Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2015 в 09:19, реферат
Компьютерлік графикамен жұмыс – дербес компьютерді қолдану бағыттарының ең кең тараған, қазіргі заманғы талаптарға сай келетін саласы. Компьютерлік графиканы кәсіпқой суретшілер ғана емес, дизайнерлер, операторлар және қарапайым қолданушылар пайдаланады. Кез келген кәсіпорында уақыт өте келе графиканы пайдалануға, баспа құралдарына жарнама беруге, жарнамалық буклет дайындауға қажеттілік туындайды. Үлкен фирмалар мұндай кезде арнайы дизайнер мамандарына немесе жарнамалық агенттіктерге тапсырыс береді, ал бюджеті шектеулі шағын кәсіпорындар өз күшіне сенуге мәжбүр болады.
І. Кіріспе 2
ІІ. Негізгі бөлім
1. Paint туралы алғашқы мәлімет. 3
2. Бағдарлама терезесі. 3
3. Қолданылатын аспаптар. 6
4. Сызықтар мен доғалар. 7
5. Геометриялық фигуралар және аймақтардың 8
ішін бояу (заливка).
6. Микроскоп режимі және мәтін енгізу. 9
7. Фрагменттермен жұмыс істеу. 10
8. Суреттің ерекшеленген қиындысымен жұмыс істеу. 12
9. Суретте жазуды жасау және суреттерді мәтінге енгізу. 13
10. Бейне атрибуттары , бейнелерді дискіге жазу және оқу. 15
11. Суреттерді баспаға шығару. 16
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер 18
Экран бетінде берілген қалыңдықта, негізгі түспен сызылған доға пайда болады. Егер доға ойдағыдай болып шықпаса, онда бірнеше рет қайталап бірінші салынған доғамызды өзгертуге тырысамыз.
Тапсырма. Түзу сызық және Доға аспаптарының көмегімен кез келген суретті саламыз. Доғалар мен сызықтардың қалыңдықтары әртүрлі болуы тиіс.
5. Геометриялық фигуралар және аймақтардың
ішін бояу (заливка).
Paint редакторында тіктөртбұрыштар, эллипстер және көпбұрышты тұйық сызық сызатын арнайы аспаптар бар. Барлық фигуралардың контуры берілген қалыңдықтағы негізгі түстегі сызықтармен салынады. Фигуралардың іші бос болуы мүмкін немесе белгілі бір түспен бояуға да болады. Бояу түсі фондық түске сай келуі тиіс. Аспаптар тақтасында түрлеріне сәйкес бейне сызуға мүмкіндік беретін мынадай белгілер орналасқан:
Ең соңғы екі фигурадан басқасы жалпы үлгі бойынша салынады. Мысалы, іші бос тіктөртбұрышты салу үшін:
Көпбұрыштар басқа жолмен салынады. Олардың түстерін, сызықтарының қалыңдығы мен аспапты тағайындаған соң , белгісін таңдап алып мына төмендегілерді орындау керек:
Тапсырма.
Paint редакторы тұйық сызықтар ішін негізгі түспен бояуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Білік (Валик) аспабын таңдап белгілеп алып, меңзер кішкене білік түрін айналғанда, оны тұйықталған аймақтың кез келген ішкі нүктесіне алып барып, тіртуірді шертсек жеткілікті. Сонда тұйық аймақ түгелдей негізгі түске бояла бастайды.
Тұйық аймақты бояу барысында оның қабырғаларының үзік жері болмауын қадағалап отырамыз. Тіпті бір нүкте (пиксель) сиятын үзілген жердің болуы бояудың аймақтан тыс таралып кетуіне себепші болады.
Тапсырма. Түзу сызық , Доға, Іші бос тіктөртбұрыш және Іші бос эллипс аспаптарын пайдалана отырып, кез келген бейнелі сурет саламыз. Білік аспабының көмегімен суреттегі тұйық аймақтарды әртүрлі түске бояймыз.
6. Микроскоп режимі және мәтін енгізу.
Суреттерді, сызбаларды немесе схемаларды даярлау барысында оларда ешқандай “қоқырсықтың” – артық нүктелердің болмағаны жөн. Суретте басқа түске боялған бір нүктенің болуы одан алған әсерімізді жоқ етеді.
Сурет салудың әдеттегі режимінде белгілі бір нүктеге меңзермен дәл түсу оңай емес. Ол үшін көптеген редакторларда “Микроскоп режимі” деп аталатын сурет салудың арнайы режимі қолданылады. Мұндай режимде әр нүктенің мөлшері (масштабы) бірнеше есе өседі, оның есесіне жалпы сурет бейнесін көру пропорционалды түрде нашарлай түседі. Өйткені экранға суреттің тек белгілі бір бөлігі ғана сыйып тұрады, бірақ бұл режимде қажетті нүктеге дәл түсу көп еңбекті талап етпейді.
