Тарау АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды уйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2014 в 13:38, курсовая работа

Краткое описание

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Зерттеу мақсаты: білім беру үрдісін ақпараттандыру негізінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3

Негізгі бөлім

І тарау. АКТ туралы жалпы сипаттама .....................................................................5
1.1 АКТ-ны оқытудың ролі ........................................................................................6
1.2 АКТ-ны оқыту үрдісінде қолдану .......................................................................6
1.2.1 Дидактикалық мүмкіндіктері .................................................................7
1.2.2 Оң және теріс жақтары ...........................................................................8
1.3 Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы ................................10

II тарау АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды уйымдастыру
2.1 АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдану ...........................................12
2.2 Электрондық оқыту құралы ..............................................................................16
2.3 Ағылшын тілі бойынша АКТ-ны қолданып электрондық оқыту
құралын жасау ...........................................................................................................18

Қорытынды бөлім .....................................................................................................22

Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................................24

Қосымша ....................................................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

Каниева Гульнура 4305.doc

— 5.52 Мб (Скачать документ)

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына ене алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап етуге болады.

 

1.2.2 АКТ-ның оқыту үрдісінде қолданудың оң және теріс жақтары

 

Білімдендіруде электрондық басылымдар мен құралдарды қолдану оқытудың барлық салаларында әрқашан ақталады деген пікір қалыптасу мүмкін. Әлбетте көп жағдайда олай емес. Білімді ақпараттанудың негативті аспектілері бар. Білімдендіруде электрондық басылымдар мен құралдарды қолданудың позитивті және негативті факторларын білу, практикалық жұмыста педагог пен ескерілуі қажет.

Мамандарды дайындау жүйесінің ақпаратық және телекоммуникациялық құралдар қолданып, педагогикалық ұйымдастырудың келесі мүмкіндіктері бар:

  • Таңдау әдісімен технологиясы және білім мазмұнын жетілдіру
  • Информатика және ақпараттық технологиямен байланысты арнайы оқу тәртіптері мен бағыттарын еңгізу әрі дамыту
  • Дәстүрлі оқытуға информатикамен тікелей байланыспаған өзгерістер еңгізу
  • Қосымша мотивацияны қолданып, оқудың тиімділігін арттыру
  • Оқыту мен оқытушы әрекетін өзгерту оқу процесінде өзара әректтестік жаңа формалар ұйымдастыру
  • Білім жүйесін басқару механизмдерін жетілдіру

Білімді ақпараттану үдерісі оқушының активтілік пен реактивтілік деңгейін көтереді, альтернативті ойлау қабілетін дамытады, есептердің шешімін іздеу стратегиясын дайындауға үйретеді, зерттелетін объектілер және олардың арасындағы байланыстарды моделдеу негізінде қабылданған шешімдерді болжауға мүмкіндік береді. Білімді ақпараттану мен білімдендіруде электрондық басылымдар мен ресурстардың көрсетілген жағымды жақтары көп. Ақпараттық технологияны зерттеу мен электрондық басылымдар мен құралдарды құру облыстары бойынша басқа да көптеген «плюстары» сипатталады. Білімдендіруде электрондық басылымдар мен құралдарды оқытудың барлық салада қолдану негативті зардаптарға алып келеді.Ақпараттық технологияны оқытудың артықшылығы жеке оқыту болып табылады. Бірақ толықтай жекелендіру оның кемшілігі болады. Жекелендіру оқушылармен оқытушы арасындағы тірі тілдесуді шектейді оның орныны «компьютер мен диалогты» ұсынады. Оқушы сөйлемей, ақпараттық технология құралдармен жұмыс кезінде үндемейді. Адамдардың ойлау органы – сөз өшірулі болады. Практикада диалог жеткіліксіз болады. Білімдендіруде электрондық басылымдар мен құралдар қолданудың кемшілігі әлеуметтік байланыстың шегерілуі әлеуметтік өзара тілдесудің қысқарылуы, индивидуализм. Ең қиыны оқыту жүйесінде айналыста жүрген ақпараттан өзі орындайтын кәсіптік әрекетке ауысу, басқаша айтқанда оқулық, экран беттерінің таңбалық жүйеден практикалық әрекеттерге көшу. Бұл классикалық проблема формальды білімдерді практикада қолдану, психология тілде бұл проблема ойлаудан әрекетке көшу деп аталады.

Қазіргі заманғы білімдендіруде электрондық басылым мен құралдарды қолданудың нақты қиындықтары мен негативті моменттері педагогтар мен оқушыларға ақпараты қолдану еркіндігі бірлгенде пайда болады. Кейбір педагогтар мен оқушылар қазіргі заманғы телекоммуникация ұсынатын еркіндікті қолдана алмайды. Шатастырылған және қиын ұсыну тәсілдері оқушының оқу материалынан әртүрлі сәйкестіктерге байланысты ауытқуына себеп болады. Ақпараттың сызықтық емес құрылымы  ұсынылған сілтемелер бойынша жүруге қызықтырып, негізгі баяндалған оқу материалдан ауысып кетуі мүмкін.

Білімдендіруде электрондық басылым мен құралдары ретінде ұсынылатын  орасан зор көлемді ақпараттар  мысалға, электрондық анықтамалар, энцоклопедиялар. Интернет порталдар оқу процесінен алаңдатады.

Адамның кысқы мерзімді есінің  шектеулі мүмкіндіктері бар.  Кәдімгі адам ойлаудың тек жеті түрлі категориясын есте сақтай алады. Оқушыға ақпараттың әртүрлі типті түрлері ұсынылғанда, ол бір типті ақпараттан екіншісіне үлгере алмай, маңызды ақпаратты өткізіп отыруы мүмкін. Көп жағдайда білімдендіруде электрондық басылым мен құралдарды қолдану тәжірибені өз қолдарымен жүргізу мүмкіндігінен айырады, бұл оқыту нәтижелеріне негативті әсер етеді,  сонымен  шамадан тыс білімдендіруде электрондық басылым мен құралдарды қолдану оқу процесінің барлық қатысушылардың денсаулықтарына зиян келтіретінін ұмытпау керек.

 

 

 

 

 

1.3 Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық  құзырлығы

 

Мұғалiмнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе "Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар" ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

Жаңа ақпараттық технологиялар  дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл  процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер – бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге  дейін бiз осы зор құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Себеп не? Басты себеп – мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауына немесе төмендiгiнде. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе "құзiреттiлiк" ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.

Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi – aқпараттық-коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын "оку, тұрмыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлеттiлiгi" деп анықтайды.

Авторлар мақалада ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы және кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бұл тұрғыдан қарастырғанда, ақпараттық құзырлылық екі құрамдас бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық және компьютeрлiк бiлiмдарлық.

Компьютeрлiк технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа К.А. Каймин  "компьютермен өз бетiнше жұмыс iстей бiлу, компыoтерлiк техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды iздеу дағдылары мен бiлiктерінің болуы" деп aнықтама бередi.

Компьютeрлiк бiлiмдарлықтың белгiлерiне компьютерлер мен танымал бағдарламалардың кеңтүрлiлiгiн бағдарлай бiлу, олардың мүмкіндiктepiн бiлу, нақты бір жұмыс үшiн тиiмдi бағдарламалық құралдарды таңдай бiлу, бағдарламалық құралдар бойынша жеке библиотекасының болуы жатады.

Сонымен, мұғалiмнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:

  • Ақпараттарды  өңдеудiң компьютерлiк  технологияларын теориялық  және практикалық тұрғыда оқып - үйрену;
  • Әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып - үйрену және оны оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;
  • Ақпараттық және коммуниациялық технологияларды  жеке пәндердi оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.

Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту мақсатында оқу курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр.

Сонымен, aқпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде қолдануға байланысты педагог-кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру қазiргi кезеңде бiлiм берудi aқпараттандырудың маңызды міндеттерiнiң бiрiне айналып отыр. Бұл маңызды мiндеттi шешпейiнше, бiлiм беру ұйымдарының техникалық базасын нығайтy, компьютерлердi желiлерге қосу, электронды оқу құpалдарын дайындау ешқандай нәтиже бермейдi.

Стандарттағы бiтiрушiлерге қойылатын бiрыңғай талаптар жүйесiн болашақ педагог-мамандардың aқпараттық-коммуникациялық құзырлылығына қойылатын талаптармен толықтыру қажет.

Ұйымдастырушылық тұрғыдан қарастырғанда:

- орта және жoғары кәсiптiк  оқу орындарында педагогикалық бiлiм алып жатқан стyденттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жайлы жалпы бiлiммен қатар, педагогикалық қызметiне байланысты кәсiби бiлiм мен дағдыларды игеруiне;

- бiлiм беру ұйымдарындағы  педагог-қызметкерлердің қазiргi заманғы бiлiм берудiң қажеттiлiктерiне сай aқпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға байланысты бiлiктiлiктерiн көтерулерiне мүмкiндiк берiлiп, барлық жағдай жасалуы керек.

Мұнан басқа, бiлiктiлiктi көтеруге, мұғалiмдердiң өз бiлiмiн көтepyiне, оларды кәсiби қайта даярлауға арналған бағдарламаларды жасауға негiз болатын оқу-әдістемелік базаны құру мен дамытудың да маңызы зор.

Мұғалiмдердің ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктерін көтеруге байланысты жұмыстардың 3 кезеңi атап көрсетілген:

1) Компьютермен, түрлi коммуникациялық жүйелермен алғашқы танысу;

2) Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  жеке түрлерiн  терең, зерттеу, жұмыc iстей бiлу дaғдыларын  қалыптастыру;

3) Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды мұғалiм қызметiнде, жеке пәндердi оқытуда қолдана бiлyдi меңгеру.

Әрине, отандық бiлiм беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолдануға байланысты атқарылған жұмыстap жоқ деуге болмайды. Көптеген электрондық оқулықтар, электронды оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

I I тарау

2.1 АКТ-ны ағылшын тілі сабағын  оқытуда қолдану

 

Ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқыту үрдісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған азамат ретінде танылуларына негіз бола алады.

