Этнолингвистика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 08:33, реферат

Краткое описание

Этнолингвистика - жалпы ғылымға тән диференция процесінің тіл біліміндегі бір көрініс іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстралингвистика, психолингвистика, паралингвистика, статлингвистика, т.б. салаларымен қатар тұрады. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, оның салт-дәстүріне, ата-бабаларының тағылымына, қоршаған табиғи ортасына, сондай-ақ этнос өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық (материалдық) мәдениеттің қыр-сырына да ерекше мән беріп келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Этнолингвистика.doc

— 139.50 Кб (Скачать документ)

белгі\бейнелері біздерге тас мүсіндер  мен жартастарға қашалған сына

жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде

жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі этнос өмірінің мың да бір  елесі ғана.

Оның шын мәніндегі даналығы мен дүниетанымы  тек тілінде  ғана. сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-   

жарақтың, киер киім мен  ішер тамақтың,  әдет-ғұрып,     наным-сенімге, ойын-күлкі,     той-домалаққа

байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері

ретінде ғана, яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен

мақал-мәтел, арқылы ғана бізге жетуі  мүмкін». Осы тұжырым біздің

жұмысымыздың да кағидасының  негізін құрап, бағытын белгілейді.

Көненің көзіндей тілдің қат-қабат  қойнауларында сақталып қалған

бұл  дүниенің  сыры мол. Оның тереңіне үңіліп, тарихымен тұтас қарап

сырын ашу   -   этнолингвистиканың   үлесі.   Осы   орайда   академик

Ә. Т. Қайдаровтың   ұзақ   жылдар   бойы   орасан   бай   материал   жинап,

сұрыптап оларды   макрожүйелер   («Адам»,   «қоғам»,   «табиғат»)  мен

микрожүйелерге  бөліп, табиғи жүйе бойынша жіктеп, топтап, өзара

байланысты    салаға    бөліп,    үлкен    идеографиялық    классификация

негізінде жасап жатқан қазақ тілінің  этнолингвистикалық сөздігінің

болашағы зор, маңызы ерекше.

Осы саладағы зерттеу жұмыстарының ішінде Е.Жанпейісовтың

еңбектері өзінің      теориялық     деңгейімен,     бай     этнографиялық

материалымен      кең      ауқымды      салыстырмалы,      этимологиялық

талдаулармен    ерекшеленеді.    Солардың    арасында    М.Әуезовтың

щығармаларының      материалы      негізінде      қазақтың      этномәдени

лексикасын тарихи-лингвистикалық зерттеуге арналған соңғы шыққан

монографиясының   орны   бөлек   [11;   65].   Осы   еңбекте   материалдық рухани   мәдениетке, халықтық өлшемге, туыстыққа және

қатынастарға лексикадан тұратын  бай материалды талдау үстінде басқа      түркі тілдерінің  деректері де  кеңінен  пайдаланылған.

Кітаптың соңында М.Әуезов  шығармаларындағы  этнолексемалардың тізімі берілген.

Қазақ тіл  білімінде жеке-жеке қырлары жан-жақты қарастырылып

өріс алып келе жатқан этнолингвистика  саласының дамуында жақында

жарық көрген профессор  М.М.Копыленконың осы мәселенің жалпы

теориялық негіздерін түсіндіруге  арналған "Основы этнолингвистики"

(Алматы, 1995) атты монографиясы елеулі жаңалық болды. Бұл жұмыс --

тікелей этнолингвистика   негіздерін   анықтауға   арналған   жалпы  тіл

біліміндегі тұңғыш   зерттеу.   Басқасын   былай   қойғанда,   автордың

тақырыпқа әртүрлі  дәрежеде қатысы бар 1300-ден аса үлкенді-кішілі

қыруар ғылыми  зерттеулерді   көрсетуінің өзі  үлкен   еңбек.   Және

оларды жай көрсетіп  қана   қоймай,   тақырыптық  табиғатын   ескере

отырып таныстырып, әрқайсысы жөнінде  өзінің көзқарасын, ой-пікірін

білдіріп отырады.

Кітап арқылы зерттелу тарихына қысқаша шолудан басталып, әр қарай

славян және өзге де түрлі үндіеуропа тілдері бойынша әр кезде

жарияланған,  сондай-ақ  жалпы    түркітанушы  еңбектерде

этнолингвистикаға байланысты кездесетін теориялық тұжырымдар мен

түрлі байқаулар негізінен толық қамтылған. Атап айтқанда,

М.Қашқари   еңбегіндегі   этнолингвистикалық   материалды   талдаудан

бастап, бергі   дәуірдегі  В.Гумбольдт,   Э.Сепир,  А.А.Потебня,   қазіргі

замандағы Н.И.Толстой,  В.В.Иванов.  В.Н.Топоров т.б.  ғалымдардың

бұл саладағы ізденістеріне дейін кеңінен тоқталады. Осындай ізденістер

нәтижесінде "этнолингвистика" терминінің Б.М.Уорфқа тиесілі екенін

анықтайды. Соның бәрін  қорыта келіп,  этнолингвистика саласының

отырған негізгі  қағидасымен үндеседі. [9; 17].

      Жалпы бұл салада әртүрлі тақырып қорғалып жатқан көптеген докторлық (Е.Жанпейісов, Ә.Ахметов, Ж.Манкеева) және кандидаттық

(С. Сәтенова, А.Жылқыбаева, А.Мұқатаева,   К.Аронов,   Р.Шойбеков) диссертациялар «Қазақ» этнолингвистикалық мектебінің негізі қаланып, бағыт-бағдарын, өзіндік зерттеу тәсілін қалыптастыра бастағанын     көрсетеді.

Этнолингвистикаға тән бір ерекшелік - оның тілдік объектілер мен фактілерге жаппай емес, зерттеудің нақтылы мақсаты  мен тақырыптарына қарай сұрыптап алып, саралай қарастыру, осы орайда  ол тілдің ең басты, әрі негізгі тұлғасы жеке-дара сөздерді ғана емес, атау сипаттағы жай тіркестер мен көркемдік, бейнелік, астарлы да ауыс

мәнге ие тұрақты тіркестерді де (фразеологизм, теңеу — салыстыру, мақал), тіпті, түсінік, ұғым,пікір, дерек, мағлұмат беретін кішігірім көркем

жанрлық мәтәндердә де объекті  етіп қарастырады.

Этнолингвистиканың бір  міндеті - сан алуан бұлақтардан  этнос болмысына қатысты фактілерді тірнектеп жинау болса, екінші міндеті-  оларды саралап жүйеге салу, олардың мазмұнын айқындау, тәтіштеп

түсіндіру, қорыту, яғни оларды этностың өзі туралы «сөйлете білу» (12,476).

Сонымен, қазақ этнолингвистикасының қалыптасу, даму үрдісінен

кейбір өзіндік      ерекшеліктер      де      байқалады.       Ол      жалпы

этнолингвистикалық   идеясында  туындап,   қазақ   этносын   оның   тілі

арқылы танып білу мақсатымен бұдан 15-20 жыл бұрын (1985 ж.) өзінің

бағыт\бағдарын,      мақсат-мүддесін      айқындай      түскен,       зерттеу

объктілерін  саралап, тәсіл-әдістерін  күн санап ширата түскен ғылым

саласына жатады.

1. Қазақ   этнолингвистикасы   айқындап   алған   мәселе   -   қазақ

этносының ұлттық бейнесін, өзіндік болмысын толық та түбегейлі  түрде

тек оның тіл байлығы - «тіл әлемі» арқылы ғана жан-жақты танып білуге болатындығы.

2. Қазақ этнолингвистикасы алдына қойған мақсат мүддесінен

шығу үшін этнос тіліне қатысты  көптеген қоғамдық пәндермен де,

лингвистика салаларымен де бірлесе  отырып, өзара сыбайласа, іліктесе

әрекет ететін, бірақ   олардың   бірде-біреуінің   шылауында   жүрмейтін

үрдісі мен принципін сақтаушы әмбебап ғылым.

 

3. Қазақ этнолингвистикасы  қазақ тілінің лексикалық байлығын

мүмкін болғанша түгел  қамтып,  індете  зерттеуді  мақсат  етеді.  Тіл

әлеміндегі  бейнесін  тек лексика  қорының жиі  қолданылатын

үстінгі қабатындағы  мағыналық бірліктер негізінде ғана емес, сонымен

қатар оның  төменгі қабаттарына, қойнау-қолаттарында тұнып жатқан

(бүгінде сирек қолданылатын  сөз маржандары арқылы да жаңғыртуда

тырысады). Этнолингвистикалық зерттеулердің өзіндік бір ерекшелігі -

әдеттегі (түсіндірме,    екі   тілдік,   терминдік,    этнографиялық   т.б.).

Сөздіктерге ене бермейтін құнарлы  да сапалы, бейнелі де көркем, көне

байырғы сөз өрнектерін, тіпті айтуға тыйым салынған «ұят» сөз

деректерді  де, әзіл-қалжындарды да қамтуында.

4. Қазақ этнолингвистикасының тағы бір принципі - лексикалық

байлықтың мазмұны мен мән-мағынасын этностық таным тұрғысынан

толық ашу, этнос болмысына қатысты  бағалы мағлұматтар мен құнды

деректерді түгел сөйлету, тілдің өзіне тән болу - нақышымен бейнелі  де

көркем түрде суреттеу.

Этнолингвистиканың   зерттеу   объектісін   этностың   тілі   десек,

ондағы мақсаты - сол  тіл арқылы этностың болмысын танып-білу

болады. Алайда,  бұл  баршаға түсінікті нәрсе болып  көрінгенімен, ол

турлы әртүрлі көзқарастың барлығы, әркімнің әртүрлі бағытта әрекет

 етуі байқалады

Этнолингвистиканың   зерттеу   объектісі  -  барлық  жағдайда  да этнос тілі екендігі   айтылды.   Алайда  ғылым-білім   саласында  тілге тікелей қатысты, оны әр тұрғыдан зерттеуші, оған арқа сүйеуші пәндер көп\ақ. Олардың біразы этнос тіліне байланысты этнолингвистикамен де сыбайлас,   тілдік  деректерді  өз  мүддесіне   қарай   зерттеп,   білуге бағышталған ғылым, білім, мәдениет т.б. салалар.

