Азамат соғысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:49, реферат

Краткое описание

Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Англияда «Алқызыл және ақ раушан» (1455 – 58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүстік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 – 65), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871), Испанияда фашистер мен демократтар (1936 – 39) арасындағы азамат соғыстары болып өтті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

азамат согысы.docx

— 117.67 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.

Мазмұны

 

  [жасыру] 

  • 1 Антикеңестік күштер

  • 2 Әскери коммунизм саясаты

  • 3 Кеңестерге қарсы күрес

  • 4 Екі оттың ортасында қалған үш елдің шешімі

  • 5 Дереккөздер

  • 6 Дереккөздер

Антикеңестік күштер[өңдеу]


Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда да топтасты. Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады. Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықты.

  1. жылы 1(14) қарашада Жетісу қазақ әскерлерінің «Әскери кеңесі» Жетісудағы жоғары билік — «Әскери үкіметті» құрды. Ақ гвардияшыл офицерлер мен юнкерлерВерный қаласына жан-жақтан келіп бас қосып жатты, осы жерде алаш полкі құрыла бастады. Ақ қазақтар диктатурасы Кеңес өкіметін жақтаушыларға қарсы зорлық-зомбылық шараларын жүргізді. Шаруалар депутаттары облыстық Кеңесі газетінің редакторы Березовский, жұмысшы Овчаров айуандықпен өлтірілді, көптеген жұмысшылар мен солдаттар — жергілікті Кеңестердің мүшелері тұтқынға алынды. Азамат соғысының ендігі бір ошағы 1917 жылы қарашада Оралдақалыптасты. Осында құрылған Орал қазақ әскерлерінің облыстық «Әскери үкіметі» ақ гвардия офицерлеріне, қазақтардың атаман-кулак элементтеріне сүйенді, оларға жергілікті әсерлер, меньшевиктер және алашордашылар белсенді түрде қолдау көрсетті.

  1. жылы жазға қарай кеңеске қарсы күштердің белсенді бола түсуіне байланысты өлкедегі саяси жағдай шиеленісіп кетті. Азамат соғысының етек алуына бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия-Венгрия армиясының солдаттарынан құрылған Чехословак корпусы бүлігінің үлкен маңызы болды. Жақсы қаруланған 50 мың адамдық корпус 1918 жылы мамырдың аяғында Еділ бойы мен Сібірде —Транс сібір магистралінің ұзына бойында Кеңестерге қарсы шықты. Корпустың бір бөлігі ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып, Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. Чехословак корпусының бас көтеруі большевиктерге қарсы барлық күштерді қозғалысқа келтірді. 1918 жылы 11 маусымда Кеңес өкіметі Семей қаласында құлатылды. 

Ақ гвардияшылар коммунистерді, белсенді кеңес қызметкерлері мен оларды жақтаушыларды қатаң жазалады. Мәселен, К. Сүтішев, И. Дубынин, П. Калюжная, Г. Ыдырысов, К. Шұғаев, И. Салов және т.б. көптеген адамдар қаза тапты. Өскемен Кеңесінің басшысы Яков Ушановты кеменің оттығына тірідей жағып жіберді.

Жазында Орал, Ақмола, Семей және Торғай облысынын басым бөлігін ақ гвардияшылар толықтай дерлік басып алды. Семей облысы жағынан Жетісудың солтүстігіне қарай бұзып-жарып өтіп, 21 шілдеде Сергиопольді қолдарына қаратты. Оларды станицалардағы бүлікші қазақтар қолдады.

22 шілдеде Жетісу облысы  атқару комитетінің қаулысымен  Жетісу майданы әскерлерінің  штабы құрылды. Алайда облыстың  біріккен қарулы күштері ақ  гвардияшыларға соққы бере алмады. Қызыл гвардия отряды командир И. Мамонтовтын қайтыс болуына байланысты Абакумов станицасына қарай шегінуге мәжбүр болды. Қоныс аударушы шаруалардың үлкен тобы Черкасск селосында қорғаныс шарасын ұйымдастырды. Бұл «Черкасск қорғанысы» деп аталды.

1918 жылы жазда Кеңес  өкіметі Қазақстанда Жетісудың басым бөлігінде, Сырдария облысында, Торғай облысынын оңтүстік өңірлерінде және Бөкей Ордасының бірқатар аумағында ғана сақталып қалды.

Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігі туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес үкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында төтенше шаралардын тұтас жүйесін енгізді. «Әскери коммунизм» саясаты өндіріс пен бөлуді орталықтандырудың мемлекет қолына елдің қорғаныс мүдделеріне сай азық-түлік пен шикізат, өнеркәсіп өнімдерін т.б. ресурстарды шоғырландыру мен тиімді пайдалануды көздеді. Ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализациялануы, астық монополиясы мен азық-түлік салғырты және жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілуі тиіс болды.

«Әскери коммунизм» саясатының негізгі мәні азық-түлікті жоспарлы түрде болу болып табылды. Кеңес өкіметі В.И. Лениннің айтуы бойынша «шаруалардың өңдірген өнімінің өздерінін күнкөрістеріне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін мәжбүрлеу жолымен» [1]. алуға тиіс болды. Азық-түлік салғырты шаруалардан «артық өнімді» тартып алу үшін қарулы азық-түлік отрядтары мен армияға артықша құқық берді.

Әскери коммунизм саясаты[өңдеу]


«Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.[2].

Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.

Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.

Қазақстанның көптетен өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен байланысын нығайта түсті.

Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса, олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.

1918 жылы маусымда Алашорда  үкіметі жергілікті жерлерде  нақты билікке қол жеткізу  үшін біркатар декреттер қабылдады, соған сәйкес Алаш автономиясыныңаумағында Кеңес өкіметі шығарған барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды.[3]. Алашорданың жанынан «большевиктермен күресу үшін жігіттерді әскерге шақыру» міндетін орындайтын «әскери министрліктің қызметін» атқаратын үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылды.[4].

1918 жылғы 24 маусымдағы заң  актісімен «Алаш аумағында 1917 жылы 17 маусымда Уақытша үкіметтің  қаулысымен енгізіліп, оны Кеңес  өкіметі жойып жіберген земстволық  мекемелер қайта қалпына келтірілді».[5]. Сонымен бірге Алаш автономиясы барлық әдіс-амалдармен жаңа құрылған Ресей үкіметтерінен II Бүкілқазақ съезі шешімінің негізінде қазақ автономиясын мойындауларына бар күшін салды. Әр түрлі үкіметтермен (Құрылтай жиналысының комитеті, Сібір облыстық думасы, Уақытша Сібір үкіметі және т.б.), Ресейдің бірқатар саяси партияларының көсемдерімен келіссөздер жүргізе отырып, Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда басшылары қандай жағдай болса да қазақ халқына ұлттық мемлекеттілік құру мүмкіндігін күн тәртібіне қойды.

Қазақ Ұлттық автономиясын құру туралы II Бүкілқазақ съезінің шешімін жүзеге асыруға кіріскен Ә. Н. Бөкейханов бірден кезек күттірмейтін бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында саяси жағдай әр түрлі еді. Алаш қайраткерлерінің басқа саяси күштерге қатынасы да түрліше қалыптасты. Бөкейханов пен онын айналасындағылар бұл жағдайларды толықтай есепке алды. Семейде Кеңес өкіметі құласымен осында келген Ә.Н. Бөкейханов жаңа жағдайда қимыл жасау тактикасы туралы нұсқау берді. Облыстар мен уездердегі өз әріптестеріне тапсырыс берген нұсқауларының мәтіні Алаш көсемінің мәселеге әр қырынан келгендігін көрсетеді. Мәселен, Орынбордағы Торғай облыстық Алаш комитетінің басшысы Сейітқазым Қадырбаевқа жіберілген жеделхатта былай делінеді: «24 маусымда Алашорда өз жұмысына кірісті. II Бүкілқазақ съезінің шешімдерін жүзеге асыратын болады. Башқұрт және Сібір автономияларына туысқан автономиялар ретінде қараймыз. Большевиктерді тарату ісінде олармен одақтаспыз. Басқа облыстарда да тізе қоса отырып жұмыс істейміз. Торғайда Алашорданың облыстық бөлімін, уездерде уездік бөлімдерін ашуға кірісіңіздер. Олардың мүшелері земстволық мекемелерден құралсын. Уездік бөлімдер 3—5 адамнан тұрады, олардың біреуі қазақ милициясына қатысты істерді жүргізеді. Екіншісі ақша қаражатын жинаумен айналысады. Земство белгілі бір уақытка дейін сақталады. Земство ісіне Алашорда араласпайды.

Алашорда саясат және мәдениет саласындағы қазаққа қатысты істерді жүргізеді. Қазақ халқы үшін Алашордадан басқа өкімет жоқ. Әр болыстан халық милициясын құру үшін дереу 30 жігіттен жинаңыздар. Қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз ету, офицерлерді оқыту мәселелері бойынша Дутовпен сөйлесіңіздер. Ақмола мен Семей облыстарында жігіттер жиналып жатыр. Семейлік жігіттер Алтай губерниясындағы ұрыстан жеңіспен оралды... Дутовпен және Ахмед-Закимен (Валидимен) байланысыңыздар, Түркістанды большевиктерден азат ету үшін қолдан келген барлық мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Бұл мәселеде Алашорда Дутовпен және Ахмед-Закимен бірдесе әрекет етеді.

Әлімхан (Ермеков. — авт.), Ахмет(Байтұрсынов. — авт.) және Мырзағазы (Есболов. — авт.) Омбыдағы Сібір үкіметімен келіссөз жүргізуде. Большевиктер құйыршықтарына ешқандай аяушылық болмасын! Алашорда төрағасы Әлихан (Бөкейханов)».[6].

Алаштың Орал облыстық комитетінің басшылығына Ә. Бөкейханов қосымша мынадай ұсыныс жасады:«... он жетінші, он сегізінші жылдардың салығын жинауға дереу кірісіңіздер, атты милицияға адам тартыңыздар, бірінші кезекте еріктілерді алыңыздар... милиция құрамын жасақтау жеделхатты алған күннен бастап үш апта ішінде аяқталуға тиіс».[7]. Омбы, Зайсан, Өскемен, Көкпекті, Қарқаралы, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Баянауылдағы Алаш комитеттеріне келетін болсақ, олар мұнымен қоса қазақ халқынын өкілі міндетін мойнына алып, «Сібірлік уақытша үкіметтің жергілікті өкілдерімен» тығыз байланыста жұмыс істеуі керек.[8].

Алайда ұлттық автономия идеясы большевиктер тарапынан кеңестік тұғырнама мен таптық принцип тұрғысында ғана қолдау тапты. Басқа саяси күштердің бәрі бұл идеяның шешімін Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының еркімен байланыстырды.

Кеңестерге қарсы күрес[өңдеу]


Алаш көсемдері Кеңестерге қарсы күресте биліктің жергілікті органдарымен байланыс орнатуға тырысты, ал олар Ә.Н. Бөкейхановтың ұлттық идеясына мүлде салқындық танытты. Алашорда үкіметі Омбыдан да, Уездерден де қолдау таппады. II Бүкілқазақ съезінің шешімдері мен Алаш бағдарламасының жобасы ұлттық автономияның құрылуын қарастыра отырып, шын мәнінде конфедерациялық демократиялық республика идеясынан келіп шықты. Большевиктік емес барлық саяси партиялардың бағыт-бағдарына келетін болсақ, кейбіреулері федерацияның қажеттігін үстірттен ғана мойындаса да, іс жүзінде унитарлық мемлекеттің жақтастары болып қала берді.

Екіншіден, желтоқсан съезі автономия туралы шешім қабылдай отырып, мемлекеттік күйреуіне, тоқырауға тұтастай бетімен кетушілікке (анархия) алып келген елдегі жағдайға берілген саяси бағаны басшылыққа алды. Большевизм осы анархиямен теңестірілді. Большевиктер билігін құлатып, кадет-әсерлер үкіметін орнату ақгвардияшылардың есебі бойынша олар анархия мен бүліншілікке тоқтау салады, соған сәйкес автономия идеясы қажет емес деп есептеді. Үшіншіден, облыстық және уездік орталықтарға алашордалық басқару органдарын құру туралы жеделхаттарын жібере отырып, Ә.Н. Бөкейханов пен оның жақтастары өздерінің қолданып отырған шараларының уақытша сипат алатынын көрсетті. Төртіншіден, жеделхаттарда биліктің ұлттық органдары «жергілікті земстволық қалалық өзін-өзі басқару ісіне араласпайды»,[9]. өз қызметін тек қазақтар арасында ғана жүзеге асырады делінді. Елде бір орталықтан баскарылатын билік органы болмады. Ақмола мен Семей облыстарында Сібір үкіметімен қатар Сібір қазақ әскерінің билік аппараты да қызмет етті. Оралда Орал қазақ әскери билігі мен Алашорда үкіметі орнады. Жағдай былайша өрбіді: Заңдылық пен билік қала мен поселкелерде бір түрлі, станицаларда екінші түрлі, ауылдарда үшінші түрлі әрекет етті. Ұлт өкілдері аралас елді мекендерде, ондайлар аз болмайтын, адамдардың қандай да болсын бір билікке бағынудан бас тартқан кездері жиі болып тұрды, олар өзіміздің өкіметіміз бар дегенді алға тартты.

Елдегі бұл бей-берекетсіздікті ретке келтіруге және билік жүргізу ауқымын шектеуге күш салған Омбы облыстық қазақ комитеті атынан Абылайханов пен Сәдуақасов 1918 жылы 29 маусымда қол қойып, облыстық комиссариатқа (Сібір үкіметінің органы. — авт.) жіберген хатында былай деп атап көрсетеді: «Кейбір станидалық және поселкелік басқармалар, сондай-ақ шаруалардың болыс селолық комитеттері қырғыздардың (қазақтардың) жекелеген шағымдары бойынша уездік және облыстық қазақ комитеттерінің келісімінсіз ауылдарға қарулы отрядтар жібереді.

Бұл әрекет дұрыс емес және мұндай келенсіз көріністер бұл билік басында тұрған қырғыз (қазақ) органдарының беделін түсіреді деп есептей отырып, облыстық комитет комиссариаттан алдағы уақытта мұндай шара қолданбауды, қолдану қажет болған жағдайда, ол туралы уездік немесе облыстық қазақ комитетіне дер кезінде хабарлауды сұрайды.

Қазақтардың әскери аппаратынан да станицалық және поселкелік басқармаларда осындай оқиғаларға жол бермеуін өтінеді».[7].

Комиссар осындай жағдайда не істеу керек екендігін үкіметтен сұрағанда, оған: «Уездік және облыстық қырғыз (қазақ) комитеттері дербес ұйымдар, не істеу керегін өздерің шешіндер» деген жауап келген.[10].

Алаш басшылығы үш ай бойы мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, ел қорғау, сот, жер мәселелері бойынша бұйрықтар шығарып, өз билігін орнықтыруға тырысты.[11]. Сібір үкіметі тарапынан Алашорда билігіне қолдау көрсетілмеді. Сібір кадеттерінің орталық органында басылған мақала Сібір үкіметінің ұстанған бағытын ашып берді. Ол «Қырғыз (қазақ) автономиясы туралы мәселеге» («К вопросу о киргизской автономии») деп аталды. Онда былай делінді: «Қырғыз өкілдері талап етіп отырған нысандағы автономия Ресейден толық бөлінді, оның аумағында дербес қырғыз мемлекетін құруды көздейді.

Біз бұратана халықтың мәдени-ұлттық қажеттерін қанағаттандыру туралы талаптарын кеңінен қолдауға әзірміз, бірақ дербестікке ұмтылу мемлекетгін өзін-өзі құртуына алып келеді.[12].

Бұл мақаланың жариялануына Алашорда басшылығының 1918 жылы 23 шілдеде Сібір үкіметінің премьер-министріне жолдаған хаты себепші болды. Онда Алашорданың басшылығы басқару органдарын құру мен Алашорда үкіметінің заңдылығын дәлелдеуге тырысты. «Дәл қазіргі сәтте Ресей бірыңғай біртұтас мемлекет ретінде өмір сүріп отырған жоқ. Сол себепті автономиялық облыстар мен халықтар большевиктер билігінен құтылып, өзін-өзі басқару жолына түсуге тиіс...

Сібір мен Алаш арасындағы мүдде жақындығы екі автономияның тығыз одақ құруын қажет етеді. Өзара түсіністік олардың күшін біріктіреді. Біз Сібір автономиялық үкіметінің талқылауына өзара келісімнің мынадай пункттерін ұсынамыз.

  1. Сібір үкіметі мен Алаш автономиясы бірін-бірі тану, мойындау

Информация о работе Азамат соғысы