Принтер және олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2015 в 09:19, реферат

Краткое описание

Компьютерлік графикамен жұмыс – дербес компьютерді қолдану бағыттарының ең кең тараған, қазіргі заманғы талаптарға сай келетін саласы. Компьютерлік графиканы кәсіпқой суретшілер ғана емес, дизайнерлер, операторлар және қарапайым қолданушылар пайдаланады. Кез келген кәсіпорында уақыт өте келе графиканы пайдалануға, баспа құралдарына жарнама беруге, жарнамалық буклет дайындауға қажеттілік туындайды. Үлкен фирмалар мұндай кезде арнайы дизайнер мамандарына немесе жарнамалық агенттіктерге тапсырыс береді, ал бюджеті шектеулі шағын кәсіпорындар өз күшіне сенуге мәжбүр болады.

Содержание

І. Кіріспе 2
ІІ. Негізгі бөлім
1. Paint туралы алғашқы мәлімет. 3
2. Бағдарлама терезесі. 3
3. Қолданылатын аспаптар. 6
4. Сызықтар мен доғалар. 7
5. Геометриялық фигуралар және аймақтардың 8
ішін бояу (заливка).
6. Микроскоп режимі және мәтін енгізу. 9
7. Фрагменттермен жұмыс істеу. 10
8. Суреттің ерекшеленген қиындысымен жұмыс істеу. 12
9. Суретте жазуды жасау және суреттерді мәтінге енгізу. 13
10. Бейне атрибуттары , бейнелерді дискіге жазу және оқу. 15
11. Суреттерді баспаға шығару. 16
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер 18

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бухарбаева Меруерт.doc

— 289.50 Кб (Скачать документ)

                                         Жоспар

 

І. Кіріспе 2

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

    1. Paint туралы алғашқы мәлімет. 3

 

     2. Бағдарлама терезесі. 3

 

     3. Қолданылатын аспаптар. 6

 

     4. Сызықтар мен доғалар. 7

 

     5. Геометриялық фигуралар және аймақтардың  8

          ішін бояу (заливка).

 

     6. Микроскоп режимі және мәтін енгізу. 9

 

     7. Фрагменттермен жұмыс істеу. 10

 

     8. Суреттің ерекшеленген қиындысымен жұмыс істеу. 12

 

     9. Суретте жазуды жасау және суреттерді мәтінге енгізу. 13

 

   10. Бейне атрибуттары , бейнелерді дискіге жазу және оқу. 15

 

   11. Суреттерді баспаға шығару. 16

 

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер 18

 

 

                                        

КІРІСПЕ

 

Компьютерлік графикамен жұмыс – дербес компьютерді қолдану бағыттарының ең кең тараған, қазіргі заманғы талаптарға сай келетін саласы. Компьютерлік графиканы кәсіпқой суретшілер ғана емес, дизайнерлер, операторлар және қарапайым қолданушылар пайдаланады. Кез келген кәсіпорында уақыт өте келе графиканы пайдалануға, баспа құралдарына жарнама беруге, жарнамалық буклет дайындауға қажеттілік туындайды. Үлкен фирмалар мұндай кезде арнайы дизайнер мамандарына  немесе жарнамалық агенттіктерге тапсырыс береді, ал бюджеті шектеулі шағын кәсіпорындар өз күшіне сенуге мәжбүр болады.

Компьютерлік графикасыз бірде-бір қазіргі заманғы мультимедиалық бағдарлама жұмыс істемейді. Көпсалалы бағдарламаларды құрушылардың жұмыс уақытының 90%-ы графикамен жұмыс істеуге жұмсалады. БАҚ-ң жұмыс күшінің жұмсалуы  көркемдеу және безендіру жұмыстарына негізделген.

 

Компьютерлік графика түрлері.

 

Графикамен жұмыс істеуге көптеген бағдарламалық жасақтар қолданылатынына қарамастан компьютерлік графиканың негізгі үш түрін бөліп жарады:

  • Растрлық графика – электрондық (мультимедиалық) және полиграфиялық баспаларды жасауда қолданылады. Растрлық графика құралдарымен жасалған бейнелер әдетте қолмен салынбайды, сканер арқылы компьютергі көшіріледі немесе сандық фото және бейнекамералардан енгізіледі. Растрлық бейнелер төртбұрышты нүкте тәріздес растрлардан құралады. Бейненің масштабын үлкейту кезінде  оның сапасы төмендеп, түсініксіз ұғымға айналады.

 

  • Векторлық графика – бейнелер, сызбаларды құруға негізделген. Мұндай құралдарды жарнамалық агенттіктерде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаларда қолданады. Векторлық бейнелер тік және қисық контурлар (сызықтар) негізінде құралады және олардың сапасы өте жоғары болады. Векторлық бейнелерді құруға арналған редакторлар көмегімен өңдеу жұмыстары жүргізілмейді.

 

 

  • Фрактальды графика – математикалық есептеулер жолымен бейнелерді автоматты түрде генерациялау негізінде құралады. Фрактальды композицияларды құру сурет салу мен безендіруге емес, бағдарламалауға негізделген.

 

                     

              Графикалық редакторлар туралы мәлімет.

                       PAINT графикалық редакторы.

 

                   1. Paint туралы алғашқы мәлімет.

 

Графикалық редактор – графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы бағдарлама. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозайка) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.

Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің стандартты бағдарламалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.

 

                            2. Бағдарлама терезесі.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 1-сурет. Paint графикалық редакторының терезесі.

 

Paint редакторын іске қосу үшін Іске қосу => Бағдарламалар => Қалыпталған => Paint әмірін орындасақ , 1-суретте көрсетілген терезе көрінісі пайда болады. Оның құрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтермен (жұмыс аумағы, мәзір мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.

Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан біздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аламыз (2-сурет). Кез келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан меңзерін апарып, оны шертсек жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшеленеді.


 

 

 

          3-сурет.

 

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан (3-сурет). Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (бұдан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (бұдан былай оны фондық деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбұрыш тұр, осылардың үстіңгісі – негізгі түсті, ал астыңғысы – фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін меңзерді палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы – фондық түсті өзгертуге болады.

 Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты, доғаларды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:

  • аэрозоль балонының сиясының ені;
  • өшіргіш (ластик) ені;
  • бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені.

Жұмыс аумағы – салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы (бөлігі). Егерде мөлшері жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терезе шеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді. Ал егер жұмыс аумағынан кіші сурет салынса, онда ол терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетілетін болады.

Терезенің маңызды ерекшелігі – онда Құралдар жиынтығы (Набор инструментов) мәзірінің (сол жақтағы тік бағанша), Құралдар атрибуты (Атрибуты инструментов) (аталған бағанша астындағы екі суретше) және Түр-түсі (Палитра) (төменде көлденең орналасқан түрлі-түсті төртбұрыштар) бар болуы.  Құралдар атрибуты (Атрибуты инструментов) түрі таңдалған құралға тәуелді өзгеріп отырады. Мысалы, сызықты таңдағанда – атрибут сызықтың қалыңдығы болады.

Құралдардың неге арналғанын таңбашалардың түрінен түсінуге болады. Соларға қысқаша ғана түсініктеме берейік.


       – еркін түрде салынған суреттің қиындысын (әрі қарай көшіру, тасымалдау үшін) ерекшелейді;

 – бейнені өшіруге мүмкіндік береді. Атрибуттарды таңдау арқылы ластик көлемін өзгертуге болады.


  – («ластиктің» оң жағында орналасқан таңбаша) – тұйық аймақты негізгі және фондық түспен толтырады (сәйкесінше тінтуірдің сол жақ немесе оң жақ батырмасын басқанда).

  (ластик астындағы таңбаша) – суреттің керек жерін тінтуірмен шерту арқылы сол жердің түсін негізгі немесе фондық түс ретінде таңдаймыз.


  (лупа таңбасы) – сурет көлемін өзгертеді. Атрибуттар үлкейту өлшемін таңдауға арналған.

  – нүктелер мен сызықтарды салу үшін. Shift пернесін басып, ұстап тұрғанда қатаң түрде көлденең немесе қатаң түрде тік орналасқан сызықтар салынады.


  –  еркін формалы сызықтар салады.

  – негізгі немесе фондық түс тамшыларын суреттің белгілі бір бөлігіне шашыратады.


  – (“A” әрпінің таңбасы) – мәтіндік төртбұрышты үзіндіні кірістіру. Қаріпті белгілеу үшін қосымша панель қолданады.


  – түзу сызықты салады. Атрибуттар сызықтың қалыңдығын таңдауға мүмкіндік береді. Shift пернесін басып тұрғанда қатаң түрде тік, көлденең және диагоналды (жазықтыққа 450 градус бұрышпен) сызықтарды салуға мүмкіндік береді.


  – қисық сызықтарды салады. Атрибуттар қисықтың қалыңдығын өзгертуге мүмкіндік береді.

  – тік төртбұрыш суретін салады. Shift пернесін басып тұрса, шаршы (квадрат) суретін салуға болады.


  – көпбұрыш суретін салады. Shift пернесін басып ұстаса, қабырғалары тік, көлденең және диагоналды орналасқан көпбұрыштар салуға мүмкіндік береді.

  – эллипс суретін салады. Shift пернесін басып тұрса, дөңгелек суретін салуға болады.


  – бұрыштары жұмырланған тік төртбұрыш суретін салады. Shift пернесін басып ұстаса, бұрыштары жұмырланған шаршы (квадрат) суретін салуға мүмкіндік береді.

 

Енді құралдарды пайдалану ретін түсіндірейік:

  • Қажет құралды таңдау, яғни Құралдар жиынтығы(Набор инструментов) тақтасындағы сәйкес келетін батырма үстінен шерту.
  • Қажет болса, таңдалған құралдың керекті атрибуттарын таңдау. Ол үшін Құралдар атрибуты(Атрибуты инструментов) тақтасындағы белгішелердің бірінің үстінен шерту керек.
  • Түр-түсі (Палитра) ішінен өзімізге қажет негізгі түсті (тінтуірдің сол жақ пернесін шерту арқылы) және фон түсін (тінтуірдің оң жақ пернесін шерту арқылы) таңдау.
  • Экранның керек жеріне көшу және тінтуірдің батырмасын баса отырып, қажетті операцияны орындау.

 Ескерту. Сурет салу кезінде тінтуірдің сол жақ, оң жақ батырмаларын пайдалануға болады. Сонда пайда болған объектілердің түсі сәйкесінше негізгі немесе фондық түске боялып шығады.

 

                        3. Қолданылатын аспаптар.

 

Paint аспаптарын іс жүзінде игеруге кіріспес бұрын ескертетін бір жайт – ол редакторда жұмыс істеу барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар (бұл әрекет барлық бағдарламаларда кездеседі). Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылады. Оны іске асыру үшін мәзірдегі Түзету => Өзгерту (Редактирование => Отменить) {Ctrl+Z} әмірін таңдау керек.

Аспаптар тақтасы қарапайым суретшінің аспаптарының жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдетте қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мұндай аспапты таңдаған соң , “тінтуірдің” стандартты меңзері Қылқаламға айналады. Тінтуірдің сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) меңзерді экран бетімен жылжытсақ меңзер артында із қалдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады.

Бұдан төмен орналасқан аспап – Аэрозольді баллон немесе Шашыратқыш. Оны таңдап алғаннан кейін тінтуір меңзері қосу “+” символына ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жақ батырманы басып тұрып меңзерді экран бетімен жүргізсек, оның артында шашыраған бояуға ұқсас із қалады.

Тақта құрамында екі түрлі өшіргіш (ластик) бар, олардың қарапайым өшіргіштен басты айырмашылығы – белгілі бір түспен өшіреді. Бірінші өшіргіш (ластик) барлық кескіндерді фондық , түспен өшіруге арналған. Ал екінші өшіргіш негізгі түспен боялып салынған барлық фрагменттерді ғана фондық түске айналдыра отырып өшіреді.

Бірінші өшіргіш арқылы кейіннен керекті фондық түсті таңдап алып, экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы тәсілді пайдалану кезінде тінтуірді екі рет шертсек, онда меңзер маңы бірден фондық түске боялады.

Екінші түрдегі өшіргіш арқылы өзімізге қажет негізгі және фондық түстерді тағайындаған соң , өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен тінтуірді екі рет шерту суреттегі меңзер маңындағы бір түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгертуге мүмкіндік береді (яғни, дәл осы уақытқа дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді.

Осы тақырыпшаға байланысты мынадай тапсырманы орындаймыз:

  1. Қылқалам мен Аэрозольді баллонды қолдана отырып, кез келген бір сурет саламыз.
  2. Екінші типті өшіргішті пайдалана отырып, салынған суреттің түр-түсін өзгертеміз.  

 

                              4. Сызықтар мен доғалар.

 

Paint редакторы аспаптарының көмегімен белгілі бір қалыңдықпен берілген түзу сызықтар мен доғаларды сызуға болады.

Негізгі түспен түзу сызық сызу үшін мынадай әрекеттер орындалады:

  • сызықтың қалыңдығын тағайындау және Түзу сызық аспабын таңдау;
  • меңзерді бастапқы нүктеге апарып, тінтуірдің сол жақ батырмасын басу;
  • батырманы басулы күйінде ұстап тұрып, меңзерді сызықтың соңғы нүктесіне ауыстыру;
  • батырманы босату.

Осылардың нәтижесінде экран бетінде негізгі түспен сызылған түзу сызық пайда болады.

Егер тік немесе көлденең сызықтарды сызғымыз келсе, онда сызу кездерінде сол жақ батырмамен бірге Shift пернесін басамыз.

Доға сызу үшін аздап машықтану керек. Алдымен сызық қалыңдығын тағайындап, Доға сызатын аспапты таңдаймыз. Сонан кейін мына әрекеттерді орындау қажет:

  • жоғарыда айтылғандай түзу сызық жүргізу (түзу сызықтың соңғы нүктелері салынатын доғаның шеттерімен дәл келуі тиіс);
  • түзудің ортасындағы белгілі бір нүктеге меңзерді жеткізіп, тінтуірдің сол жақ батырмасын басып оны басулы күйінде ұстап жібермей, меңзерді доғаның контуры ойымыздағыдай болғанша көлденең бағытта орын ауыстыру керек;
  • батырманы босату керек.

Информация о работе Принтер және олардың түрлері