Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 09:39, курсовая работа
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруды кітапханалардың алар орны ерекше.
Кіапхана қызметін дамытуда көпшілік кітапханалардың және мекемелермен ұйымдардың қызметіне әдістемелік көмек көрсетіп, кітапхана ресурстарын талдауда, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде және біріңғай жүйені жетілдіруде ақпарат көздерін қоғамда, пайдалануға ықпалын тигізіп, ұйымдастыратын идеологиялық және ғылыми ақпараттық орталық болып табылады. Жалпы кітапханалар жүйесін сақтап қалу, оқырмандарға жаңаша түрде қызмет қөрсету, оқуға баулу, рухани байлығын көтеруде кітапханалық жарнаманы қазіргі заманға сай жүргізілуі қажет-ақ.
Кіріспе............................................................................................................3
I. Тарау. Жарнама және қоғамдық мемлекеттік саясат......................6
1.1 Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері.....................................6
1.2. Жарнама маркетингі мен менеджменті...............................................12
1.3. Кітапханадағы жарнамалық іс-әрекеттің заңдастырылуы................14
ІІ.Тарау. Жарнама -кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыру
құралы..........................................................................................................17
2.1. Жарнама мәтіндерінің стилистикасы мен құрастыру
ерекшеліктері................................................................................................17
2.2 Жарнамалық хабарларды көркемдеу әдістері.....................................23
2.3.Кітапхана жарнамасын тарату каналдары мен құралдары..................29
2.4.Кітапхананың фирмалық стилі..............................................................50
Қорытынды..................................................................................................53
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................55
Қосымшалар...............................................................
Жасаңды жарық пен жарықтандыратын коридор мен холлдарда өсімдіктермен әуестенудің қажеті жоқ, әсіресе жайылып әсетіндерімен. Фитодизайнерлер бұл жағдайда жекелеген ілулі нәрселерді: кашпо, корзинкаларды ұсынады. Әртүрлі формадағы еденге қойылатын ыдыстар мен шелектер де әдемі көрінеді.
Фитокомпозициялардың түрлерше көп назар аудару керек. Дөңгелек, жартылай дөңгелек, сопақ, үшбұрыш формалары әртүрлі эффект тудырып, кітапхана ішін ерлей түседі.
Гүлді композицияның сопақтық формасы махаббат лирикасы көрмесіне лайық. Өңдеу (аранжировка) жасайтын материал ретіңде сәндік дақылдар, батпақ шөптері, бұталар мен ағаштардың бұтақтары жарайды. Композицияның түбіне ірі гүлдер (тірі немесе жасанды гүлдер), жоғарыға — майдалау гүлдер мен ашылмаған қауашақтар қойылады. Бұндай композиция үшін аласа, жалпақ вазалар жарайды. Фитодизайнерлер вазадағы букетті орналастырғанда, ваза биіктігі үш бөлшек есебінде, одан шығып тұрған гүлдер — бес бөлшек болуы керек дейді. Осы схема бойынша жалпақ ваза композициясы жасалады. Негіз ретіңде ваза диаметрін алады.
Кітапханаларда хрусталь гүлсауыттағы (ваза) гүлдерді сирек кездестіреміз. Көбінесе керамика вазалар — бір түсті, кейде суретті, еденге немесе столға қойылатыңдары кездеседі. Оларға әдемі бұтақтар, жапырақтар, гүлдер салынады. Кейде қарапайым формалы әйнек вазалар да кездеседі. Кейінгі кездері кітапханашылар вазаның орнына әртүрлі формада кесілген шиша (флакондар) мен банкаларды қолданып жүр. Көптеген кітапханаларда, әсіресе жаз, күз айларында газды судың пластикалық вазаларын кездестіруге болады. Қырқылған вазаны әр түрлі формаға келтіруге болады.
Кітапхананы әрлеуге қандай гүлдер жарайды? «Әртүрлі, егер олар сіздің кітапханаңызға үйлесіп тұрса» деп жауап береді фито-дизайнерлер. Ең әуелі көпжылдық бөлме өсімдіктерін алу керек. Оларды тандағаңда, олардың қайсысы көлеңкені, қайсысы күнді сүйеді, суды немесе құрғақ болғанды ұнататынын ескеру керек. Бұл жерде бөлменің жарықтығы, температурасы, ылғалдылығы, қолданылатын тыңайтқыштар үлкен роль атқарады.
Жасанды гүлдердің артықшылығы — оларды жиі ауыстырып, әртүрлі жағдайларға қолдана беруге болатындығында. Фитодизайнерлер оларды өте көп орналастырмау керектігін, табиғи өсімдіктермен, кептірілген дақылдармен араластыру керектігін айтады. Бұл қолмен жасалған жасанды өсімдіктер композициясын табиғи етіп көрсетеді. Бұндай еліктеулер (имитациялар) кітапхананың жағымды бейнесін жасауда көп роль атқарады.
2.4. Кітапхананың фирмалық стилі
«Стиль дегеніміз — адам» деген сөзі Кітапханада көпжылдық дәстүрі, өз пайдаланушылары, қызметкерлері бар күрделі бір «организм ретінде» өзінің ерекше, ешкімге ұқсамайтын стилін қалыптастырғысы келеді. Онсыз есте қаларлық, жағымды бейне жасау мүмкін емес.
Кітапхана өз фирмалық стилін жасай отырып, өз бейнесін де жасайды. Бейне ұзақ уақытқа жасалатынымен, өскелең уақыт талабы оны да өзгертіп отырады. Демек, фирмалық стиль де имидждің бір құрамы ретінде өзгеріп отыруы керек. Сонда негізгі мағыналық және көрнекілік қалпын бұзбай, керек уақытында болмашы өзгерістер енгізіп отыруға болады. Әрине, бұл үшін материалдық шығын жұмсау қажет болады. Кеуделік белгілер, фирмалық бланкілер, папка, қаламсап және басқа «кеңсе заттары» (егер оларда кітапхана символикасы немесе логотипі болса) арзанға түспейді. Стиль қалыптасып қалған соң, оның элементтері кітапхананың жарнамасы болуға да жарайды. Мысалы, жаңа қызметтер туралы кітапхана -белгісін (символын) әртүрлі түспен көрсетіп қойса, хабарлама әсері зор болар еді.
Фирмалық стильді ерекшелендірі
Кітапхана логотипінде аймақтық ерекшеліктер, жергілікті фольклор, сурет өнері, кейде тіпті аймақтық экономикалық ерекшеліктер де көрініс табады. Логотиптің көркемдік негізі — сол кітапханаға есімі берілген жазушының суреті. Кейде логотиптің ролін жай сурет, эмблема да атқарады. Кей кездерде қысқарған сөздер мен суреттің орнына абстрактылы сурет — геометриялық дене қолданылады.
Логотип жасау — күрделі іс. Ең еуелі тың идея, жаңашылдық керек. Ол кітапхана, оның тарихы, қазіргі мүмкіндіктері мен символдың арасыңдағы байланысқа негізделеді. Кітапхана атында географиялық ерекшелік, тіпті тарихи-аумақтық ерекшеліктер де көрініс табуы керек. Кейде логотип жасаушылар кітапхана жұмысының ерекшеліктерін де көрсетеді. Мысалы, отбасылық оқу кітапханасы логотипінде кітапқа үңілген бала мен шешесінің суреті беріледі.
Логотип қысқа да нұсқа түрде жасалуы керек. Мәтін мен графикалық суреттің көп болуы логотиптің тез қабылдануына кесірін тигізеді.
Логотиптің эстетикалық жағына да көңіл бөлінуі керек: көзге түсерлік көркем образ, сөз мәнері (девиз), әртүрлі түсті үйлестіру. Шрифт ерекше болуы қажет емес, өйткені ол оқуды қиындатады. Осы жоғарыда келтірілген талаптардың бәрін орындау — кітапхананың әр салалық қызметінің символы.
Кітапхананың фирмалық атрибутына кеп нәрсе кіреді. Әрине басты орында құжаттар тұрады. Оларға бланкілер, пайдаланушы билеттері, т.б. жатады.
Бланк — типографиялық әдіспен кітапхана туралы негізгі мәліметтер немесе реквизиттер, басылған стаңдартты парақ. Әдетте сол жақтағы жоғарғы бұрышқа немесе парақтың жоғарғы орта жеріне кітапхана логотипі басылады, төменде кітапхананың толық пошталық мекенжайы, телефон, телефаксы беріледі. Кейде осы жерде кітапхананың есеп шоты мен қажетті банктің аты жазылады. Кей кездерде бұл мәліметтерді бланкінің төмен жағына жазады. Тәжірибе көрсеткеніндей, бұлай ету — қолайсыз, өйткені мәліметтер тез, қас-қағымда қабылдануы тиіс (көзқарас бағытымен: солдан оңға, жоғарыдан төмен). Төменде осы мәліметтерді ағылшын тілінде немесе қосымша мәліметтерді беруге болады (іске қосылған жылы, қорлар көлемі, пайдаланушылар саны). Соңғы мәліметтерді беру міндетті емес. Кейде парақ бланкінің жоғарғы бетін сулы белгілермен маркілейді, бұл да фирмалық стильдің бір белгісі.
Кітапханаға фирмалық бланк аса қажет пе? Бұл сұраққа жауап беру үшін ықтимал демеушіге, газетке немесе теледидарға, басқа кітапханаға жіберілетін кәдімгі жай қағазға жазған хатты алып көріңіз. Бұндай хат бланкіге жазылған хатпен салыстырғанда көркемдігі жоқ, сұрқай. Ал ең алғашқы әсер іскерлік байланыстың тиімділігін 80 пайызға арттыратыны белгілі.
Көптеген ғылыми кітапханалар мен орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бланкімен бірге өз конверттерін пайдаланады. Ол конверттер өз логотипімен, мекенжайы, телефон, телефакспен маркіленген. Олар пайдаланушыларға кітапхана туралы жақсы әсер қалдырады. Пайдаланушы билетін немесе басқа ресми құжаттарды әртүрлі етіп жасауға болады. Тек сыртқы формасы мен онделуі кітапхана саласына қайшы келмесе болды. Кітапхана логотипі, түрлі түсті гамма, фирмалық шрифт стандартталған мәтінмен қоса құжаттың маңыздылығын баса көрсетіп, осы кітапхана туралы жақсы әсер қалдырады. Әртүрлі шараларға шақыру қағаздары да осылай өңделеді.
Кітапхананың фирмалық стилі кітапхана қызметкерлері кеуде белгілерін (бэйдж) тағуын талап етеді. Бэйдж тағу қызмет көрсетудің тиімділігін арттырып, кітапханашы туралы ақпарат береді. Ол кітапханашы мен пайдаланушы арасында жеке қарым-қатынас орнауына мүмкіндік береді. Кітапхана логотипімен бірге бэйджде қызметкердің аты-жөні, қызметі жазылады. Мүмкін болса, оның атқаратын жұмысын да жазады. Мысалы, каталогтар залының кеңесшісі, кезекші библиограф, т.б. Бэйджден жай визит карточкаларын айыра білу керек. Біріншісі, ламинатталған (қатты пленка) және киімге қыстырып қоятын арнайы қыстырғышы бар. Визиткалар арнайы блокнот-планшетте немесе басқа құжаттар арасына салуға арналған. Бэйдж бір мезгілдік назар аударуға, көптеген ақпарат беру үшін нашар көретіндерге де арналған. Сондықтан оның шрифті ірі, кітапхана немесе бөлім логотипі ұлғайтылған.
Папкалар (пластик, картон, қағаздан жасалған), блокнот, қаламсап, қаламдарды қызметіне қарай да (кеңсе заттары ретінде), сыйлық жарнамасы ретінде де пайдаланады. Оларды гардеробтан немесе кітап беретін жерден сатып алуға болады. Пластикалық (мата) сумкалар да солай, оларға пайдаланушылар алған кітаптары мен кассеталарын салады.
Фирмалық атрибуттарды жасағанда арнайы тапсырыспен қалам, папка жасауға тапсырыс беру міндетті емес. Кітапхананың символикасы бар жапсырғыш (наклейка) қағаз болса болды, оларды кітаптарға да, кеңсе заттарына да жапсыруға болады.
Жарнаманың қымбат түріне қалың текстильде жасалған календарьлар, белгілер, вымпелдер, кітап арасына салатын қағаздар жатады. Оларды көбінесе кітапхана мерейтойы қарсаңында шығарып, пайдаланушыларға сатады немесе сыйлайды.
Іскерлік және қымбат жарнамаларды біркелкі көркем стиль шеңберіңде жасайды, белгілі бір түсті гаммада, өзіндік шрифтпен және оюлармен өндейді.
Қорытынды
Әрбір жарнамалық хабар заң тұрғысынан дұрыс, шыншыл, қоғам алдыңдағы жауапкершілік, бәсекелестік принципі тұрғысынан да мінсіз болып, қоғамның жарнамаға деген сенімділігіне сызат түсірмеуі керек.
Парижде қабылданған жарнаманың Халықаралық Кодексінде белгілі бір талаптар белгіленген. Солардың кейбіреуін алсақ:
— шыншылдық;
— мінсіздік;
— салыстыру (5-бап). Жарнама хабары адал бәсекелестік принципіне сай, тауарларды салыстыру адал да дәлелді фактілерге сүйенуі тиіс;
— тұлғаның құқықтарын қорғау (8-бап). Жарнама хабарында адамдардың жеке өмірі мен қоғамдық өмірі туралы олардың рұқсатынсыз жазбау керек;
— қауіпсіздікті қамтамасыз ету (12-бап). Жарнама хабарында қауіпті жағдайлар, дәстүрлер, қимылдар туралы сөз болмауы керек;
— жауапкершілік (14-бап). Осы кодекстегі ережелер үшін жауапкершілік жарнама берушілерге, баспаларға, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) қожайыңдарына, жалпы барлық келісімшарт жақтарына жүктеледі.
Біз кітапхана жарнамасының негізгі бағыттарын қарап шықтық.
Кітапхана жарнамасы қазіргі уақытта коммерциялық бағыттағы жарнамалардан ерекшеленбейді. Әрине кітапхана жарнамасы — сыпайы жарнама, біздің интеллектуалдық өнімдерімізді, ресурстар мен қызметтерді ғана емес, идеяларды да жарнамалайды. Бұл жерде дәстүрлі ағарту және тәрбиелік мәні бар міңдеттерді айтып отырмыз: көркемдікке деген талғамды тәрбиелеу, кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалана білу. Білім алуды, рекреативті, араласу және т.б. іс-әрекеттерін жандандыра отырып, кітапхана жарнамасы біздің жұмысымызды жаңдандырады. Кітапхананың жағымды бейнесін қалыптастыра отырып, жарнама кітапхана қызметкерлерінің ауыр еңбегін, олардың шығармашылық фантазиясы мен талантын бағалауды үйретеді.
Қызмет көрсету үрдісі тек техникалық қана емес, сонымен бірге мазмұны жағынан да жаңартуды керек етеді. Сонымен жарнама әдісі кітапхана модернизациясына компьютерлендіруден кем қызмет етпейді. Бұл әдіс жаңаруға қол жеткізуге бұрынғы дәстүрлі әдістерді жою арқылы емес, солардың ішінен жақсыларын дамыту арқылы алып барады. Оларға жалпы мәдени дәстүрлерден басқа аймақтық тарихи-этнографиялық, көркемдік, фольклорлық, арнайы кітапханалық дәстүрлер кіреді. Олардың ең бағалы элементтерін таңдап алып, кітапханашылардың инновациялық әдістерімен толықтырылып, кітапхананың зор мүмкіндіктерін көрсетеді.
Бүгінгі таңда әр кітапхана қызметкерлері жарнамалық әрекеттердің негізгі бағыттарын, олардың ерекшеліктері мен мүмкіңдіктерін, құралдары мен түрлерін, жарнама жұмысын жүргізе білуі, ол үшін қажетті құралдар мен әдістерді дұрыс таңдай білу керектігі дау тудырмайды. Жарнама — бұл заттың есімі, ол тіпті керемет деген заттарға да керек, шығармашылықты талап етеді.
Тек осындай жарнама
ғана оқытушылар мен студенттердің,
кітапханаға деген сенімін
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Жарнама -кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыру құралы