Paint редакторына Микроскоп режимін орнату үшін, мәзірден Қарап шығу => Жақындату (Просмотр => Приблизить) {Ctrl+G} әмірін таңдау керек. Бұдан кейін меңзер сурет ішінде орын ауыстыруға болатын тіктөртбұрышты кішкентай жақтау пішіндес болады. Бұл төртбұрышты контурға суреттің кейіннен үлкейтілетін бөлігі ғана орналасады. Суреттің қажетті бөлігін таңдап алып, тінтуірді шерту арқылы экран бетінен біз оның бірнеше есе үлкейтілген бейнесін көре аламыз (кейбір графиктік редакторлар масштабты өзгертуге мүмкіндік береді). Сол жақ жоғарғы бұрышта бейненің табиғи шамасына сәйкес үлкейтілген суреті көрінеді, онда да суретті салу процесін қадағалауға болады.
Paint редакторының Микроскоп режимінде тек екі аспап қана қолданылады: Қылқалам және Білік.
Қылқалам жоғарыда сипатталған түрде жұмыс істейді, яғни суретті екі түспен – негізгі түсті сол жақ батырмамен, ал фондық түсті оң жақтағы батырма салуға мүмкіндік береді.
Білік те бұрынғыша жұмыс істейді, тек оның бір өзгешелігі – тұйықталған аумақтың көрініп тұрған бөлігі ғана боялады. Ал, қалған аспаптарды Микроскоп режимінде пайдалануға болмайды.
Үлкейтілген аумақтың оң және төменгі шеттерінде пайда болатын жылжу сызғыштарының (линейка прокрутки) көмегімен суреттің кез келген бөлігін үлкейтілген түрде қарап шығуға болады.
Әдеттегі жұмыс режиміне қайта оралу үшін, Қарап шығу => Ығыстыру (Просмотр => Отодвинуть) {Ctrl+О} әмірін таңдау керек.
Тапсырма. Жаңа терезе ашып Қылқалам аспабын пайдалана отырып шаршы (квадрат) бейнесін сызамыз. Микроскоп режиміне сол бейненің ақауларын жоя отырып, шаршыны салып бітіреміз.
Әріптер мен цифрларды, сондай-ақ арнайы символдар бейнесін Paint ортасында Қылқалам мен Біліктің көмегімен әркім өзі-ақ қолмен салуы мүмкін. Бірақ бұл біраз еңбектенуді талап ететін іс, сондықтан редакторда суреттік бейнелер көрінісіне мәтіндік фрагменттер қосу тәсілі енгізілген. Ол үшін Мәтін аспабы қолданылады.
Мәтін теру кезінде меңзер пішіні қарапайым редакторлардағы сияқты енгізу меңзеріне (курсор) ұқсас түрге айналады. Мәтін енгізуді бастау меңзерді суроеттің белгілі бір нүктесіне апарып, тінтуірді шерту арқылы іске асады. Сол сәтте экранға жыпылықтап тұратын енгізу меңзері шығады да, ол мәтін фрагментін енгізуді бастауға болатынын білдіреді. Мәтін негізгі түспен енгізіледі, енгізу барысында әдеттегідей BackSpace, Delete пернелерінің көмегімен символдарды жоюға болады. Жаңа жолға өту үшін Enter пернесін басу керек. Мәтіндік информацияны енгізуді тоқтату кез келген сәтте тінтуірді бос кеңістікке шерту арқылы орындалады.
Егер енгізіліп жатқан мәтіннің қарпін, оның өлшемдерін, стилін өзгерткіміз келсе, енгізу режимін тоқтатпай-ақ (тінтуірді шерткенге дейін) мәзірдің Мәтін әмірі арқылы өңдеп – түзетуге болады. Мәтін мәзірінің ішкі командаларын таңдау арқылы қаріпті көлбеу етуге, қарайтып жазуға, астын сызуға немесе түрлі түсті етуге де болады. Мәтін => Қаріптер ... әмірін таңдау арқылы сұхбат терезесінде Windows жүйесінің қаріптерінің кез келгенін таңдай аламыз, сондай-ақ оның мөлшері мен стилін де тағайындай аламыз. Енгізу барысында негізгі түсті өзгертуге де болады (сол сәтте экрандағы таңбалар түсі өзгеруі тиіс).
Мәтіндегі барлық өзгертулер тек енгізу режимінде орындалатынын есте сақтаймыз. Тінтуірді шертіп режимді аяқтасақ , мәтін суреттік объектіге айналып кетеді.
Тапсырма. Paint бағдарпламасы арқылы жаңа терезе ашып, бірнеше рет “Құттықтаймын!” деген сөзді, әр алуан түстерді, шрифтерді, өлшемдерді және стильдерді пайдалана отырып енгіземіз.
7. Фрагменттермен жұмыс істеу.
Көбінесе салынып біткен сурет бөліктерін, яғни оның фрагментін пайдалана отырып басқа суреттік бейнелерді салуға тура келеді. Paint редакторында сондай фрагменттерді ерекшелеп алып, басқа орынға ауыстыруға мүмкіндік беретін де аспаптар бар, ол фрагменттер уақытша алмастыру буферіне орналастырылып, басқа суретке бірнеше рет қойылуы мүмкін.
Аспаптар тақтасындағы фрагменттерді ерекшелеуге арналған Тіктөртбұрышты және Фигуралы қайшылар бар. Тіктөртбұрышты қайшы арқылы фрагментті ерекшелеу экранда тіктөртбұрыш салу әдісін еске түсіреді. Ал фигуралы қайшы көмегімен ерекшелеу Қылқаламмен жұмыс істеу сияқты орындалады (ерекшеленетін аумақты қисық тұйық сызықпен қоршап шығу).
Ерекшеленген фрагмент экранда пунктирлі сызықпен қоршалып тұрады. Ол фрагментті басқа орынға ауыстыру үшін:
Фрагменттің алдыңғы тұрған жері жойылып, фондық түске боялады.
Жаңа орында фрагменттің тек көшірмесін алу үшін (мұнда фрагмент бұрынғы орында да қалатынын ескертеміз) жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер сол күйінде орындалып, тек “тышқан” батырмасы басылған сәтте онымен бірге Ctrl пернесі де басылуы тиіс. Windows жүйесінің басқа бағдарламаларында да көшірме алу осылай орындалады.
Егер фрагментті ауыстыру кезінде тінтуір батырмасымен бірге Shift пернесі қатар басылатын болса, онда экран бетінде фрагменттің орын ауыстырып жылжыған ізі көрініп тұрады.
Ерекшеленген фрагмент мәзірдің Түзету (Правка) әмірінің ішкі мүмкіндіктеріне сәйкес алмастыру буферіне ауыстырылуы немесе қиылып алынуы мүмкін. Бұдан кейін сол мәзірдегі Кірістіру (Вставить) әмірін орындауға болады, ол буферге орналастырылған фрагментті экранның сол жақ жоғарғы бұрышына шығарып көрсетеді. Онымен кез келген буфердегі фрагмент сияқты бұған дейін қарастырылып өткен барлық әрекеттерді орындауға болады.
Фрагмент жаңа орынға ауыстырылған соң да, оның ерекшеленуі алынбайды, яғни ол буферде қала береді. Бұл өз кезегінде сол ерекшеленген фрагменттің бірнеше көшірмесін (оны көбейте отырып) алуға мүмкіндік береді.
Ерекшеленген фрагмент жаңа орынға орналасқаннан кейін, онымен мынадай түрлендіру жұмыстарын атқаруға болады:
Ерекшеленген фрагмент үшін бұдан өзге, оның масштабы өзгертілген көшірмесін (Түрлендіру => Қысу + Созу әмірі) немесе көлбеу бағытқа келтіріліп қисайтылған көшірмесін (Түрлендіру => Қисайту әмірі) де алуға болады.
8. Суреттің ерекшеленген қиындысымен жұмыс істеу.
Сурет қиындысын (төртбұрышты немесе кез келген еркін түрдегі) ерекшелеу үшін келесі әрекеттер орындалады:
Осы әдіспен ерекшеленген қиындыны экран бетінде жылжытуға болады (тышқан меңзерін ерекшеленген қиындының ішіне орналастырып және тышқан батырмасын басып ұстап тұрып).
Егерде тінтуір меңзерін ерекшеленген қиындының бұрыштары мен қабырғаларының орталарындағы маркерлерге алып келсе, ерекшеленген қиынды көлемін өзгертуге болады (меңзер бұл жағдайда екі жақты бағыттауыш түріне айналады).
Ерекшеленген қиындыны жеке дара сурет ретінде файлға жазуға болады. Ол Правка => Копировать в файл әмірі арқылы орындалады.
Сонымен қатар, Правка => Копировать және Правка => Вырезать әмірлерінің көмегімен ерекшеленген қиындыны Clipboard алмасу буферіне көшіруге немесе қиып алып тастауға болады (ол әрекетті біз жаттығулар орындау кезінде белсенді қолданамыз). Содан кейін қиындыны кірістіру қажет болса, керекті жерге ауысып, Правка => Вставить әмірін берсе жеткілікті.
Бірақ та, ерекшеленген қиындымен жұмыстың ең қызықты жері –ол, наклон (еңкейту) және поворот (бұру) операциялары. Бұл операцияларды орындау үшін Рисунок => Отразить и повернуть және Рисунок => Растянуть и наклонить әмірлерін қолданады (4 және 5-суреттер).
Мұндай операцияларды, әсіресе, симметриялық суреттерді салғанда қолданған өте қолайлы. Мысалы, суреттің бір жақ жарты бөлігін салып, оны буферге көшіріп, сосын екінші керек орынға кірістіріп, сонан кейін бұруға болады. Осы түрдегі операцияларды біз 4 және 5-суреттегі жаттығуларды орындағанда белсенді қолданатын боламыз.
4-сурет. Рисунок => Отразить и повернуть сұхбат терезесі.
5-сурет. Рисунок => Растянуть и наклонить сұхбат терезесі.
9. Суретте жазуды жасау және суреттерді мәтінге енгізу.
Суретте мәтінді жазуды жасаудың әрекеттер тәртібі мынадай: