Қазақстандағы инвестицияның рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Президенттің үстіміздегі жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз.Пайда болған қиындықтарға қарамастан, менің тапсырмам бойынша Үкімет экономиканы орнықты өсіру бойынша шаралар қабылдады» - деп айтылған. Еліміздің шаруашылық кешенінің қызмет етуі мемлекеттің экономикалық дамуының тиімділігін арттыруға, өндіріс көлемін көбейтуге мүмкіндік беретін, өндірістік, иннвоациялық және әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың жасалуының, өткізілуінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін инвестициясыз мәнсіз болар еді.

Содержание

Кіріспе
3
Негізгі бөлім

1.Инвестициялық жобаның теориялық негізі
4
1.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні
4
1.2 Инвестициялық жобаның ҚР-да қазіргі жағдайы
10
2.ҚР-да инвестициялық жобаны жүзеге асыру жолдары
14
2.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
14
2.2. Дамыған мемлекеттердегі инвестициялық жобаларды ҚР-да кешенді пайдалану
21
Қорытынды
25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой.docx

— 123.23 Кб (Скачать документ)

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлер өздерінің қызметтерін  нақты және дәл жоспарлаусыз  белгілі-бір жетістікке жете алмайды. Сондай-ақ, олар мақсатты нарық жағдайы  туралы ақпаратты, бәсекелестердің  жағдайы туралы және өзіне қатысты  перспективаларды және мүкіндіктері туралы ақпараттарды үнемі жинап, оларды аккумуляциялау қажет.

Кәсіпкерліктің формаларының көптүрлілігіне қарамастан, оларға тән  ортақ коммерциялық қызметтердің бүкіл  салаларында қолданылатын маңызды  ережелер бар. Олар уақытылы дайындалуға  және потенциалды қиындықтар мен  қауіптерді шеттеп өтуге, сәйкесінше алдыға қойған мақсаттарға жетудегі тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.[9]

Маңызды міндет – инвестиция тарту мәселесі болып табылады, соның  ішінде шетел елдерінен тартылатын инвестициялар. Бұл үшін инвестициялауды  қажет ететін жобалардың (ұсыныстардың) рәсімделуін негіздеу және аргументтеу  керек. Осындай және тағы басқа мақсаттарда  бизнес-жоспар қолданылады.

Нарықтық экономикада  бизнес-жоспар кәсіпкерліктің барлық сфераларында қолданылатын жұмыс инструменті  болып табылады. Бизнес-жоспар фирманың қызмет ету процесін сипаттайды, сонымен  қатар, қалайша сол жобаның басқарушылары  өз мақсаттары мен міндеттеріне, соның  ішінде жұмыстың табыстылығына жететіндігін көрсетеді. Жақсы дайындалған бизнес-жоспар фирмаға өсуге, нарықта жаңа позицияларға шығуға және өзінің дамуының перспективті жоспарын жасауға көмектеседі. Бизнес-жоспар – тұрақты құжат болып табылады, бірақ ол жүйелі түрде оған түзетулер  енгізу арқылы жаңартылып отырады, өйткені фирма және фирма қызмет ететін нарық үнемі өзгерістерге ұшырайды.

Мемлекеттік инвестицияларды  басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1. Жоспарлау;

2. Бағдарламалау;

3. Бюджетті дайындау;

4. Орындау;

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық  деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты  назар аударылады. Бұл үшін салалық  министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған  әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы  қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды  дайындауы керек. Бағдарламалау  кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің  мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды  ұзарту бюджеттік процеске арналатын  таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет. Қаражат бөлу жөніндегі  шешімдер мынандай факторларды ескеруі  қажет: - бюджет орындалатын , макроэкономикалық  жағдай; - инвестициялар бойынша  ұсыныстардың нақты аспектілері , соның  ішінде экономикалық аспектілер. Егер инвестициялық жобаларды (кеңес  беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің  міндеті болып табылса, инвестициялық  жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың  қосымша шараларын қабылдау қажет. Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік  инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық  жүйесін құру мен жоғарыда аталған  функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау. Қазақстанда  “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды  жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

- инвестициялық қызметті  қамтамасыз етудің заң шығарушы  кепілдері;

- жеңілдіктер мен артықшылықтар  жүйесін белгілеу (мемлекетті сол  немесе басқа кәсіпорындар мен  ұйымдарға олардың қызметіне  қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен  жеңілдіктер мен артықшылықтар  беруі);

- Қазақстан Республикасының  мүддесін инвесторлар алдында  көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік  органның болуы.[10]

Заңда тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл  қолдаудың мақсаты- экономиканың басым  секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел  дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы  инвестициялық климат жасау болып  табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың  ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

- жаңа технологияларды  , алдыңғы қатарлы техника мен  ноу- хау енгізу;

- жоғары сапалы тауарлар  мен қызмет көрсетуге ішкі  нарықтың қанығуы;

- отандық тауар өндірушілерді  мемлекеттік қолдау мен ынталандыру  ;

- экспортқа бейімделген  және импортты алмастырушы өндірістерді  жетілдіру;

- ҚР- ның шикізат базасын  ұтымды және кешенді пайдалану;

- менеджмент пен маркетигтің  қазіргі әдістерін енгізу;

- жаңа жұмыс орындарын  құру;

- жергілікті кадрларды  үздіксіз оқытудың, олардың мамандық  деңгейін жоғарлатудың жүйесін  енгізу;

- өндірісті күшейтуді  қамтамасыз ету;

- қоршаған табиғи ортаны  жақсарту.[11]

Басқару процесі үшін инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру  мен оны бұзудың шарттары мен  тәртібі қарастырылған. Тікелей  инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар  бойынша Мемлекеттік Комитет  болып табылады. Ол ҚР- на тікелей  инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды  жүзеге асыру бойынша мемлекеттік  органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық  жобалардың іске асырылуын бақылауды  жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

        Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері – инвестициялық жобалардың пайдалылығы мен өтелімділігі перспективасын бағалау мақсатымен капиталдың ұзақ мерзімді жұмсалымының тиімділігін анықтау тәсілдері. Жобаларды бағалау үшін қолданылатын критерийлер басты аспектілерді‚ оны іске асырудың шарттарын көрсетуге тиіс. Оларды алуан түрлілігіне қарамастан мынадай топтарға бөлуге болады: қаржы-экономика нормативтік критерийлер‚ ресурстармен қамтамасыз етілу критерийлері. Қаржы-экономика критерийлер – бизнес-жоспарда айқындалатын жобаның құны‚ ағымдағы таза пайда‚ пайда мен пайдалылық (инвестициялардың қайтарымы)‚ тиімділіктің ішкі коэффициенті‚ өтелімділік кезеңі‚ тағы басқалар. Нормативтік критерийлерге құқықтық талаптар (ұлттық және халықаралық құқық нормалары)‚ стандарттардың‚ конвенциялардың талаптары‚ экология талаптар‚ патент қабілеті және зияткерлік меншік құқықтарын сақтаудың өзге де шарттары жатады. Ресурстық критерийлер жобаның іске асуының әлеуеттік мүмкіндігін айқындайды және олардың мынадай топтарын қамтиды: ғылым-техника ресурстар (қажетті ғылым-техника бөлшектердің‚ тиісті кәсіптегі және біліктіліктегі мамандардың болуы)‚ өндірістік ресурстар (өнімді өндіру үшін қуаттардың болуы)‚ технология баламалар‚ қаржы ресурстарының көлемі мен көздері‚ тағы басқалар. Ғылым-зертхана және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуын жеделдетуден болатын нәтижені есептеудің де елеулі мәні бар‚ өйткені бір жағынан‚ зерттеулер мен талдамалдар үдерісін жеделдету жобаны іске асырудың осы саласында айтарлықтай шығын жұмсауды талап етеді‚ екінші жағынан‚ жаңа тиімді өніммен (тауармен‚ бұйыммен) рынокқа ертерек шығу мүмкіндігі пайда болады. Әрбір әлеуетті жоба оның елдегі саяси‚ әлеуметтік жағдайларға сәйкес келуге‚ олардың өзгеруі мүмкін екендігі тұрғысынан да бағалануға тиіс. Күрделі жұмсалымды бағалаудың ең кең таралған әдістері: өтелімділік әдіс‚ пайданың жай нормасы әдісі‚ қаражатты‚ ағымдағы таза пайданы дисконттау әдісі. Олардың көбісі ЮНИДО-ның өнеркәсіптік техника-экономика зерттеулерді дайындау жөніндегі оқу құралында (БҰҰ басылымы) көрініс тапқан. Соның негізінде әзірленген бағдарламалар пакеті КОМФАР (COMFAR – Computer Model for Feasіbіlіty Analysіs und Reportіng немесе инвестиция жобалардың техника-экономика негіздемелерін әзірлеудің компьютерлік үлгісі деп аталады. Алайда бағалау әдістері мен критерийлерін таңдау жобаның ерекшелігіне‚ оларда жаңа енгізілімдердің болуына‚ сала тұрпатына‚ басқа да бірқатар факторларға байланысты. Түпкілікті шешімді тапсырыс беруші (кәсіпкер) қабылдайды‚ инвестормен‚ серіктестермен‚ контрагенттермен‚ басқа да мүдделі тұлғалармен келісіледі.[12]

Инвестициялық жобаны қаржылық талдау қаржылық пайда, не зиян әкелетін жобаны қабылдау не қабылдамау жөнінде  шешім қабалдау үшін қажетті мәліметтер алуға арналған. Инвестициялардың тиімділігін анықтау жөніндегі мәселе әрбір компания мен әрбір инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал алу немесе өз кәсіпорынына басқа капитал енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу қажет.

Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек олар ақша ағымын талдау әдісіне  негізделген. Жалпы іс жүзінде қаржылық жоспарды құраушы және инвестициялық  жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға  мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат  бар: бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігн арттырудың тек екі жолы бар: қымбатырақ және көбірек сату немесе арзанырақ  өндіру.

Жобаның 3 вариантының «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы» талдауын қарсатыралық.

№ Атауы

Инвестициялық жобаның варианттары

 

бірінші

екінші

үшінші

1.Өнімді өткізуден түскен  табыс.

3000

3000

3000

2.Айнымалы шығындар негізінде есептелген өткізілген өнімнің өзіндік құны.

2500

2000

1600

3.Жалпы табыс.

500

1000

1400

4.Кезең шығындары (тұрақты шығындар).

400

800

1000

5.Негізгі қызметтен түскен табыс

100

200

400

6.Негізгі емес қызметтен түскен табыс

10

20

40

7.Қалыпты қызметтен түскен табыс

110

220

440

8.Табыс салығы

22

44

88

9.Таза табыс

88

176

352


Жалпы табысы өте үлкен  кәсіпорынның шығындары өте төмен  болады. Басқаша айтқанда, жоспарлай  отырып, кәсіпкер өзінің барлық шығындарын жауып, пайда әкелетіндей табыс  табу болып табылатын басты міндетін шешуі тиіс. Егер кәсіпкер өз бәсекелестеріне  қарағанда аз шығын жұмсап өнім өндіріп  отырса, оның өнімді нарыққа шығару жөніндегі шығындарын арттыруға  немесе бағаны төмендетуге мүмкіндігі бар. [13]

Нарықтық қатынастары  дамыған елдерде инвестициялық  жобалардың тиімділгін бағалауда шығынсыздық  әдісін қолданады, өйткені бұл әдіс қаржылық ақпараттың аса маңызды  элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерге сату көлемін өзгертткеннен, оның кәсіпорыны қанша пайда табатындығын есептегенннен гөрі , сату көлемі қандай болған жағдайда оның кәсіпорыны зиян шекпейтіндігін есептеген маңыздырақ. Басқаша айтсақ зиянсыздық нүктесін табу қажет.

 

Өндірістік қызмет тиімділгінің көрсеткіштеріне барлық активтер мен  олардың құрамдас бөліктерінің табыстылғының  салыстырмалы көрсеткіштері, іскерлік белсенділік көрсеткіштері, төлем  қабілеттілгі және өтімділік көрсеткіштері жатады. [14]

Жобаны талдаудың алдан  ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер бойынша  нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы нақты  «торға» жататындығын білдіреді.

Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек  және алдын ала кезеңінде жасалатын  қорытындылар сапалық бағаларға  негізделеді. Соған қарамастан, бұл  кезең келесі екі себепке байланысты қажет:

• стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;

• егер кәсіпорынның басқарушылары талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін.Жобаның көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қолданбайды» революциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн. Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.

Қағида бойынша, маркетингтік талдаудың мәні екі қарапайым  сұрақтың жауабына байланысты:

1.Жобаны іске асыру нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?

2.Бұдан біз инвестициялық жобаны ақтауға жеткілікті көлемде пайда көре аламыз ба?

Соңғы жылдардың статистикалық  мәліметтері бойынша, үшінші әлем елдеріндегі  фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі 80% құрайды. Банкротқа ұшыраудың  негізгі себебі - маркетингтің жеткілікті болмауында.

Маркетингтік талдаудың  базалық сұрақтары мынандай:

1.Жоба қандай нарыққа фокусталған? Халықаралық нарық па немесе ішкі нарық па?

2.Жоба халықаралық нарық пен ішкі нарық арсындағы балансты ойластырама?

3.Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталған болса, онда оның мақсаты мемлекеттің саяси қағидалық шешімімен сәйкес келе ме?

4.Егер жоба ішкі нарыққа  фокусталған болса, онда оның  мақсаттары мемлекеттің ішкі  саясатыны жауап бере ме?

1.Егер жоба мемлекеттің саясатымен сәйкес келмейтін болса, онда оны ары қарай қарастыру керек пе?

Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:

1.жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;

2.жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;

3.жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.

Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы  қолда бар жеке технологияларды  талдаудан басталады.

Инвестициялық жобаның қаржылық талдау бөлімінде көлемді және еңбек  сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген  тауарлар арналады.

Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым  тізбекке негізделген:

1.Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау.

2.Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.

3.Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.

4.Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.

5.Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.[15]

Кәсіпорынның бұдан бұрынғы  қызметі мен ағымдағы жағдайына  қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару  тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы  мен есептеулеріне келтіріледі.Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру  қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің  форматтарына келтіру керек.

Шығынсыздықты талдау негізгі  өнімдерді шығару мен өткізудің  өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар мен  тұрақтыға бөлінуін қамтиды.

Жобаның қаржы бөлімінің  неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып  табылады, ол мыналарды қамтиды:

•жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;

•инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу;

•инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын бағалау;

•жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;

•жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы.

Инвестициялық жобалардың тиімділігін  бағалау әдістері.

2.2. Дамыған мемлекеттердегі  инвестициялық жобаларды ҚР-да  кешенді пайдалану.

Қазақстан еліміздің экономикасына  шетел инвесторларын тарту саласы бойынша көптеген нәтижелерге жетті. Қазақстанның экономикасына тартылған  тікелей шетелдік инвесторлардың жалпы  түсімінің өсулері 60-65 пайыз көлемін  құрайды. Егер 2011 жылы Қазақстандағы  тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 10,6 млрд. долларды құраса (2009 жылмен салыстырғанда 60 пайызға  өскенін көрсетеді), ал 2012 жылы Қазақстандағы  тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 17,5 млрд. долларды құрады (2009 жылмен салыстырғанда 65 пайызға  өскенін көрсетеді).

Информация о работе Қазақстандағы инвестицияның рөлі