Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2015 в 09:19, реферат
Компьютерлік графикамен жұмыс – дербес компьютерді қолдану бағыттарының ең кең тараған, қазіргі заманғы талаптарға сай келетін саласы. Компьютерлік графиканы кәсіпқой суретшілер ғана емес, дизайнерлер, операторлар және қарапайым қолданушылар пайдаланады. Кез келген кәсіпорында уақыт өте келе графиканы пайдалануға, баспа құралдарына жарнама беруге, жарнамалық буклет дайындауға қажеттілік туындайды. Үлкен фирмалар мұндай кезде арнайы дизайнер мамандарына немесе жарнамалық агенттіктерге тапсырыс береді, ал бюджеті шектеулі шағын кәсіпорындар өз күшіне сенуге мәжбүр болады.
І. Кіріспе 2
ІІ. Негізгі бөлім
1. Paint туралы алғашқы мәлімет. 3
2. Бағдарлама терезесі. 3
3. Қолданылатын аспаптар. 6
4. Сызықтар мен доғалар. 7
5. Геометриялық фигуралар және аймақтардың 8
ішін бояу (заливка).
6. Микроскоп режимі және мәтін енгізу. 9
7. Фрагменттермен жұмыс істеу. 10
8. Суреттің ерекшеленген қиындысымен жұмыс істеу. 12
9. Суретте жазуды жасау және суреттерді мәтінге енгізу. 13
10. Бейне атрибуттары , бейнелерді дискіге жазу және оқу. 15
11. Суреттерді баспаға шығару. 16
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер 18
Windows-тың принципті ерекшеліктерінің бірі – OLE технологиясы болып табылады. Ол бір бағдарпламада жасалған объектілерді келесі бір бағдарламада пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл технологияның мүмкіндіктері орасан зор. Бірақ біз бұл жерде тек қана, Word Pad және Paint редакторларында жасалған сурет пен мәтінді байланыстыруды (және енгізуді) қарастырамыз.
Байланыстыру мен енгізу арасындағы айырмашылықты түсініп көрейік.
Байланыстыру кезінде орналастырылатын объектіге сілтеме ғана беріледі, сондықтан аталған объектіні бастапқы файлда модификациялау кезінде барлық өзгерістер қабылдағыш файлда көрсетіледі.
Енгізу кезінде объектінің көшірмесі файл-қабылдағышқа беріледі. Енді бастапқы файлдағы өзгерістер енгізілген көшірмеге әсер етпейді.
Кейбір кездерде байланыстыруды қолданған тиімділеу, өйткені осы кезде диск жадының көлемін үнемдеуге қол жетеді және бастапқы объектіні жедел модификациялау мүмкін болады. Ал басқа жағдайларда енгізуді пайдаланған қолайлы, өйткені мұндай кезде “қол астында” әрдайым файл-түпнұсқа болғанына қам жеудің қажеті жоқ (және ең бастысы бұл файлда кездейсоқ өзгерістер болғанда немесе оның жойылып кеткенінде файл-қабылдағышта қажетсіз өзгерістер болмас үшін).
Байланыстыру мен енгізуді жүргізудің ең жақсы әдісі – алмасу буферінің көмегімен орындау. Мәтіндік файлға файл-суретті енгізуді қарастырамыз. Оның негізгі қадамдары мынадай:
Байланыстыру операциясын орындау жоғарыда айтылғанмен ұқсас. Айырмашылығы тек соңғы әрекетте ғана – Вставить пунктінің орнына Связать пунктін белгілейміз.
Объектіні басқа қосымшаға (біздің жағдайымызда – суретті мәтінге) енгізіп (байланыстырып) болғаннан кейін, оны файл-қабылдағыштың өзінде редакциялауға (түзетуге) болады. Яғни, тышқанмен екі рет шертіп енгізілген (байланысқан) объектіні ерекшелеп, қиындымен жұмыс істеуге арналған барлық операцияларды орындауға болады. Олар: маркерлерді тасымалдау арқылы көлемді өзгерту; жылжыту – объектінің ішінен тінтуір меңзерін орналастырып, оны жаңа орынға сүйреп апару; объектіні өшіру немесе одан әрі көшіру үшін оны буферге орналастыру.
Ескертетініміз, енгізілген (байланысқан) суретті ерекшелеген жағдайда мәзір мен Paint редакторының барлық құралдары пайда болады. Бұл дегеніміз байланысқан немесе енгізілген объектіні редакторлау үшін ол объектіні жасау кезінде қолданған құралдардың бәріне қол жеткізуге болады деген сөз. Енгізілген (байланысқан) объектіні редакторлап болғаннан соң , барлық құралдарды алып тастау үшін ерекшеленген объектіден тысқары жерді тышқанмен шертсе жеткілікті.
10. Бейне атрибуттары , бейнелерді дискіге жазу және оқу.
Paint редакторын алғашқы жүктеу кезінде, үнсіз келісім бойынша, сурет салынатын терезенің параметрлері тағайындалады:
Жаңа сурет салмастан бұрын осы параметрлерді өзгертуге болады. Ол үшін Параметрлер => Бейне атрибуттары ... (Параметры => Атрибуты Образа ...) әмірін таңдап, экранға шығатын сұхбаттасу терезесіне қажетті атрибуттарды – мүмкін параметрлерді тағайындау керек. Сол терезеде өлшеу бірліктерін де тағайындап алуға болады (әдетте пиксель қолданылады).
Атрибуттарын өзгерткен соң , экран бетіне сурет салынатын жаңа өлшемді бос терезе пайда болады. Егер де сурет салу үшін ақ-қара палитра тағайындалған болса, онда палитрада қара, сұр және ақ түстердің көрінісі шығады.
6-сурет. Бейне атрибуттары сұхбат терезесі.
Графиктік бейнелерді дискіден оқу және жазу басқа бағдарламалардағыдай бізге таныс тәсілмен жүргізіледі.
Дискіге бұрын жазылған суретті жұмыс аумағына жүктеу (оқу) үшін, Файл => Ашу ... (Файл => Открыть ...) әмірін таңдау қажет. Стандартты сұхбаттасу терезесінде файлдың кеңейтілуі көрсетіледі, керекті каталог пен ондағы қажет файл анықталады.
Paint редакторы бірнеше графикалық форматтармен жұмыс істейді, олардың ішіндегі негізгісі болып ВМР форматы саналады.
Салынған суретті дискіге жаңа атпен жазып сақтау үшін, “... деп сақтау” (Сохранить как ...) әмірін таңдау керек. Стандартты сұхбат терезесінде сол файлдың форматы, аты беріледі, сондай-ақ файлды жазатын каталог таңдап алынады. ВМР форматындағы файлдардың бірнеше түрлері бар екенін айта кеткен жөн, олар сақталатын түстерінің санымен – монохромды, 16 түсті, 256 түсті, 24 биттік растрлық формат болып ажыратылады.
Егер сурет салынған файл дискіде сақталынған болса, онда оны кез келген сәтте дискіден оқып, аздап түзетіп, қайтадан сол атымен бұрынғы орнына жазып қоя аламыз. Ол үшін Файл => Сақтау (Файл => Сохранить) {Ctrl+S} әмірі пайдаланылады. Суреттерге өзгертулер енгізіп, оларды толықтыру кездерінде үнемі осы команданы пайдалана отырып дискіде сақтау ұсынылады.
11. Суреттерді баспаға шығару.
Paint редакторында графиктік
Жұмыс аумағында тұрған суретті бірден басып шығару Файл => Баспа (Файл => Печать) әмірімен жүргізіледі. Сұхбаттасу терезесінде графиктік бейнені басып шығару сапасын беруге болады (Алғашқы нұсқа (Черновик) – сапасы төмен болғанмен, тез басып шығаруға арналған, ал Таза нұсқа (Чистовик) - өте сапалы, бірақ баяу басып шығарады).
Терезе тобында Бөліктеу ауыстырып қосқышын (переключатель Частично) пайдалану арқылы суретті толық күйде емес, тек оның ерекшеленген фрагментін ғана басып шығару мүмкіндігі бар. Сол терезедегі Принтердің рұқсатын пайдалану (Использовать разрешение принтера) деген тексеру жалаушасының әрекеті принтердің нақты моделіне байланысты. Одан басқа параметрлерді сипаттап жатудың қажеті шамалы. Тек бір айта кететін жәйт, масштабты өзгерткенде сақ болған жөн, өйткені ол әдетте басылуға тиіс бейненің сапасын төмендетіп жібереді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Е.Қ.Балапанов. Жаңа информациялық технологиялар: “Информатикадан 30 сабақ” ЖТИ. 2007ж. Алматы.
2. Кирнос В.Н “Информатика 10” “Келешек – 2030” баспасы, 2006ж. Көкшетау.