқан. Қылмыстың, азаматтық деликтінің және әкімшілік теріс қылықтың аралары нақты ажыратылмаған болатын.
Жапондық “Жүз заңдар” (1742 жылы) феодалдық жинағы азаматтық, қылмыстық, процессуалдық құқықтардың негізгі нормаларынан құралған, алайда, бұл нормалар құқық салалары бойынша нақты ажыратылмаған болатын. Ресми доктринада адамның жазылған құқыққа қатынасы мына формуладан көрініс тапқан: “білмесең де, орындауың қажет”. Сол себепті, жазылған құқықты білетін адамдардың санының шеңбері аз болған. Негізінен конфуций ілімінің имандылық және жақсы (немесе жаман) жүріс-тұрыс ережелері басшылыққа алынатын.
Информация о работе Ежелгі Жапонияда мемлекет пен құқықтың пайда болуы