Бұл пәндерді өз  ретінде   1)     этнос  тіліне  жалпы   қатысы   бар

(мәдениеттану,       этнография,       этнология,       дінтану,       өлкетану,

фольклористика, мифология, астрология, педагогика, дидактика т.б. осы

 сияқты қоғамдык-әлеуметтік   пәндер   және   2)   этнос   тілінің   тілдік

табиғатын айқындауға тікелей қатысты (этимология, диалектология, фразеология,      терминология,      лексикология      т.б.) лингвистикалық пәндер деп үлкен екі топқа бөліп қарауға болады [1;13].

Басқа пәндер тәрізді этнолингвистика  да басқа пәндермен тығыз  байланысты. М.М.Копыленко осыған байланысты этнолингвистиканы «пәнаралық ғылым саласы» деп есептейді.

Енді этнолингвистиканың кейбір қоғамдық және лингвистикалық пәндермен нақтылы қарым-қатынасына тоқталып өтейік.

Этнолингвистика мен мәдениеттану.

Этносты   танып-білуге   тұс-тұсынан   атсалысып,   өзіндік   үлесін

қосушы қоғамдық ғылым  салаларының бірі - мәдениеттану десек, ол

этнос болмысының ауқымды  да маңызды  саласымен  шуғылданады.

«Мәдениет» жеке адамның  басына тән қасиеттен басталып бүкіл  ұлттық

сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық  байлықтың бәрін

түгел қамтитын өте күрделі  ұғым.

Алайда этнолингвистика мен  мәдениеттануды  бір  ғылым  деп

қарауға болмайды. Оның басты себептері: біріншіден, этнолингвистика

этнос болмысына   қатысты   «тіл   әлемін»   түгел   қамтуға   тырысса,

мәдениеттану пәні өз міндетін «мәдениет» ұғымымен ғана шектеуге тиіс; екіншіден, мәдениеттану мәдениет түрлерінің (әдебиет, жазу-сызу,

қолөнер, ән-күй өнері т.б.) пайда болуын, қалыптасуын, дамуын өзіндік

ерекшеліктерін талдап, таратып айтуды негізгі міндетім деп санасы,

этнолингвистика барша мәдени лексиканы  іштей сала-салаға жіктеп,

жүйелеп, мүмкін болғанша толық жинап  алып, тілдегі өзінің нақыш-

өрнегімен сөйлете білу, сан алуан  ұғым-түсініктердің мән-мағынасын

ашып, этностың  танып-талғам тұрғысынан  түсіндіруді  мақсат  етеді.

Демек, бұл орттақ бір объектіні  мәдениеттану мен этнолингвистика  әр

түрлі бағытта, деңгейде және мүдде-мақсатпен қарастырады деген сөз.

Этнолингвистика және этнография.

Бұл екеуінің  тоқайласар тұсы этнос  болмысының сүбелі саласы -

заттық  бағалылықты зерделеуге  байланысты.   Бұл  екеніне  де  ортақ

объект \ «тіл әлеміне» тән көл-көсір  мол дүние.

Зерттеушілердің  көбі\ақ  этнолингвистика   мен    этнографияны

«Мақсат-мүддесі ортақ, бағыт-бағдары  бір, бір таяқтың егіз басындай

егіз ғылым» деп қарайды. Бұл  пікірді академик Ә.Қайдар да қолдайды [10; 22].

Этнос болмысына қатысты  тіл фактілерін этнографияға қарағанда  этнолингвистика әлденқайда да кең пайдаланып, олардың тілдік мән-мағынасын жан-жақты да терең түсіндіруге тырысады.

Қоғамдық пәндермен  этнолингвистиканың арақатынасы осылай болса, лингвистикалық    пәндермен    болатын    бұл    қатынас    сәл басқашалау.

Этнолингвистика және этимология.

  Сөздер мен сөз тіркестерін төркіндете зерттеу этимологияның төл міндеті болса да, бұған кейде этнолингвистиканың бірліктердің мәнін ашып, жасалу мотивтері мен қолданыс шеңберін айқындауда этнолингвистиканың этимология көмегіне жүгінуге тура келеді.  Сөз

төркінін айқындаудың  тағы бір қажеттігі тіл практикасында  мұндай

фактілерді «халықтық этимология» (оны «жалған этимология» деп  те

атайды) тұрғысынан түсіндіру жиі  кездеседі.  Мұндай  жағдайда бұл

тәрізді «еркін»  жоба-жорамалдарға дұрыс  бағыт-бағдар  беру  қажет тәрізді.

Кейде этнолингвистикалық түсініктеме дәлелсіздеу көрінгенде де

этимологиялық    бір   деректің   өзі-ақ   оны   айқындай   түсуі   мүмкін.

Информация о работе Этнолингвистика