Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июля 2014 в 14:38, реферат
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар тарихы жүздеген жылдарды қамтиды. Сонау 1224 жылы орыс және қыпшақ әскерлері иық тірестіре моңғолдармен Калька өзінің бойында шайқасқаны белгілі. Тіпті Х ғасырдың өзінде оғыздар және орыс әскерлері Еділ булғарларына, Хазарларға қарсы бірлесіп жорық жасағандығын білеміз. Қасым ханның қазақ хандығы және Мәскеу мемлекеті арасында қарым-қатынастар орнаған. Отаршыл Ресей Қазақстанның орасан зор байлықтарына оның стратегиялық орналасуына қызығып, ақыр соңында Қазақстанның Ресейдің отарына айналғандығы белгілі. Кіші жүздің 1731 жылы Ресейге өз еркімен қосылуынан бастап, 1917 жылға дейін Қазақстан Ресейдің отары болды, ал Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Отанымыз КСРО-ның құрамына кіріп, 1991 жылға дейін одақтас республика болды.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І – тарау. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан және Ресей қатынастарының жаңаша бағытта дамуының алғашқы жылдары
1.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының жаңа бағытының орнауы, кезеңдері...............................................................................................5
1.2. Қазақстан және Ресейдің 1991-2000 жылдар аралығындағы байланыстары..................................................................................................17
ІІ – тарау ХХІ ғасыр - Қазақстан және Ресейдің стратегиялық әріптестер.
2.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының нәтижелері.........24
2.2.Қазақстан және Ресей ынтымақтастық перспективалары..............40
Қорытынды .....................................................................................................49
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................51
Сонымен, Қазақстан ӘӘК (ВВС) техникалық жағынан жалпы алғанда 87 ұшаққа толықты. 1996 жылы 18 қазанда Қазақстан мен Ресей премьер-министрлері әскери техникалардың, қару-жарақтардың өтемақысы туралы Келісімін тарату туралы Хаттамға қол қойды.
1996 жылы қаңтарда қарым-қатынас тарихында алғашқы рет әскери алқа мәжілісі болды, мұнда әскери-техникалық ынтымақтастықты ары қарай дамыту, қорғаныс интеграциясын тереңдету туралы мәселелер сөз болды. Алқа мәжілісі қорытындысында 16 бірлескен құжаттарға қол қойылды. Бұларды таратуда екі елге де жасалған әскери өзара іс-әрекеттер мүмкіндік береді. Келісімдер мен Хаттамаларда әуе қатынастарына қарсы жүйкесінде күзетуді, Каспий теңізінде Қазақстанның әскери-теңіз флотын құруына Ресейдің көмектесуін, әскери кадрлар даярлауды, әскери-ғылыми салада ынтымақтасуды көздейді.
Ресейдің қолдауымен Қазақстан президентінің террорға қарсы ТМД мемлекеттерінің бірыңғай орталығын құрыу туралы бастамасын іс жүзіне асырудың сатысы өтуде. Қазақстан-ресей мемлекеттерінің шекараларың делимитациялау өткізу пунктерінің түзесін жасау істерін екі ел нәтижелі түрде жүргізуде.
Әскери ынтымақтастыққа жауап ретінде Қазақстан Ресеймен 4-ші мемлекеттік сынақ алаңдары, Сарышаған, Ембі, сынақ алаңдарын,929-шы жыздық-әскери даласын Қазақстан аумағында орналасқан және тағы да басқа нысандарды пайдалану туралы келісімге отырды.
Бұл келісімдер 10 жыл көлеміне есептелген, шарттың мерзімін ұзартуды немесе күшін жоюды екі жақ келісіп жасайды. Қазақстан сынақ алаңдарының жалға беру шартта көрсетілгендей, жал төлемі жыл сайын 27,5 млн. доллар қаржыны құрайды. Бұл қаражаттың қомақты бөлігін – 24,3 млн. доллар қаржыны Ресей қару-жарақтар, әскери техникаларды беруге және қазақстандықтарды жоғары әскери мамандар даярлайтын оқу орындарында оқыту есебіне кіргізеді, тек 3,2 млн. доллар ғана қаржы бюджетке түседі.
