Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июля 2014 в 14:38, реферат
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар тарихы жүздеген жылдарды қамтиды. Сонау 1224 жылы орыс және қыпшақ әскерлері иық тірестіре моңғолдармен Калька өзінің бойында шайқасқаны белгілі. Тіпті Х ғасырдың өзінде оғыздар және орыс әскерлері Еділ булғарларына, Хазарларға қарсы бірлесіп жорық жасағандығын білеміз. Қасым ханның қазақ хандығы және Мәскеу мемлекеті арасында қарым-қатынастар орнаған. Отаршыл Ресей Қазақстанның орасан зор байлықтарына оның стратегиялық орналасуына қызығып, ақыр соңында Қазақстанның Ресейдің отарына айналғандығы белгілі. Кіші жүздің 1731 жылы Ресейге өз еркімен қосылуынан бастап, 1917 жылға дейін Қазақстан Ресейдің отары болды, ал Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Отанымыз КСРО-ның құрамына кіріп, 1991 жылға дейін одақтас республика болды.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І – тарау. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан және Ресей қатынастарының жаңаша бағытта дамуының алғашқы жылдары
1.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының жаңа бағытының орнауы, кезеңдері...............................................................................................5
1.2. Қазақстан және Ресейдің 1991-2000 жылдар аралығындағы байланыстары..................................................................................................17
ІІ – тарау ХХІ ғасыр - Қазақстан және Ресейдің стратегиялық әріптестер.
2.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының нәтижелері.........24
2.2.Қазақстан және Ресей ынтымақтастық перспективалары..............40
Қорытынды .....................................................................................................49
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................51
Президент Н.Ә.Назарбаевтың РФ алғашқы ресми сапары 1994 жылы наурызда болды. Ол екі ел арасындағы жан-жақты интеграциялық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталды. Екі ел президенттері қазақастан-ресей елдері арасындағы интеграцияны және саяси әлеуметтік қатынастарды дамыту, басқа да өзекті мәселелерді бірігіп шешу, екі елде тұратын ұлт өкілдерінің азаматтық құқығын сақтау жағдайлары жөніндегі Меморандумға, сондай-ақ, әскери қорғаныс қатынастарын орнату Келісім шартқа «Байқоңыр» ғарыш айлағын бірігіп пайдалану жөніндегі келісімге қол қойды.
Қазақстан мен Ресей премьер-министрлері екі ел арасындағы қарым-қатынастарына байланысты көпетеген ресми құжаттарға, атап айтқанда мәдени қатынастарда, ғылым-білім саласындағы басқа мәселелер жөніндегі қатынастарды дамытуға байланысты қол қойды. Министрлер деңгейінде басқа да тағы бір құжаттарға соның ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы консулдық конвенцияға, сыртқы істер министрлерінің кеңесі жөніндегі хаттамаға қол қойылды.
1995 жыл Қазақстан-Ресей
қатынастары жақсы қарқынмен
жалғаса дамыды. Соның бірі қаңтар
айында болған Н.Ә.
1995 жылы 14 қарашада Қазақстан
мен Ресей президенттері екі
жақты ынтымақтастықты
1996 жылы 27 сәуірде Ресейде
Президенті қысқа жұмыс
Қазақстан мен Ресей арасындағы егенменді тәуелсіз даму жылдары ішінде үкімет және мемлекет басшыларының, министрлік ведомстволарының деңгейінде келісім-шарттар мен келісімдерге қол қойылды.Мемлекет және үкімет басшыларының жұмыс сапарлары министрлік пен ведомстволардың басшыларының жалғасулары көптеген салалардағы: экономикалық, әскери, азаматтық мәселелерде және т.б. бойынша келісімдердің нақты болуына әсер етті. Тұтасымен алғанда мемлекет аралық құжаттар Қазақстан-Ресей қатынастарының дамуы жаңа серіктестікте орнықтығын дәледейді, олар бір-бірінің ұлттық мүддесімен санасып және оны мойындауға негізделеді.
Екі ел үшін 1998 жылдың 6 шілдесі тарихта қалатын күн болды, яғни ол күнде ұрпақпен уақыт аса зор бағалайтын болады. Сол күні Президенттер Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельциннің мәңгі достық және бауырлас екі елдің одақтастық стратегиясын жариялап – ХХІ ғасырға бағытталған, мәңгі достық пен одақтастық туралы Декларацияны жариялады. Қазақстан мен Ресей өзара мәңгі достықта болатынын, тату көрші ретінде заңдық мүдделерді ескере отырып, саяси, экономикалық, әскери және басқа салаларда, сыртқы саясат шеңберінде тығыз ынтымақтастығын мәлімдеді.
Мәңгі достық туралы Декларация ынтымақтастық пен қатынастардың жаңа деңгейлерін топшалайды.
Мәңгі достық – естен шығарылған немесе идеологиялық рәміз емес. Бұл екі ел арасындағы көптен толғағы жеткен, күнделікті өмірде сезілетін құбылыс. Бұл мыңдаған адамдар мен іскерлік қатынастардың сабақтастығы, қазақстан мен ресейліктерді байланыстыратын қатынастар, екі елдің тағдыры. «Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы үшін» мәдени және ғылым қайраткерлерінің ассоцияциясын құру топшыланды, оған екі елдің беделді және рухани басшылары кіреді. Еуразияның екі үлкен мемлекеті Қазақстан мен Ресейдің – жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықтары мен субконтиненттегі ең үлкен осы негізгі тұрақтылық пен өркендеудегі қазақстандықтармен ресейліктердің досытығына ешқандай балама жоқ.
1998 жылы 15 қаңтарда Алматығы
Ресей Федерациясының
1999 жылы қыркүйекте Ресей үкіметі төрағасы Астанаға сапар кезінде, Қазақстан мен Ресей 2007 жылға дейін шекаралас аймақтардың ынтымақтастығын қамтитын Бағдарламаға қол қойды, оған сәйкес металлургия өнеркәсібі мен машинажасау қаржынеркәсіп топтарын құру, трансұлттық мұнай және көмір компанияларын, әр түрлі экономикалық салада жүзден астам біріккен мекемелерді құруы, білім, мәдениет, медицина салаларында нақты жобалар көзделді.
2000 жыл маусымда Қазақстан
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2000 жыл қазан айында
Ресей Федерациясының
1998 жылы, 6 шілдеде Мәскеуде екі ел басшылары Каспийдегі ынтымақтастық саласында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы мәлімдемені қолдады. Каспий теңізіндегі ынтымақтастық туралы Декларация Каспий аймағындағы барлық мемлекеттердің қатысуымен серіктестік және мәселелердің ақырғы шешімін қамтиды.
1992 жылдан бастап екі ел президенттері қырық рет кездескен. Нәтижесінде 1992 жылы 25 мамырда достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісім-шарт жалғасында екі мемлекеттің күшімен 330 астам құжаттан тұратын келісім-құқықтық базасы құрастырылған, осы құжаттар өзара кең масштабтағы барлық екі жақты құбылыстарды реттейді.
ІІ – тарау ХХІ ғасыр - Қазақстан және Ресейдің
стратегиялық әріптестер.
2.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының нәтижелері.
Қазақстан мен Ресей аралық қатынастарды дамытудың маңызды бағыттарының бірі – экономикалық ынтымақтастық. Дегенмен де, екі жақтың экономикалық интеграция саласындағы қаншалықты ұмтылыстар болса да, жалпы экономикалық кеңістіктің құрылуы күрделі қарама-қайшылықта өтуде.
1992 жылы, 25 мамырда достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісім-шартта екі елдің экономикалық ынтымақтастығы негізделген. Онда нәтижелі жалпы экономикалық кеңістікті құру үшін барлық деңгейлердегі шаруа субъектілердің тең құқықтығы мен өзара тиімді экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдетуге тараптар жәрдемдесетініне назар аударды. Тараптар экономикалық өзгерістер саласындағы әрекеттерін, оның ішінде құрылымдық, ақша-несие, валюта, салық және баға саясатын қоса алғанда, үйлестіреді.
1992 жылы 13 наурызда қабылданған Достастық мемлекеттерінің кеден саясаты негіздері туралы Келісімге сәйкес Кедендік одақ құрылды, оған қатыса отырып, тараптар келісілген кеден саясатын өткізеді, тауар, капитал және олардың арасындағы қызметтердің кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етеді.
Тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және ынтымақтастықтың басқа түрлерінің дамуы туралы сәйкестендірілген екі жақты Келісімдер, сонымен қатар әлемдік бағалар бойынша өзара есепке өту шарттары мен мерзімдерін талқылады.
Тараптар әр түрлі халықаралық, экономикалық, қаржылық және басқа ұйымдармен институттарда бірігіп әрекет етеді, тараптардың біреуі мүше болған халықаралық ұйымдарға кіру немесе қатынасу үшін бір-біріне қолдау көрсетеді.
Басқа тараптың экономикалық жағдайын тұрақсыздандыратын бір жақты шараларды жүзеге асырудан әрбір тарап бас тартады. Келісім-шарттың 17-бабында көрсетілгендей, экономикалық және сауда тараптар қатынастары өзара қолайлы ұлттық тәртіпке негізделіп құрылған.
Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлік пен шаруашылық іс-әрекеттері үшін тиімді экономикалық, қаржы және құқықтық шарттард, екі елдің азаматтары, мекемелері, фирмалар мен басқа экономикалық ынтымақтастық субъектілерінің әр түрлі кооперация түрлері мен тікелей байланыстарын әр түрлі формада жан-жақты марапаттап, қамтамасыз етуді міндеттейді. 1992 жылы Қазақстан мен Ресейдің әр түрлі министрліктері мен ведомстволары деңгейінде он келісім шарттар мен келісімдер қабылданды.
1993-ші жыл Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастықтың барлық салаларын қамтитын, екі жақты қабылданған құжаттарымен сүбелі де маңызды жыл болды.1993 жылы 9 қаңтарда Омбыда өткен екі елдің үкімет делегациялары, Қазақстан мен Ресей шекара маңындағы облыс әкімдерінің кездесуінде осы облыстардың экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтасуы мәселелер жайында талқыланды, қорытындысында екі ел премьер-министрлері Хаттама мен Коммюникеге қол қойды. Бұл кездесу екі жақтың облыстық және аймақтық дәрежеде тығыз байланыста болуға ұмтылғандығын дәлелдеді.
1994 жылы 28 наурызда екі ел президенттері қол қойған Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығы мен интеграциясын ары қарай тереңдету туралы Келісім-шартта былай делінген: «... екі ел экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуді, жалпы экономикалық кеңістікті және жалпы рыногін құру, экономикалық реформаларды өткізу, шаруашылық заңдарды жақындастыру, Ресей мен Қазақстанның жекелеген аймағындағы мекемелер, ұйымдармен өзара тиімді байланыстарды сақтау мен дамытуды бірігіп іске асырады». Тараптар өздерінің баға, салық кеден және валюта саясаттарын жақындастыруды, нарықтық қатынастар негізінде біртіндеп екі мемлекет арасындағы тауар, қызмет, капитал мен жұмыс күштерін еркін алмасуға көшуді міндеттейді. Олар жеке және заңды тұлғалардың меншіктерін пайдалануын, оған билік етудің өзара ортақ заңдылығын мойындайды.
Ресей мен Қазақстанда екі мемлекеттерде ұлттық валюта енгізілуімен өзара төлеу-байланыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, конверстация және өзара алмасу курсының тұрақтылығын қолдау, ұлттық валютаны кедергісіз айырбастауды ұйымдастыру, Ресей мен Қазақстанның орталық және коммерциялық банктері арасында өзара есептер құрылысын құруға шаралар қолданады.
Тараптар салық жүйелерінің дәйекті үндесуін жүргізуде. Олар құрылымдық, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясаттың кесімділігін, өндірістің құрылымдық пайда болу салаларында тиімді еңбек бөлуді, экономиканы құрылымды қайта құру және ғылыми-техникалық даму бойынша мемлекетаралық кешенді бағдарламаларды өңдеуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар тиісті ақпарат, нормативті және методологиялық іс қағаздармен алмасуды ұйымдастырады.
Келісім-шартта өзара мамандандыру және өндірісті бірлестіру салаларында біріккен саясатты өткізу туралы, өнеркәсіп салаларында артықшылықтарды анықтау, біріккен жобалар мен инвистицияларды құрау және жүзеге асыруға көмектесу, өндірістің көпжақтылығын үйлестіруді өткізу, соның ішінде қорғаныс саласындағы конверсияны қосқандағы тараптардың міндеттері бекітілген.
1995 жылы 20 қаңтарда Қазақстан
мен Ресей президенттері қол
қойған қазақстан-ресей
1996 жылы 27 сәуірде дизельді
двигательді жасап шығару
Информация о работе 1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары