1945-1980жж Жапонияның экономикалық дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 07:29, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі 1945-1980- ші ж.ж. қамтиды. Бұл тарихи кезеңді алудың себебі, біріншіден, бізде бар көптеген еңбектер, монографиялар, оқулықтар, мақалалар жинақтары т.б. Жапонияның экономикалық даму тарихының негізінен осы кезеңге арналған. Екіншіден бұл мерзімдік алғы 1990- шы ж.ж. қамтуына мүмкіндік болмайды. Себебі біздің жағдайымыз да қажетті тікелей ғана емес жанама әдебиеттердің де болмауы болып табылады.
Сонымен қатар осы уақытта Жапон экономикасында ең басты, негізгі өзгерістер болды. Жапония соғыста күйреген экономикасын тек қалпына келтіріп тұрақтандырып ғана қоймай, оны экономикалық өсу қарқыны бойынша алдыңғы орындарға шығарып, күшті капиталистік державаға да айналдырды.
Мәселенің зерттеу деңгейі. Жапон елінің экономикалық дамудың себептерін түсіндіру ұмтылысы Жапонияның өзінде де, басқа елдерде де жарыққа шыққан көптеген еңбектер мен монографияларды жазуға итермелейді.

Содержание

Кіріспе. 3
І тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапон елі.
1.1. Елдің шаруашылығын қалпына келтіру және шет елдер саясаты. 11
1.2. 1950-1970 ж.ж. экономикалық даму процестері. 21
ІІ тарау. 1970-1980 ж.ж. Жапон экономикасы.
2.1. Жапонияның шет елдермен экономикалық қарым-
қатынасы. 32
2.2. Ұлттық экономиканы дамыту. 40
Қорытынды. 51
Сілтемелер тізімі. 56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-1945-1980-ж.ж.-Жапонияның-экономикалық-дамуы (1).doc

— 430.50 Кб (Скачать документ)

     Парламент арқылы негізі ауыл шаруашылық заңды жүргізу қажеттілігі жапон билеуші топтары үшін басқа капиталистік державалардың ауыл шаруашылығымен салыстырғанда Жапон ауыл шаруашылықтын экономикалық артта қалушылығынан шыққан. “Негізгі ауыл қалушылығынан шыққан. “Негізгі ауыл шаруашылық саясатының” баста мақсаты ауыл шаруашылық өндірісін ұсақ тауарлығынан ірі капиталистікке көшіруу яғни деревняларды капиталистік түрде қайта құру болды30.

     1961 екінші жартысынан бастап Жапонияда үстепе өндіру белгілері байқала бастады, 1954 пен 1957 ж.ж. сияқты басы сыртқы саудадағы тепе-теңсіздігі болған экономикалық құлдырау қаупі пайда болды. Үкімет экономикалық құлдыраудың әрі қарай дамуын тоқтату үшін 1961 ж. аяғында экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын құруды бастады. Капитал салу мен өндірістік көлеміне қатысты бірқатар шектеулі шаралар жүргізілді осылайша 1961 ж. маусым айынан бастап өндіріс жабдық - құралдарының жүктелуі азайды 1962 ж. экономикалық даму қарқыныңазаюы орын алды. Осы жылы өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны екі есе қысқарды.

     1962 ж. аяғына таман барлық көрсеткіштер экономикалык құлдаруын дәлелдеп отырды. Тек қана сыртқа сауда мен төлеу балансы саласында жағдай бір қалыпты болып қояды. Жапон экономикасының құлдырауы АҚШ-пен экономикалық қарама-қарайшылығының шиелені су жағдайында қалыптасты.

     Экономикалық құлдырау жағдайында жапон билеуші таптарына сауда сферасындағы АҚШ- қа бағатталған гипертрофильді бағыты. Жапон экономикасы үшін қандай нәтиже әкелетіне айқын болып тұрды. Енді Жапонияның іскер топтары алдында АҚШ- тан басқа елдермен, әсіресе ЕЭС-пен социалистік достастығының елдерімен сайда байланысын кеңейту мәселесі тұрды. Бұл мәселелер 22-24 тамызда Хаконэ қаласында өткен конференцияларда Жапон іскер әлемінің ірі өкілдері көнілдерінің ортасында тұрды31.

     Конференцияда ЕЭС-пен экономикалық қарымқатынас жөнінде және Жапонияға қатысты ЕЭС жағынан протенционистік шаралардың өтуіне арналған басқа шаралар туралы, соның ішінде “Жалпы нарық” елдері ішінде импортты – либерализациялық жөнінде мәселелер қарастырылды. Соңғы мәселе бойынша екі жүйе қалыптасы.

     Жеңіл машина жасау, синтетикалық маталар өндірісі мен металлургиялық өнеркәсібі сияқты салалардың кәсіпкерлері ЕЭС елдерімен бірігуді жақтаса, машина жасау өнеркәсібінің ірі өндіріс орындарының басшылары “Жалпы нарықты” бақталас ретінде көріп тұрды. “Мицубиси дзюкоге” компанияның басшысы Коно ауыр өнеркәсібінің өнімін ЕЭС елдерінде сату мүмкіндігі жоқтығын айтты және керісінші ЕЭС Жапония үшін үшінші елдер нарығында бақталас болып тұрды32.

     Экспортты ұлғайту мәселесіне соншама көңіл аудару жәйдан жәй болады. 1962 ж. таман. Жапон экономикасындағы өндірістік қуатының тез өсуімен салыстырғанда, ішкі нарықтын шектеулі мүмкіншіліктері айқындала бастады.

     1963 ж. шілде айында экономикалық дамуының жоғарғы қарқынының қалпына келу белгілері байқала бастады. Енді экономика қайта тіріліп, өмірге келді. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі 16,3 % құрады33. Құлдыраудан, басқа салалардан көрі көп зардан шеккен, металлургияның жағдайы жақсара бастады.

     1963 ж. Жапонияда электроэнергия – 160,2 млрд. квт/ч (капиталистік өлемде 3-ші орын) болат шығаруда – 31,5 млн.т. (үшінші орын), кеме жасауда – 2374 мың (бірінші орын), радиоқабылдағыш – 17,1 млн.шт. (екінші орын), теледидар – 4,9 млн.шт. (екінші орын), цемент – 29,9 млн.т. (үшінші орын), химиялық тамшықтардан жасалған маталар – 2,1 млн.м.2 (екінші орын). Осы көрсеткіштердің бәрі Жапонияның экономикалық күшінің өсуін дәлелдейді34.

     Сонымен әлемдік нарықта бакталостығын күшейтетін, шығарылатын өнімнің сапасы жоғарлады. Ішкі нарығы негізінен толық болып тұрған өнімдер үшін мысалы тұрмыстық радиоэлектрондық жабдықтар сияқты үшін бұл өте маңызды болды. Елдегі отбасылардың 90 %- ті осы кезде теледидар алып отырды. Соған да қарамастан олардың техникалық дәрежесі экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бергендіктен, осы тауарларын өндірісі өсе берді. Экспортта көбінесе жеңіл өнеркәсіп өнімдері үстем болып қала берді. Бірақ 1963 ж. сыртқы сауда дефициті 1284 млн. доллар құрған кезде, сыртқы сауда тепе –теңіздігінің мәселесі одан сайын шиеленді. 1963 ж. 1962 жылмен салыстырған капитал салудың өсуі төмен болды. Бұл жерде алдында салынған капиталды артықшылығының ықпалы көрінді35.

     1964 ж. сонында қайтадан циклдік экономикалық кұлдырау пайда бола бастады. Көптеген - өнеркәсіп салаларының өндірісі төмендеді. Алдынғы циклдік құлдыраулар сияқты 1964 – 1965 ж.ж. құлдырауда да экспорттың өсуі жүрді.

     1960-шы ж.ж.  Жапония негізінен экономикалық өсу қарқына монополистік капитализм елдерін озып, алда тұрды. Жапониядағы капитал жинаудың жоғарғы нормаларының негізінде жатты. Жапония осы көрсеткіштер бойынша монополистік капитализмнің басқа елдерін озып түсті.

     Өндіріс қуатты және жалпы экономикалық даму қарқының тездету мақсатында, ірі жинақтаулар жабдықтарға инвестиция салуына мүмкіншілігін ашты. 1950-1970 ж.ж. аралығында жапон экономикасын 100 трлн иен астам инвестиция салынды. Әсірісе өнеркәсіпке салынған инвестицияның өсу қарқыны Жапонияда басқа дамыған капиталистік елдерге қарағанда тым жоғары болды. 1950 – 1970 ж.ж. Англия, Франция, ФРГ-ге қарағанда Жапонияда бұл инвестициялар 2,6 есе, ал АҚШ-қа қарағанда 4 есе тез өсті36.

     Капитал салынулар негізінен жалпы экономикалық дамуын ерекшелейтін ( металлургия, машина жасау, мұнайхимиялық т.б.) өндіру өнеркәсібінің салаларына бағытталды. Ірір инвестициялар жаңа техника мен технологияларға арналған шетел патенттер мен лицензияларды көптеп алу (1950 – 1970 ж.ж. ішінде 15 мың астам) жолы арқылы өндірісіне әлемдік ғылым мен техниканың жаңашыл жетіктерін жаппай енгізуімен қатар жүрді. Жаппай   жаңашылдықты еңгізу мен негізгі капиталды кеңейту арқылы қорлыққаруланудың өсуіне өол жеткізіп, бұл еңбек өндісінің тезкөтерілуіне негіз болды. Сонымен қатар Жапония Бұл жағынан соғыстан кейінгі кезеңде өзінің негізгі бақталастарынан тым алда болып тұрды. Еңбек өндірісінің тез өсуі жұмысшы күштің төмен еңбек өндірісінің салаларынан жоғарғы еңбек өндірісіне яғни ауыл және балық шаруашылықтарынан және тау - нең салаларынан өндіру өнеркәсібіне көшумен қатар жүрді.

     Әскери шығындарының арақатысты төмен дәрежесі (1970 ж.–ІҰӨ-ң1% шамасында) жапон монополияларына қуатты экономикалық потенциалды құру мақсатында жкономикалық өсу қарқынының калыптасуына күш салуға мүмкіндік берді. 1960–шы ж.ж аяғына таман Жапонияның экономикалық дамуының жоғарғы қарқыны оның әлемдік капиталистік жүйесінде өз позициясын күшейтуіне әкелді.

      1960–шы жылдарында Жапония Ішкі ұлттық өнімінің көлемі бойынша алдымен Италия мен Франция, кейін Англия мен ФРГ – ні азып, 1968 ж. капиталистік әлемде АҚШ – тан кейін екінші орынға шықты. 1970 ж. таман Жапония кеме құрылысы мен радиоқабылдағыш шығару бойынша капиталистік әлемде, бірінші орында,, ал электро – энергия, мұнай өнімдер мен цемент шығару және шойын, болат, пластмасс, синтетикалық талшық, теледидар өндірісі бойынша – екінші орын және автомобильдер бойынша – екінші орын және автомобильдер, азоттық айтқыштар т.б. өндірісінде-үшінші орында тұрды37.

ІІ. Тарау. 1970 –1980-ші ж.ж. Жапон  экономикасы

2.1. Жапонияның шет елдерімен

            қарым қатынасы.

 

      1970–1980-шы ж.ж. басынан бастап экономикалық өсуінің жоғарғы қарқына бір жарым он жылдықтан кейін капитализм экономикасының шиеністер жолына түсті. Мишдат пен ендігетикалық дағудысы нәтижесінен шиеленіскен ұзақ алдыңғы қатарлы капиталистік елдердегі шаруашылықтың шиеленісуін тұғызды. Басқа елдерден көрі шикізат пен отын тауларының импортынан тәуелді болған Жапонияға да бұл дағдарыстың терең соңқысы тиді. 1970–1980-ші ж.ж. Жапон экономикалық дамуымен жапон – американ қатым-қатынасының ерекшеліктерімен және қатты бақталас күресімен анықталған жапон тауарларының АҚШ -қа ағылуы өзара тауар айналымен салыстыру кезінде айқындалатын нәтижеге әкелді. 1970–1980-ші ж.ж. АҚШ – тағы Жапон экспорты 3,3 есе импорт 2,2 есе өсті және 1970– ші ж.ж. екінші жартысында экспорттың өсу қарқына импорттан жоғары болды38.

      Валюта жүйесі мен сауданың өсіп кеткен тұрақсыздығы мен капиталистік шаруашылықтың терең жаң  түршігерлік жағдайдағы қарамастан Жапония қалыптасқан жағдайы пайдаланып және соған икеледелініп сыртқы саудада өзінің белсенді сальдосын көбейтті. 1970–ші ж.ж. Жапониялық АҚШ – пен саудада тұрақты онды сальдоны кемдеді.

1970 – ші ж.ж. болса Жапонияның жалпы өндеу өнеркәсібінің тауарлары және капиталды мен ғылыми салалар экспортының әлемдік соның ішінде негізінен американдық нарықты позициясын күшейтті.

      АҚШ – тың нарығына, американ кәсіпкерлері үшін көп уақыт бойы қолайлы болған автомобиль, химиялық тауарлар, өнеркәсіптік және тұрмыстық электроника, болат, комплекстік және тазарту жабдықтар т.б. салалардың тауарлары көптеп еніп отырды. Осындай бір қатар тауарлар бойынша Жапония әлемдік экспортта бірінші орынды алып, сауда – саттық жағдайы нашарласа да бұл жерде олардың жоғары бақталаса алушылығы ерекше рольді алып отыр.

      Жапон автомобильдерін сату әсіресе энергетикалық дағдарыстан кейін үзіліссіз көбейді, себебі тасымалдадағы шығындарға қарамастан, олардың бағалары жергілікті автомобильдің бағаларынан 15 – 20% төмен болды. Бұндай саудада бірінші орынды «Ниссанң, «Тоиотаң, «Хондаң фирмалары ұстап тұрды. Қара металлургия өнімінің саудасы да ұлғайды. Жапондық тұрмыстық электроника (теледидар, транзистар, магнитофн т.б.) да американ нарығының едәуір бөлігін жаулап алды39.

      1970–1980-ші ж.ж. басынан бастап Жапония мен Батыс Европа елдері арасындағы экономикалық қарым - қатынастар өз дамуының жаңа этапына кірді. Жапония мен Батыс Европалық аймағында елдерінің арасындағы экономикалық қарым - қатынастар, олардың АҚШ – пен немесе Жапонияның Онтүстік – Шығыс Азия елдерімен экономикалықбайланыстары сияқты екі жақтан да қатынастардың интенсивтілігі мен маңыздылығына жеткен жоқ.

      Бұл қатынастардың белсенді дамуы 1970–1980-шы ж.ж. екінші жартысынан басталып және бір жағынан Жапонияның сыртқы саудасымен экономикасын либерализациялау процесі және ЕЭС – тің кенендік ”қарусыздандыру” процесімен, екінші жағынан Европа елдерінің АҚШ- пен қатынастық шиеленісуінің өсуіне әкелген, әлемдәк сауда және валюта салаларындағы империалистік елдер арасындағы қайшылықтың шиеленісуімен байланысты.

      1976–1987 ж.ж. Жапония мен Батыс Европа арасындағы сауданың көлемі 6 есе өсті. Осы аймақтағы Жапонияның негізгі сауда контрагенті болған ЕЭС болып табылады. 1977 ж. Жапонияның Батыс Европаға жіберген экспорттынан ЕЭС – тің үлесі 68 %, ал осы аймағының (Батыс Европа) импортынан 75,8 % құрады40.  Формалды түрде Жапония өзінің импортын либералдарын тек 29 тауарлық позициялар бойынша ғана кедендік шектеулерді сақтап қалды.

       1973–1975 ж.ж. экономикалық дағдарыс жапондық іскер және билеуші топтарын Батыс Европамен сауда қатынасының дамуы үшін маңызды болған, өнеркәсіп пен сыртқы сауданың құрылымдық қайта құруды тездетуіне мәжбүр етіп, өндіріс ұстанымның өсуіне сықпал етті.

       Жапонияның сыртқы экономикалық стратегияның жаңа маңызды өсіру болып табылады. Бірақ соңғы жылдарда елдегі инвестициялық орта нашардап бұл өз алдымен көптеген салалар үшін ұлттық нарық көлемінің нормадан асуы, еркін қорларының (жұмысшы күш, жер учаскелері) таусылуы, кедендік қорғаныс дәрежесінің әлсіреуі және валюта бағамының өзгеруі болып табылады. Капиталдық экспорты, тасымалдау ұстанымдарының қысқаруына жетіп, тарифтік т.б. кедергілерден өтуіне, өндірісті өткізу нарықтарына жақын қойып, нарықтың сұранысын эффективті бақылауға мүмкіндік берді. Осындай тиімді жақтардың барлығы да Жапониядан потенциалды көлемі бойынша үлкен болған және жағрафиялық жағынан алыс Батыс Европамен саудасында ерекше маңызды алды.

       Бұл нарықты жаулап алу стратегиясы жапон монополияларын өздерінің өндірістік қуатының бір бөлігін көшіруіне мәжбүр етті. 1970–1980-шы ж.ж. ортасынан бастап Бастыс Европа нарығындағы  жапон инвестициялық стратегиясының бетбұрыс жағдай пайда болды. «Сониң, «Мацусита, «Хондаң, «Тойотаң, «Ниссанң, «Мицубисиң, «Асаки касэйң, «Ниппон сэйкоң т.б. бір қатар компаниялар осы жерже өздерінің өндірістік филиалдарын аша бастады41. Өндіріс кооперациясы немесе тауар өткізу негізінде жұмыс жасайтын аралас өндіріс орындарды құру, алға жылжуының ең таралған түрі болып табылады. Осымен қатар өндірістік бірлікке айналдыруға бағдарланған құрылыс филиалдар, әр – түрлі өкілдік бюролар пайда бастады.

       Батыс Европадағы жапон бизнесі үшін өкілдік немесе тауар өткізу филиалдарын құруынан біріккен өндіріске қатысуына дейін, құрылыс зауыттардан жергілікті өндірісте шығарылған құрал – жабдықтарды пайдалануымен (көпшілік кезде минни) жаңа модельді шығаруына дейін, бір елдің нарығына өз өнімін еңгізуінен, солармен байланысты нарықтарға тасымалдауға деін сияқты өнеркәсіп салаларының сатылы ұлғаюы ерекше болды. Осылайша «ниппон эектрик компаниясы 1973 ж. Дюссельдорфте өзінің басты батыс Европалықфилиалын және ФРГ, Франция, Италияда сату бойынша Парижде тауар өткізу бюросын ашқан және одан басқа Ирландияда салынған өзінің жаңа зауттың өнімдерін 1976 ж. ашылған Лондондағы өткізу орталығы арқылы батыс Европа нарықтарына тасымалдаған42. Сонымен қатар Жапония және Батыс Европаның іскер топтары дамушы елдерде бірігіп кәсіпкерлік жасау мүмкіндігін қарады.

       Жапон мемлекеттік – монополистік капиталы сауда, инвестиция сияқты салаларындағы операциялардың динамизм мен эффективтілігі бойынша өзінің батыс Европалық партнерларынан аса алда болды. Жапониямен сауда күресі мәселесі Батыс Европа елдердің бір қатар өнеркәсіп салалары үшін үшкір болды. Бұл ең алдымен Батыс Европаға жіберілетін Жапон экспортында басты орын алатын бес саланың болат құю, автомобиль, кеме жасау, электро – техника және подшивник жасау өндірістерінің өнімдеріне қатысты болды.

       ЕЭС, Америка және Кариб елдерімен қарым қатынас туралы Лом конвенциясы бойынша Жапония өзінің өнеркәсіптік құрылыс жобасымен технология мен жабдықтарды тасымалдауына қатысуға ұмтылыс жасады. Франциямен келісімшарт негізінде дамушы елдердегі бірқатар біріккен инвестициялық жобалар жүзеге аса бастады. Жапония үшін, жапонияға қарсы болған Онтүстік – Шығыс Азиядағы батыс европалық компаниялардың кәсіпкерлік жұмысына үлестік қатысуы тиімді болды.

       Жапонияның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінде дамушы елдер маңызды орын алады. Өзінің өнеркәсіптік шикізат пен минералды отын қорлары мүлдем болмаған Жапония үшін олардың әкелінуі өте маңызды болды. Капиталистік әлемнің отын – шикізат дағдарысы Жапонияның осы елдерімен қатынасын одан сайын күшейтті. Сонымен қатар дамушы елдер жапон өнеркәсіп өнімінің өткізуінің маңызды нарыға болып табылады.

Информация о работе 1945-1980жж Жапонияның экономикалық дамуы