Сондай-ақ келісімдерде айтылғандай, жалға алушы сынақ алаңдарының инфроқұрылымын сақтауға, сынақ алаңында ракета жіберуде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға, Қазақстанға ғылыми-техникалық сынақтың қорытындысын беруге міндетті.
Ал Қазақстан болса, екі жақты келісіммен өз құқығын сақтай отырып, сынақ алаңдарын Қазақстан Қорғаныс Министрлігінің мүддесінде пайдаланады.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәңгі достық және ынтымақтастықтың ХХІ жүзжылдыққа бағытталған Декларациясында бекітілгендей, «БҰҰ-ның жарғысының 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы кез-келген бір мемлекет немесе мемлекетік топтар тарапынан екі жақтың бір-біріне төнген қауіп-қатерді, агрессиялық іс-әрекеттерді болдырмау үшін, бірлесіп барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қарсы іс-әрекет жасайды, керек болған жағдайда бір-біріне көмек көрсетеді, әскери ұйым болып өздерін қорғайды».
Қазақстан мен Ресей гуманитарлық ынтымақтастыққа жеке көңіл бөлуі кездейсоқтың емес. Екі елдің аумағында сол елдердің азаматтары емес өте көп адамдар тұрады. 1992 жылы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен өзара көмек туралы Келісім-шартта былай делінген: «Тараптар өз азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға да олардың ұлтына, басқа да айырмашылықтарына да қарамастан, тең құқылы болумен, бостандығына кепілдік береді (11-бап). Әрбір тарап өз аумағында тұратын басқа азаматтарға халықаралық жалпы адам құқығының нормаларына, заңдар жиынтығына сәйкес, олардың ұлтына, дініне, басқа да айырмашылығына қарамай, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқытарының тең болуына кепіл болады».
Қазақстан мен Ресей өз аумақтарында тұратын азаматтардың ерікті-бостандық құқылығына сәйкес өзі тұратын елдің азаматтығын алуға немесе екінші елдің азаматтығын алуға құқылы екеніне заңдар жинағынының негізінде кепілдік береді.
Екі мемлекет те екінші елде тұрушы өз азаматтарының құқығын қорғайды, оларға қамқорлық, жәрдем көрсетуді халықаралық құқытың жалпыға бірдей ОБСЕ нормаларына және міндеттеріне (12-бап) сүйене отырып іске асырады.
1995 жылы 20 қаңтардағы Қазақстан
мен Ресей арасындағы
1994 жылы 28 наурызда екі
ел Президенттері Қазақстан Рес
Сол өзі тұрып жатқан елдің мемлекеттік жоғарғы лауазымдарына және билік өкілдіктерін сайлауға және сайлануға:
Тұратын жақтың жалпымемлекеттік референумына қатысуға;
Дипоматтық қызметтерде, қауіпсіздік және тұрушы елдің ішкі істер органдарында қызмет етуге, ауылдық, поселкелік, қалалық, аудандық, облыстық әкімшілік басшысы немесе орынбасары болуға.
Дегенмен, бұл тұлғалар облыстық, аудандық, қалалық, поселкелік, ауылдық әкімшілік құрлымдарының бөлімшелерінде, сонымен қатар басқару комитеттерінің бөлімдерінде, басқа да жергілікті басқару органдарының жүйесіндегі мекемелерде басшы немесе оның орынбасары болып істей алады.
Келісім-шарттың ең бір маңызды қағидасы бір жақта тұрушы азаматқа меншікке, меншігін пайдалану және өкімдік жасауға, сол өзі тұратын жақтың заңдарына сәйкес кепілдік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік меншікті жекешелендіруге қатынасу туралы мәселелер де ретке келітірілген. Бір жақтың, екінші жақта тұрақты тұрушы азаматы сол елдің азаматтарымен қатар теңдей, іске асырылып жатқан заңдар жиынтығына сәйкес мемлекет мүлкін жекешелендіріп алуға қатынаса алады, егер де басқасы басқа бір келісімдерде көрсетілмеген жағдайда.
Қазақстан мен Ресейдің гуманитарлық ынтымақтастықтың көкетесті бағыты – азаматтық мәселесі, бір жақта тұрушы азаматтардың көлемі және келісілген көзқарастардың іс жосығын ықшамдау ғана емес, екінші жақтан тұрғылықты тұруға басқа мемлекеттен келушілердің азаматтық мүдделерін де ҚР мен РФ арасындағы Келісім-шартта көрсетілгендей іске асырылады.
Бұл ең алдымен «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясынан түпкілікті тұруға келген азаматтардың, Ресей Федерацияға Қазақстан Республикасына түпкілікті тұруға келген азаматтығын азаматтықты алу тәртібін оңайлату» Келісіміне байланысты болады.191 бұл бір елден азаматтық алу үшін арыз берушіге анықталған шарттың бірі болса жеткілікті екенін ескертеді:
Егер арыз беруші 1991 ж. 21 желтоқсанында Қазақ ССР немесе Ресей, сонымен қатар КСРО азаматтығында болса, аталған Келісім күшіне кіргенше сол елдің аумағында тұрса, арыз берушінің екі жақта да тұрғылықты тұрушы жақын туыстары сол елдің азаматтары болса азаматтығын алуы ескеріледі.
Келісімге сәйкес ішкі істер бөлімі тіркеуді үш ай мерзім ішінде іске асырады. Құжатта балалардың ата-аналарының азаматтығы өзгерген жағдайда азаматтығын алуы туралы мәселелер толық көрсетілген. Сондай-ақ, онда бір жақтан азаматтық алуы екінші жақтан шығуымен бір уақытта болса, ол адам ол туралы өтініш берген болса, өтінішті қанағаттанарлық шешім қабылдағанша басқа (шыққан) жақтың азаматтығында бола тұрады.
Қазақстан мен Ресейдің қайта құрылуының барысында азаматтардың құқығын қамтамасыз етуде алға басушылықтар жасалды. Экономикалық заңның арасынан жеңіп алынғанының бірі – экономикалық қызметтің еркіндігі, ассоциация, (жекеше, топтық, жалдық) кәсіпорындарды құруға мүмкіндік алуы. Саяси бірлестіктер құру, ар, сөз бостандықтары, рұқсат етілген іш-шараларға қатысуға (митинг, демонстрация, шерулер, наразылық, т.б.) ақпаратқа рұқсат құқығы және басқа да құқықтар іске асырылады.
1998 жылы наурызда Қазақстан
Республикасы мен Ресей
2.2. Қазақстан және
Ресей ынтымақтастық
1998 жылы қазанда мемлекетаралық,
ведомствоаралық көптеген
ХХ ғасырдың жүзжылдығының демографиялық барысы Қазақстанды полиэтникалық мемлекетке айналуына әкеліп соқты. Қазақстан аумағында жер шарының көптеген халықтарының өкілдері тұрады. Олар егеменді Қазақстанның толыққанды азаматтары, ұлтына, ұлысына қарамай бұл ел бәріне ортақ және туған үйі болып табылады. Мәдениеттің өзара ықпалы, өзара араласуы табиғи түрде өтуде: қазақстандық орыстан Ресей орысы рухани жағына біраз ерекшеленеді. Бұл да сондай-ақ, корейлер, украиндықтар және басқа ұлт өкілдеріне тән.
Қазіргі таңда өткенді сапалы ой елегінен өткізуі өтіп жатыр. Қазақстанда тұрушы орыстар қазақ мемлекеттігінің аяғына тұруы мен даму мәселесін ұғынуда. Қазақстаннан орыстардың көшіп-қонуының шұғыл азаюы шамамен соңғы үш жылды үш есе азайды, сондай-ақ жаппай Қазақстан азаматтығын алу ірі бір елді құрайтын Қазақстан халқының біздің мемлекет тағдырына деген сапалы жаңа қатынастарының қалыптасуының айғағы.
Қазақстан-Ресей қатынастарының даму үрдісіне екі елдің мәдени қатынастарына көп көңіл бөлініп отыр. Үкімет дәрежесінде мәдени, ғылыми және білім, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-педогогикалық салада жоғарғы мамандар даярлау, олардың біліктілігін бағалау ынтымақтастығы жөнінде келісімдер қабылданды.
Қазақстан мен Ресей мәдени ынтымақтастығының алған жобалары осы салада екі елдің де үнемі қаржылық жетіспеуіне, көптеген қиыншылықтарға қарамастан, үміт күттірерліктей болып отыр. Ресейде республикамыздың мәдениетіне деген үлкен қызығушылық сақталып отыр. Онда Абайдың, Жамбылдың, Құрманғазының, М.Әуезовтың, Қаныш Сәтпаевтің мерейтойлары үлкен табыспен өтті. Ал Қазақстанда А.С.Пушкиннің 200 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференциялар, концерттер, спектакльдер, көрмелер ұйымдастырылып өткізілді. Алматы, Астана қалаларында Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ақынның ескерткіштері ашылды.
Мәдениет саласындағы біртұтас кеңістікті сақтаудың аса маңыздыларының бірі ақпарат-мәдени орталықтары болуы тиіс, олар екі жақты келісімдерге сәйкес ашылады.
Қазақстан мен Ресейдің өнер және мәдени қайраткерлері, әртістері Қазақстан мен Ресейде өткізілетін әр түрлі конкурстарда кездесіп жеке және бірлескен көрмелер, концерттер ұйымдастырып тұрады.
Келісімдердің дамуының шарықтауында Астана мен Алматы қалаларында қазақстан-ресей гимназиялары өз жұмыстарына кірісті, оның жоспарларына Ресейдің тарихы мен жағрафиясы тереңдетіліп оқытылатын болады. Астанада Мәскеудегі аттас лицейдің прототипі «Столичный» лицейі жұмыс істеуде. Бұдан да басқа бірнеше бірлескен жоғарғы оқу орындары құрылды.
Соңғы уақыттағы тағы бір ынтымақтастық келісімге қол жеткізілді – термоядролық сынақ реакторды құру жобасы, ғарыштық және авиациялық техниканы пайдалану туралы Қазақстанның ҒА мен Сібірдің РҒА арасындағы талқылауы болып отыр. П.И.Лебедьев атындағы физика институтының Тянь-Шань ғылыми станциясы өз жұмысын жалғастыруда.
Қазіргі уақытта инновациялық технологияларды өндірісте қолдану аясында басымдылық көрсетіліп отыр, оларды машина жасау ісіне жоғарғы сапалы өңдеуден өткен өнімдерді дайындау үшін пайдалануға баса көңіл бөлінуде.
Тұтасымен алғанда, Қазақстан мен Ресей қатынастары қазіргі таңда ала-құла ынтамастық күй кешуде, дегенмен де халықаралық қатынастар үшін интеграцияның қатынастары үшін интеграцияның құлдырауы, мәселелердің шешемін таппауы жалпы алғанда қалыпты жағдайлар. Ресеймен стратегиялық серіктестік – қазақстан егемендігінің бөлінбейтін және табиғи құрамы.
Тәуелсіздікті алған кезден бастап-ақ Қазақстанның жоғарғы басшылығы Ресеймен тату көршілік қатынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылады. Қазақстанның пікірі бойынша, екі мемлекеттің әл-ауқаты көп жағдайда халықтар арасында қалыптасқан байланыстардың сақталуына, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың оң әлеуметінің нығайтылуына, қазіргі бар қарым-қатынасты кең ауқымды ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекет аралық кооперацияға айналдыруға байланысты.
Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар. Бұл ортақ тарих, 7 мың км-ге ұзақтыққа созылатын ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл. Сондықтан тату көршілік пен тең құқықты ынтымақтастықтан басқа қандай да бір өзге саясат екі мемлекеттің түбірлі мүдделеріне қайшы келеді.
Информация о работе 1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары