Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 07:29, дипломная работа
Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі 1945-1980- ші ж.ж. қамтиды. Бұл тарихи кезеңді алудың себебі, біріншіден, бізде бар көптеген еңбектер, монографиялар, оқулықтар, мақалалар жинақтары т.б. Жапонияның экономикалық даму тарихының негізінен осы кезеңге арналған. Екіншіден бұл мерзімдік алғы 1990- шы ж.ж. қамтуына мүмкіндік болмайды. Себебі біздің жағдайымыз да қажетті тікелей ғана емес жанама әдебиеттердің де болмауы болып табылады.
Сонымен қатар осы уақытта Жапон экономикасында ең басты, негізгі өзгерістер болды. Жапония соғыста күйреген экономикасын тек қалпына келтіріп тұрақтандырып ғана қоймай, оны экономикалық өсу қарқыны бойынша алдыңғы орындарға шығарып, күшті капиталистік державаға да айналдырды.
Мәселенің зерттеу деңгейі. Жапон елінің экономикалық дамудың себептерін түсіндіру ұмтылысы Жапонияның өзінде де, басқа елдерде де жарыққа шыққан көптеген еңбектер мен монографияларды жазуға итермелейді.
Кіріспе. 3
І тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапон елі.
1.1. Елдің шаруашылығын қалпына келтіру және шет елдер саясаты. 11
1.2. 1950-1970 ж.ж. экономикалық даму процестері. 21
ІІ тарау. 1970-1980 ж.ж. Жапон экономикасы.
2.1. Жапонияның шет елдермен экономикалық қарым-
қатынасы. 32
2.2. Ұлттық экономиканы дамыту. 40
Қорытынды. 51
Сілтемелер тізімі. 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 63
1949 жылы 20 наурызда Додж жапон қаржы министрі Икэдаға 1949/1950 қаржы жылына мемлекеттік бюджеттің жобасын ұсынды бұнда жапон экономикасының “өз алдында дербестікке және тұрақтандыруға жету” жоспары қаралған15. Бюджетті тұрақтандыруына жету үшін шығындарды қысқартып кірісті ұлғайту бойынша бір қатар қатаң шаралар жоспарланды:
Ең алдымен Катаяма кабинеті кезіндегі көмір, болат, темір, мыс т.б. маңызды өнімдерін өндірісін қалпына келтіру мен бағаларды ұстап тұруға арналған үкіметтік субсидияларды ұстап тұруға арналған үкіметтік субсидияларды алып тастап, орнына үкімет банкілерге мемлекеттік қазынадан қаржы бөліп, өнеркәсіптің маңызды салалрдың компанияларына өздерінің жауапкершідігімен банкілердің кредит беру міндеті қойылды.
Доджтың ұсынысы бойынша көмек ретіндегі американ тауарлары, енді мемлекеттік бюджетке емес, ірі компанияларға берілетін ұзақ мерзімді кредитке арналған эквиваленттік қорға әкелінетін болды. Бұл қордың құрылуы, ТАРИОА мен ЭРОА қорлары бойынша, американ көмегін алмастырды.
“Доджтың жүйесі” жапон экспортының ұлғайтуына да бағытталды. Жапон экономикасын қалпына келтіруіне белсенді бағыт алған американ билеуші топтары, өздерінің монополистік капиталының экспансионистік мүддесін қалыптастырып, Жапонияның АҚШ-тан экономикалық тәуелдігін бекітуіне ұмтылды.
Осылайша 1949 жылы 14 қаңтардағы жарлығында Макартур жапон үкіметінен Жапонияда шетелдіктердің еркін жүруіне, жапон меншіктерін алуына, олардың іс-әрекеттерінің сферасынкеңейту және шетел инвестицияларына еркіндікті қамтамасыз ету талап етілді. Осыған байланысты шетел капитал салулары жөнінде декрет қабылданды, ол бойынша американ капиталының Жапон экономикасына еңуіне қолайлы жағдай туды.
Осыдан кейін АҚШ-тың билеуші топтары Жапон монополяларының экономикаляқ күшеюіне көмектесудің басты міндеті болып табылған “Доджтың жүйеін” белсенді іске жүргізуді. Кейін Доджтың антиинфляциялық саясаты, инфляцияны тереңдету саясатына айналды. “Доджтың жүйесін” жүзеге асыруымен байланысты бір қатар шаралар көптеген өнеркәсіп салаларының қиын қаржы жағдайын қалыптастырды15.
Үкіметтік субсидияларды алып тастау жағдайында кәсіпкерлер, өндірісті “рационалдандыру” есебінен, табысты қамтамасыз етуіне ұмтылды. Бұндай “рационалдандыру”, техниканы жақсарту және жабдықтарды жаңарту жолмен емес керісінше негізінен еңбек жағдайын нашарлатумен интенсификацияны күшейту, жаппай жұмыстан шығару, төлем ақыны төмендету мен заказдар төлемдерінің тоқтап қалу т.б. жолдармен жүргізілді16. Осылайша АҚШ пен Жапонияның билеуші топтары экономиканы қалпына келтіруді халық бұқараның мойынына ілу ұмытылысы жұмыссыздықтар сонының және әр-түрлі товарларына бағалардың күрт өсуіне, төлем ақының төмендеуіне әкелді.
1.2. 1950-1970- ші ж.ж. экономикалық даму процестері
Кореядаға соғыс, дағдарыстығ шетінде тұурған Жапон экономикасының соғыстан кеінгі қалпына келтіру мен өсіунде үлкен роль ойнады. Бұо соғыс Жапонияның Онтүстік – Шиғыс Азиядаға агрессияда Ақштың одақтасы ретінде позициясын кушейті. Қару – жараұұа, әскери материалдарға, азық түлік жіне т.б. тауларға, монымен қатар әскери тасымалдау мен қызметке соғыс кезіндегі үлкен сұраныс жапон экономикасында әскери – инфляциялық жарылысты туғызды.
Американ «арнайы заказдарыныңң өзі 1950-1953 ж.ж. аралығында 2347 мин.доллар құрады немесе коммерциялық экспорттың жалпы мөлшерінен 43,7% құрд17. Кореядағы соғыс пен американдық әскери заказдары бірнеше жылдар бойы құрдымда болған өндірістің тез дамуына әскер етті.
1949 – 1951 ж.ж. аралығында өнеркәсіп өндірісінің жалпы көрсеткішкі соғысқа дейінгі 71,0 – ден 114,4 % - ке өсті 1950 – 1955 ж.ж. аралығында. Ішкі ұлттық табыс 338,2 млрд.доллардан 711,3 млрд. долларға дейін өсті. Әскери тасымалдаудардан, монополиярдың да табыстары көбейді. Ресми мәлімметтер бойынша 1950 ж. екінші жартысының өзінде үш металлургиялық компаниялардың табыстары 28 есе, үш тау – нең компаниялардың - 150 есе, төрт сауда компаниялардың табыстары – 11 есе және т.б. көбейді18.
Сан–Франциско бейбіт келіссөзін бекіту Жапониядағы жаулап кезеңді тоқтатты. Шамалы дәрежеде АҚШ- пен әскери келісім мен шектелген. Жапонияға егемендігін қайтару, елдің өміріндегі маңызды кезең болды. Жапония өз даумының жаңа этапына кірді.
Жаулап алу режимінің аяқталу уақытына таман Жапония экономика жағынан, монополистік капитал билеп отырған империалистік елге айналды. 1952 ж. таман Жапонияның өнеркәсіп өндірісті соғысқа дейін дәрежеге жетіп (1934-1936 ж.ж. = 100), ал ұлттық табысы бұл дәоежеден асып түсті. Өнеркәсіп маңызды рольді алып отырды. 1952 жылғы Жапония техника мен технология жағынан артта қалған өндіріспен келген.
Ірі және орта өндіріс орындарының 70 % шамасында станоктар париінің жасы 10 жылдан асып, сөйтіп моральді көңерген болып есептеледі19. Бұнда өнеркәсіп орындарының жабдық - технологиясы ескі болғандығы айтылады.
Ауыл шаруашылық саласында болса, үлкен өзгерістер байқалды. Помещщиктік жер иелену толығымен жойылды. Ауыл шаруашылық өндірісі 1952 ж. соғысқа дейінгі дәрежесінен 11 % - не асты. Бірақ елде бұрынғысынша, импорт есебінен толықтырылып отырған азық түліктің жетіспеушілігі сезінді.
Американ «арнайы заказдарың 1951 – 1952 ж.ж. Жапонияда экономикалық көтерілуінің басты себептерінің бірі болып және осы жылдардағы елге шетел валюта келуінің негізі көзі болды20.
1952 ж. ортасына таман Жапонияның АҚШ- тың сауда мен экономикалық тәуелдігінің жоғарғы қарқыны кұралды. Себебі жапон экономикасының негізгі бөлігі АҚШ- тың нарығына жіберілсе, ал жапон өнеркәсібі үшін шикізаттың басымүлесі және ауыл шаруашылық өнімдер АҚШ- тан әкелініп отырды. Осы жылдық тамыз айында Жапония Халықаралық валюта қорына (МВФ) қосылып, халықаралық экономикада өз позицияларын қалпына келтіру үшін жағдай жасады21.
1953 ж. 27 шілдеде Кореядағы соғыс аяқталды. Соғыстың аяқталу уақытына дейін Жапонияда экономикалық құлдырау байқала бастады. Американдық «арнайы заказдар қысқарылып, әскери өндірісте жасайтын өнеркәсіп орындардың жұмысы қысқарды. Экономикалық өсудің қарқыны төмендеді. Елдің экономикалық дамуының перспективасы қарастырылды бұл яғни Жапон Өнеркәсібінің басты салаларының қазіргі заман техника базасында қайта құру және оларды жаңарту, және жапон өнімін әлемдік стандарт дәрежесіне дейін көтеру. Одан басқа экспортты қалпына келтіріп оны кеңейту жоспарланды ақырында АҚШ- тан қаржы т.б. көмектерді алу үмміттелді.
1952 ж. наурыз айында өндіріс орындардың модернизациялауына көмектеу туралы заң күшіне еңіп, ол бойынша үлкен мемлекеттік көмек беріліп, капиталдан әсіресе машиналық жабдықтардан алынатын салық қысқарылды, одан басқа өндірісін модернизациялап, жабдықтарды жаңарту мен кеңейтуді т.б. жүргізіп отырған өндіріс орындары үшін басқа да жеңілдіктер берілді. Парламенттің шешімі бойынша өндіріс үшін үкіметпен бөлінген ірі қаржы (305 млрд. иен) тікелей жапон өнеркәсібіне жіберілді. Өнеркәсіпті модернизациялау шетелден қымбат қазіргі замаңғы фабрикалық зауыттың жаңа жабдықтарды тала етті. Бұл 1953 ж. 1135 млн. доллар құралған төлем балансының дефицитін туғызды22. Бұған байланысты экспортың дамуы мен жапон тауарларының бұрынғы және жаңа нарықтарға таралу туралы мәселелер туды. Бірақ Жапон экономикасын тарату көптеген қиыншылықтарға тап болды.
Жапония, социализм елдеріне (КОКОМ) әсіресе ҚХР – ге (ЧИНКОМ) АҚШ- тың жасаған дикриминациялақ оларға келісіп, осы елдермен өзінің тиімді экономикалық байланысын нашарлатты. Осыдан Жапон билеуші топтарының сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуының негізгі үмміттері АҚШ- тан байланысты болғандағы көрінеді23.
1955 жылға таман Жапон экономикасы толық тұрақтанды. Экономика саласындағы қатаншаралар саясаты Жапонияға 1953 – 1954 ж.ж. құлдыраудан АҚШ- тан алынатын кредитсіз өтуіне және әрі қарай жоғары коньюктура үшін негіз салуына мүмкіндік берді. Ендігі басталған өнеркәсіп жабдықтарының жаңаруы және алға қойылған ұлттық шаруашылығының көтерілуі 50-ші ж.ж. ортасына таман ішкі нарықта өндіріс қаржылары мен тұтыну заттарына тұрақты сұранысты қалыптастырды. Өнеркәсіптергі саларының дамуы әлсіреп енді ел экономикасының бейбіт салаларынан дамуына көптеп көңіл аударылды.
1955 ж. бастап алғашқы жапон императорының кұрметіне аталған «Дзимму гүлденуі атты сәтті коньюктураның кезеңі басталды24. Бұл 1955 ж. екінші жартысынан – 1957 ж. ортасына дейін созылды. Осы кезде Жапон экономикалық көтерілуіне әр – түрлі себептер әсер етті, соның ішіндегі негізгі капиталды жаппай жаңарту болды. Осылайма 1956 ж. және капитал салынулар Алдынғы жылғысынан 50% - ке дейін өсті. Одан басқа Батыс Европа елдері мен АҚШ- қа қарағанда төлем ақысы төмен жоғарғы білімді жұмысшы күшьің көп болуы да өз әсерін тигізді. Өндірістің өсуіне болса, бұнда жер реформаны іске асыру мен қала халқының тұтыну шығындарының көбеюуімен байланысты, ішкі нарықтын ұлғайуы да әсер етті. Экономикалық даму қарқынына шетел ғылыми – техникалық жетістіктерді пайдалану да огипал етті.
1955 ж. қантар айында «1956 – 1960 ж.ж. экономикалық өзін - өзі қамтуына жетудін бес жылдық жоспары жарияланды. Бұнда осы жылдардағы алда тұрған Жапониялық басты мәселелері болған экономикалық өзін - өзі қамтуына және халықты толық жұмыспен қамтамасыз ету қаралды. 1956 ж. Ішкі ұлттық өнім алдынғы жылмен салыстырғанда 13 % - не өсті, ал өнеркәсіп өндіріс – 22 % өсті25. Өндіріс осуінің ең жоғарғы қарқына машина жасауда, текстиль, химиялық, энергетикалық салаларында болды. Кеме жасау өнериәсібі де тез дамып отырды. 1956 ж. бастап жапон кеме жасау өнериәсібі, кеме өндірісінің көлемі бойынша, әлем де бірінші орынға шықты.
Бірақ өндірістің өсуіне қармастан, жапон экономикасының дамуында негативті тенденциялар байқала бастады. Шикі зат, отын және жабдық - құралдар импортының күрт өсуіне байланысты, сауда тепе – теңдігі нашарлады. Осылайша Жапонияның экспорты – 25 % - не, импорт – 40 % - не өсті26.
1956 ж. басталған Жапон экономикасының күрт көтерілуі, 1957 ж. ортасына таман тез өсіп тұрған өндірістік мүмкіндіктері мен халықтын төлеп алу сұраныстың мектеулі меңбері арасында қаймалықтың туына әкелді. Көптеген салаларда өндірістің қысқаруы жүрді. Мысалы текстиль өнеркәсібінің өндісір орындары 1957 ж. ортасынан өндірісті жүйелі шектеуге көшіп, 1958 ж. екінші ширегінде бұл бөлек түрлер бойынша 40 – 50 % - ке жетті. Тап осындай жағдай металлургиялық өнеркәсібінде де байқалды.
Өнеркәсіп орындарының толық жүктелмеуі, тауар қарларының өсуі, инвестициялардың қысқаруы, өнеркәсіп компаниялар табыстры мен өнеркәсіптін өндіріс қарқысының төмен түсуі, қайта өндіру процесініңбұзылуына әкелетін, жапон экономикасындағы терең дағдарыстық жағдайлардың болуын дәлелдеді.
Осы кездегі экономикалық құлауның дамуына белгілі бір дәрежеде кейбір сыртқы факторлар да әсер етті. 1957 ж. капиталистік елдер экономикасындағы дағдарыс жағдайының күшеуі, әлемдік нарықтарда күресті күртшиеленістіріп, Жапония үшін шетелде өз өнімін сатуын қиындатты. Жапонияның сыртқы саудасы мен валюталық қиыншылықтар елдің АҚШ-тың экономикалықтәуелділігінің тікелей нәтижесі болып табылады. 1957 ж. Жапонияда американ экспорты, жапон тауарларының АҚШ-тағы импортынан 2,5 есе асыл тұрды.
Жапон монополиялары шаруашылық кньюктураны тірілту үшін мемлекеттік аппаратты пайдаланғысы келді. Осы жылдағы желтоксан айында Киси үкіметі “1958 – 1962 ж.ж. экономикалықдамуының жаңа бес жылдық жоспарда” қабылдады. Жаңа үкіметтік бағдарламаның негізгі мақсаты тұрақты өндірістік өсуді және халықты толық жұмыспен қамтамасыз ету, төлеу балансын нығайту мен жеткілікті ішкі капитал салулар болып табылады27.
1960 ж. аяғына таман экономикалықдаму саласында Жапония едәуір үлкен жетістіктерге жетті. 1955 ж. бастап басталған экономикалық өрлеу, 1957–1958 ж.ж. кішкентай үзіліспен өтіп, экономиканың өсуіне алып келді. 1955 – 1960 ж.ж. аралығында Жапон өнеркәсібі жоғарғы қарқынмен дамып отырды. Оса жылдардағы экономикалық өсуінің орта жылдың қарқыны 16,1% - ке тең болды. Әсіресе машина жасау саласы тез қарқынмен да мын отырды, оның орта жылдық қарқынының өсуі 1960 ж. дейін 28,5% құрады28.
Ұзақ пайдаланатын тұтыну тауларөндірісінің дамуы да өте маңызды болды. 1960 жылдын аяғына таман өнеркәсіптің жаңа салаларының тез өсуібайқала бастауы. Бұндай салаларға алдымен электронды өнеркәсіп, мұнай химиялық, пластмаса, синтетикалық материалдар өнеркәсібі жатады. 1957 – 1958 ж.ж. мұнай химиялық, өнеркәсібінің базасында құрылған жоғарғы молекулярлық қосылымдар химиясы дами бастап, 1960-1961 ж.ж. Жапония АКШ-тан кейін синтетикалық талшықпен смола шығару көлемі бойынша капиталистік әлемде екінші орында тұрды. Сол кездегі Жапон экономикасының едәуір жетістіктеріне қарамастан Жапонияның тен АКШ-пен Канададанғана емес Батыс Европа елдеріненде экономикалықжағынан қатты артта қалып тұрды.
Бұл артта қалушылық жан басына шыққанда ұлттық табыс мөлшерінің төмендігінен және бір жұмысшыға есептегенде ақ өндіруінен көрінеді. Одан басқа бірқатар маңызды салалар да өзіндік дәреже бойынша басқа дамыған елдерден артта қалып тұрды.
Экономикалық артта қалушылық әлемдік нарықта күресті қиындата отырды және Жапон экспортының өсуіне қарамастан сауда тепе – теңдігін дефицитпен біріктірді. Жапон экономикасындағы кейбір салаларының арақатысты қолассыз жағдайдың себептерінің бірі өнеркәсіп дамуының шамадан тыс жылы жағдайы мен экономикалық құрылымының артта қалушылықтың кері ықпалы болды. Әлі де көне, ескі болып тұрған экономикалық құрылым, енді ғана қайта құрыла бастады.
Қолы жеткен сәттіліктеріне қарамастан Жапония өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылықта да өндіріс концентрация дәрежесі мен еңбек өндірісінің өсуі бойынша бұл кезде экономика жағынан жоғарғы дамыған капиталистік мемлекеттерден артта қалып тұрды.
Ауыр шаруашылық, өнім мен астықтын өсуі саласындағы кейбір сәттіліктерге қарамастан, мүмкіншіліктері төмен болғандықтан негізінен ұсақ тауар шығаруымен айналысты. Ауыл шаруашылық өндірістін көлемін көтеру үшін үкімет жыл сайын сатып алушылық бағаны көтеріп отырды нәтижесінде мысалы ауыл шаруашылықтың негізгі өнімі күрестің бағасы әлемдік бағадан екі есе өсті. Бұндай бағаны ұстап тұру үшін ірі мемлекеттік ассигноданиялар қажет болды29.
Информация о работе 1945-1980жж Жапонияның экономикалық дамуы