Қазақстандағы инвестицияның рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Президенттің үстіміздегі жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз.Пайда болған қиындықтарға қарамастан, менің тапсырмам бойынша Үкімет экономиканы орнықты өсіру бойынша шаралар қабылдады» - деп айтылған. Еліміздің шаруашылық кешенінің қызмет етуі мемлекеттің экономикалық дамуының тиімділігін арттыруға, өндіріс көлемін көбейтуге мүмкіндік беретін, өндірістік, иннвоациялық және әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың жасалуының, өткізілуінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін инвестициясыз мәнсіз болар еді.

Содержание

Кіріспе
3
Негізгі бөлім

1.Инвестициялық жобаның теориялық негізі
4
1.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні
4
1.2 Инвестициялық жобаның ҚР-да қазіргі жағдайы
10
2.ҚР-да инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолдары
14
2.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
14
2.2. Дамыған мемлекеттердегі инвестициялық жобаларды ҚР-да кешенді пайдалану
21
Қорытынды
25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой.docx

— 123.23 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе 

3

Негізгі бөлім

 

1.Инвестициялық жобаның  теориялық негізі

4

1.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні

4

1.2 Инвестициялық жобаның ҚР-да қазіргі жағдайы

10

2.ҚР-да инвестициялық  жобаны жүзеге асыру жолдары

14

2.1 Инвестициялық жобалардың  тиімділігін бағалау әдістері

14

2.2. Дамыған мемлекеттердегі инвестициялық жобаларды ҚР-да кешенді пайдалану

21

Қорытынды

25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

28

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Еліміздің экономикадағы  өзекті мәселелерінің бірі – инвестициялық  жобаларды құру болып табылады. Президенттің үстіміздегі жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған  мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз.Пайда болған қиындықтарға қарамастан, менің тапсырмам бойынша Үкімет экономиканы орнықты өсіру бойынша шаралар қабылдады» - деп айтылған.

Еліміздің шаруашылық кешенінің  қызмет етуі мемлекеттің экономикалық дамуының тиімділігін арттыруға, өндіріс  көлемін көбейтуге мүмкіндік  беретін, өндірістік, иннвоациялық және әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың жасалуының, өткізілуінің үздіксіздігін  қамтамасыз ететін инвестициясыз мәнсіз болар еді. Бұлардың барлығы инвестиция нарығын қалыптастыруға және талдауға барлық деңгейде жаңа тиімді тәсілдерді құруды талап етеді.Халықаралық экономикалық бірлестіктің дамуы үшін шетелден қосымша қаражат тартып, пайдаланудың тиімді формаларын таңдауымыз қажет. Қазақстан Республикасының территориясында шетелдік инвестицияның қызмет етуін заңмен қамтамасыз етуіміз керек.

Қазіргі кезде халықаралық  инвестицияларды импорттау бір  жағынан, республикадағы экономиканы  жандандырудың ең тиімді әрі жедел  жолдарының бірі, екінші жағынан, біздің мемлекетіміздің мүддесіне жиі  қысым жасайтын инвесторларды тартуда  белгілі бір бақылау мен шектеулерді  талап ететіні өте айқын. Инвестициялық саясатта тиімді нұсқаны таңдап алу – ең көкейкесті мәселе. Мұның барлығы таңдап алынған дипломдық жұмыс тақырыбымның өзектілігін көрсетеді.[1]

Курстық жұмыстың мақсаты – инвестициялық процестерді қаржыландыру көздерін іздеу және инвестициялық нарықтың тиімділігін арттыру мәселесін шешу. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылады: инвестициялық нарықтың дамуының теориялық аспектілерін ашу; тікелей шетелдік инвестициялардың артықшылықтарын сипаттау; Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық нарығын талдау; мемлекеттегі инвестициялық климат мәселелерін шешудің перспективалық жолдарын ұсыну.

Курстық жұмысымда осы міндеттерді табысты шешу үшін жекелеген инвестициялық жобалар қарастырылады.

 

 

 

 

1.Инвестициялық  жобаның теориялық негізі

1.1 Инвестициялық  жобаның экономикалық мәні

Инвестициялық жоба - халықаралық  тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары  бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

«Инвестиция» және «инвестициялық жоба» түсініктері өзара тығыз  байланысты: атап айтқанда, кез келген инвестициялық жоба міндетті түрде  инвестиция салуды қарастырады.  

Инвестициялық жоба – алға қойылған мақсатқа  (оң нәтижеге) қол жеткізуді сипаттайтын ой, іс, қызмет пен шаралардың жиынтығы, оны жүзеге асырудың кезектілігі мен осы шараларды сипаттайтын ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық, инженерлік-техникалық, экономикалық және қаржылық құжаттардың жүйесі.Инвестициялар секілді капитал салу объектілеріне байланысты инвестициялық жобалар да  қаржылық және нақты инвестициялық жобаларға бөлінеді. Қаржылық инвестициялық жобалар қаржылық активтерге қаражат салуды көздесе, нақты инвестициялық жобалар материалдық өндіріске бағытталған ұзақ мерзімдік салымдармен байланысты.

Ешбір жоба мәңгілік емес, сол  себепті оның басталу мен аяқталу  сәттерінің болуы да міндетті.  Инвестициялық жоба ойының пайда болуы мен оның аяқталуы арасындағы мерзім – жобаның өмірлік циклі деп аталады. Нақты инвестициялық жобалардың өмірлік циклі бірнеше кезеңді қамтиды: инвестициялау  алдындағы кезең, инвестициялау кезеңі, жобаны пайдалану кезеңі және жобаның жойылу кезеңі.

Инвестициялау алдындағы  кезеңде инвестициялық ой, жоба қалыптастырылады, оны жүзеге асырудың мүмкіншіліктері  талданады, жобаның техникалық–экономикалық  тиімділігі негізделеді. Инвестициялық ойдың негізін қанағаттандырылмаған сұраныс, кәсіпкердің жеке бастамасы, артық ресурстардың болуы, қоғам мен экономикалық ортадағы өзгерістер, әлеуметтік-саяси өзгерістер қалауы мүмкін. Одан кейін инвестициялық ойды жүзеге асырудың мүмкіншіліктері: қажетті инвестиция көлемі, потенциалды сұраныс көлемі, баға, бәсекелестік орта, инвестициялық климат, техникалық мүмкіндіктер, институционалдық орта, шығын мен нәтиженің қатынасы, тәуекел деңгейі бағаланады. [2]

  Инвестициялау кезеңінде  күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізуге, техника мен технология жеткізуге келісім–шарттар дайындалады, өндірістік қуатқа, өндірістік қорларға т.б. қажеттіліктерге инвестиция бөлінеді, құрылыс жұмыстарын жүргізу мен өндірістік қуаттарды іске қосу  кестесі нақтыланады, шикізат пен материалдар жеткізуге келісім–шарттар жасалады, қажетті персонал таңдалады, өндірілетін өнімді өткізу бойынша келісім-шарттар дайындалады. Бұл кезеңнің шешуші міндеті – өндірістік қуат объектілерін бекітілген кестеге сәйкес іске қосу.

Жобаны пайдалану кезеңі – жобаның өмірлік циклінің ең ұзақ сатысы. Бұл кезеңде жоспарланған құрылыс жұмыстары қабылданып алынады, техника мен технологиялық жабдықтар іске қосылады. Осы кезең барысында жоспарланған нәтижелер қалыптасады, жобаны жүзеге асыруды жалғастыру не оны тоқтатудың мақсаттылығын анықтау үшін алынған нәтижелерге бағалау жүргізіледі. Инвестициялау алдындағы кезеңде жобаны жүзеге асырудың барлық сәттерін толықтай болжау мүмкін болмауына байланысты, осы кезеңде жобаға жекелеген  өзгерістер енгізілуі мүмкін. Жобаны жүзеге асыру барысында ескірген құрал жабдықты айырбастау, өндірісті кеңейту, инновациялар енгізу жұмыстары жалғастырылады.

Жобаның өмірлік циклінің соңғы жобаның жойылу кезеңі де үлкен  маңызға ие және ол міндетті түрде  инвестициялық бағдарламаларда  ескерілуі тиіс. Бұл кезең барысында негізгі үш міндет шешіледі. Біріншіден, аяқталған не тоқтатылған жобаның теріс салдарлары (негізінен, экологиялық сипаттағы салдарлар) жойылуы тиіс. Жобаның  сипаты мен көлеміне қарай бұл міндетті шешу қомақты қаржылық шығынға алып келуі мүмкін, сол себепті ол шығындар мүмкіндігінше инвестициялау алдындағы кезеңде ескерілуі тиіс. Екіншіден, аяқталған жобамен байланысты болған айналыс капиталын, бос қалған өндірістік қуаттарды басқа бағытта пайдалануды шешу қажет. Үшіншіден, аяқталған жобаның нәтижесі мен жоспарланған нәтижеге салыстырмалы талдау жүргізу қажет. Оның негізінде жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде орын алған позитивті және негативті жайттар, олардың себептері мен салдарлары анықталады.

Бізге белгілі болғандай, инвестициялар тек қаржылық-несиелік жүйе мен экономиканың нақты секторының қарым-қатынасы жағдайында ғана экономикалық өсім факторлары болып табылады, бұл  кезде жинақтаушы зейнетақы, сақтандыру және тағы да басқа қорлар, орта-ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді сипаттағы  қаржылық ағындар баяу ұзақ мерзімді өндірістік инвестицияға айналады. Осыған қатысты, ірі банктік несиелерді, әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті өніммен шығару мақсатында, кәсіорынды құру, жаңарту және қайта құру бойынша, инвестициялық жобаларды өткізу үшін тарту өзекті мәселе болып табылады.

Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік  қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.

Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта  оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша  осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны  болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау  тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс [3].

Жобаның тұжырымдалуы:Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.

Жобаны дайындау


Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында –коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.

Жобаны сараптау

Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.

Жобаны іске асыру


Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.

> Қаржы және экономика  > Инвестициялық жобалар

Инвестициялық жобалар

2009 жылы

 «Қазақстан – Қытай»  мұнай құбыры құрылысы екінші  кезеңінің екінші кезегін іске  асыру аясында «ҚазТрансОйл»  АҚ Құмкөл – Қарақойын мұнай  құбырының 3-тіні және Қызылжар  МАС (өткізу қабілетін жылына 20,0 млн. тоннаға дейін көбейту)  құрылысын жобалауға кірісті,  жобалау-іздестіру жұмыстары 2011 жылғы 2-тоқсанда аяқталмақ. Бұл  нысандардың құрылысын 2011 жылы  бастап, оларды 2012 жылы пайдалануға  беру көзделген.

2010 жылы мынадай инвестициялық жобалар жөніндегі іс-шаралар іске асырылды әрі іске асырылмақ:

Кеңқияқ – Құмкөл магистральды мұнай құбырын салу:

– Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл»  АҚ пен Қытайдың CNODC компаниясының  бірлескен кәсіпорны – «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС Қазақстан  – Қытай мұнай құбыры құрылысы екінші кезеңінің бірінші кезегі – Кеңқияқ – Құмкөл магистральды мұнай құбырын салу жобасын аяқтады. Сондай-ақ мұнай құбырын технологиялық  мұнаймен толтыру үдерісі табысты  аяқталды. Коммерциялық мұнай айдау 2009 жылдың 4-тоқсанына жоспарланып  отыр. Құбырдың 1-кезеңдегі жобалық  қуаты жылына 10 млн тоннаны құрайды. Келешекте Қазақстан – Қытай  мұнай құбыры құрылысының екінші кезеңінің екінші кезегін іске асыру  кезінде Кеңқияқ – Құмкөл учаскесіндегі  өткізу қабілеті жылына 20 млн тоннаға  дейін ұлғайтылмақ.

Қазақстан мен Ресей президенттері  Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий  Медведевтің Бурабайдағы 2008 жылғы 19 желтоқсандағы Бірлескен мәлімдесімен бекітілген екі елдің 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдары  жоспарына сәйкес Атырау – Самара мұнай құбырының өткізу қабілетін  Новороссийск кемежайы бағытында жылына қосымша 10 млн тонна күкірті аз жеңіл мұнайды тасымалдай отырып, жылына 25 млн тоннаға кеңейту  жобасын зерттеу қажеттілігі  туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты «ҚазТрансОйл»  АҚ пен «Транснефть» ААҚ келіссөздер  жүргізіп, нәтижесінде 2009 жылдың ІІ тоқсанында мердігер ұйымдармен Атырау – Самара учаскесін (Қазақстан учаскесі) кеңейту  жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу туралы шарттарға  қол қойылды. Дәл осындай ТЭН  қазіргі уақытта Атырау – Самара мұнай құбырының Ресей учаскесі үшін және Самара қабылдау-тапсыру пунктінен Новороссийск кемежайына дейінгі бағытта «Транснефть» мұнай құбыры жүйесі үшін әзірленуде.

Информация о работе Қазақстандағы инвестицияның рөлі