Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 02:08, дипломная работа

Краткое описание

ХХ1 ғасыр – Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.
Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3

І-тарау. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде гендрлік тәрбие беру ерекшеліктері ........................................................................................................5
1.1. Оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы, оларды топтастыру .................................................................................................5
1.2. Балалар ұжымы және оның тәрбие беру мүмкіндігі ....................................8

ІІ-тарау. Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оқыту процесінің ролі..19
2.1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары тұралы ұғым...............................19
2.2. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері.................................................................................25

Қорытынды..........................................................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой.doc

— 246.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен дамыған коллектив  өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші шәкірттік шақта басталады да, ал түп-тамыры одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта жатады.

Балалар коллективін  дамыту дәрежесі балалардың өзара қарым-қатынастарын дамыту деңгейлерімен және сипатымен  анықталады. Балалардың қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі — олардың іс-әрекеттерін мақсатты бағытта ұйымдастыру.

Мектеп оқушысы, әдетте, бір қатар түрліше, бірдей жастағы (мысалы, оқу), түрлі жастағы (спорт, керкемөнер, қоғамдық-ұйымдастыру) тұрақты, уақытша және басқа коллективтерге кіреді. Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырса, негізгі міндеті мен функциясы қоғамдық пайдалы іс-әрекет, қоғамдық өмір мен қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру деп есептелетін, коллективтер, шәкірт үшін неғұрлым референтті болады. Барлық бұл коллективтерде бала басқа балалармен және үлкендермен белгілі қарым-қатынасқа түседі, өзіндік орын алады, оның жеке басын қалыптастыратын, жетілдіретін белгілі бір талаптар жүйесінде болады.

Балалар ұжымын мектеп оқушыларының өміріндегі негізгі орта деп қарай  отырып, біріншіден олардың ұжымдық қызметін өзіндік іс-әрекет сипатына ие болатындай, яғни іс-әрекет түрінде ұйымдастыру қажет, онда мақсаты балалар үшін тартымды болғандықтан әрбір оқушының белсенділігін оятатындай мотивке айналуы керек. Екіншіден, істі ұйымдастыру әрбір коллектив мүшесінің творчестволық, тең праволық позициясын, оның даму, өзгеру мүмкіншілігін қамтамасыз етуі керек. Тұрақты күрделіленетін бірлескен іс-әрекет алғаш қатысы бар коллектив үшін, содан соң мектеп үшін, кейіннен аудан, қала үшін орындалады. Үшіншіден, мектеп оқушыларыныц бірлескен жұмысын, әрбір оқушынық іс-әрекетінің нәтижесін жалпы нәтижеге жетудегі қажетті буын болатындай етіп құрған жөн. Коллективтік іс-әрекетті осылай ұйымдастыру балалардың ынтымақтастығын, жауапкершілігін, демеуді сезінуін, көмектесуге ұмтылысын оятады, қоғамдық пікірді пәрменді түрде қалыптастырады.

Балалар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен:

1) балалар  әрекетінің мазмұнымен;

2) бұл ұжым  қаншалықты тұтас іс-әрекеттің  субъективті ісі ретінде болатындығымен;

3) іс-әрекет  процесінде ұйымдастырылатын барлық  қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады. Барлық ұжым мүшелеріне әрбір бала үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды.

Балалар ұжымы тәрбие объектісі ғана емес, оның субъектісі де. Әрбір бала — осы ұжымның мүшесі, сондықтан да мектеп оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшіліктің пікірін  ұйымдастырып отыруы қажет. Жеке адамға балалар коллективінің тәрбиелік ықпалы, баланы белгіленген қатаң талаптарға бағындыруға мұқтаж ететін қысыммен емес, балаларды олардың творчестволық белсенділігін жан-жақты ашуға итермелеуімен анықталады. Әрбір баланың дербестігін, инициативасын  көрсету, даралығын дамыту үшін жағдай жасау жеке адамның адамгершілік өрісінің байлығын ашып, оның моральдық-ерік сапаларын қалыптастырады.

