Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 18:33, контрольная работа

Краткое описание

Осы ұсынылып отырған оқу құралы орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарының орыс топтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған.
Бұл оқу құралының басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.
Негізінен аудиторияда жүргізілетін сабақтағы грамматикалық тақырыптар бойынша ережелер беріліп, жаттығулар құрастырылған. Мәтіндер бойынша сұрақтар, тапсырмалар берілді. Бұл жұмысты едәуір жеңілдете түседі. Әрбір сұраққа жауап беру – оқушының өзінше ойлауын, сөйлеуін, пайымдауын, қисындауын жетілдіреді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

682_khakhabaeva_a.j._jattigular_jinagi.doc

— 639.50 Кб (Скачать документ)

5) –шақ/-шек: қызғаншақ, түртіншек

6) –қыш/-кіш, -ғыш/-гіш: айтқыш, кеңескіш, білгіш, оқығыш.

7) –ымды/-імді, -мды/-мді: қонымды, келісімді, шыдамды, көнімді.

8) –лы/-лі: жамаулы, тіркеулі

9) –қақ/-кек, ғақ/-гек: ұрысқақ, тайғақ, үркек, сергек

10) –ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе: бояма, үстеме, қызба

 

Тапсырмалары

 

1 Көп нүктенің орнына төменде берілген жұрнақтардың тиістісін қойып, туынды сын есім жасап, көшіріңіз

1 Ол – намыс... адам. 2 Тұз... тамақ  дәм... 3 Кеш... самал жел еседі. 4 Алтай  – тау..., орман..., сая..., шұрай..., алқап. 5 Әсем... болма әрнеге, өнер... болсаң, арқалан. 6 Ұйым... жастар қиындықтан қорықпайды. 7 Кісі киімі кір..., кісі аты тер... 8 Еп... адамның қолынан бәрі келер. 9 Әдеп... бала – ар... бала, әдеп... бала -  сор... бала. 10 Тарих... жеңіс, мәден... орын, әдеб... тіл.

 

2 Мақалдарды оқып аударыңыз,  сын есімдерді табыңыз. Олардың қалай жасалып тұрғанын айтыңыз

1 Әлсіз адам сүріншек, ақылсыз  адам еріншек.

2 Кекшіл болма, епшіл бол.

3 Мәуелі ағаш майысқақ.                    

4 Армансыз адам  қанатсыз құспен  тең.

 

3 Төмендегі сын есімдер мен зат есімдерден сөз тіркестерін жасаңыз

Зат есімдер: компьютер, мамандық, байлық, құжат, кітап, әдебиет, құрылғы, кесте, жаңалық, жүйе, жетістік, мәліметтер, бағдарлама.

Сын есімдер: жаңа, ұлттық, электрондық, зор, қызықты, көркем, жақсы, қолданбалы, маңызды, сыртқы, қиын, операциялық, өзекті.

 

4 Берілген сөйлемдерді сын есіммен толықтырыңыз

1 Компьютер ақпаратты өңдеді. (жаңа, күрделі) 2 Бухгалтер есепті тексеріп  жатыр. (үлкен, тәжірибелі) 3 Оқушы компьютерде  жұмыс істеп үйренуде. (жаңа, қабілетті) 4 Құжаттарды өңдейтін жүйе көп уақытты үнемдейді. (жаңа, тиімді) 5 Жұмысқа кепілдігі бар кандидатын алады. (ең жақсы, ) 6 Мен кітаптарға тапсырыс бердім. (қажетті, жаңа).

 

5 Аударыңыз

Рухани байлық, болашақта, қағазға басылған, толық ауыстыратын, мамандандырылған құрылғы, мүмкіндіктер қолданылады, дайындау, басу, түптеу, оқырман, жетекші фирмалар, үлгілер, мөлшер, құрылғы.

 

24 Компьютер қызметші орнында

Есімдік

 

Тапсырмалары

 

1 Мәтін бойынша  сұрақтарға жауап беріңіз

1 Қазіргі кезде компьютер  бизнесте қандай мәселелерді шеше алады?

2 Штрих код деген не?

3 Штрих код бойынша  алынған ақпарат қайда келіп  түседі?

4 Орталық компьютер не  істейді?

5 Қызметкерлер компьютер  арқылы қандай ақпаратты ала  алады?

 

2 Мен, сен, ол, бұл, сол есімдіктерін септеңіз. Септелуін есіңізде сақтаңыз. Ол есімдігінің әр септікте тұрған формасымен сөз тіркесін құрастырыңыз

 

3 Мәтіндегі есімдіктерді  теріп, олардың мағыналық тобын, құрамын анықтаңыз

Мысалы: оның – жіктеу есімдігі, ілік септік формасында тұр.

 

4 Төменде берілген  зат есімдерді есімдікпен ауыстырыңыз

Мысалы: Салтанат Анарға телефон соқты –Ол Анарға телефон соқты. немесе Салтанат оған телефон соқты.

1 Бұл Жанияның үстелі.  2 Гүлнәр Бақытқа кітаптарын берді.      3 Штрих код тауар туралы ақпаратты береді. 4 Нұрлан Асқарға қызмет хат жіберді. 5 Майра Жамилямен дүкенге барды. 6. Орталық компьютер тауар қорын бақылап отырады. 7 Қазіргі бизнесті компьютерсіз елестету қиын.

 

5 Көп нүктенің орнына «мен» есімдігін қажетті формасына қойып, сөйлемдерді көшіріңіз

1 ... бүгін супермаркетке баруым керек. 2 Олар ... өз жұмыс кестелерін алады. 3 ... еңбекақым банк шотына аударылды. 4 ... тиісті ақшаны компьютерлік төлем жүйесі арқылы өткізілгенін тексердім. 5 Асқар ... бірге дүкенге барды. 6 ... әр сатылған тауар бойынша мәлімет бар. 7 Ол ... бүгін көрді.

 

6 Көп нүкте  орнына қажетті есімдікті қойып жазыңыз

1 ... сатушы агент ... офисін  алады. 2 ... кассир жұмыс күнінің  соңында түскен ақшаны тапсыруы  керек. 3 ... тауарын жақсы білетін  коммерциялық өкілдің жұмысы  жақсы жүреді. 4 ... ақпарат компьютердің желісіне келіп түседі. 5 Тауар ... сауда желісінің қоймасына жеткізіледі. 6 Қызметкерлер ... бөлмелеріне кіреді.                7 Компьютер ... жеткізушілерге тапсырыс береді. 8 ... бөлімде .... жоқ.    

9 ... тауарды ... таба алмадық.  10 ... бөлмеде ... жоқ.

Есімдіктер: өзі, әр, әрбір, өзінің, осындай, өздерінің, мына, бұл, бұндай, ешқайдан, ешкім, ештеңе.

 

7 Аударыңыз

Тауар тапсырысы, несиелік карточка, төлемдерді рәсімдеу, тауарды үлестіру, дайындаған жері, бақылау орындары, компания меншігіндегі, тапсырыс беру, орталық қойма, тауар қоры, шот бойынша есептесу, ауысым, жұмыс кестесі, компьютерлік төлем жүйесі, тиісті ақша, банк шоттарына тура аударатын.

 

 

25 Компьютермен басқарылатын техника

Жай сөйлем түрлерін қайталау

 

Тапсырмалары

 

1 Мәтінді оқып, аударыңыз

2 Мәтін бойынша  сұрақтар құрастырып, әңгімелесіңіздер

3 Білім, ғылым туралы мақал-мәтелдер айтыңдар

 

4 Етістіктерді  бұйрық райға қойып, бұйрықты сөйлем құрастырыңыз

Пайдалану, орындау, өшіру, жабдықтау, алмастыру.

 

5 Хабарлы сөйлемдерге бірнеше сұрақ қойыңыз

1 Компьютер музыкалық  концерттерде және театр қойылымдарында  қолданылады. 2 Ол қажетті уақытта  лазерлерді сөндіріп және іске  қосып, жарықты меңгеріп тұрады. 3 Компьютерді тіпті музыка жазу  үшін де пайдаланады. 4 Компьютер - жер картасын жасауда да қолданылатын қажетті аспап. 5 Жердің жүздеген жасанды серіктерінен миллиардтаған бит ақпараттар үздіксіз түсіп отырады.             6 Робот дегеніміз механикалық құрылғы. 7 Оны компьютер басқарады.

 

6 Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз

1 Қазіргі кезде жаңа  технологиялар «ақылды» компьютерлерді  жасауға мүмкіндік береді. 2 Робот  компьютердің электрондық командасы  бойынша жұмыс істейді. 3 Компьютерлер  әуежайдың жергілікті жүйесінің  жұмысын үнемі бақылап отырады.

 

7 Аударыңыз

Тұрмыстық машиналар, құрылғылармен жабдықталған, күрделі, есептеу қуаттылығы, ыдыс жуатын машина, жылытқыш, ауыстырып қосқыш, кір жуғыш машина, едәуір, басқару жүйелері, ғарыштық жобалар, Жердің жасанды серігі, көлік қозғалысын ұйымдастыру.

 

26 Компьютер саласындағы қылмыстар

Құрмалас сөйлем түрлерін қайталау

 

Тапсырмалары

 

 1 Мәтінді оқып, аударыңыздар

 

2 Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1) Қандай қылмысты қарақшылық  деп атайды?

2) Қарақшылар не істейді?

3) Хакер деп кімдерді  атайды?

4) Олар не істейді?

5) Компьютер саласындағы қылмыстарға  өз көзқарасыңыз қандай?

6) Осындай қылмыстарға  жол бермеу үшін не істеу  керек деп ойлайсыз?

 

3 Қылмыс, ұрлық туралы мақал-мәтелдер  оқып, түсінгеніңізді айтыңыздар

1 Ұрының үйі күйсін.

2 Ұрлық, ұрлық түбі – қорлық.

3 Ұрлық ине ұрлаудан басталады.

4 Түйме ұрлаған да ұры, түйе  ұрлаған да ұры.

5 Ұры біреудің малын ұрламайды, өзінің арын ұрлайды.

  

4 Құрмалас сөйлемдердің түрлерін атаңыз

 

5 Салалас құрмалас  сөйлемдердің түрлерін және олардың қалай қалай жасалатынын айтыңыз

 

6  Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз

1 Программалық қарақшылар мыңдаған  заңсыз көшірмелер 

жасайды. 2 Осы қарақшылық түрі программа өндірушілерге шығын әкеледі және жыл сайын сол шығын АҚШ-тың 15 млрд долларына бағаланады. 3 Программалық қарақшылар тіпті программаның фирмалық орамасын көшіреді, немесе олар аппаратура арқылы ақша түсіреді. 4 Қарақшылар мыңдаған заңсыз көшірмелер жасайды, сондықтан олар программа өндірушілеріне үлкен шығын әкеледі.              5 Хакерлер бір фирманың немесе мемлекеттік ұйымның парольдер мен құпиялы кодтарын біліп алады, себебі бұл адамдар сол фирманың желісіне қосылады.  6 Хакерлер өте құнды және іс жүзіндегі ақпаратты ала алады, өйткені олар негізінде өз желісін қорғайтын парольдер мен құпиялы кодтарды біліп алады.  7 Кейбір хакерлер қорғанды бұзады да, біреудің ақшасын электронды түрде құпиялы банк шоттарына жібереді.

 

 

 

7 Аударыңыз

   Қылмыс, қарақшылар, орама, өндірушілер, бөгде, көшіру, шығын, ақша түсіру, рұқсатсыз, ілеспелі жабдықтар, пасық қылық, заңсыз кіру, құпиялы, біліп алу, қауіпсіздік жүйесі, ұрлау, бәсекелестер, пара беру, мәжбүрлеу, жалған құжат жасау,

 

27 Өнер және дизайн

 

Адамдар ХХ ғасырдың 60 жылдарында компьютердің шығармашылық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана бастады. Яғни оның әр түрлі өнер салаларындағы жұмысын айтамыз: өрнектер, суреттер немесе тіпті музыкалық шығармалар жасау. Әрине компьютердің осындай мәселелерді шешуі үшін алдымен біреу осындай бағдарламаны құрастыруы керек.

Шынымен айтқанда, компьютердің бұл саладағы жұмыс нәтижелері әлемді таң қалдырған жоқ. Компьютер «өнерінің» көбісі «мейірімсіз» болып көрінеді – бұларда көп нәрсе ереже бойынша жасалған. Ал бұл біздің қиялымызды қобалжытпайды да, шабыттандырмайды да.

   Дегенмен компьютерлер көптеген салаларда: әр түрлі көлік түрлерін жобалаудан ғимараттар, бөгеттерді жобалауға шейін көркемдік құрастыруына көмектеседі.

 

  28 Компьютер арқылы сурет салу 

 

Компьютер арқылы тышқанды пайдаланып сурет салуға болады. Бірақ бұл жұмыс үлкен шаттық келтірмейді. Сіздер графикалық планшет қасына отырып, қолдарыңызға «электрлік қаламұшын» алсаңыз, қағазға сурет салғандай боласыз. Ал сіздің суретіңіз компьютер экранында пайда болады. Бұндайда датчиктің бір түрі қаламұштың планшет бетіне қандай күшпен басқанын қадағалайды.  Ал датчиктің басқа түрі қаламұш шеті кеңістіктің қай нүктесінде тұрғанын анықтайды. Ол үшін қаламұшты планшет бетіне тигізудің қажеті де жоқ.

Бұндай планшет құрылымына қарай «миллиметрлік» парағына ұқсайды. Әдетте бұндай қағаз графиктерге арналған. Оның бір шаршы миллиметрлік торлары бар. Планшет «өз» қаламұшының орнын анықтайды да, компьютерге сәйкес код сигналын жібереді. Мысалы,  көлденеңнен 53 қатар, тігінен 14 баған. Ал ол болса келген сигналды экрандағы сәйкес нүктеге аударады.

 

 

Сөздік

шығармашылық – творческий

әлемді таң қалдырмады – не потрясли мир

мейірімсіз – бездушный

қиял - воображение

шабыттандырмайды – не вдохновляет

көркемдік құрастыру - художественное конструирование

жобалау – проектирование

 

Тапсырмалары

 

1 Мәтінді оқып, аударыңыз

2 Сұрақтарға жауап беріңіз

1 Адамдар ХХ ғасырдың 60 жылдарында компьютердің қандай мүмкіндіктерін пайдалана бастады?

2 Компьютердің бұл саладағы  жұмыс нәтижелері әлемді таң  қалдырды ма?

3 Неге?

4 Компьютер қандай салаларда  көркемдік құрастыруда адамға  көмектеседі?

 

28. 1 Сын есімнің шырайлары

 

Бір түрлі сынның әрқилы дәрежеде болатынын білдіретін сын есім түрлері шырай деп аталады

Сын есімнің төрт түрлі шырайы бар:

1) жай шырай - заттың сынын я белгісін тек атап қана көрсетеді. Мысалы: қоңыр, сары, биік, түзу, бос.

2) салыстырмалы шырай - бір заттың сынын екінші бір сынымен салыстыру арқылы бірінен бірінің не артық, не кем екенін білдіретін сын есім түрі. Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады:

а) –рақ/-рек, -ырақ/-ірек – үлкенірек, әдемірек т.б.

ә) –лау/-леу – ауырлау, кішілеу

 - дау/-деу – жасылдау, үлкендеу

 - тау/-теу – пысықтау, биіктеу

3) күшейтпелі шырай – заттардың біркелкі сапа белгі дәрежесінің не өте артық, не өте кем екенін күшейтіп көрсететін сын есім түрі. Күшейтпелі шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш буынның үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: жап-жақсы, біп-биік, әп-әдемі, аппақ, қап-қатты т.б.

4) асырмалы шырай – заттың сынын не асыра көтеріп, не асыра төмендетіп көрсететін сын есім түрі. Асырмалы шырай сын есімдерге аса, өте, тым, тіпті, нағыз, ең, орасан сияқты сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Мысалы: аса үлкен, ең жақсы, орасан зор т.б.

 

Тапсырмалары

 

1 Төменде берілген сын есімдерден  салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырай жасаңыз

Үлгі: ұзын – ұзындау – ұп-ұзын – ең ұзын

Ұзын, қысқа, әдемі, жақсы, жеңіл, кең, сүйкімді, оңай, көк, түзу, қызыл, ақ.

 

2 Сөйлемдердегі жақшада берілген  сын есімдерді әр түрлі шырай түріне қойып, жазыңыз

1Біз компьютердің  (жаңа) моделін  сатып алдық. 2 Бұл осылардың ішіндегі (дәл) болжау. 3 Біздің жабдықтар (жаңа). 4 Сіздің графигіңіз оныкінен (жеңіл). 5 Келесі жолы (мұқият) болыңыз. 6 Осы есептердің ішіндегі (қиын). 7 Ол тапсырманы менен (жылдам) орындады.

 

3 Аударыңыз 

Шығармашылық мүмкіндіктері, өрнек, сурет, мәселелерді шешу, бағдарлама құрастыру, жұмыс нәтижесі, таң қалдыру, мейірімсіз, қиял, шабыттандыру, көлік, жобалау, ғимарат, бөгет, көркемдік құрастыру. 

 

29 Компьютерлік жобалау және құрастыру

 

 Қазіргі кезде көптеген сәулетшілер  мен құрастырушылар дәстүрлі  сызба тақта орнына компьютерлік  жүйелерді пайдаланады. Компьютер кез келген пішін үйлесімі сызықтарын керемет дәлдікпен түсіре алады. Ол адамды көптеген бірдей немесе бір-біріне ұқсайтын, мысалы, ұшақ ішіндегі жолаушылар орындарын немесе көп қабатты үйдің бөлмелерін салу қажеттілігінен босатады.  Бұл үшін «жасады-және -қайталады» деп аталатын тәсіл бар. Яғни компьютер салынған объектілердің көшірмесін қажет болған сайын жасайды.

Осындайдың бәрінен басқа компьютерлік автоматтандырылған жобалау жүйелері (САD) әдеттегі биіктік және ендік өлшемдеріне тереңдігі де қосымша берілген үш өлшемді сурет жасай алады. Алдын-ала бір объектіні өлшейді, мысалы, орындықты. Оның көлемінің, шеттерінің, иінінің, білте тақтайшасының және жазықтықтардың орналасуын анықтайды. Осы бар мәліметтерді немесе координаттарды компьютер жадына енгізеді. Бұдан кейін компьютер экранда объектінің тек қозғалмайтын суретін көрсетіп қана қоймай, оны бұрып немесе айналдырып отырып үстінен, қырынан немесе артынан көрсете алады. Ал енді бір-екі минуттан кейін дизайнер экранда тіпті басқа объектілерді: автомобильді, жиһаз гарнитурын немесе ғимаратты қарап отырады. Және те осының бәрін кез келген бұрыш астынан қарауға болады. Компьютерлік жобалау пайда болғанға дейін бұндай нәтижеге жету үшін айлар бойы есептеулер жүргізіп, сызбалар даярлау және басқа да дайындық жұмыстарын жүргізу керек болатын.

Информация о работе Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған