Қазақстандағы инвестицияның рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Президенттің үстіміздегі жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз.Пайда болған қиындықтарға қарамастан, менің тапсырмам бойынша Үкімет экономиканы орнықты өсіру бойынша шаралар қабылдады» - деп айтылған. Еліміздің шаруашылық кешенінің қызмет етуі мемлекеттің экономикалық дамуының тиімділігін арттыруға, өндіріс көлемін көбейтуге мүмкіндік беретін, өндірістік, иннвоациялық және әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың жасалуының, өткізілуінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін инвестициясыз мәнсіз болар еді.

Содержание

Кіріспе
3
Негізгі бөлім

1.Инвестициялық жобаның теориялық негізі
4
1.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні
4
1.2 Инвестициялық жобаның ҚР-да қазіргі жағдайы
10
2.ҚР-да инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолдары
14
2.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
14
2.2. Дамыған мемлекеттердегі инвестициялық жобаларды ҚР-да кешенді пайдалану
21
Қорытынды
25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой.docx

— 123.23 Кб (Скачать документ)

2010 жылдың бірінші кварталында  тікелей шетелдік инвестициялардың  жалпы түсімдері 3,3 млрд. долларды, ал екінші кварталында 3,972 млрд. долларды құрады. Яғни, мұндай жағдайда  әлемдік қаржы нарығындағы болып  жатқан жағдайларға қарамастан  тікелей шетелдік инвестициялардың  түсімдерінің тұрақтылығын көруге  болады. Қазақстанға тікелей шетелдік  инвестициялар Нидерландия, АҚШ,  Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария,  Рессей елдерінен белсенді түрде  құйылуда. [16]

Қазақстан экономикасының саясатының алғашқы даму кезеңдерінде тікелей  шетелдік инвестицияларды тарту  мұнай өнеркәсібіне және оның инфрақұрылымына  ірі жобаларды жасауға негізделінді. Жоғарыдағы көрсетілген тікелей  шетелді инвестициялардың жалпы  түсімдеріннің негізін мұнай  газ саласы құрады. 2009 жылдың бірінші  кварталында жалпы инвестициялық  түсімдердің көлемінің 68 пайызы мұнай  жобаларына бағытталынды. Мұнайдың бағасы тұрақтандырылған және оларды төмендетуді  тоқтатқан жағдайда мұнай саласы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бұрынғыдай белсенді рөл атқарады. Жалпы елімізде тікелей инвестициялар  негізінен мұнай өндіру және өңдеу  өндірісіне, түсті және қара металлургия  кәсіпорындарына, газ өнеркәсібіне және байланыстарға құюлуда. Инвестицияның  көлемі бойынша ірі инвесторлардың бірі АҚШ елі болып келді. Соңғы  кездері Қытай мен Рессей елдеріде біздің елімізге өз инвестицияларын  салуда. Бірақ, соған қарамастан қазіргі  кезде мұнай-газ саласына инвестицияларды  тартуда қиыншылықтар туындауда  деп айтуға болады. [17]

Сонымен қатар, Қазақстанда  экспорттік бағытталған экономиканы  жәнеде бәсекеқабілетті, жоғары технологияны дамыту үшін жағдайлар жасау мақсаттарында  жұмыстар жүргізілуде. Бұл алдыға қойылған мақсаттарға жету шетелдік және отандық  инвесторлардың көмегімен жүзеге асырылады. Шетелдік және отандық инвесторлардың қызметтері Қазақстанда «Инвесторлар туралы» заңымен реттелінеді. Бұл  заңмен шетелдік және отандық инвесторларға  құқықтық режимі бірдей және заң бойынша  біртұтас сала.              Күрделі құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлеміндегі шетелдік инвестицияның үлесі 2006 ж. 1,5%-дан 2009 ж. 38,6%-ға артты. 2010 ж. 2751 млн. долл. шет ел қаражаты тартылды, мұның өзі 2006 жылғымен салыстырғанда 48,6% жоғары. Тек 2009 – 2012 ж. тартылған тікелей шетелдік инвестицияның көлемі 9700 млн. долл. болды, бұл ретте оның жалпы көлемінің 54,4%-ы мұнай-газ секторына, 20,1%-ы түсті металлургияға, 3,8%-ы қара металлургияға, 3,7%-ы энергет. кешенге, 3,4%-ы тамақ өнеркәсібіне салынды. Осы кезеңде тартылған тікелей шетелдік инвестицияның ең көп көлемі АҚШ-тың үлесіне тиеді – жалпы көлемінің 33%-ы, Оңтүстік Кореяның үлесі – 15,4%, Ұлыбританияның үлесі – 12,5%, Түркияның үлесі – 4,9%, Қытайдың үлесі – 4,7%. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Түркияның, Еуропалық Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды, осы желілердің шеңберінде 90-нан астам келісімге қол қойылды.птар қойылады.[18]

 

Шетел фирмаларының тікелей  инвестициялары тек ішкі капитал  салымдарының қосымша көзі ретінде  ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген  технологияларға, сыртқы нарықтағы  өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Шетел  инвесторлары жаңа өндірістерді тез  құруға көмектесуі мүмкін. Инвестициялар  нәтижесінде мемлекеттік табыстардың  артуы мемлекеттің жалпы экономикалық-әлеуметтік өсуіне, тұрғындардың өмір сапасының  артуына, жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін құруға жағдай туғызады.

Шетел инвесторларының пікірі бойынша, Қазақстан инвестициялық  салымдар жасау үшін тартымды нарық  болып табылады. Біздің еліміз пайдалы  қазбалар, ауыл-шаруашылығы жерлерінің қорларына және квалификациясы жоғары жұмыс күшіне бай, сондай-ақ үлкен  өндірістік потенциалға ие, бірақ  оларды тиімді қолдану үшін инвестициялық  салымдар жасалуы қажет.

Тікелей шетелдік инвестицияларды  елімізге тарту бір жағынан еліміздің  өндірістік тиімділігін арттыруға  және жұмыс орындарын құруға қажет. Екінші жағынан, Қазақстандық рыноктің тікелей шетелдік инвестицияға өтуі отандық өндірушілердің жұмыстарына кері әсерін тигізеді деген қауіп тудырады.

Шетелдік инвестицияларды  тарту жаңа технологияларды ендіруге, сонымен қатар менеджмент пен  маркетингтің қазіргі кездегі әдістерін  ендіруге, инвестициялық салаға жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті мамандарды үздіксіз оқытуға жәнеде рынок жағдайына байланысты олардың  біліктіліктерін көтеруге алып келеді. Нәтижесінде, алынған техникалар мен  технологиялар отандық тауар  өндірушілердің өндірісін қолдауға және ынталандыруға алып келеді. Сондықтанда, Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту стратегиялық және тактикалық мәселелерді шешугі бағытталған объективтік қажет  процесс болып табылады.[19]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Менің бұл курстық жұмысты  таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан  Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп  білу.

Инвестициялық жоба – алға қойылған мақсатқа  (оң нәтижеге) қол  жеткізуді сипаттайтын ой, іс, қызмет пен шаралардың жиынтығы, оны жүзеге асырудың кезектілігі мен осы  шараларды сипаттайтын ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық, инженерлік-техникалық, экономикалық және қаржылық құжаттардың  жүйесі.

Инвестициялар секілді капитал  салу объектілеріне байланысты инвестициялық  жобалар да  қаржылық және нақты  инвестициялық жобаларға бөлінеді. Қаржылық инвестициялық жобалар  қаржылық активтерге қаражат салуды көздесе, нақты инвестициялық жобалар  материалдық өндіріске бағытталған  ұзақ мерзімдік салымдармен байланысты.

Ешбір жоба мәңгілік емес, сол  себепті оның басталу мен аяқталу  сәттерінің болуы да міндетті.  Инвестициялық  жоба ойының пайда болуы мен оның аяқталуы арасындағы мерзім – жобаның  өмірлік циклі деп аталады. Нақты  инвестициялық жобалардың өмірлік  циклі бірнеше кезеңді қамтиды: инвестициялау  алдындағы кезең, инвестициялау кезеңі, жобаны пайдалану  кезеңі және жобаның жойылу кезеңі.

Инвестициялау алдындағы  кезеңде инвестициялық ой, жоба қалыптастырылады, оны жүзеге асырудың мүмкіншіліктері  талданады, жобаның техникалық–экономикалық  тиімділігі негізделеді. Инвестициялық  ойдың негізін қанағаттандырылмаған сұраныс, кәсіпкердің жеке бастамасы, артық ресурстардың болуы, қоғам  мен экономикалық ортадағы өзгерістер, әлеуметтік-саяси өзгерістер қалауы мүмкін. Одан кейін инвестициялық  ойды жүзеге асырудың мүмкіншіліктері: қажетті инвестиция көлемі, потенциалды  сұраныс көлемі, баға, бәсекелестік орта, инвестициялық климат, техникалық мүмкіндіктер, институционалдық орта, шығын мен нәтиженің қатынасы, тәуекел деңгейі бағаланады.

         Инвестициялау кезеңінде  күрделі  құрылыс жұмыстарын жүргізуге,  техника мен технология жеткізуге  келісім–шарттар дайындалады, өндірістік  қуатқа, өндірістік қорларға т.б.  қажеттіліктерге инвестиция бөлінеді, құрылыс жұмыстарын жүргізу мен  өндірістік қуаттарды іске қосу  кестесі нақтыланады, шикізат  пен материалдар жеткізуге келісім–шарттар  жасалады, қажетті персонал таңдалады,  өндірілетін өнімді өткізу бойынша  келісім-шарттар дайындалады. Бұл  кезеңнің шешуші міндеті –  өндірістік қуат объектілерін  бекітілген кестеге сәйкес іске  қосу.

Жобаның өмірлік циклінің соңғы жобаның жойылу кезеңі де үлкен  маңызға ие және ол міндетті түрде  инвестициялық бағдарламаларда  ескерілуі тиіс. Бұл кезең барысында  негізгі үш міндет шешіледі. Біріншіден, аяқталған не тоқтатылған жобаның  теріс салдарлары (негізінен, экологиялық  сипаттағы салдарлар) жойылуы тиіс. Жобаның  сипаты мен көлеміне қарай  бұл міндетті шешу қомақты қаржылық шығынға алып келуі мүмкін, сол  себепті ол шығындар мүмкіндігінше  инвестициялау алдындағы кезеңде  ескерілуі тиіс. Екіншіден, аяқталған  жобамен байланысты болған айналыс  капиталын, бос қалған өндірістік қуаттарды  басқа бағытта пайдалануды шешу қажет. Үшіншіден, аяқталған жобаның  нәтижесі мен жоспарланған нәтижеге салыстырмалы талдау жүргізу қажет. Оның негізінде жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде орын алған позитивті  және негативті жайттар, олардың  себептері мен салдарлары анықталады.

Қазіргі замандағы Қазақстан  Республикасындағы ұлттық заң шығарудың  дамуы банктік, көбінесе несиелік операцияларды  одан әрі жетілдіруге бағытталған, нормаларды құруға әсерін тигізеді. Осыған байланысты отандық банктегі тәжірибеде несие операцияларының, инвестициялық  қызмет жобасын несиелеу деп аталатын, жаңа түрін пайдалану тиімді болар  еді. Жобаны несиелеу (ЖН) экономиканың нақты секторының жобаларындағы  инвестицияларды ұйымдастырудың жаңа және кең таралған нышандары болып  есептеледі.

Бізге белгілі болғандай, инвестициялар тек қаржылық-несиелік жүйе мен экономиканың нақты секторының қарым-қатынасы жағдайында ғана экономикалық өсім факторлары болып табылады, бұл  кезде жинақтаушы зейнетақы, сақтандыру және тағы да басқа қорлар, орта-ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді сипаттағы  қаржылық ағындар баяу ұзақ мерзімді өндірістік инвестицияға айналады. Осыған қатысты, ірі банктік несиелерді, әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті  өніммен шығару мақсатында, кәсіорынды құру, жаңарту және қайта құру бойынша, инвестициялық жобаларды өткізу үшін тарту өзекті мәселе болып табылады.

Республикадағы инвестициялық  жобаларды несиелеуді кеңінен дамуына  біздің көзқарасымыз бойынша, айқын  мәселелердің қатары кедергі, олардан  мыналарды бөліп көрсетуге болады: ірі инвестициялық жобаларды  жүзеге асыратын, несиеге қабілетті  кәсіпорындардың аз болуы; мұндай жобаларды  несиелеуге заманға сай сенімді  механизімдерге сапалы жобалық талдау жасайтын мамандар және банктерде тәжірибе жоқ; мамандарда, кәсіпорындар мен банктердің сапалы инвестициялық жобалар мен  бизнес-жоспарларды жетілдіру икемділігінің  болмауы, жобалық тәуекелдіктерді  басқару тәжірибесінің болмауы. Мұнда, олардың жобаны несиелеу әдісімен инвестициялық қаржыландыру мәнін  түсінбейтіндігін жатқызуға болады.

Осыған байланысты, отандық  банктік тәжірибеге жаңа технологияларды  енгізу және жоба талдауының қазіргі  заман әдістері мен жабдықтарын  пайдалана білетін мамандарды дайындау, жобаны несиелеудің жобалық тәуекелдіктерін басқару аса маңызды болып табылады.

Жоғарыда аталған мәселелерді  шешу шет ел тәжірибелерін, теориялық  және іс жүзіндегі инвестицияларды  қаржыландыру жобасының жаңа нышанын, өзектілігін, мәтінін, мақсаты мен  нақты талдау талаптарын қажет етеді.

Курстық  жұмыстың мақсаты  – қазіргі кездегі инвестициялық жобаның  теориялық және практикалық мәліметтері негізінде зерттеу жұмысын жүргізу.

Қойылған мақсатқа жету үшін алдымызға келесідей міндеттерді қоямыз:

- Инвестициялық жобалардың  мазмұны мен оның түрлерін қарастыру;

- Инвестициялық жобаларды  іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық  есептердің сатылары мен түрлерін талқылау;

- Инвестициялық жобалардың  қолайлығын бағалау тәсілдерін талдау;

- Инвестициялық жобаларды  талдаудағы мәселелері мен шешу  жолдарын зерттеу.[20]

Жұмысты жазу барысында әдістемелік  негізі ретінде отандық және шетел  ғалымдарының инвестициялық жоба саласындағы  еңбектері, статистикалық мәліметтер, монография, газет-журналдар мәліметтері  пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. ↑ Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. – 23-33 бб
  2. ↑ Бағдарлама «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» Экономика негіздері,№6, 2006. – 29-31 бб
  3. ↑ Цхай А.С. «Модели инвестиционного проектирования» Хабаршы-Вестник,№2, 2006.– 50-53 бб
  4. ↑ Бохаев Д. «Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері» Экономика негіздері, №6 2006. – 4-7 бб
  5. ↑ Демесинов Т. «Роль инвестиционного проектирования в финансовом обеспечении банками роста экономики страны» Хабаршы-Вестник, №4 2006. – 53-56 бб
  6. ↑ Бохаев Д. «Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері» Қаржы-қаражат, №5 1998. – 29-32 бб
  7. ↑ Әмірқанов Ә., Тұрғұлова А.К. Қаржы менеджменті.Оқу құралы. – Алматы:2002. – 187-190 бб
  8. ↑ Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: экономика, 2003. – 158-166 бб
  9. ↑ Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2001. – 291-305 бб
  10. ↑ Байсартов Э. «Роль государства в инвестиционной сфере» Қаржы-қаражат,№6 2004. – 90-94 бб
  11. ↑ Супугалиева Г.И. «Банк аясындағы инвестициялау» Хабаршы-Вестник,№3 2004. – 26-29 бб
  12. ↑ Тулеубаева М.К. ҚР-ң инвестициялық қызметінің талдауы. Хабаршы-Вестник, №5 2004 – 69-71 бб
  13. ↑ Шаханов Т. «Инвестиционная политика коммерческого банка»Экономика негіздері, №3 2005. – 21-23 бб
  14. ↑ Молдахметова М.Н. «Инвестициялық стратегия механизмін реттеу» АльПари, №4-5 1999. – 70-73 бб
  15. ↑ Бочаров В.В. Методы финансирования инвестиционной деятелности предприятий. – М.: Финансы и статистика, 1998. – 64-67 бб

16.Супугалиева Г.И. «Банк аясындағы инвестициялау» Хабаршы-Вестник,№3 2004. – 26-29 бб

Информация о работе Қазақстандағы инвестицияның рөлі