Этнолингвистика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 08:33, реферат

Краткое описание

Этнолингвистика - жалпы ғылымға тән диференция процесінің тіл біліміндегі бір көрініс іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстралингвистика, психолингвистика, паралингвистика, статлингвистика, т.б. салаларымен қатар тұрады. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, оның салт-дәстүріне, ата-бабаларының тағылымына, қоршаған табиғи ортасына, сондай-ақ этнос өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық (материалдық) мәдениеттің қыр-сырына да ерекше мән беріп келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Этнолингвистика.doc

— 139.50 Кб (Скачать документ)

 

КІРІСПЕ

Этнолингвистика - жалпы ғылымға тән диференция процесінің тіл біліміндегі бір көрініс іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстралингвистика, психолингвистика, паралингвистика, статлингвистика, т.б. салаларымен қатар тұрады. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, оның салт-дәстүріне, ата-бабаларының тағылымына, қоршаған табиғи ортасына, сондай-ақ этнос өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық (материалдық) мәдениеттің қыр-сырына да ерекше мән беріп келеді. Бірақ осыған қарап, этнолингвистиканы этнографизмдердің немесе тіл мен этнография фактілерінің жай қосындысы деп қарауға болмайды. Этноним (грек - othos - халық, onyma - есім, атау) - ру, тайпа, ел, халық, ұлт аттары. Этнонимдер ұран, ту, таңба ретінде де жұмсалып ру, тайпа, ұлыс ел аттарымен де, солардың ішінен шыққан ру басылары мен би, ақсақал, батырлардың есімдерімен де аталған, жер-су аттары ретінде де қолданылған этнонимдер дербес мағыналы, көбінесе жинақсыз,   көптік ұғымдарды білдіретін сөздер. Ал этнонимика (грек othos -- тайпа, халық, onyma - ат, есім) - этнонимдердің шығуы мен таралуы, қолданылуын және құрылымын зерттейтін ономастиканың бір бөлімі. Этнолингвистиканың қалыптасу процесін, мазмұны мен мақсатын, зерттеу объектісі мен өзіндік тәсілін осы салада істелген бірқатар жұмыстар ауқымы, бағыт-бағдары мен сипатын пайымдауға әбден болады [I, 2]. Қазіргі таңда қазақ этнолингвистикасы өзіндік бағыт-бағдары, ұстанатын қағидалары бар іргесі ғылым саласына айналып отыр. Этнолингвистика - тілді мәдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің қызметіндегі және дамуындағы тілдік, этномәдени және этнопсихологиялық   факторлардың   өзара   әсерін    қарастыратын   тіл

білімінің саласы. Этнолингвистикаға  қатысты еңбектердің көбісі сөздік

түрінде    болғанымен    оған    бағышталған    ғылыми    зерттеулер    мен

тақырыптық  жинақтар  да  баршылық.  Ол  төңірегінде  біз  I  тарауда

тоқталамыз және бұл тарауда  М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы

тілдің таныту барысында, жеке қаламгердің  сөз қолданысы туралы сөз

болды.   «Абай   жолы»   роман   эпопеясы   елдің   тарихи   мен   тұрмыс

салтының көл-көсір  көп суреті ғана емес, ол халықтың тағдыры, өткені

мен  келешегі  жайындағы  терең толғаныс тарихи   шындық,  өмірдің

философиясы мен поэзиясы ұштасқан кесек көркем туынды.

Тарихи романның мақсаты мен міндеті біздің алдымызға  тарихи фактілердің ішкі, сыртқы қыры мен сырын ашып тастауға, ел мен дәуірдің ерекшелігін, әдет-ғұрпы мен салт-санасын көрсетуге міндетті.

«Қазақ халқының өткенін  зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі

бұл кітапты жалап  өте алмайды: ғалым-филолог одан фольклордың бай

материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілі мен сөздігінің қаз

басуы мен қалыптасуын көреді, ғылым-этнограф көне заманмен қоса

көнерген небір тұрмыстық  белгілер мен өмір құбылыстарын біледі.

Ғалым      экономистер      Қазақстанның      XIX      ғасырдағы      халық

шаруашылығының    бақташылық    құрылысынан    дәлме-дәл     нақты

мәліметтер алады, ондағы тап қайшылығының өзіндік ерекшелігімен

танысады, ғалым-юристер шариғаттан бастап, билер кесіміне шейінгі

даланың  заң  жобаларынан   жобағалы   мағлұматтар  жинайды»       деп

тұжырымдайды  академик Қ. Сәтбаев.

«Абай     жолының»     тілі     Р.Сыздықованың,     Е.Жанпейісовтың, М.Серғалиевтің,    Б.Шалабаевтың,    Х.Кәрімовтің    т.б.    ғалымдардың

еңбектерінде зерттелді. Дипломдық  жұмыстың басты нысаны ретінде

этнолингвистиканың зерттелу жайы және М.Әуезовтың «Абай жолы»

романындағы   салт-дәстүрге   байланысты   сөздерде   қатысты   тілдік

материалы алынды. М.Әуезовтің шеберлігін дәлелдеу мақсатында оның

романы мен Р.Сыздықованың, Е.Жанпейісовтің  т.б. шығармалардан да материалдар  пайдаланылды.  Диплом  жұмысының  негізгі  мақсаты  - М.Әуезовтің  «Абай   жолы»   романындағы   салт-дәстүрге  байланысты

сөздердің этнолингвистикалық сипатын ашу, олардың морфологиялық

құрылымын талдау. Кіріспеде этнолингвистика  туралы түсінік жайлы сөз еттік.     Негізгі     бөлім     II     тараудан     тұрады. I     тарауда

этнолингвистиканың  зерттелуін,   қалыптасуын   сөз   етсек.   II  тарауда

«Абай жолындағы»  салт-дәстүрге байланысты сөздердің лексикалық

мағынасын ашып, морфологиялық құрамын ажыратуға  тырыстық, әрбір

салт-дәстүрге анықтама беріп, олардың  энтимологиялық сыр-сипатына            үңілдік.

 

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                               

                                                             I тарау. 

                         Этнолингвистиканың зерттелу жайы

Этнолингвистика - халықтың этногенезін  тұрмыс-салты мен әдеп-

ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын,

күнделікті тұрмысын, материалдық  және рухани мәдениетін зерттейтін  тіл білімінің жаңа саласы [1; 539]. Тіл мәселелерін мәдениетпен халық

  әдет-ғұрпымен, салт-санамен байланыстыра  зерттеу XX ғасырдың 20-

70 жылдарында орын ала бастады.  Тіл білімінде қалыптасқан екі  түрлі

бағыт бар.   Олар   негізінен   Америка   мен   ФРГ-да   дүниеге   келген.

Алғашқы   этнолингвистикалық   зерттеулер   ретінде   мына   еңбектерді

атауға болады: Эдуар Сепирдің 1921 жылы шыққан «Тіл», 1929 жылы

шыққан   «Лингвистиканың   жайы»,    Б.Уорфтың   «Тіл,    ойлау   және

шындық»     (1959)     жинақтары.     Э.Сепир     индеецтердің    көптеген

тайпаларының тілдерін зерттесе, неміс  линвисі Л.Вайсгербер «Неміс  тілінің  күші» туралы төрт томдық еңбек жазды. Америка мектебі тіл

мен мәдениетті негізгі проблема деп  алса, Германия тіл мен халықты

I орынға қояды. Яғни, тіл функциясын, оның қоғамдағы даму рөлін

асыра сөз етеді. «Тіл адам санасы мен объективтік шындық арасындағы

бірыңғай қатынас тізбегіне  ене отыра,  өзі сол санадан,  объективтік

шындықтан туған туынды болып табылады» дейді В.А.Звягинцев [2; 323 .

Америка      ғалымдарының      еңбектерінде      «этнолингвистика»

терминінің   орнына   көбіне   «антрополингвистика»,   «этносемантика»

атаулары   қолданылады.   Осы   бағытта   зерттеулер   жүргізген   Ресей

этнолингвистикасының өкілдері       Н.И.Толстой,       В.В.Иванов, В.Н.Топоровты    т.б.     Олар    тілдің    тарихын,    этнолингвистикалық

атластарын жасап, тілдегі және халық мәдениетіндегі аумақтық және әлеуметтік диалектілерді т.б. зерттейді [1; 17].

        «Этностың  басып өткен  сан ғасырлық  даму жолы, оның белгі-

бейнелері біздерге тас  мүсіндер мен жартастарға қамалған сына жазулар

арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде  жетуі мүмкін. Бірақ бұлар этнос  өмірінің мың да бір елесі ғана, оның шын

мәніндегі даналығы мен  дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-жарақтың, киім 
мен  ішер тамақтың,  тұрмыстық  заттар  мен  салт-санаға,  әдет-ғұрып,

наным-сенімге,     ойын-күлкі,     той-домалаққа     байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері ретінде ғана. Яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтел арқылы ғана бізге жетуі мүмкін» [1; 34] дейді.

Бүгінгі    таңда    қазақ    этнолингвистикасында    ғылыми     негізі

қалыптаса  бастаған,  жан-жақты  ізденіс   нәтижесінде  ерекшелігі   мен

үрдісі айқындалып келе жатқан «дербес  те перспективті ғылым саласы

ретінде  танылып отыр».     Мұны      белгілі      ғалым      профессор

М.М.Копыленко     өзінің     «Этнолингвистикасының     негіздері»     деп аталатын еңбегінде айқын көрсетіп отыр.

