Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:49, реферат
Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Англияда «Алқызыл және ақ раушан» (1455 – 58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүстік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 – 65), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871), Испанияда фашистер мен демократтар (1936 – 39) арасындағы азамат соғыстары болып өтті.
Төралқа төрағасы Бақыткерей Құлманов және оның орынбасарлары Әлихан Бөкейханов, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмұхамедов және Омар Қарашаев басқарған съезд қазақ автономиясы мен оның үкіметінің құрылуы туралы сұрақтарына көңілдерін аудара отырып, тез арада өзгеретін саяси жағдайларда партия тактикасының әр түрлі аспектілерін талқылады.
Қазақтар орналасқан Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары, Каспий сырты облыстарының аудандары, Алтай губерниясы қазақ автономиясы құрамына кіру керек шешімін съезд қабылдады. Сондықтан оған Алаш-Орда (Алаш автономиясының үкіметі) атауын беріп, «Уақытша халық Кеңесі» ретінде құтқару мақсатында мықты өкіметті құруға қаулы шығарды және Алаш-Ордаға қазақ халқы үшін барлық атқару билігін өз қолына алуын жүктеді»13.
Съезд қазақ милициясын құру жоспарын әзірледі. Әр облысқа, оқуға және үйездер бойынша жабдықтауға оның белгілі саны қарастырылды. Салық салу арқылы алынған құралдарына орталық әкімшілік млицияны қарумен қамтамасыз етуі керек еді. Офмцерлерді дайындаған уақытта Орынбор казактарының тәжірибесі мен көмегін қолдануға шешім қабылданды, бұл атаман Дутов басқарған Орынбор ақгвардияшыларымен бірігу одағын білдірді. Осы одақ маңызды кезеңде үстірт және тиімділігі аз болып шықса да, ол Алаш-Орда жағдайын қиындатты.
Оңтүстік Оралда Жангельдин құрған уфалық қызыл жасағы П.Кобызев және С.Павловпен бірлесіп, 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборды жаулап алды. Бірыңғай қазақ автономиясын құра алмай, Дутовпен бірге Орынборды алашордашылар да тастап кетті. Олардың күштері ажырады: шығыс бөлімі деп аталған бір бөлігі Алаш қ. (Жаңа Семей) Семей қала маңына көшті, басқа бір бөлігі Орал облысының (Батыс бөлігі), үшінші бір бөлігі Жетісу облысына кетті. Осы жағдайларда «Алаш» партиясының басшылығы орталық кеңес үкіметі және оның жергілікті органдарымен байланысқа баруға мәжбүр болды: А. Бөкейханов Сталин ұлттарының ісі бойынша Ление және халық комиссарымен кездесуге Мәскеу қаласына X. және Ж. Досмұхамедовтарды жіберді, ал Халел Ғаббасов 1918 жылы 20 наурызда Ә.Бөкейханов тапсырмасы бойынша телеграф арқылыСталинмен келіссөздер жүргізді. Болашақ автономияның мәдениеттік қажеттілігіне материалдық көмектің орталығы, бүкіл қазақтық схезді шақырту ұсынымы және елде азаматтық бейбітшілікті орнату бұлардың нәтижесі болды.
Кеңес өкіметін орнатқан кезеңінде «Алаш» партиясының жаңа өкіметпен қарым-қатынасы байланыстардан келісімге әкелген жоқ. Жергілікті Кеңестерде өкімет (б) РӘДЖП радикалдық элементтердің қолында болған Птеропавл, Перовск (қазіргі Қызыл Орда), Әлие ата (қазіргі Жамбыл) қалалар қатарында «Алаш» белсенділері қуғын-сүргінге ұшырады, тек Семей, Верный (Алматы) және тағы басқа жерлерде әлсіз, ұзақ мерзімді емес ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндігі болды. Осылай Семей облыстық Кеңестің құрамына жергілікті Алаш ұйымы жетекшілерінің бірі Х.Ғаббасов, үйездік земство төрағасы Казбагоров, үйездік кеңестік құрамына – «Алаш» белсенділері Б.Сәрсенов және И.Әлімбеков кірді. Сонымен бірге екі жақ бір-біріне сенген жоқ, өйткені әр қайсысы өзінің саяси мақсаттарын көздеді: Өкімет құрылысына тартылған Кеңестер «Алаш» партиясының көшбасшылар мен белсенділер арқылы қазақ тұрғындары арасында әсерді күшейткісі келді, ал «Алаш» көшбасшылары Кеңестегі өздерінің өкілдері арқылы кеңес өкімет қолдай отыра, ішкі жақтан жаңа өкіметтің «жырмалану» саясатын жүргізді.
«Үш жүз» партияның большевиктер басқарған өкіметпен өзара қарым-қатынасы басқаша болды. «Үш жүз» көшбасшысы Қолбай Тоғысов пен оның серіктестіктерінің саяси көзқарастары мен тәжірибелік әрекеттері 1917 ж. күзінен 1918 ж. басына дейін елеулі өзгерістерге ұшырады. Егер басында үш жүздіктер әлеуметтік-төңкерістік партия одағымен байланысты қолдаса, ал 1918 жылдың қаңтар айынан бастап орындарда кеңес өкіметін ұйымдастыру және нығайту бойынша жұмысыа белсенді қосылды. 1918 жылдың басынан бастап алаш ордашыларға қарсы күресте үш жүздіктер мен большевиктер одақтасты. Алаш-Орда өкіметі осы қиындықтарға қарамастан, қазактардың бейтараптылығы мен орындарда Кеңестерді басқарған большевиктердің әлсіздігін пайдала отырып, бірнеше ай ішінде (1917 ж. желтоқсан – 1918 ж.наурыз) облыстарда әкімшілік құрылымды құру бойынша қадамдарын жасады, милиция қатарларын құрастыруға кірісті. Бірақ көп кешікпей басталған азаматтық соғыс Қазақстанда жаңа әскери-саяси жағдайын құрды, сол жағдайда екі жақтағы поляризация күштерінің процесі жылдамдатылды.
Орталықтар мен орындарда өкіметті жаулап алған жұмысшы-шаруалар Кеңестері бірінші күннен бастап, құлатылған топтардың қарулы тойтарысын шақырды. Азаматтық өкімет үшін күрестің жалғасы болды, сондықтан төңкеріс және азаматтық соғыс арасында нақты шегі болған жоқ.
Орынбор казак әскерінің атаманы Дутов кеңес өкіметін құлатып, ІІ бүкіл ресейлік Кеңестер съезінің өкілі С.Цвиллинг басқарған төңкерістік комитетті тұтқынға алған Орынбор – Торғай облысының әкімшілік орталығында 1917 ж. Қазақстандағы азаматтық соғыс ошақтарының бірі құрылды. Кеңес өкіметімен күресетін қарулы орталығы Жетісуде де болды. 1917 ж. 1 (14) қарашада казак әскерінің Жетісу әскери кеңесі әскери үкіметті құрастырды. Кеңес өкіметімен күресу үшін Верныйға (қазіргі Алматы) ақ гвардияшыл офицерлер және юнкерлер келді.
1917 ж. қарашада Оралда
1918 ж. жазға қарай империалистік
мемлекеттердің
Жазда Орал, Ақмола, Семей облыстары және Торғай облысының көп бөлігіе ақ гвардияшылар жаулап алды, олар Семей облысы жағынан Жетісуге де басып кірді Летом Уральская, Акмолинская, Семипалатинская области и большая часть Тургайской. Ақ гвардияшылар жаулап алған аудандарда кеңес өкіметін орнату үшін күресі негізінен партизандық сипатына ие болды. Жетісуда қоныс-аударушы шаруалардың үлкен ауыл топтар орталығымен Черкасск с. өзін-өзі қорғауын ұйымдастырды.
1918 ж.жазда кеңес өкіметі тек
Жетісу және Сырдария
Антанта елінің үкіметі тұрған чехославак корпусының көмегімен Самарада Комуч эсерлік-ақ гвардияшыл үкіметі – Құрылтай жиналысының комитеті, Омбыда адмирал Колчак басқарған уақытша сібір ақ гвардияшыл үкіметі құрылды. 1918 ж. қаңтар айында қудаланған атаман Дутов 1918 ж. 3 шілдеде қайтадан көтерілісті көтерді, кеңестік Түркістанды орталық Ресейден кесіп тастап, Орынборды жаулап алды.
Кең ауқымды басталған азамат соғысы және кеңес өкіметін құлату шарттарында Қазақстанның көптеген аудандарында Алаш Орда Орынборда Дутовпен келісім жасады, Омбыда Уақытша сібір үкіметімен және Самарада Құрылтай жиналысының комитетімен (Комуч) тығыз байланысқа түсті, Кеңестермен бірлескен күресі мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу казактарымен байланысты нығайтты. 1918 ж. шілдеде Алаш Орда үкіметі Алаш ауқымында кеңес өкіметі декреттер қатарын қабылдады, осыған сәйкес шығарған барлық құжаттар, заңнамалық актілер жарамсыз деп есептелінді және коммунистерді қудалау заңнамасының деңгейіне көтерілді.
Алаш Орда көшбасшысы Ә.Бөкейханов А.Ермеков және әскери бөлімінің меңгеруші капитаны Х.Тоқтамышевпен бірге 1918 ж. шілде және тамыз айларында Самара мен Омбыда қарулы күштерді құрастыруда Алаш Ордаға көрсету көмегінің сұрақтары бойынша әскери ведосмтв өкілдері және Уақытша сібір үкіметімен келіссөздер жүргізді. Жақын уақытта 2000 адам санында қазақ отрядтарын құруға сөз берген Алаш Орда батыс бөлімінің көшбасшылары Х. және Ж. Досмұхамедовтар Самарадан Комуч арқылы 600 мылтық пен пулеметтерді алды, Торғай тобына 1918 ж. қыркүйек айында 300 бердеңке, 20 мың патрон және көптеген киім-кешек берілді. Дутов көмегімен екі атты полкілерін құруға кірісті: біреуін Қостанайда, екіншісін – Ырғыз уезінде. 1918 ж. тамызда Семейде 38 офицер, 750 жауынгер құрамында алғашқы Алаш атты полкі құрылды. Ақ гвардияшылар көмегімен құрылған және алаш құрған асыға оқытқан отрядтары жақын арада Қызыл Әскерге қарсы қарулы күреске қатыса бастады14.
Қазақстандағы қарулы қарсылық Ресейде азамат соғысының негізгі бөлігі болды. Сондықтан азамат соғысының басты майдандарында күрес әрекетінің барысы ған емесе қазақ майдандарында күрестің дамуы мен барысына шешуші әсерін көрсетті, сонымен қатар ақ гвардияшылар оккупацияланған Қазақстан ауқымында қазақ әскери бірігу әрекеттері, партизандық қозғалыстар мен көтерілістер де Шығыс және Оңтүстік майдандарда соғысқан Қызыл Әскердің басты күштеріне маңызды көмекті көрсетті. Әсіресе бұл Орынбор, Оралды босатуда, Колчактың ақырғы күйреуінде, ақ гвардияшылар мен Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстан, Жетісудан олардың одақтастарын қудалауда айқын көрінді. Қызыл Әскер бөліктерінің қазақ майдандарында күрескендерге орталық әскери көмекті көрсетті.
Азамат соғысы жағдайыларында Қызыл Әскердің құрылысы сәтті жүріп отырды. Орыстармен бірге Қызыл Әскерлер қатарына қазақ еңбекшілері де енді. 1918 ж. 28 мамырда БОАК Декретінің толықтырыма еркіндігі міндетті әскери борышына ауыстырылды. Сонымен бірге ұзақ уақыт бойы еркінді жасақтарды сақталды. 1918 ж. жазда бірыңғай Қызыл Әскер құрама бөлігі ретінде ұлттық әскери қалыптастырулар пайда бола бастады. Қазақстан аумағында Қызыл Әскер ұлттық бөліктердің құру базасы Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Ордасы және Торғай облысының (Торғай және Ырғыз) кеңестік үйездері.
1919 жылы Степан Разин ат. алғашқы
Орынбор казак полкі
Ақ гвардияшылармен күресте Қазақстан еңбешілерімен бірге Қызыл Әскер қатарына өз еркімен енген шет елді жұмысшылар және шаруалар – венгрлер, немістер, чехтер, поляктар және т.б.
Ақ гвардияшылар жаулап алған Қазақстан аумақтарындағы кең өрісі партизандық қозғалыс пен халық көтерілісін алды.
Партизан қозғалысының ірі ошағы Қостанай уезі болды. Үлкен өрісті ол Ақмола, Семей облыстарында алды. Партизан қозғалысының тарихына Ақмола облысы, Атбасар уезіндегі Маринск көтерілісі кірді. Павлодар, Өскемен, Семей облысындағы Бұхтармен және Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Катон-Қарағай, Шыңғыстау, Шемонаихинск және т.б. болыстарда партизандық қозғалысы маңызды көлемге дейін жетті. Черкасск қорғагысы, Тарбағатай және Алтайдың «Тау бүркіттері» партизандық жасақтардың әрекеттері Қазақстандағы азамат соғысының тарихына берік кірді. 22-ші, 25-ші Чапай дивизиясының айбынды күресі, Орал және Орынбордың батырлық қорғанысы тарихи атақты алды.
Колчак әскерінің басты күштерін жою 1919 ж. жазда Шығыс майданда Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Батыс және Жетісуді азат ету үшін қажетті жағдайларды жасады. 1919 ж. соңында Қазақстанның негізгі аумағы ақ гвардияшылардан босатылды. 1920 ж. наурызда Қазақстанда азамат соғысының соңғы майданы – Солтүстік жетісу майданы жойылды.
Көрнекті қолбасшыларМ. В. Фрунзе, М. Н. Тухачевский, В. И. Чапаев, сонымен бірге дараынды командирлер И. П. Белов, И. С. Кутяков, А. Иманов және т.б. жетекшілігімен Қазақстан аумағында ірі әскери операциялар өтті.
Қызыл Әскердің ақ гвардияшылармен күресіндегі сәттілігі, алаш полкілеріндегі толқулар мен көтерілістер, алаш милиция қатарларынан жігіттердің қашуы алашордашылар қатарынла жікке бөлінуін тездетті. Наурызда РСФСР БОАК Алаш Орда кешірімі және Алаш Орда көшбасшыларының бірі А.Байтұрсынов және оның үлкен жақтаушылар тобы кеңес өкіметі жағына ауысатыны туралы хабарлағаннан кейін бұл процесс жаңадан кері айналмайтын сипатқа ие болды.
Қазақстан аумағын ақ гвардияшылардан азат ету шамасы бойынша кеңес өкіметі құрылды. 1919 ж. 10 шілдеде РСФСР ХКК декреті Қазақ елін басқару бойынша Революциялық комитетін құрды (Қазревком).
Оның бірінші құрамына С. Пестковский (төраға), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, А. Жангельдин, М. Тунганчин, С. Мендешев, Б. Қаратаев. Әр түрлі уақытта Қазревком мүшелері А. Айтиев, С. Арғыншиев, А. Авдеев, Г. Әлібеков, Б. Каралдин болды.
Қазревком «елді жоғары әскери-азаматтықпен басқаруға»» өз көңілін аударды, ал қазақ халқының кеңестік мемлекетін құру мақсатымен Кеңестер Құрылтай съезін шақырту үшін шарттарды дайындау оның басты міндеті болды. Шын мәнінде Қазақстанда төңкерістік өкіметтің төтенші органына әр түрлі жоспардағы үлкен жұмыс көлемін орындауға тура келді және Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезін дайып, өткізуге мәжбүр болды.
Азаматтық соғыстың қиын жағдайы Қазревкомға төтенше функцияларды жүктеді. Дәл сол өзі Қазревкомның әскери-азаматтық сипатын анықтады. Барлық ежелгі қазақ жерлерін жинау Қазревкомның маңызды міндеті болды, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық біртұтастығын құру. Бір уақытта Қазревком қазіргі әскерді, Түркістан АССР орталығына, яғни «әскери коммунизм» саясатының басты элементіне нан және тағы басқа азық-түлікті жабдықтау мәселелерін шешуіне кірісті. Қазревком 1919 ж. шілдеден бастап, 1920 ж. қазан айы бойынша 15 ай жұмыс істеді. Қазревком өзінің пайда болу сәтінен бастап, қазақ халқының кеңестік автономиясын жариялау бойынша үлкен дайындық жұмысын жүргізді.
1920 ж. 17 тамызда РСФСР ХКК Қазақ
республикасы туралы Декрет
1920 ж. 26 тамызда БОАК және РСФСР
ХКК Орынбор қ. астанасымен РСФСР
құрамында «Қырғыз (Қазақ) Советтік
Автономдық әлеуметтік
РСФСР-ға автономдық бірлік ретінде кірген жұмысшылар, еңбекші қазақ халқы, шаруалар, казактар, қызыл әскер депутаттарының Кеңестер республикасы ретінде Қазақ АССР құруын бекіткен 1920 ж. 4-12 қазан аралығында өткен Орынбор қаласында Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі еңбекші Қырғыз (Қазақ) АССР құқықтарының Декларациясын қабылдады. С.Мендешев басқарған Орталық атақарушы комитеті (ОАҚ) және В.Радус-Зенькович басқарған Халық комиссарларының Кеңесі (ХКК) сайланды.
1920 жылдың көктемінде