Ағылшын тілін оқыту үрдісінде ақпараттық білім беру технологияларын қолдануды жүйелік тұрғыдан жеке тұлға тұрғысынан, іс-әрекет тұрғысынан кешенді тұрғыдан қараған жөн. Мектепте ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану мәселесінің барлық аспектілері ақпараттық технология мазмұнын талдау, ақпараттық технологияның диагностикалық мақсаттылығы нәтижелілігі, визуальдығы, ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, ақпараттық технологияны қолданудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтау негізінде қарастырылды.

Ақпараттық білім беру технологияларын оқыту үрдісінде тиімді пайдалану, өз кезегінде, ағылшын тілін оқытудың қарқынын арттыруға бейнелік және теориялық ойлауын дамытуға, оқушылардың ақпараттық қоғамның жағдайларына бейімделуіне ықпал етеді. Мектепте ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары электронды оқулықтар мен интернет технологиясын пайдалану болып табылады, сонымен қатар дүниежүзілік интернет желісі оқушылардың білім өрісін кеңейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, қазіргі оқыту құралдары: компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар әр түрлі оқыту үрдісін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастыруда, өзіндік жұмыстарды орындауда әдістемелік құрал ретінде де маңызды.

Осы жұмысқа тірек етіп қарастырған келесі ұғым ол – «ақпараттық технология». Ғалымдар А.А. Кузнецов, Н.Р. Юсуфбекова, В.А. Извозчиков «ақпараттық технология» туралы өз еңбектерінде жаңа электронды оқыту құралдарын соның ішінде  компьютерді оқыту-тәрбие үдерісіне қолдану әдістерін  жан-жақты зерттеген. Технологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау барысында «ақпараттық технология» ұғымы да өзіндік ерекшеліктермен сипатталатынын байқадық, көп жағдайда ақпарат алу, сақтау, өңдеу және тарату деп сипат берілгенін байқадық.

Ақпараттық технологияға қатысты зерттеушілер, әдістемелік құралдардың авторлары Д.Г. Левитес, Е.Н. Ястребцева, В.Ф. Шолохович, Б.С. Гершунский, Н.П. Гузик ақпараттық білім беру технологияларының нақты әдіснамалық қағидаларын анықтап, іс-әрекеттік, технологиялық жеке тұлғалық, жүйелілік мазмұнын ашып көрсетеді.

Ғалымдардың ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану туралы айтқан және зерттеу барысында қарастырылған көзқарастары мен ой тұжырымдарының талдамасы бізді «Ақпараттық технология» компьютерлік технологияны қолдану арқылы қажетті мәліметтерді ала отырып, оқушылардың коммуникативті қабілеттері мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және ағылшын  тіліндегі сөздік қоры мен ауызекі сөйлеуін  дамытуға, грамматиканы сөйлесім арқылы меңгеруге бағытталған оқыту үрдісі деген анықтама беруге негіз болды.

Осы орайда, ақпараттық технологияны қолдануда оқушының атқаратын екі функциясын айқындалды: бірінші-толықтырушы, екіншісі-моделдеуші. Бұл функциялар стимулятивтік-моделдеуші және ойындық бағдарламалар компьютер арқылы орындау үшін қажет өнімді іс-әрекетке араластыруға мүмкіндік тудырады.

Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы  педагогикалық нәтижеге жетуде компьютерді ақпараттық технологияның құрамдас бөлігі ретінде оқыту үрдісінде қолдануда. Ақпараттық технологияларды пайдалану білім жүйесін бәсекелестікке қабілетті тұлға дайындауда және әлемдік білім кеңестігіне кірудің бірде бір жолы деп есептейміз.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану білім беру коммуникациясының интерактивті сипатын арттыра түседі. Ғалымдар               А.А. Андреев, В.И. Солдаткин, В.П. Кашицин ағылшын тілін оқытуда ақпараттандыру үдерісінің ықпалын жан-жақты сипаттай отырып, әсіресе, білім мен ұғымды ұсыну, меңгеру әдістерінің өзгеретіндігін, оқытушылар мен студенттердің өзара әрекетінің жолдары туралы айтады. Осы орайда оқытудың тиімділігін арттыруды ұсынады. Ағылшын тілін оқыту үрдісінде ақпараттық технологиялардың, әсіресе қарым-қатынас ортасын, жалпы тақырып шеңберінде әріптестердің интерактивті өзара әрекет ортасын құрудағы маңызы ерекше. Ғалым М.Ушакова ағылшын тілін оқыту әдістемесін зерттей отырып, компьютерлік телекоммуникациялар ағылшын тілінде тірі, шынайы қарым-қатынастарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін айтады. Бұл телекоммуникацияның дидактикалық қасиеті шынайы тілдік орта құру үшін керемет мүмкіндіктер туғызады.

Информация о работе Тарау АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды уйымдастыру