Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2013 в 18:14, реферат
Бұл қазіргі кездегі Жапонияның келбеті болса, ал феодалдық кезеңдегі Жапонияның мемлекеті мен құқығы бізді қызықтыратыны анық. Өйткені кез келген мемлекет ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса отырып өзінің бойындағы жақсы-жаман қасиеттерін де беріп, дарытып отырады. Қазіргі Жапония әлемдегі ең қалталы мемлекет болып табылады. Экономикалық күш-қуаты жағынан екінші орынды иемденеді. Енді оның феодалдық кезеңіне көз жүгіртейік.
Кіріспе 2
Ежелгі Жапонияда мемлекет пен құқықтың пайда болуы 2
Жапонияның әлеуметтік құрылысы 5
Мемлекеттік құрылысы 7
Камакура сегунаты (1192-1133). 8
Муромати сегунаты (1336-1573) 12
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16
ЖОСПАР
Жапония, Ниппон, Нихон (“Таң шапағы елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аум. 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қ. (11,9 млн.). Әкімш. жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 ж. 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні). Ақша белгісі — иен.
Бұл қазіргі кездегі Жапонияның келбеті болса, ал феодалдық кезеңдегі Жапонияның мемлекеті мен құқығы бізді қызықтыратыны анық. Өйткені кез келген мемлекет ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса отырып өзінің бойындағы жақсы-жаман қасиеттерін де беріп, дарытып отырады. Қазіргі Жапония әлемдегі ең қалталы мемлекет болып табылады. Экономикалық күш-қуаты жағынан екінші орынды иемденеді. Енді оның феодалдық кезеңіне көз жүгіртейік.
Қазіргі Жапонияның жеріндегі алғашқы адамның белгілерін тарихшылар палеолит кезеңімен байланыстырады. Бұл кезең біздің дәуірге дейінгі ХХІІ мыңжылдыққа жатады. Жапония ол кезде Азия материгімен бірге болатын. XVIII мыңжылдықтарда мұз ерігеннен кейін дүние жүзілік мұхиттың суы 100 метрге көтеріліп, Жапония материктен бөлініп кетті.
Кейін протоайн және протомалай топтары неолит мәдениетін алып келді (Дземон мәдениеті біздің дәуірге дейін үшінші мыңжылдықтың XI ғасырынан бірінші мыңжылдықтың ортасына дейін). Осы кезеңнің соңында жер шаруашылығы дами бастады. Біздің дәуірге дейінгі IIIIV ғасырларда Қытайдың оңтүстік және шығыс аудандарынан протожапон тайпалары қоныс аударған. Олар ерте қола дәуірдің өкілдері еді. Жапония халқы рулық қоғамда тұратын, темір қаруды қолданатын, матриархаттын қалдықтары қоғамдық өмірде көп кездесетін. 3 ғасырда тайпалық бірлестіктер құрала бастады. Материктен қытайлар мен корейлер қоныс аударды. Рулық қоғам ыдырап, таптық қоғамға айнала бастады.
Жапонияның тарихшылары бұл кезеңді тас, қола және темір қарулар бірге қолданған уақытты "Яей " деп атайды. (Біздің дәуірге дейінгі 300 жылдар біздің дәуірдің 300 жылдары). Материктен келген адамдардың мәдениеті аборигендердің мәдениетінен жоғары болатын. Иммигранттар өздерімен қола және темір қару әкелді, күріш өсіруді үйретті, мал тұқымынан сиыр мен жылқы алып келді. Олардың қолөнер және ауыл шаруашылықта қолданатын білімдері де аборигендерден жоғары болатын. Аборигендер көшпенді халықтың мәдениетін сіңіріп, ассимиляциялау процестері басталды, бұл процестің сонында Жапонияның Ұлты, халқы құрылды.
Яей кезеңінде Жапония халқы қола металды қорытып, содан қару, жарас салт дәстүр бұйымдарын істеді. Одан басқа халық балық және аң аулаумен, егін шаруашылығымен айналысты. Егін шаруашылығы халықтық тұрақтылық өмірін нығайтты және жер қоғамын күшейтті. Жер қоғамы "куни" деп аталатын еді. Ол аудандардан (мұра), аудандар үлкен жанұя сиякты үй қоғамдардан тұратын (ко). Бір жанұя 45 үйден тұратын. Жер қоғамды абыз басқарады. Ол бүкіл ел үшін намаз оқып, адамдардың күнәсі үшін кешірім сұрайтын. Қылмысқа мынандай істер жататын еді: жерлердің арасындағы шекараны бұзу, жер суаратын каналдарды құрту, біреудің жеріне таяқ тығып, белгі қою, егінді қайталап егу, кір заттарды лақтыру, малдың терісін сыпырып алу. Некелік қарым-қатынастарда өзгеріс басталды, некеге тұрғысы келетін адамдардың саны азайды, неге десек, енді өзінің туған шешесімен, қызымен және малмен жақындасуға болмайтын болды.
Сонымен, жер қауымында жер орта меншікте болса да, ол әрбір жеке аулаға бөлінген еді, тапқан өнім тек қана өздерінің керек-жарағына жұмсалатын. Керек мұқтаждарынан қалатын өнім өте аз болатын, сондықтан айырбастау көп қолданған жоқ, қолданса да өте жадағай, натуралдық түрінде қолданды. Бірақ қауымның өндіргіш күштері дамығаннан кейін, артық өнім пайда болатын. Сондықтан қауымның ішінде саралау процестері басталды. Ең бай адамдар жылқы малын иеленетін. Сол кезеңнің жерлеу ғұрыптары адамдардың арасындағы теңсіздікті анық көрсетеді. Қауымның қайтыс болған қатардағы адамын жерлемей, далаға апарып тастайтын, ал белгілі адамдарды керамикадан істелген құбырға салып, инвентармен бірге жерлейтін, онымен бірге қаруын, қола айнасын, моншағын салатын еді.
Жер қоғамының басшысы (дзокуте) биліктің нышаны ретінде найза және семсер ұстайтын. Бұл нышандар әскер басшының функцияларын орындайтыны дәлел.
Жапонияның жер қауымдары тайпаларға бірікті. Біздің дәуірдің басында Жапонияның аралдарында кумасо, тэнсон, идзумо, ямато және эмиси деген тайпалар құрылды. Тайпаның суға, жерге жеке меншігі болатын. Еңбектің бөлінуі әлі шамалы, адамдар табиғатқа тәуелді еді, адамдар өзара тайпалық, аумақтық және жанұялық байланыспен қауымдасатын. Тайпалардың арасында жиі соғыс болып, олар бір-біріне қосылып та кететін.
IV ғасырдың ортасында Ямато тайпасының негізінде алғашқы таптық ертетоптық мемлекет пайда болды. V ғасырда Ямато тайпаларының одағы елдің көп жерлерін өзінің басқаруына алды. Рулық қоғам ауыл қоғамына орнын берді, ақсүйектер байып, халықтан бөлінді. Олар ең жақсы жерлерге ие болды. Қоғамның ыдырауына көп әсер тигізген 645 жылғы Тайка төңкерісі. Бүкіл тайпаларды біріктіріп рулық қоғамның қалдықтарында жаңа мемлекет құрылды. Енді Жапонияны император басқаратын болды. Ол өзін "тэнно" деп атады.
Тайка төңкерісі бірнеше реформалардан тұрады. Реформалар "Ұлы өзгерістер" деп аталады. Олар үлгі ретінде қытай мемлекетін алады, императорлар басқарған кезең қытайша аталады, әрі кезеңнің өз ұраны болатын.
Реформалардың арасындағы ең маңыздысы жер реформасы. 646 жылы императордың декреті бойынша жеке жер иелену жойылды. Оның орнына император бүкіл жерді өзінің меншігі деп жариялап, өзіне бағынған барлық азаматтарға жер үлестерін таратты. Енді үлес ұстаушы адамдар үш түрлі: еңбекпен, жермен байланысты салық және қол өнершіліктен тапқан салық төлейтін болды. Мұнан кейін бір орталыққа бағынған, бюрократиялық мемлекет пайда болды. Халықтың бәрі жер үлесін алды, жер алаңы адамдардың санына орай берілді. Алты жастағы балалардан бастап бір еркек адам 2 танамнан жер алды. Әйел адамның нормасы еркек адамнын алаңының үштен екі бөлігі. Бір тан 0,12 гектар. Алты жыл өткеннен кейін жер адамның санына сәйкес қайтадан бөлінді. Әрі бір шаруаның жанұясына бақша салуға, егін егуге жер бөлінетін және тың жерлер жыртылып берілетін. Осындай жер үлестерін тарату рулық қоғамды әлсіретгі. Шаруалар жылына 100 күн мемлекетке қызмет істейтін және салық төлейтін. Олардың жерді тастап кетуге құқығы жоқ болды.
Еркек адамдар бұдан басқа әскерге шақырылатын, бір жанұя үшін бір еркек адам шақырылуы тиісті. Әскерге алынған рекруттер шекарада үш жыл қызмет істейтін. Шаруалардың осындай құқықтық жағдайлары оларды кедейлікке ұшыратып, негізгі мүддесін қорғау үшін соғысқа қатысатын етті. Олар жерлерін тастап, тауға және тоғайға қашатын болды, сөйтіп мемлекеттің жерінен шығып, жеке меншік жерді иеленгілері келді.
Жеке жерлер "сеэн"
деп аталды. Ақсүйектердің жерлері
Тайхоре кодексі бойынша
Жапон архипелагының тұрғылықты халқы болып мына тайпалар табылды: айналар, кумасо және эбису, кейіннен бұл жерлерге тунгус-маньчжур тектес тайпалар да көшіп келді. Көпшілікпен танылған дін болып синтоизм (ата-бабалар мен табиғат күшіне табыну) табылды. VІ ғасырдың басында Сога тегінен шыққан ханзада Сетокутайси (572-621 ж.ж.) 12 ранг туралы иерархиялық табель және 17 баптан құралған заң қабылдады, бұл заң буддизм мен конфуций ілімінің мемлекет пен монархтың билігі туралы догмаларына сүйенді.
Сеэн тың көтерген адамдарға берілетін. Тың көтеру өте қиын және ақша көп жұмсалатын қызмет. Сондықтан ол тек қана байлардың қолынан келетін еді. Бұл жерлерді көтерген адамдарға жер меншікке берілетін болды. Тыңның алаңы 55530 те. Сеэнның иесіз жерлері мықты, бай шаруаларға берілетін, онымен бір жылға шарт құратын, бұндай шаруалар осындай жерлерді негізінде өздерінің меншігіне алғысы келгендіктен де, қызметті жақсы істейтін.
652 жылы Жапонияда белгілі бес түтінге бөліну жүйесі енгізілді. Бес үй бірге тұрып, бір-біріне жауапты болатын. Олар осы жерлерінде істелген қылмысқа бірге жауап беретін, қылмыскердің балаларын және жетімдерді бірге асырайтын, жол салатын және бір-біріне көмек беретін. Сонымен, өткізілген жер реформасы Жапонияның халқын екіге бөлді, ақсүйектердің қолына ең жақсы жерлер жиналды. Бірақ үлес тарату жүйесі Жапонияда өте кең дами қойған жоқ. Уақытша берілген жер аландары тұрақты жеке меншікке айналды, халықты алты жыл өткеннен кейін ешкім қайтадан санаған жоқ. Осындай жер алаңдары сеэнмен қатар жеке меншіктің түріне айналды.
645 жылы таққа
Сумераги тегінен шыққан Кару
отырды, ол Котоку атымен билік
жүргізе бастады. Бірқатар
Феодалдар. Феодалдар Тайхоре кодексі бойынша жақсы адамдар деп аталады. Олардың бірінші тобы астанада тұратын қызметкерлер және сарай жанындағы феодалдар. Екінші тобы провинцияның мемлекеттік аппаратында жоғары орын алатын феодалдар. Үшінші тобыпровинцияда тұрған төменгі дәрежедегі феодалдар. Сарай жанындағы ақсүйектер ең жоғары феодалдарға жатады. Олардың арасындағы ең күштісі Накатоми тобы, бұл топтың басқарушысы Каматри Тайка деп аталатын белгілі төңкеріске қатысқан адам болатын.
