Тарау АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды уйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2014 в 13:38, курсовая работа

Краткое описание

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Зерттеу мақсаты: білім беру үрдісін ақпараттандыру негізінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3

Негізгі бөлім

І тарау. АКТ туралы жалпы сипаттама .....................................................................5
1.1 АКТ-ны оқытудың ролі ........................................................................................6
1.2 АКТ-ны оқыту үрдісінде қолдану .......................................................................6
1.2.1 Дидактикалық мүмкіндіктері .................................................................7
1.2.2 Оң және теріс жақтары ...........................................................................8
1.3 Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы ................................10

II тарау АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды уйымдастыру
2.1 АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдану ...........................................12
2.2 Электрондық оқыту құралы ..............................................................................16
2.3 Ағылшын тілі бойынша АКТ-ны қолданып электрондық оқыту
құралын жасау ...........................................................................................................18

Қорытынды бөлім .....................................................................................................22

Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................................24

Қосымша ....................................................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

Каниева Гульнура 4305.doc

— 5.52 Мб (Скачать документ)

Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық бағыт ақпараттық тұрғыда білім беруді мақсат етеді, оның негізгі мақсаттары: лингвистикалық (тілдік және сөйлеу), тақырыптық, әлеуметтік мәдениет, оқу дағдыларын қалыптастыру. Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану тілді үйренудегі белсенділікті қамтамасыз етеді.

Мектепте ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың педагогикалық шарттарын төмендегідей анықтауға мүмкіндік тудырды:

Бірінші шарт оқу-тәрбие үрдісінде қарқынды оқыту мақсатында студенттердің танымдық іс-әрекеттік қызығушылықтарын арттыру. Егер студенттер жаңа ақпараттық технологияны жақсы игеріп, ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтары артса, онда ағылшын тілін білу мүмкіндігі де артады.

Екінші шарт мектепте оқушыларды  даярлауда, оқу үрдісін технологиялық тұрғыда қамтамасыз етіп, оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, компьютерлік технологияны қолдануды кезеңдеп жүзеге асыру. Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың білім деңгейіне сәйкес төменгі, орта, жоғары деңгейге бөле оқыту үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі.

Үшінші шарт ақпараттық технологияларды қолданудың жалпы бағыттары мен ғылыми әдістемелік тұғырларын сәйкестендірудегі іс-әрекеттерді шығармашылықпен үйлестіру. Үшінші шарт бойынша  ақпараттық технологиялардың түрлері мен бағыттарын ғылыми- әдістемлік сәйкестендіру іс-әрекеттерін шығармашылықпен үйлестіру түрлері қарастырылды. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ағылшын тілін меңгеру іс-әрекеттерін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік туғызды.

Мотивациялық компонент– оқушылардың ақпараттық технологиялар арқылы тіл меңгеру іс-әрекетке ұмтылуы, қажеттігі, білім алуда ақпараттық

технологияларды қолдануға танымдық қызығушылығы, ынтасы, өзіндік тапсырмаларды орындауда жаңаша оқу жолдарын табуға деген ынтасы, ағылшын тілін меңгеруде мультимедиялық құралдар мен электронды оқу құралдарды қолдануға деген қызығушылығы, кәсіби шындалуда ақпараттық технологияның ролін түсініп, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге деген ынтасы мен ұмтылысы.

Танымдық компонент– танымдық іс-әрекеттің қалыптастыру мүмкіндігі, ақпараттық технологияның маңызы мен қажеттілігін ұғынуы, ақпараттық сауаттылығының болуы, қолданатын ақпараттық технологиялардың түрлерімен таныс болуы және технологиялардың түрлерімен жұмыс істей білуі, ағылшын тілін меңгеруге деген белсенділігі, оқу материалдарын өз қажетілігіне қолдануы, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Бұл компонент бойынша ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдану жолдары жүзеге асырылды. Мультимедиалық, электрондық оқулықтар студенттердің ағылшын тілін үйрену оқу іс-әрекетінің негізгі көзі болып табылады.

Егер ағылшын тілінен оқу материалдары иллюстрация, анимациялық, дыбысы бар объект түрінде құрылса, оқушылардың даму ерекшеліктеріне сәйкес ағылшын тіліндегі материалдардың мазмұнын тез қызыға қабылдауға, түсінуге, білімін өз бетімен жетілдіруге негізгі түрткі бола алады.

Төмендегі кестеде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ағылшын тілін меңгеру іс-әрекетін қалыптастырудың компоненттерінің өлшемдері мен көрсеткіштерін көруге болады.

1-кесте – мектепте ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ағылшын тілін меңгеру іс-әрекетін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері

 

Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивациялық

компонент

ақпараттық технологияларды қолдануға қызығушылығы мен  қажеттігі

  • ағылшын тілін үйренуде ақпараттық технологияларды қолдануға  деген қызығушылығы,
  • білім кеңестігінде оны қолданудың  маңызын түсінуі,
  • кәсіби шыңдалудағы рөлін түсінуі және оған ықыласты болуы,
  • өз ойын ағылшын тілінде еркін жеткізе алуға деген ынтасы мен ұмтылысы.

Танымдық

компонент

танымдық іс-әрекетін ақпараттық технологиялар арқылы қалыптастырудағы оқу үрдісі

  • ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін айқындау,
  • олардың танымдық белсенділігін арттыру,
  • ақпараттық технологиялардың түрлерін білім алуда таңдай білуі,
  • олармен жұмыс істей білуі,
  • меңгерген ақпараттық білім мен біліктіліктерін жаңа білім алуда пайдалана білу,
  • оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Іс-әрекеттік компонент

Ақпаратты өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен пайдалана білу  дағдыларының қалыптасуы

- ақпараттық технологияларды қолдану  арқылы ақпарат кеңістігінен  білім алу белсенділігі мен  дағдылары,

- алған білімін  өз іс-әрекетінде  теориялық білімі мен біліктілігін ұштастыра білу іскерлігі,

- алған білімін  өзінің іс-әрекетінде  шығармашылықпен орындау әрекеті.


 

Осы өлшемдер мен көрсеткіштерді ұстанымға ала отырып, ақпараттық технологияны қолдану арқылы ағылшын тілін меңгерудің үш деңгейі белгіленді.

Жоғары деңгей. Оқушы жеке қабілетті, жоғары, ақпаратты технологияны жақсы меңгерген, керек мағлұматты тез тауып, өндеп, оны ағылшын тілін үйренуде бар ынтасымен қолданып, білім деңгейін жоғарылатып үлкен табысқа жету мүмкіндігіне ие болады. Ақпараттық технологияның көмегімен білім, іскерлік дағдыларын қалыптасуда белсенділік, ақпараттық сауаттылық, тіл меңгеруге деген қызығушылығын көрсете алады. Нәтижесінде барлық әрекетке белсенді қатысып, жеке қабілеті мықты, жаңа білім түрлерін іздеуге талпынатын тұлға қалыптасады.

Орта деңгей. Оқушы ақпараттық технологияны белсенді өз қажетіне қолдана алады, ағылшын тілінде берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, тіл үйренуде ақпараттық технологияның маңызын түсініп, өз біліктігін жоғарылатып, керек ақпаратты тауып, іздеп, оны оқу үрдісінде қолдана алады. Нәтижесінде алған білімін, тіл үйренуге деген дағдысын жаңа ақпараттық технология қолдану арқылы өзіндік жұмыс орындауға мүмкіндігі бар оқушыны айтамыз.

Төмен деңгей. Оқушының ақпараттық технологияны пайдалану қызығушылығы, белсенділігі төмен, дайын ақпаратты оқу үрдісінде және кәсіби әрекетіне қолдану дағдысы қалыптаспаған. Нәтижесінде оқушы өз білімін көрсете алмай, өз білім біліктіктерін пайдалануға сенімі жоқ, тек оқудың жеңіл түрлеріне жүгінеді.

Осы орайда ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген оқушы ақпараттық технологияны пайдалану барысында олардың маңыздығын түсінетін, технологияны жан-жақты меңгерген, біліктілік қабілетін ағылшын тілін үйренуге тиімді пайдалана алатын, жаңа білім түрлерін іздеуге талпынатын, интеллектуальды-рухани жан-жақты дамыған, тіл меңгеру ұстанымы мығым, бәсекеге қабілетті тұлға бола алады деп есептейміз.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануда моделдеу аса маңызды. Моделді құрастыру – нақты бар жүйені зерттелетін нысанға сәйкес іске асыру, яғни жинақталған деректер негізінде қонымды жүйе жасау үрдісі.

Мектепте ағылшын тілі пәні оқушылардың өз кәсіби мамандықтары бойынша сұранысы болған жағдайда пайдалану мақсатында оқытылады. Ағылшын тілін оқыту үрдісінде ақпараттық білім беру технологияларын пайдалану қоғам талабы болып отыр. Мектепте ағылшын тілін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды тиімді қолданып, оларды оқытуда қолданатын дидактикалық құралдармен сабақтастыру сапалы нәтижелерге қол жеткізеді.

 

2.2 Электрондық оқыту құралы

Электрондық оқыту құралын қолданудың негізгі мақсаттары: мағлұматтарды хабарлау, білімді қалыптастыру және бекіту,  біліктілік пен дағыны қалыптастыу және жетілдіру, оқуға ынталандыру, игеруді бақылау және т.б.

Қазіргі заманғы білім беруде  сапалы электрондық басылымдар мен оқу құралына  қажеттілік туындайды: 

  • қатысушылардың білімді өздігінен алудың әртүрлі  формаларын ұйымдастыру;
  • Оқу процесінде қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін қолдану:ақпаратты тіркеу жинау, сақтау, өңдеу, интерактивті диалог, объектілер, құбылстарды модельдеу, лабороториялардың жұмыс істеуі.
  • Мультимедиа технология, виртуалды нақтылық, гипермәтіндік пен гипермедиа жүйелері арқылы тікелей ассоциативті ақпаратты алу;
  • Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, білік, дағды деңгейін, жалпы білім дайындық тәртібі  бойынша дайындық деңгейін объективті бағалау, мемлекеттік білім стандарт  талаптарына сәйкес материалды игеру нэтижелерін шығару;
  • Оқушылардың оқу әрекетән нақты бір оқушынын интеллектуалды деңгейімен басқару: білім, білік, дағды деңгейін, асырылатын әдістер мен қолданылатын оқыту құралдарымен оның ынталандыру ерешеліктерін анықтау;.
  • Қатысушылардың жеке өзіндік жұмысын іске асыру үшін өздігінен оқу, даму, білімді өздігінен жетілдіру дағдыларын қалыптастыру;
  • педагогтар, оқушылар мен ата-аналарды білім мақсаты мен міндетіне сәйкес ақпаратпен оперативті қаматамсыз ету;
  • оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған педагогтар, оқушылармен ата-аналар арасында тұрақты және оперативті тілдесудің негізін құру.

Көптеген білімдендірудегі электрондық басылымдар мен құралдардың ерекшілігі – олардың интерактивтілігі мен кері байланыстың  болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Ағылшын тілі бойынша  АКТ-ны қолданып электрондық оқыту

құралын жасау

 

Курстық жұмысымның теориялық мақсаты – мектепте АКТ-ны қолданып, ағылшын тілі сабағын оқыту болып табылады. Ал практикалық мақсаты – алынған зерттеулер негізінде Delphi7 программасы көмегімен  мектепте  ағылшын тілі сабағын оқытуда қолданылатын оқыту құралын дайындау.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Ақпараттық-коммуникациялық технологияны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдану» болғандықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып, 5 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен электрондық оқыту құралын жасауды жөн көрдім.

Бұл құрал ағылшын тілінің «Етістіктің шақтары» тарауына негізделген. Мен осы құралды жасау барысында Delphi7 программасын қолдандым. Электрондық оқыту құралы 4 бөлімнен тұрады. Бастапқы беті мынадай түрде:

 

                                

 

 

                                

 

Бірінші бөлім – теориялық бөлім. Яғни онда теориялық мәліметтер енгізілген. Бұл бөлім 2 формадан тұрады.

                       

 

 

Және әрбір батырмаларды басқанда сол тақырыптар бойынша кестелермен, мысалдармен теориялық мәліметтер түсіндіріледі. Мысалыға мынадай түрде:

 

                        

 

 

Екінші бөлім – практикалық бөлім. Бұл бөлімде оқушының өзі берілген 5 бөлім бойынша тапсырмаларды орындайды.

 

 

                

 

 

 

Үшінші бөлім – тест. Бұл бөлімде оқушы оқыған теориясы мен орындаған практикалық жұмысының негізінде тест сұрақтарына жауап береді. Тестті орындап болған соң, оқушы қорытынды батырмасын басқанда қанша балл жинағанын шығарып береді.

Төртінші бөлім – сөздік. Бұл бөлімді оқушы өзіне анықтамалық құрал ретінде пайдалануына болады. Себебі, мұнда ағылшынның 26 әріпі бойынша сөздік құрастырылған.

                 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Менің курстық жұмысым ағылшын тілі сабағын оқытуда АКТ-ны қолдану бүгінгі заманауи талаптарға сай оқушыларға сапалы да тиянақты білім берудің маңызды мәселесі екендігіне арналды.

Оқушыларға мектепте ақпараттық білім бере отырып, олардың қазіргі ақпараттық технологияларды өз қажеттіліктеріне пайдалана алуға қатысты біліктілік, дағдылық, ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың маңызы зор. Білім беру саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды жетілдіру, алдыңғы қатарлы оқу тәжірибелерінің  озық үлгілерін қолдану, әрбір қоғам мүшесінің ақпараттық мәдениеттілігі мен сауаттылығын арттыру аса маңызды. Мен ағылшын тілі сабағын оқытуда АКТ-ны қолдану оқу сапасының деңгейін арттыруы тиіс деген ұстанымды ұстаймын.

Менің ойымша, АКТ-ны сабақ оқытуда қолдану бірден-бір тиімді нәрсе. Өйткені, оқушының кітаптан оқығанынан гөрі компьютерді қолданып оқуы оның пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Курстық жұмысымда қазіргі заманда АКТ-ны қолданып ағылшын тілі сабағын оқыту - оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыруда қолайлы жағдай туғызатынын айқындап, оның мүмкіндіктерін атап көрсеттім.

Информация о работе Тарау АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды уйымдастыру