1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июля 2014 в 14:38, реферат

Краткое описание

Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар тарихы жүздеген жылдарды қамтиды. Сонау 1224 жылы орыс және қыпшақ әскерлері иық тірестіре моңғолдармен Калька өзінің бойында шайқасқаны белгілі. Тіпті Х ғасырдың өзінде оғыздар және орыс әскерлері Еділ булғарларына, Хазарларға қарсы бірлесіп жорық жасағандығын білеміз. Қасым ханның қазақ хандығы және Мәскеу мемлекеті арасында қарым-қатынастар орнаған. Отаршыл Ресей Қазақстанның орасан зор байлықтарына оның стратегиялық орналасуына қызығып, ақыр соңында Қазақстанның Ресейдің отарына айналғандығы белгілі. Кіші жүздің 1731 жылы Ресейге өз еркімен қосылуынан бастап, 1917 жылға дейін Қазақстан Ресейдің отары болды, ал Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Отанымыз КСРО-ның құрамына кіріп, 1991 жылға дейін одақтас республика болды.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І – тарау. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан және Ресей қатынастарының жаңаша бағытта дамуының алғашқы жылдары
1.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының жаңа бағытының орнауы, кезеңдері...............................................................................................5
1.2. Қазақстан және Ресейдің 1991-2000 жылдар аралығындағы байланыстары..................................................................................................17
ІІ – тарау ХХІ ғасыр - Қазақстан және Ресейдің стратегиялық әріптестер.
2.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының нәтижелері.........24
2.2.Қазақстан және Ресей ынтымақтастық перспективалары..............40
Қорытынды .....................................................................................................49
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................51

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаңа Қазақстан РЕСЕЙ.doc

— 248.50 Кб (Скачать документ)

Қазақ КСР мен РКФСР-дін КСРО шеңберіндсгі шекарада қалыптасқан сол кезеңдегі аумақтық тұтастығын мойындау мен құрметтеу жөніндегі келісімнің де дәйекті мәні бар болатын. Оның үстіне, дәл сол кезде базбір саяси күштер одақтас республикалардың аумақтық құрылысының дүдәмалдығы жайында дау туғызып, кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктің мемлекетаралық қатынастарындағы қосымша шиеленіс көздерінің пайда болуына соқтырды.

Осы тұрғыдан алғанда шарттың Қазақстан мен Ресей ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің болуын, мемлекеттердің қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын мойындаған бөлігінің маңызы айрықша арта түседі.

Шарт сондай-ақ тараптардың өз экономикалық қатынастары келісім-шарттармен реттелетініне келіскенін және бір-біріне саудадағы неғұрлым қолайлы тәртіп жағдайын туғызуға уағдаласқанын атап көрсетті. Тараптар баға саясатын үйлестіру жөнінде шаралар қолдануға, сондай-ақ екінші тараптың тұрақтылығын бұзатын немесе оған нұқсан келтіретін біржақты экономикалық шаралардан бас тартуға міндеттенді. Қазақстан мен Ресей өз аумақтарында орналасқан теңіз, өзен және әуе порттары, теміржол мен автомобиль жолдарының желісі және магистралдық құбырлар арқылы транзитті көлік операцияларын қамтамасыз етуге уағдаласты. Сонымен бірге, шартта құзыретті өкілдіктер алмасу қажеттігі мойындалды.

Осы шарттың жасалуымен біздің елдердің өзара ықпалдастығындағы бастапқы сатының негізгі қағидалары тұжырымдалды. Әйтсе де ең бастысы –кейін арнайы келісім-шарттар мен екі жақты ірі құжаттардың нысанына айналатын проблемалар шеңбері осы құжатта айқындалды. Тәуелсіздікке ие болуы мен өзінің халықаралық жаңа мәртебесін сезінуінің бастапқы кезеңінде тәуелсіз мемлекеттердің арасындағы екі жақты қатынастарды дамыту мен шарттық-құқықтық рәсімдеу көбінесе кейінге ысырыла берді. бұл елдердің көпшілігі алдымен әлемдік қоғамдастық ортасында, әсіресе жетекші державалар алдында өздерін таныту үдерісін жылдамдатуға басымдық берді.

Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі ең ірі екі мемлекеттің – Қазақстан мен Ресейдің осы ортада орналаса бастаған қатынастарының қарқынды сипаты ортақ ырғақтан біршама ауытқығандай болғаны сөзсіз. Алайда біздің елдерінің дүниемен жаңаша қатынас орнату үдерісінен тысқары қалды деп ешкім айта алмайтын шығар. Бұл үдеріс өз жолымен жүріп жатты, бірақ ол Қазақстан-Ресей диалогын қарқындатуға нұқсан келтірген жоқ. Дәстүрлі тарихи, экономикалык, мәдени және сипаты өзгере бастаған геосаяси байланыстар тұрғысынан алғанда жаңа құқықтық анықтаманы ең әуелі біздің елдеріміздің дәл осы екі жақты қатынастары кажет ететіні барған сайын айқын бола түсті.

1991 жылғы 17-тамызда Қазақстан мен Ресей президенттерінің Алматыдағы кездесуінде бірқатар құжаттарға қол қойылды, олардың екеуі – Президенттердің Бірлескен мәлімдемелері - айрықша мән беруге тұрарлық. Соның біріншінде – "Біртұтас экономикалык кеңістік туралы" деп аталатын құжатта – егемен екі мемлекеттің президенттері, Қазақстан мен Ресейдің елде экономикалық тұрақтылық жағдайын жасау, біртұтас нарықтық кеңістік құру жолындағы жауапкершілігін сезініп, республикааралық экономикалық қатынастардың оң тәжірибесіне сүйене отырып, егемен он бес мемлекет басшыларының жұмыс барысындағы кездесуін өткізудің уақыты мен орнын келісу жөнінде барлық республикалардың жетекшілеріне ұсыныс жасауды дұрыс деп шешті. Бұл кездесудің мақсаты біртұтас нарықтық кеңістікті қалыптастыруға байланысты экономикалык және әлеуметтік проблемалардың бүкіл кешенін талқылау болуы тиіс еді.

Сондай-ақ мәлімдемеде барлық республикалардың экономикалық келісімінің ортақ тұғырнамасын жасауды, ондай келісімді әзірлеудің кезеңдері мен мерзімін және оған қол қоюдың шарттарын келісуді, Егемен мемлекеттер одағы туралы шартқа қол қойылған соң тез арада республикааралық экономикалық кеңес құру мен оның қызметін жолға қою қағидаларын талқылауды көздейтін кездесудің күн тәртібі де ұсынылды.

Шындығында бұл құжат сол шақта әлі де болса "новоогаревтік үдерісті" оңды шешуге деген үзілмеген үміттің бейнесі сияқты және сонымен бірге, біртұтас экономикалық кеңістікті өзінің бұрыңғы тұрпатында сақтап қалудың соңғы әрекеті есепті болды. Сонымен қоса, бұл келісімді дәл осы біздің екі елдің – Қазақстан мен Ресейдің басшылығы тарапынан жасалып, құжат түрінде рәсімделген ең алғашқы кірігушілік бастамалардың бірі деуге болады.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан мен Ресей президенттерінің "Егемен мемлекеттер одағы тұрақтылығының кепілдіктері туралы" деп аталатын тағы бір бірлескен мәлімдемесі де көңіл аударуға тұрарлық. Онда президенттер, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, халықаралық құқық нормаларына сәйкес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін КСРО Одағы халықтарының алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, мынаны мәлімдеді:

Қазақстан мен Ресейдің аумақтық тұтастығын сақтау – елдің 
және оны құрайтын мемлекеттердің апатты ыдырауын болдырмаудың аса маңызды кепілі.

РКФСР құрамындағы республикалармен бірге жаңа негізде 
құрылатын Одақтың құрылтайшысы болатын біртұтас күрделі федерациялық құрылым ретіндегі Ресей Федерациясын сақтау – тұтастай Одақты сақтаудың қажетті шарты.

Одақты құрайтын мемлекеттердің ішіндегі қатынастар сол мемлекеттердің конституцияларымен және заңнамаларымен, ал қажет болған жағдайда оларға кіретін республикалармен жасасқан шарттармен және келісімдермен реттеледі.

Мәлімдеменің жоғарыда аталған барлық тармақтарының мәнділігі даусыз бола тұра, онда бұрынғы одақтас республикалар басшылығы айрықша мән беріп, қатты алаңдайтын нәрсеге – кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттердің аумақтық тұтастығының бұлжымастығына ерекше көңіл бөлінген.

Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволарының өзара ықпалдастығының алғашқы жемісті тәжірибесі ретінде Қазақ КСР мен РКФСР сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық пен қызметтерін үйлестіру туралы 1991 жылғы 17-тамызда сыртқы істер министрлері қол қойған хаттаманы айтуға болады.

Оның ережелерінде өзара мүдделі екі жақты қатынастар мен негізгі халықаралық проблемалар бойынша консультациялар жүргізу, сондай-ақ әр түрлі деңгейде пікір алысу пайдалы деп танылды. Тараптар ынтымақтастық пен қызмет үйлестірудің мынадай қағидалары және практикалық пошымдары жөнінде келісті:

Сыртқы істер министрлерінің деңгейі мен басқа да деңгейлерде өзара мүдделі халықаралық және республикааралық мәселелер бойынша ұдайы келіссөздер мен консультациялар өткізіп тұру, ақпарат алмасуға айрықша көңіл бөлу және Еуропа мен Азия-Тынық мұхит аймағындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Қазақстан мен Ресей еыртқы істер министрлерінің және олардың 
тапсыруы бойынша басқа адамдардың кездесулерін кемінде жарты 
жылда бір рет Алматыда және Мәскеуде алма-кезек өткізіп отыру, парлменттер мен үкіметтердің де, министрліктердің де қызметі туралы өзара негізде тұрақты әрі жедел ақпарат алмасуды, республикалардағы осы аталған органдар сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардың мәселелері бойынша қабылдайтын барлық негізгі заңнамалық актілер мен шешімдердің көшірмелерін жіберіп отыруды қамтамасыз ету.

Тағлымдамалардың, консультациялардың әр түрлі пошымдарын ұйымдастыру, өзара делегациялар мен қызметкерлер алмасу негізінде тікелей аралас-құраласқа және бір-бірінің тәжірибесімен танысуға қолайлы жағдай туғызу.

Халықаралық ұйымдар мен форумдардың жұмысына катысу барысында екі жақ та мүдделі әр алуан мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық рухында ұдайы консультациялар жүргізіп отыру.

Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволары арасында одан әрі тығыз байланыс орнату достас екі мемлекеттің жемісті өзара қарым-қатынасына, ең алдымен стратегиялық әріптестік қатынастарын нығайту мен оларды шарттық-құқыктық рәсімдеуге өзіндік үлесін қосады.

Мәскеуде болған белгілі тамыз оқиғаларынан кейін, 1991 жылғы 30-тамызда жаңа заманның алғашқы толыққанды екі жақты құжатына қол қойылды. Ол – Қазақстан мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздердің қорытындылары туралы мазмұндама. Онда КСРО-да қалыптасқан жаңа саяси жағдай республикалардың егемендік құқықтарын нығайтуды қажет етеді деп тұжырымдалды. Тараптар мынаған келісті: өтпелі кезеңде халық тіршілігінің жүйесін демеу және экономикаға жұмыс істету үшін басқарудың уақытша мемлекетаралық құрылымдарға жасақтап, оған тепе-теңдік тараптар мүдделі мемлекетерді – бұрыңғы Одақтың субъектілерін қатыстыру тиімді екенін ескере отырьш, одақтық мемлекеттің ымырасыз ыдырауына жол бермеу мақсатымен бірлескен күш-жігер жұмсау; барлық мемлекеттерге – бұрынғы Одақтың субъектілеріне, қазіргі мәртебелерінің қандай екеніне қарамастан, олардың арасында экономикалық келісім әзірлеуді кідіртпестен қолға алу, оған қол қоюдың мерзімі мен шарттарын келісу туралы ұсыныс жасау; тез арада ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жасауды және КСРО Қарулы Күштерін, МХК мен ПМ-ін реформалау ісін жүзеге асыруды қажет деп санау. Әскери-стратегиялық мәселелер, ғарыштық зерттеулер мен байланыс проблемалары бойынша шешімдерді тек қана мемлекетаралық консультациялар мен келісулер нсгізінде қабылдау. Егемен мемлекеттердің аумағында орналасқан МХК және ПМ органдары, егер мемлекетаралық келісімдермен басқа жағдай көзделмеген болса, тек қана сол мемлекеттердің жоғары билік орындарына бағынады деп белгілеу. Егемен мемлекеттердің аумағында орналасқан КСРО Қарулы Күштерін антиконституциялық мақсаттарға пайдалану мүмкіндігін болдырмау үшін олардың қос бағыныстылығы тәртібін орнату;

Қазақстанның Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы 
шешімін қолдау. Мемлекетаралық және халықаралық деңгейлерде 
ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі күш-жігерге қарқын бсру;

1990 жылгы 21 қарашадағы екі жақты шарттың ережелеріне сүйене отырып, мемлекетаралық қатынастарды егеменді теңдік, ішкі істерге араласпау, күш қолданудан, қысым жасаудың экономикалық және басқа тәсілдерінен бас тарту, даулы мәселелерді келісімшілік жолдарымен реттеу, Қазақ КСР-ы мен РКФСР-дің мемлекеттік егемендігіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу қағидалары негізінде құру; азаматтардың құқықтары мен тараптардың аумақтық тұтастығының мәселелері жөнінде аталған шарттың 2 және 3 б-баптарында белгіленген өзара міндеттемелерді құптау, азаматтардың, қоғамдық бірлестіктер мен қозғалыстардың ұлтаралық келісімді бұзуға бағытталған іс-әрекеттерін заңсыз деп есептеу; басқа да егемен мемлекеттермен бірге қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы батыл демократиялык өзгертулердің үйлестірілген саясатын белсенді түрде жүзеге асыруға деген құлшынысты қолдау;

КСР Одағының бұрын қабылданған халықаралық шарттар мен 
келісімдерден шығатын міндеттемелеріне өзінің бейімділігін таныту; тараптарды тұрақты түрде хабарландырып, консультациялар 
өткізіп тұру үшін Қазақ КСР мен РКФСР арасында құзыретті өкілдер 
алмасу.

Сол кездегі жаппай абыржу мен болашаққа сенімсіздік жағдайында Қазақ КСР-ы мен РКФСР делегациялары қол қойған құжаттың ең күшті тұжырымы олардың тең құқықтық жағдайы мен одақтық жаңа құрылым құруды жақтауға деген құлшынысын қайталап білдіруі болды Олар басқа мемлекеттерді – ғұрыптығы КСР Одағының субъектілерін, қазіргі мәртебелері қандай екеніне қарамастан, ерікті егемен мемлекеттер Достастығының өзара тиімді ықтималды пошымы туралы келіссөзге кірісуге тағы да шақырды.

Бұл әбден дағдылы, бірақ шын мәнінде өмір сүруін тоқтатқан "Одақ" дейтіннің орнына "Достастық" атау сөзінің ресми қолдануда тұңғыш пайда болуы еді. Енді бір ескертетіні: бұл Беловежье оқиғаларынан үш айдан аса бұрын болғанды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Қазақстан және  Ресейдің 1991-2000 жылдар аралығындағы байланыстары.

Қазақстан ТМД шеңберінде саяси және экономикалық мәселелерді шешу істерінде егемендік, аумақтық тұтастық, өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау негіздерін сақтай отырып, Достастық елдері аумағында егемендік принциптері негізінде өзара қарым-қатынасты нығайтуға кірісті.

Бұл бағытта жұмыстар екі түрлі деңгейде жүргізілуде: екі жақты қарым-қатынастар дамуда, сонымен қатар ТМД шеңберінде көп жақты қарым-қатынастарда дамуда. Яғни ТМД мемлекеттерінің экономикалық қарым-қатынастарының реттелуі тек көп жақты қарым-қатынастар шеңбері негізінде емес, сонымен қатар екі жақты қарым-қатынастардың дамуымен жүзеге асуда. Нәтижесінде Ресеймен және басқа да мемелекеттермен беделді құқықтық-келісімдік қатынастың базасы құрылды.

Қазақстан-Ресей қатынастарын анықтайтын негізгі факторлардың қайнар көзі мынада: әлі де болса сақталып қалған шаруашылық байланыстарын, тарихи-мәдени дәстүрлердің тұтастығы, ақыр аяғында діл болып табылады. Бұл мәселелер жөнінде екі жақты қарым-қатынастарды дамытуда ел басшыларының кездесулері мен келісімдері маңызды орын алады. Сондықтан да Қазақстан мен Ресей өкілдері арасындағы соңғы жылдардағы кездесулердің хронологиясына көңіл аударайық.

1992 жылдың өзінде-ақ әр түрлі дәрежедегі бірнеше кездесулер болды, соның барысында Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге ұмтылған нақтылы бірнеше құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде айырықша айта кететіні 1992 жылы 17 қаңтардағы Мәскеуде қол қойылған екі ел президенттерінің – Қазақстан мен Ресей арасындағы шаруашылық қызметтерге қойылған шектеулерді алып тастау туралы келісім.

Екіншісі Қазақстан мен Ресей президенттерінің ресми кездеулері 1992 жылы 21 наурызда болды. Осы кездесуде екі ел президенттері экономика саласындағы екі жақты қарым-қатынас, сыртқы саясат істеріне, ТМД болашағына қатысты мәселелерді талқылады. Олар Достастықтың негіздеріне деген сенімдерін, экономикалық реформалардың радикалды бағыттарының екі және көп жақты негізінде ынтымақтастыруын бекітті.

1992 жылы 23 наурызда Орал  қаласында қазақстан-ресей үкімет  басшыларының кездесуі болды, екі  ел арасындағы кезек күттірмейтін  мәселелер, Қазақстан мен Ресей  арасындағы саяси және әскери  саласындағы экономикалық қатынастарды сақтау және кеңейту мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысында 12 құжатқа қол қойылды. Солардың ішінде: Қазақстан мен Ресей арасындағы бағаны белгілеу саласындағы саясатты үйлестіру туралы келісім; көлік саласындағы ынтымақтастық пен өзара қатынастар прнинципі туралы келісім; ғарыш қызметі саласындағы келісім Хаттамасы және т.б.

Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың негізінде БҰҰ-ның құжаттарында бекітілген жалпы қабылданған қазіргі халықаралық қатынастар негізделген. Бұл нормалар барлық екі жақты келісімдерде, соның ішінде 1992 жылы 25 мамырда Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельцин президенттерімен қол қойылған, елдер арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісім-шартта көрініс тапты. Онда, атап айтқандай, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты құруға ұмтылған, «мемлекет тәуелсіздігі мен аумақтың тұтастығын өзара құрметтеу негіздерін басшылыққа ала отырып, дауларды бейбіт жолмен шешу, экономикалық және басқадай қысым түрлерімен, күш немесе күш қаупін қолданбау, құқық теңдігі және ішкі істерге араласпау, адам құқығы мен негізгі бостандық, өз міндеттерін адал атқару және де халықаралық құқықтың басқа да жалпы танылған нормалары айқын көрсетілген» Бұл келісім-шарт аса ірі өзгерістердің құжат түріндегі айғағы болды, КСРО тарағаннан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жаңа өлшемге шығарды. Ол қазақстан-ресей қарым-қатынастарын нығайту саласында, бірлескен қорғаныс саясатында, жаңа экономикалық кеңістік құруға, салық және кеден келісімдерін жасауға, тауар алмасу, капитал салаларын нығайтуға бағытталған. Келісімде екі жаққа да жағымды жағдайлар қарастырылған, екі жақты келісім құқықты сақтау Қазақстандағы ресей азаматтарының, орыс тілді ұлт өкілдерінің азаматтық құқықтарын сақтауы қарастырылған. Келісім-шарт 10 жылғы мерзімде жасалған, қажет болғанда автоматты түрде тағы 10 жылғы мерзімге ұзартуға болады делінген.

Информация о работе 1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары