Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2013 в 18:14, реферат
Бұл қазіргі кездегі Жапонияның келбеті болса, ал феодалдық кезеңдегі Жапонияның мемлекеті мен құқығы бізді қызықтыратыны анық. Өйткені кез келген мемлекет ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса отырып өзінің бойындағы жақсы-жаман қасиеттерін де беріп, дарытып отырады. Қазіргі Жапония әлемдегі ең қалталы мемлекет болып табылады. Экономикалық күш-қуаты жағынан екінші орынды иемденеді. Енді оның феодалдық кезеңіне көз жүгіртейік.
Кіріспе 2
Ежелгі Жапонияда мемлекет пен құқықтың пайда болуы 2
Жапонияның әлеуметтік құрылысы 5
Мемлекеттік құрылысы 7
Камакура сегунаты (1192-1133). 8
Муромати сегунаты (1336-1573) 12
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16
Жапония қалалары. XXIV ғасырларда Жапонияда қолөнердің дамуымен байланысты қалалар көбейді. Қалалар төртке бөлінетін: буддистік храмдар мен монастырлердің жанындағы почталық қаталар, үлкен жолдардың қасында орналасқан қалалар, портты қалалар және сарайлардың жанындағы қалалар. Жапонияның астанасы Хэйан қаласы: қолөнершілердің ерекше бірлестіру ұйымдары дза деп аталды. Дзаға сатушылар да кіретін еді. Дза үлкен бәсекеден қашу үшін монополияны енгізді, монополиясы бар адам өнім шығарып оны сатуға құқығы бар еді. Монополияға кепілдік береді, қолөнершілер болса кепілдік бергені үшін салық төлейтін немесе өзінің өнімінен беретін.
Император. Буддизм және Конфуцийдің саналары императордың билігінің негізін құрды. Жалпы мемлекеттің басында құдайдың өкілі, ақылды монарх тұруға тиісті. Ол аспанның баласы. Бірақ императордың билігі күшті болса да, шексіз емес. Ол билігін атақты ақсүйектердің үйлерімен бөледі. Олар кейбір кезде императорды ығыстырып, билігін қолдарына алған да кезең болды. Жапония императоры деспотиялық режим құрған жоқ.
Дадзекан императордың үлкен кеңесі. Дадзеканды ұлы министр басқарды, оған оң және сол тағы екі министр кемектесті.
Орталық өкіметке сегіз ведомство бағынатын. Олар: сарай, дін, қойма, қаржы, жоғарғы істер, азаматтық істер, салтанаттар, әскери және бұқаралық істер. Осы ведомстволардан басқа буддистік монастырлерді басқаратын ерекше ведомство болды. Алтыншы ғасырдан бастап буддизм Жагюнияның негізгі дініне айналды.
XI ғасырда Жапонияда монастырлық басқару басталды. Бұл буддистік храмдардың және монастырлердің басқару нысаны. Жасы жеткен императордың шашын қырықтырып, оның орнына жасы жетпеген императорды қойып, монахтар оның атынан мемлекетті басқаратын.
Буддистік храмдар мен монастырлер өте ірі, бай саяси ұйым болатын. Олардың жерлері көп, бағынышты шаруалары, жеке әскері де бар еді.
Мемлекет провинцияға, провинция уездерге бөлінді. Провинцияны губернатор, уезді уезд бастығы басқарды. Уездің бастығы шаруалар ауылдарына әкімшілік бақылау жүргізеді. Провинцияның әкімдері орталық билікке бағынады.
Мемлекеттік құрылыстың екінші кезеңі. Сегунат. Императордың билігі X ғасырда кесіле бастады. Ең алдында бұл жағдай экс-императорлардың басқаруы деп мәлім болды (10681167). Император "тэнно" деп атамайтын болды, оның жаңа аты "ин" тақтан басын тартқан дегені. Император шашын қырқып, жасы жетпеген баласына билікті беріп, экс-императорға айналды. Экс-императорды самурайлар жақтайтын. Императордың әйелі мен шешесі Фудзивара тұқымынан шыққан. Экс-император енді Фудзивараларға бағынбайтын болды. Ол өзінің жерлерін көбейтуді мақсат етіп, сеэндардың режимдерін реттеп, байыды.
Экс-император Жапонияны басқарған кезеңде самурайлардың екі тобы арасындағы күрес күшейді.
Тайра мен Минамотоның бәсекесі барысында Минамото жеңіп шықты. 1192 жылы олар Тайра тобын жеңіп шықты да, Камакура қаласында өздерінің штаб-пәтерін құрды. Сол уақыттан бастап Жапонияда қос өкіметтік билік басталды. Император өте сыйлы болып, оның салтанатты дәстүрлерінің көбі сақталғанымен императордың қолында нақты билік болған жоқ. Кейін император оппозицияның орталығына айналды.
1199 жылдан Жапонияда мемлекетті басқарудың сэккэнат деген нысаны пайда болды. Император мен сегунның сыртына "сэккэн" деген тағы бір қатар қосылды. Мұның мәнісі: жасы жетпеген сегунның функцияларын сэккэн еткізетін болды.
Сегунаттың
Сегунаттың ең негізгі органдардың бірі бакуфу. Оның функцияларының әлсіреп және күшейген де кезеңдері болды. Бакуфу, негізінде, әскери басқарма. Ол екіге бөлінді: әкімшілік палатасы және жоғарғы сот палатасы. Одан басқа самурайларды басқаратын басқарма болатын. Әкімшілік-полицейлік функцияларды басқару үшін Дзито жер басшысы және сюго қорғаушылар функциялары енгізілді.
1185 жылдан бастап Дзито тағайындалды. Минамото оларды өздерінің вассалдарынан қойды, алдында олар сегунның вассалдарынан салық жинауға тиісті болатын, кейін олар басқарушылардың да функцияларын орындады. 1221 жылдан кейін дзито әкімшілік және полицейлік міндеттерге ие болды. Олардың ісі сегун сайлаған басқарушылардың функцияларымен қатар жүрді, дзито өздерінің қызмет орындарын пайдаланып, көп қысым жасайтын еді.
Сюго. 1190 жылдан бастап сегун полицияны басқару және тәртіп құру үшін провинцияларға сюгоны жіберетін болды. Сюгоның әскері бұл жағдайды пайдаланып, олар губернаторларды ығыстырып, олардың негізгі функцияларын өздеріне алды. Сегун өзін сюго мен дзитоның бастығы деп санады. Сегун бүкіл билікті өзінің қолына жинағысы келсе де, жергілікті феодалдар оған қарсылық көрсетті.
Камакура сегунаты кезінде қоғамның ең төменгі бөлігі соре – үлкен отбасы болатын. Оны cope басқаратын, ол жанұяның атағын, негізгі маманын, әдет-ғұрыптарын, тәртібін сақтауға міндетті болатын. Соре ата-бабаларының дінін сақтаушы адам, соғыс кезінде ол өзінің туысқандарынан жиналған әскерді өзі басқаратын. Камакура сегунаты кезінде жанұяны әйел адам да басқара беретін. Олардың беделі бұл кезде өте жоғары болатын. Сореның шығарған шешімдеріне тіпті сегун де кіріспейтін еді. Сонымен, патриархтар жанұяларын басқарғаннан басқа сегунге де бағынатын еді. Ол сегунның гокэнині деп саналды. Сегун мен гокэнинның арасындағы қарымқатынастарды ерёкше қағаз белгіледі. Сол қағазды алғаннан кейін гокэнин сегунге салық төлеймін, еңбек және әскери міндетін орындаймын деген міндеттерді мойындағанын көрсетті. Сегун осы міндеттерге қарсы вассалдарына жер беретін еді. Вассалдардың жерлері мұрагерлік және сыйлық ретінде берілетін жерлер болып екіге бөлінетін.
Хигокэнин сегунның вассалдары емес, басқа феодалдардың вассалдары. Олардың құқықтық жағдайлары гокэниңцерден темен болатын. 1219 жылдан бастап императордың сарайына сегун екі адамды жіберіп тұрды. Императордың сарайындағы өмірі өз бетінше жүріп жатты: заң шығарып, сән-салтанаттарын өткізді, мұрагерлікпен императордың тағын балаларына берді.
1221 жылдан сегун императордың сарайына тэндайды жібере бастады, ол сегунның атынан бұйрық шығарды. Оның бағынысында самурайлардан құрылған әскерлер болатын. XIII ғасырдан бастап жаңа императорды, регенттерді және сарай жанындағы жоғары қызметкерлерді сегун тағайындайтын болды.
Екінші сегунат кезінде бакуфу билігі әлсіреді. Ол жағдай Жапонияның сегуны Қытай императорының тәуелдігіне түсуіне байланысты мемлекет те бұл кезде ірі, орташа және ұсақ дайме тәуелсіздігін сақтаған болатын.
Үшінші сегунат кезінде императ
Бірақ бір орталыққа
бағындыру процесі бүкіл
1635 жылдан бастап аманат енгізілді. Сегун ірі даимені өзінің астанасында тұрғызды, олар иелігіне келгенде Эдо қаласында (сегунның астанасы) өздерінің баласын қалдыруға тиісті болды. Император да өзінің баласын аманат етіп қалдыратын.
Сегун өзінің өкілдігін күшейтіп, бүкіл билікті қолына жинады. Оған көмектесетін мемлекеттік аппарат кеңейіп, бірінші көмекшісі тайро регенттің функцияларын да атқаратын. Сегунның өкіметін бакуфуды редзю деген аға кеңесшісі құрды. Олар өз функцияларын ай сайын кезекпен атқаратын. Токугава кезінде бірнеше аға кеңесші бірігіп, мемлекеттік Кеңес құрды. Әрбір кеңесші бакуфудың бір алқасын ішкі істер, әскер, теңізді әскер және қаржы жұмыстарын бақылап отырды. Ерекше өкіметтік басқарма ақша басуды және кен шығарылатын жерді бақылады.
Кіші кеңесшілер сегунның әскерін, сарай қорғауын, полицейлік аппаратын және вассалдарын басқарды.
Жергілікті басқару. 645 жылғы Тайка реформасынан кейін Жапония провинцияларға (куни), 645 жылдан уездерге белінді. Оларды губернаторлар мен уезд бастықтары басқарды. Солармен қатар уезге патшаның тексерушілері жіберілетін. Ең төменгі әкімшілік бөлік ауыл, оны староста басқаратын. Әрбір ауыл елу шарбақтан тұруға тиісті еді. Одан басқа бес шарбақ бірге қосылатын. Олар мемлекет алдындағы міндетті бірге орындайтын, яғни салық төлейді, істеген қылмыстарға жауапты болады, жол салады, басқа жұмыстарға қатысады.
Сегунат кезінде провинцияларға әскери губернаторларсюго тағайындалды. Сюго қарауында жергілікті гарнизон болатын, оның міндеттері өте кең болды: орталық өкіметке салық төлеу, халықтың көтерілістерін басу, провинцияны қорғау, өкіметке қарсы шыққан адамдарды ұстау.
Токугава кезінде мемлекет аппаратында полиция ерекше орын алды, ол мэцкэ деп аталатын. Мэцкэ омэцкэге бағынады. Омэцкэ туралы заң 1632 жылы қабылданды. Ең жоғары басшы, бес полиция инспекторы князьдер мен жоғары қызметкерлерді бақылады. Жүріс-түрыс үшін рұқсат алу керек еді. Дайме үйлену үшін, өзінің сарайын (замок) салу үшін сегуннан рұқсат сұрады. Шаруаларды бақылау үшін дайкандар тағайындалды, оларға жергілікті старосталар бағынатын еді.
Әскер. Жергілікті бөлінуді енгізгеннен бұрын Жапонияның әскері рулық сарбаздардан тұратын. Жапонияда үлес жүйесін енгізгеннен кейін әрбір елу шарбақ бір округ құратын, әскерге қаруланған бір еркек адамды беретін. Феодалдық жеке меншік дамып, феодалдардың арасындағы қайшылықтар соғыспен шешіліп, ірі шаруалардың көтерілістері кебейіп кеткеннен кейін кәсіпқой әскерге көшетін қажеттілік туды. Сондықтан, Жагюнияда ерекше топ самурайлар пайда болды. Самурайлар ірі феодалдардың вассалдары. Олармен қатар XVI ғасырга дейін шаруалардың әскери отрядтары да сақталды. Шаруалардың көтерілістері жиілегеннен кейін феодалдар олардың қолында қарудың қалуы қауіпті екенін түсінді. 1588-1590 жылдарда сегун Моетоми Худэеси шаруалардың қаруын тартып алды. 1591 жылғы бұйрық бойынша шаруалар әскер мүшесі бола алмайды, ал самурайлар өнеркәсіппен айналыса алмайды деп мәлімдеді. Енді әскер тек қана самурайлардан тұратын болды, ол әскердің негізін атты әскер құрды. Дәрімен атылатын қару шыққаннан кейін жаяу әскерге көшті.
Кэмму өкіметі. 1133 жылы Камакур сегунаты құлағаннан кейін эксимператор Годайго қайтадан Киото қаласына келіп, Когэн императорды құлатты. Оның жаңа саясаты самурайлар мен сарай жанындағы ақсүйектерді біріктіру еді. Ол үшін Годайго мынандай шара қолданды: буддистік храмдарға көп жер сыйлап, ақсүйектерге көп жер берді, провинциядағы губернаторларға 5 процент салық төлетті, халықтың саудагерлерге берешек қарыздарын төлетті, бірақ бұл саясаты жақсы нәтижеге жеткізген жоқ. Жіберген қателіктер императордың беделін төмендетті. Бұл жағдайды пайдаланып, сегун Асикага таққа басқа император әулетінің өкілін отырғызды. Бұл адам император әулетінің солтүстік бұтағының өкілі болатын. 1336 жылдан бастап Асикага Бакуфу басқару билігін қайтадан жалғастырды. Оның басқару кезеңі Муромати сегунаты деп аталады.
Бірақ Жапонияның мемлекеттік құрылысы сегунат кезінде де көп өзгеріске түсті. XIII ғасырда Жапония монғолдардың шабуылына ұшырады. Бұл жағдай Жапонияның ішкі саяси жағдайын күрделендіріп жіберді. 1266 жылы Құбылай хан Жапонияға өкілдерін жіберіл, оның билігіне бағынсын деп ультиматум қойды. Бірақ оның мұндай арсыз талабына Жапонияның басшылығы көнген жоқ. 1274 жылы Жапонияның батыс жағалауына Монғолияның флоты келіп, Цусима және Ики деген аралдарды басып алды. Кейін олар Кюсю аралына әскерлерін шығара бастады. Самурайлар бұндай күшті жаумен қарсылауға дайын емес еді. Бірақ күтпеген жерден көтерілген өте күшті тайфун 200 кемені бір сәтте жоқ етіп, монғолдардың басып кіруін тоқтатты. Бірақ монғолдар 1281 жылы Жапонияның жағаларына жаңадан 3500 кемеден тұратын екі армаданы қайтадан жинап, жартысы Қытай жағынан, екінші жартысы Корей түбегі жағынан шабуылға шықты. Бұл жағдайда Жапония жағының дайындығы күшті болатын, соғыс кемелері де, жағалауда мұқият әзір еді. Бірақ екінші рет те құдай көмектескендей тайфун қайтадан көтеріліп, бүкіл монғолдардың флотын құртты. Сол уақыттан бастап Жапонияның елі тайфунға "камикадзе" деп ат қойған, бұл сөз "құдай жіберген жел" деп аударылады.
Монғолдарды тоқтатқаннан кейін Жапонияның саяси өмірінде көп өзгерістер байқалды. Самурайлардың саны көбейген сайын, олардың жағдайлары да ауырлай түсті. Олар жерін, үйлерін сатуға мәжбүр болды. Самурайлардың жағдайын өзгерту үшін бірталай шешім қабылданды, олардың қарыздарын кешірді, жерлерін сақтау үшін шаралар қолданылды. Бірақ бұл әрекеттер жағдайды өзгерте алған жоқ. Камакура сегунаты саудамен байланысқан феодалдарға қарсы шықты, бұл режимге шаруалар да қарсылық көрсетті. Осы оппозицияның күштерін император Годайго басқарғысы келді. Бірақ сегун Ходзе бұл астыртын әрекетін ашып қойған еді. Артынан феодалдардың бәрі бірігіп, Ходзе сегунды бүкіл тұқымымен құртты. Камакура сегунаты құлады. 1333 жылы сегундардың өкіметі құлады. Билік қысқа уақытқа Годайго императордың қолына етті Бірақ артынан қайтадан сегундер елді басқаратын болды. Бұл сегунат Асикага тұқымының сегунаты еді (1336-1573)
Бұл кезең императордың сарайындағы қайшылықтарымен тарихта қалды. Оңтүстік және Солтүстік династияларының соғысы осы кезде болды. Киото қаласына Оңтүстік сарайдың өкілі келіп екі жақты буддистік Дайкокудзи храмында татуластырды. Бірақ, жалпы алғанда, император сарайындағы кайшылықтар императордың беделін түсіріп, билігін қатты шектеп тастады. Оның діни, саяси және экономикалық ықпалы төмендеп кетті. Аспанның баласын, құдайдың тұқымын енді көтеріліске қатынасушы деп атайтын болды.
Муромати сегунаты кезінде шаруалардың және қолөнершілердің қауымы күшейді. Біріккен шаруалар мен қолөнершілер феодалдарға жиі-жиі қарсы шығатын, Муромати сегунаты кезеңі көтерілістер кезеңі. Көтерілістің ең ірісі 1485-1493 жылдарғы Ямасито көтерілісі. XYXVI ғасырларда Корея және Қытаймен арадағы сауда қайнап жатгы.
Сегунның негізгі әкімшілік сүйеніші әскери губернаторлар. Олар жерді таратты, феодалдардың арасындағы таластарын шешті. Губернаторлардың экономикалық жағдайлары да күшейді, олар сегун берген жермен қатар өздерінің де жерін жеке меншікте ұстайтын болды.
Губернаторлардан басқа
мемлекеттік аппаратты Самурайл
Шаруалардың көтерілістері кезеңінде қолбасшылар Нобунага Одо, Хидзэеси Тоетоми, Иэясу Токугава басқара отырып, мемлекетті біріктірді. Ұлттық нарықтың қалыптасуына объективік қажеттіліктің туғаны да осы кез.
XVI ғасырдың ортасында Одо деген сегун Жапонияны біріктіру үшін бірталай әрекетжасады. Ол Асикагалардың тұқымын құртты да, көп уақыт төленбеген күріш салығын төлетіп, Жапонияның жартысын өзіне бағындырды. Ол сауданың, қаланың дамуын жақтады. Шаруалардың көтерілістерін аяусыз басып отырды. Одоның біріктіру саясатын Тоетоми Хидэеси жалғастырған еді. Ол шаруаларды санап, жазып шықты. Енді шаруалар екі топқа бөлінетін болды : негізгі, жері бар, салық төлейтін шаруалар және жерсіз шаруалар. Жерсіз шаруалар жерге бекітілген жоқ, сондықтан қай жерге жүрсе де, көшуге құқығы болатын. Хидэеси шаруалардың қаруын тартып алды. 1597 жылы ол Кореямен соғысып, жеңіліп қалды. Жапонияның біріктіру саясатын өткізген үшінші адам Токугава Иэясу. 1603 жылы сегун титулын алып, Эдо қаласында жаңа Токугава сегунатын құрды. Оның біріктіру саясаты феодалдық князьдердің билігін жойған жоқ, ол кезде Жапонияда 260 князьдік болатын.
Информация о работе Ежелгі Жапонияда мемлекет пен құқықтың пайда болуы