669 жылы оған Фудзивара деген ат берілген, Каматридің тұқымдары күшейіп, императорға әйелін тек қана осылардың ұрпағынан алуды міндеттеген.
Шаруалар. Олар да жақсы адамдарға жататын. Жоғарыда шаруалар үш түрлі салық төлейді деп айтқан едік. Бірақ Жапонияда жеке басының бостандығы бар шаруалар да көп болатын. Тәуелді шаруалар феодалдарға басынан натуралдық салықты күрішпен төлейтін еді (алған өнімінен 4060 процент). Құлдар. "Төмен" адамдар деп аталады. Құлдары бар адамдар олар үшін жер алатын шаруалардың үлесінің үштен бір бөлігін құрайтын. Құлдықтың қайнар көздері: тұтқынға түскен адамдар, құлдыққа өздерін сатқан адамдар және кішкентай кезінде ұрлап құлдыққа айналдырылған балалар. VII ғасырда құлдардың саны алты миллион адамның 10 процентін құрайтын. Құлдық мемлекет құлдық және патриархалдық құлдық нысандарында пайда болды. Мемлекет құлдарды ауыр құрылыс жұмыстарында пайдаланды.
Құлдардан басқа Жапонияда парийлер (эта) деген топ болды. Олар жеке ауылдарда тұрды, шағын жер алаңын пайдаланып, көбіне қолөнермен айналысатын. Мал сою, былғары жасау сияқты лас жұмыстарды істейтін. Тәуір саналатын адамдарға буддизм діні осындай кір жұмыстарды істеуге тыйым салды.
Самурайлар. Жапониядағы сословиелерінің бірі самурайлар. Олар дворяндарға жатады. Самурайлықтың үш қайнар көзі бар: самурайлардың көпшілігі байыған шаруалардан шыққан. Екіншіден, үй құлдарына бостандық беріп, керек уақытта оларды феодалдың жерін қорғау үшін пайдаланды, бірте-бірте бұлар толық самурай жағдайына көшті. Самурай сословиесінің жоғары топтары губернаторлардан шықты. Самурайлар "то" деген отрядтарға бірікті, то болса "дан" деген ірі отрядтарға бірікті. Самурайлар бір-бірімен күресіп жатқан ірі феодалдық таптардың мүддесін қорғады. Самурайлар өз арасында екі ірі топқа: Тайра және Минамотоға бөлінді.
Самурайлардың арасында бірлік болған жоқ, олар феодалдар арасындағы қайшылықтарды пайдаланатын еді. Самурайлардың әдет-ғұрып кодекстері болатын. Ол "Бусидо" әскер адамның жолы деп саналады. Бұл әлемде әрбір адамның тағдырын, жолын құдай бекітіп қойғаны туралы, фатализм туралы айтылады. Самурайлардың кодексін құрған үш идея болды: синтопатриотизм туралы айтады, буддизм адам өзін-өзі мықты ұстауы керек деп үйретеді, медитация істен, ешқандай қиыншылықтан және қауіпсіздіктен қорықпау керектігін үйретеді, Конфуций қарызын орындау, мырзасын тындау, пайдалы жұмыстарға менменшілікпен қарауды мәлімдейді. Самурайлар жорыққа шығарда, мынандай үш уәде беретін: үйін, әйелін, балаларын және өзінің өмірін ұмытуға. Сюзерені өлген жағдайларда самурай өзін-өзі өлтіруге тиісті еді. Бұл елім "харакири" деп аталады. Самурайлар соғыс кезінде бір-бірінің алдында мақтанып, атын атап, бірінші болып соғысқа қатысуға ұмтылатын еді. Соғысқан адамды өлтіріп, оның басын олжа ретінде бәріне көрсететін.
Информация о работе Ежелгі Жапонияда мемлекет пен құқықтың пайда болуы