Этнолинвистикаға қатысты  еңбектердің көбісі сөздік болғанымен оған бағышталған  ғылыми   зерттеулермен  тақырыптық  жинақтар  да баршылық.   Осы орайда қазақ этнолингвистикасы бойынша академик Ә.Қайдардың көп жылдар бойы дайындап жүрген «Қазақтар ана тіліәлемінде» атты 4 томдық этнолингвистикалық сөздігін атауға болады. Қазақ тіл білімінде этнолингвистика ілімінің негізін салушы академик Ә.Т..Қайдаров.  Этнолингвистикада      халықтың,  этногенезін,  тұрмыс салты  мен   әдеп-ғұрпын,   мекен-жайын,   басқа   халықтармен   тарихи- мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы.

Ол саланың   ерекшелігі,   зерттеу   пәні   т.б.   қырлары   туралы

академик     Ә.Қайдаровтың     және     профессор     Е.Жанпейісов     пен

М.Копыленко еңбектерінде жан-жақты  айтылған. Этнолингвистиканың

жеке бағыт  ретінде   пайда   болуы   этнографияның   қойнауында   XIX

ғасырдың 70-жылдарынан бастап АҚШ-тың тіл білімінде басталған. Ол

солтүстік сосын Орталық Американың үндіс тайпаларын зерттеумен

тығыз байланысты   кеңінен   өріс   алады   да,   алғашында   негізінен

этнографиялық, материалға көңіл бөлінді. Бірақ бірте-бірте  америкалық

үндістер тілдерінің туыстығын зерттеу басты мәселеге айнала бастады.

Соның негізінде    америка    тіл    білімінде    жаңа    дәстүрдің    негізі

қалыптасты. Америка ғалымдарының еңбектерінде «этнолингвистика»

терминінің   орнына   көбіне   «антрополингвистика»,   «этносемантика»

атаулары  қолданылады.

Бұл        саланың        Ресейде        қалыптасуы        Ф.И.Буслаевтың,

А.Н.Афанасьевтің, А.А.Потебняның т.б. еңбектерімен байланысты. XIX

жылдардың 70-80 жылдарында фольклористика саласының жанданып, тіл

мен мәдениеттің байланысын зерттеудің жаңа жақтарының ашылуы -

этнолингвистика пәнінің  ұғымы  мен  міндеттерін  кеңейтіп,  өзі  жаңа

жаңа сатыға көтерді. Осы бағытта  үлкен жұмыстар жүргізіп жатқан, өзіндік мектептері бар Ресей этнолингвистиканың көрнекті өкілдері деп бірінші кезекте Н.И.Толстойды және В.В.Топоровты т.б. атауға болады. Олар өз зерттеулерінде нақты бір тілдің тарихын сол тілде сөйлеуші ұлттың тарихымен    тығыз    байланыста    қарастырады,    этнолингвистикалық

атластар  жасайды,  тіл  мен   мәдениеттің  ара  қатысына  байланысты

мәселелерді, тілдегі және халық, мәдениетіндегі территориялық және

әлеуметтік  диалектілерді, ана тіл мен ежелгі мәдениетті, тіл білімі мен

мифологияың шекарасындағы  өрісті т.б. зерттейді.

 

«Лингвистикалық, энциклопедиялық сөздікте»

этнолингвистиканың    кең,    түрдегі    ұғымына    осылайша    анықтама

берілген:  «Этнолингвистика қандай тәсіл арқылы берілгенніне қарамай

(сөз, пән,   салт   т.б.)   мәдениеттің   халықтық   психологияның   және

мифологияның     «мазмұнын»     лингвистикалық     әдістер    көмегімен

зерттейтін кешенді  пән» [8;597].

Ол қазақ тіл біліміндегі  жаңадан қалыптасып дамып келе жатқан

этнолингвистика саласының  да ерекшелігі мен өзегін құрайды.

Жалпы тіл біліміндегі этнолингвистикалық даму барсына шолу

жасап,   жеке   сала   ретіндегі   негіздерін   анықтауға   арналған

еңбегінде  профессор  М.М.Копыленко қазақ тіл біліміндегі  академик

Ә.Т.Қайдаров      бастаған      этнолингвистикалық      мектепті      қазіргі

этнолингвистикадағы жаңа бағыт деп  бағалап, оның негізгі ерекшелігін

былай деп көрсетеді: «Это направление изучает этнос в зеркале языка. В

нем нет симбиоза дисциплин, поскольку язык представляется главным  и

непосредственным      предметом      анализе;       этнология,       история,

культурология и прочие нелингвистические  дисциплины привлекаются

как вспомогательные» [I, 17].

Демек, негізгі салмақ лингвистикаға  жүктеледі. Оның себебі мен

мәнін нақты түсіну үшін академик Ә.Т.Қайдаровтың төмендегі пікірін

келтірейік: «Этностың  басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның

Информация о работе Этнолингвистика