Ұжымшылдық — жеке адамның өзінің нақтылы іс-әрекетіне  көзқарасының бірден-бір маңыздысы  — қоғамдық іске творчестволық көзқарас, бірақ тек өз тобының жай қоғамдық ісіне ғана емес, жалпы барлық іс-әрекетке творчестволық көзқарас. Нақ осы жағдайда қоғамдық іс-қажеттілік болып есептелетін қалыптасқан жеке адамның өзін-өзі көрсетуі болып өтеді. Мұндай қажеттілікті тұйық топта, оның тар шеңберлі істеріне ғана көзқарасып қалыптастыру арқылы қалыптастыруға болмайды, өйткені жеке адамды жан-жақты дамыту бір бөлігі ұжым болып табылатын кең шеңберлі мақсаттарға бағдар алумен қамтамасыз етіледі.

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, баланың екі ұшты моралының басты себептерінің бірі (өз коллективінде ол жолдастық, өзара көмектестік, жауапкершілік қарым-қатынас көрсетеді, ал өз коллективінен тыс жерде коллектившілдік қасиеттер көрсетпейді, өз тобында тұйық қалуы болып табылады.

Өзара жарысқа түсе отырып, мектеп оқушылары басқа коллективтің, кей кезде жалпы іске зиян тисе де, олардың класының (командасының, тобының) озып шығуына ынталанатын жағдайы да ұшырасады. Мұндай жағдай, ұжым әлі де қалыптаспаған, яғни онда жалпы іс үшін жауапкершілік айқын көтерілмеген кезде байқалады да өзара жарыс бірінші орынға шығу мотивінен туады. Бұл мотивтер топтық эгоизм сипатында болады да коллектившілдікті қалыптастыруға көмектеспейді. Коллектившілдік «өз» коллективінде ғана қалып қоятын істерге сүйенбейді, себебі, коллектившіл болу — тек қана өз коллекттивінің ісі үшін «жаны ашу» емес. Коллектившілдікте ең бастысы - іс-әрекетке қоғамдық бағдар беру жалпы іске творчсстволық көзқарас. Сондықтан да коллектившілдікті тек қана өз коллективінің істеріне көзқарасқа сәйкес тәрбиелеуге болмайды.

Жеке адамның нақтылы коллектившілдік қасиеттерін қалыптастыру жеке коллективтің істері мен мақсаттарын белгілі дәрежеде абстракциялауды, бұл істер мен мақсаттардың біздің қоғамды құратын коллективтердің неғұрлым кең міндеттерімен байланысты екенін сезінуді қажет етеді. Нақ осы жолда ғана мектеп оқушыларының жалпы істер үшін дара жауапкершіліктері қалыптасады. Демек, арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің бағытына сүйене отырып, балалардың қарым-қатынастарының берілген жүйесін дамыту үшін негіз жасайтындай, коллектив аралық сан алуан байланыстарының торабын құру елеулі мақсат болады.

Балаларды жалпы біртұтас, көп салалы коллектив құратын, тұрақты  және уақытша коллективтердің бірлестіктерінде ұйымдастырылатын іс-әрекеттің әр түріне бір мезгілде енгізудің маңызы өте зор, себебі, бұл мектеп оқушыларының жеке мүддесіне қосымша жаңа баға беріп, оны қоғамдық мәнді міндеттерді шешуге бағдарлап қоймай, балалардың сан алуан қарым-қатынастарын жетілдіреді. Мысалы, коллективтер арасындағы байланыстарды нығайтуда уақытша бірлестіктерді мақсаттылықпен құру маңызды орын алады. Бұл жерде балалардың іс-әрекеттері қысқа мерзімді істерді орындауға тапсырма алатын шағын топтарда ұйымдастырылады. Бұл бірлестіктердің психологиялық ролі мынада: әрбір бала неғұрлым белсенді позиция ұстайтындай мүмкіншілік алатын ситуация жасалады, балалардың өзіндік іс-әрекеттерін кеңінен және іс жүзінде дамытатын шарттар пайда болады. Шағын бірлестіктер шеңберінде ұйымдастырылатын іс-әрекеттер процесінде әрбір мектеп оқушысы өзін жеке адам ретінде «жариялай алады», мүддесі бір, жалпы мақсат пен дара жетістіктерге жетудегі қызығуы бірдей басқа балалардан қолдау және қуаттау мүмкіншілігін алады. Нақ осы жағ-дайда бала барлық жолдастары мен өзі үшін маңызы бар топтағы өзара қарым-қатынасты ұғынады.

Балалардың бірімен бірге оқитын, екіншісімен бірге еңбек ететін, үшіншісімен сурет салып, ән айтатын, төртіншісімен туристік жорықтарға жол тартатын және т. б. балалардың сан алуан уақытша және тұрақты, көп және аз мөлшерлі бірлестіктеріне өте отырып, мектеп оқушысы әр топтың ықпалын сезінеді, онда белгілі бір орын алумен қатар, оның әрқайсысында ерекше роль атқарады. Мұндай бірлестіктердің көп қатарлы жүйесінде әр бала өзін қанағатталдыратын орын табуына мүмкіндік бар. Демек, балалар коллективін құрудағы шешуші сәт, оның қандай да бір нақтылы міндеттерімен шектеліп қоймай, кең көлемді қоғамдық мақсаттарға шығуы болуға тиіс, мұның өзі жеке адамның коллектившілдік қасиетін белсенді қалыптастыру негізін – балалардың көп салалы қатынастарын кең өрістетуді қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау. Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оқыту процесінің ролі

         2.1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары тұралы ұғым

 

 

           Қоғамның  даму тарихында жас  ұрпақты оқытудың ұйымдастыру  тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі.

        Оқушылар ұжымы немесе қарапайым  тілмен айтсақ – балалар мен  жасөспірімдердің өз еріктерімен  және алдына белгілі бір мақсат қойып білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жас өспірімдердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі деуімізге болады.

Мектептердің даму тарихында  оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылды. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми техниканың өзгеруіне байланысты болады.

Ертедегі Грецияда оқытудың жеке формасы пайдаланылды. Бұл келесі ғасырға дейін — дворяндар үйелмендерінде сақталды.

Ерте замандағы Вавилонияда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқытудың жеке-топтық формалары шығып дамыды.

Орта ғасырда сабақ  бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде сабақтардың тұрақты  кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды.

Мұнан былай қоғамның дамуы білім беру ісіңе көтерінкі  талап қойды. Сондықтаң оқыту  жұмысын ұйымдастырудың тиімді формасы  туралы сұрақтар туды. Оқытудың мұндай формасы XVI ғасырда Ресейдің оңтүстік батысындағы мектептердің (Львов, Луцкая және басқа облыстар) тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы оқушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір оқу сабақ деп аталды.

XVII ғ. Я. А. Коменский сол облыстардағы мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің «Великая дидактика» кітабында сынып-сабақ жүйесін дәлелдеді, оның кезеңдерін түсіндірді: оқу материалдарын баяндау; жеке және барлық оқушылардың жұмысын бақылау; оқушылардан оқу материалын сұрау. Сабақта әр түрлі дидактикалық принциптер (оқытудың көрнекілік, жүйелілік, тиянақтылық принциптері) пайдаланылды. Оқу сабақ формасында сыныпта оқушылардың  белгілі   кұрамымен кесте бойынша жүргізілді. Бұл жүйе оқытудың сынып-сабақ формасы деп аталды.

Я. А. Коменский сынып-сабақ  жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды оқытудың мүмкіншілігі туралы пікір  айтты. Бұл жерде сыныпты әрбір  он балаға бөледі, оқуды әрбір топпен жақсы оқитын оқушы-декурион жүргізеді.

Сол сияқты жүйе XVII ғ. аяғында-ХІХ ғ. басында Анғлияда пайда болды, оны оқытудың белль—ланкастер  жүйесі деп атады. Бұл жүйені жасаған қызметкері А. Белль және мұғалім Д. Ланкастер. Бұл жүйе бойынша мұғалім оқуды 600-ден астам оқушылармен үлкен залда өткізеді. Содан кейін оқушыларды топтарға бөледі. Әрбір топтағы оқушылармен оқуды мониторлар—топ басқарушылары жүргізеді.

Оқытуды ұйымдастырудың мұндай жүйесі XIX ғасырдын үдемелі педагогтары А. Дистервектің, К. Д. Ушинскийдің идеяларына қайшы келеді. Олар сабақта ойлау, сұрақтар мен жауаптар, іздену, табу үстем болу керек дейді. Демек, оқытудың, дамыту тәсілдерін қорғайды.

XX ғасырдың бірінші жартысында орыс педагогтарды АҚШ-тағы, Германиядағы оқытудың әр түрлі формаларымен (даль-тон-план, лабораториялық бригадалық форма винетка-план, трамп-план, иена-план т. б.) байланысты, олардың бірсыпырасы бұрынғы совет мектептерінде пайдаланылды. Мысалы, даль-тон-план (АҚШ, Дальтон қаласы) сабақты болдырмауды, жүйелі курстардың оқытылмауын талап етеді. Сонымен бірге дальтон-план нәсіліне қарай қабілетті, дарынды балаларды оқытуды жақтайды. Дальтон-планның мәні: оқушы өз бетемен жұмыс істейді, тапсырманы орындайды, сынақ тапсырады, келесі тапсырманы дайындайды. Демек, консультанттар балалармеи дербес оқытуды жүргізеді. Дальтон планның негізгі мақсаты  ұжымнан  жекеленетін  адамдардың психологиясын

тәрбиелеу.

Сонымен, сын көзімен  қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әр түрлі формалары шетел педагогикасынан  ауысып, мектептерде қолданылуы, біріншіден, мұғалім ролінің төмендеуіне, екіншіден, оқушылардың ғылым негіздерінен терең білім алуына зиянды әсер етті. Шетел мектептерінен ауысып келген оқытуды ұйымдастырудың көптеген формалары қатты сынға алынды. 1930 жылдан бастап мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болды.

XX ғасырдың бас кезінде америка философы—идеалист АҚШ педагогикасына зор ықпал жасаған Джон Дьюи (1859—1952) келешекте мектеп болмайды деген болжау айтқан. Олай болса мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақта жойылады. Бірақ оның жорамал ойы орындалмады,  керісінше сабақ бүкіл дүние  жүзі  елдеріндегі  мектептерде  бірте-бірте дамуда және заман тілектеріне сәйкес өзгеруде.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Сабақты мақсатқа бағытталған  мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиешінің мақсаттары, міндеттері, жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың шын мақсаты — тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.

Логикалық бірлік—бұл сабақ  бөліктерінің, яғни құрылым элементтерінің аралығындағы ішкі өзара байланыс заңдылығы. Мысалы, қайталау—қорытындылау сабағының  бөліктері: қорытынды әңгіме немесе шолу лекциясы, жаппай сұрау, кейбір сұрауларды анықтау; мұғалімнің сабақты қорытындылауы. Мұндай сабақта, біріншіден, игерілген білім еске түсіріледі және жүйеге келтіріледі; екіншіден, білімдегі, іскерліктегі, дағдыдағы кемістіктер толықтырылады; үшіншіден, оқылатын материалдардың маңызды идеялары толық ашылады, төртіншіден, жаңа мен ескі салыстырылады, жаңа мысалдар ойластырылады, жаңа міндеттер шешіледі.

Информация о работе Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы