Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 18:33, контрольная работа
Осы ұсынылып отырған оқу құралы орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарының орыс топтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған.
Бұл оқу құралының басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.
Негізінен аудиторияда жүргізілетін сабақтағы грамматикалық тақырыптар бойынша ережелер беріліп, жаттығулар құрастырылған. Мәтіндер бойынша сұрақтар, тапсырмалар берілді. Бұл жұмысты едәуір жеңілдете түседі. Әрбір сұраққа жауап беру – оқушының өзінше ойлауын, сөйлеуін, пайымдауын, қисындауын жетілдіреді.
Сен айттың ба? Сендер айттыңдар ма?
Сіз айттыңыз ба? Сіздер айттыңыздар ма?
Ол айтты ма? Олар айтты ма?
2 Мәтіннің әр сөйлеміне сұрақ қойыңыз
3 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемнің жасалу кестесінде көрсетілген 1 және 2 тәсілі бойынша сұраулы сөйлемге айнылдырыңыз. Сұраулы сөйлемдеріңізді аударыңыз
Мысалы: Алғашқы ЭЕМ-дер 1946 жылы пайда болған. - Алғашқы ЭЕМ-дер 1946 жылы пайда болған ба? Алғашқы ЭЕМ-дер қашан пайда болған?
1 Алғашқы компьютерлер үлкен болды. 2 Сендер колледжде қазақ тілінде сөйлесесіңдер. 3 Дербес компьютер ақпаратты сақтайды. 4 Бұл жаңа бағдарлама жасау үшін керек. 5 Дәлдігі жоқ ақпарат теріс шешімге әкелуі мүмкін. 6 ХХІ ғасырда бағалы зат ақпарат болмақ. 7 Компьютер минутына 1 200 жол баса алады. 8 Компьютер әрқашанда дұрыс нәтиже береді. 9 Бұл мәліметтерді компьютер жадында сақтап қою керек. 10 Микропроцессор бір интегралдық схемадан тұрады. 11 Процессор – компьютерді басқару құрылғысы.
4 Сөздердің синонимдерін табыңыз
Үлкен, жылдам, енгізу, көлемді, жедел, қолдану, баяу, пайдалану, алғашқы, бірінші, шағын, кіргізу, кішкентай, ақырын.
5 Антонимдік жұпқа бөліңіз
Үлкен, төмендеу, аз, басталу, баяу, жаңа, жоғарылау, шағын, жылдам, аяқталу, ескі, көп, қате, дұрыс.
6 Аударыңыз
Жүйелік блок, сыртқы құрылғылар, барлық құрылғылар, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, жинақтауыштар, негізгі құрылғылар, жобалау жұмыстары, қоректену блогы, жедел жад, басқару командалары, пернетақта, командаларын енгізу.
7 Аударыңыз
Накопители информации, основные устройства, функция, оперативная память, постоянное запоминающее устройство, блок питания, оперативное запоминающее устройство, используются для автоматизации, клавиатура, панель управления.
7 IBM дербес компьютерінің негізгі блоктары
Әдетте IBM дербес компьютерлері мынадай бөліктерден (блоктардан) тұрады:
- жүйелік блок (тік немесе жатық қорапқа орналасқан);
- мәтіндік және графикалық ақпаратты кескіндеуге арналған монитор немесе дисплей;
- әр түрлі символдарды компьютерге негізуге арналған пернетақта немесе пернелік.
Компьютердегі ең негізгі құрылғы – жүйелік блок, оның ішіне ДЭЕМ-нің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блогы құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары және мәлімет жинақтауыштар бар.
Бұлардан басқа компьютердің жүйелік блогына мынадай құрылғыларды қосуға болады:
- мәтіндік және графикалық ақпараттарды басып шығаруға арналған принтер;
- графикалық курсормен басқарылатын құрылғы - «тышқан» графикалық қолтетігі;
- «джойстик» - компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік;
- графиксызғыш немесе плоттер – сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы;
- сканер (ізкескіш) – графикалық немесе мәтінді ақпараттарды оқуға арналған оптикалық құрылғы;
- CD- ROM – компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы, ол қозғалатын бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстарды үшін кеңінен пайдаланылады;
- модем – телефон желісі
арқылы басқа компьютерлермен
ақпарат алмасуға арналған
- стример – мәліметтерді
магниттік таспада сақтауға
- желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.
Сонымен ДЭЕМ-нің негізгі құрылғыларына процессор, жад (жедел және сыртқы), сыртқы құрылғылар және мәліметтерді жеткізу құрылғылары жатады.
8 Дербес компьютерді іске қосу және өшіру
Бұрынғы өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ қимылдың іс-әрекеттің сөйлеп тұрған
сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты.
Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады:
а) бұрынғы өткен шақ –ып/-іп/-п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады:
Мен айтыппын Біз айтыппыз
Сен айтыпсың Сендер айтыпсыңдар
Сіз айтыпсыз Сіздер айтыпсыздар
Ол айтыпты Олар айтыпты
ә) бұрынғы өткен шақ -ған/-ген, -қан/-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады:
Мен барғанмын Біз барғанбыз
Сен барғансың Сендер барғансыңдар
Сіз барғансыз Сіздер барғансыздар
Ол барған Олар барған
Болымсыз түрі жоқ, емес сөздері арқылы жасалады: Ол сабаққа барған жоқ, Сен есікті жапқан жоқсың, Сіз оны көрген емессіз.
Тапсырмалары
1 Аударыңыз
1 Мен өте қымбат компьютер
сатып алғанмын. 2 Ол Интернетке
былтыр қосылған. 3. Олар компьютерді
іске қосқан. 4 Біз Интеренттен
қажетті ақпаратты қарап
2 Көп нүкте орнына бұрынғы өткен шақ етістігінің жұрнағы мен қажетті жіктік жалғауын қойыңыз
1 Мен досымнан электронды почта арқылы хат ал... 2 Біз сабаққа бірге кел... 3 Жұмыс нәтижелері компьютер жадында сақтал... 4 Ол компьютерге жаңа программа енгіз... 5 Алғашқы компьютерлер өте үлкен бол... 6 Дербес компьютерлер есептеуді жеңілдет... 7 Жазу пайда болған соң ақпарат жазу арқылы да беріле баста... 8 Сен бұны маған айт... 9 Олар осындай ақпарат ізде... 10 Біз компьютерді сөндірме... 11 Олар жүйе блогын іске қоспа... 12 Сендер мониторды іске қос...
3 Етістіктерді болымсыз түріне қойып, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыз
Сөйлескенбіз, үйренгенсіздер, ойнағанбыз, оқығанбыз, тыңдаған, өңдеген, іздегенсің, жасағанмын, есептегенсіз, істегенсіңдер.
4 Аударыңыз
1 Он учился в политехническом университете. 2 Летом я была в Алматы. 3 Они остановили работу текущих программ. 4 Вы вчера проверили контрольную работу? 5 Ты подключил к источнику питания системный блок? 6. Вы выключили компьютер? 7 Они ввели в компьютер все данные. 8 Вы все правильно поняли. 9 Эта информация была точной. 10 Когда вы это сделали?
5 4-тапсырмадағы сөйлемдердің етістіктерін (баяндауыштарын) болымсыз түріне қойып, аударыңыз
9 Программалық құралдар
Сөйлем мүшелері
Сөйлем арқылы біршама тиянақты ой беріледі дедік. Сөйлем құрауға қатысқан сөздерді сөйлем мүшелері дейді.
Сөйлем мүшесінің белгілері:
Сөйлем құрамында тұрса да, сөйлем мүшесі бола алмайтындар:
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш,
баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш болып бес түрге бөлінеді.
Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан оларды тұрлаулы мүшелер дейміз.
Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек сөйлем арқылы берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұларды тұрлаусыз мүшелер дейміз.
Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш
Бастауыш сөйлемде айтылған іс-оқиғаның иесін білдіреді.
Бастауыштың грамматикалық-мағыналық белгілері:
1) атау септік тұлғасында тұрады;
2) іс-оқиғаның иесін білдіреді;
3) кім? не? деген сұраққа жауап береді;
4) баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады.
Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.
Бастауыштың жасалуы
Сөз табы |
Шарты |
Мысалдар |
Зат есім |
Кез келген зат есім |
Базаралы Апанасты қатты ұнатқан жүзбен қарап отыр. (М. Ә.) Машина жаңа Қарағандының бір биік үйінің алдына тоқтады. (Ғ. М.) |
Есімдік: жіктеу, сілтеу, өздік, белгісіздік, жалпылау, т.б. |
Зат есім орнына қолданылатыны |
Сіздер бізге көп нәрсе үйреттіңіздер. (М. И.) Бұл – көктем желі. (С. Бақб.) Өзіңіз ақын екенсіз ғой?!(С.О.) Бәрі де осы келісімге ден қойды. (Х. Рахимов). Әркімдер тілек-ұсыныстарын айтты. (С.Сарғ.) |
Сын есім |
Заттану |
Үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды. (М.Ә.) Ақылды ісіне сенеді. (Мақал) |
Сан есім |
Заттану |
Үшеуі суыт жүріп кетті (С. О) Сегіз екіге бөлінеді. |
Етістік: есімше, тұйық түрі |
Заттану |
Оқыған білер әр сөзді (Абай) Әңгіменің басталуы қиын - өрбуі оңай. (С. Сарғ.) |
Бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз.
Баяндауыштың негізгі белгілері:
1) бастауыштың ісін, жай-күйін білдіреді;
2) іс-оқиғаның қай шақта болғанын көрсетеді;
3) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады,
4) сөйлемді тиянақтап тұрады;
5) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады;
6) өзіне тән арнаулы сұрағы жоқ. Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.
Баяндауыштың жасалуы
Сөз табы |
Мысалдар |
Етістік |
Жаңа техникамен өнімді еңбек етуге болады. Оқушылардың ең басты міндеті – жақсы оқу. (Қ. Тол.) |
Зат есім |
Дәрігер – ардақты мамандық. (С. Иманб.) |
Сын есім |
Біздің қатарымыз болаттай берік. Күн шайдай ашық. (Қ. Тол.) |
Сан есім |
Бұлар он бес. (С. Сарғ.) |
Есімдік |
Біздің қақпан әне. Нағыз теңіз романтикасы деген осы. Қызылшаңыздың биылғы бабы қалай? («Тербеледі тың дала») |
Әр тарап сөздер |
Ол кезде қазіргідей шеберхана жоқ-ты. (С. Сарғ.) Қазір ол үйде кітапхана бар. (С. Шайм.) |
Тапсырмалары
1 Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап, бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан екендігін анықтаңыз
1 Программа – машина тіліндегі
нұсқаулар жиыны. 2 Ол команда
арқылы компьютер жадына
2 Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, бастауыштың астын сызыңдар да, есімше мен сын есімнің қандай жағдайда бастауыш болатынын түсіндіріңіздер. Кім? не? деген сұрақтарына жауап беруіне қарай қандай заттық мағынаға ие болып тұрғанын анықтаңыздар
Үлгі: Іздеген - жетер мұратқа. (Мақал) – Бастауыш есімшеден болып тұр. Заттық мағынаға (адам, кісі) ие болып, кім? не? деген сұраққа жауап береді: Іздеген адам жетер мұратқа.
1 Ұйымдасқан – ұтады. 2 Сыпайы
– сырын сақтар, әдепті – арын
сақтар. 3 Шешінген – судан тайынбас.
4 Естімеген – елде көп.
3 Сөйлемдерді аяқтаңыз
1 Қолданбалы программалар - әмбебап
программалар ...
2 Операциялық жүйелер – машина
жұмысын басқаруға толық
Қажетті сөздер: жиынтығы, игерді, атайды, басқарылады,
бекітіліп қойылған, жүйе, сақталып қойылады,
қосымша программалар, утилиттер, жеңілдетеді,
өңдейді, дайындалып шықты, пайдалануда,
енгізіледі, жалғасуда.
4 Аударыңыз
Файл түрінде, компьютер жадына, алдын-ала келісім, магниттік тасымалдаушы, жүйелі программалық жасақтама, программалық жасақтама, жадына жүктелу, машина тілінде, орындауға арналған, орындалу варианты, үнсіз келісім, сұхбат жүргізу, келісімдер жиыны, алдын-ала тағайындау, оқыту программалары, әмбебап программа.
5Аударыңыз
Программное обеспечение, память компьютера, носитель, умолчание, соглашение, набор инструкции, устанавливать параметры, операционные системы, загружать в память компьютера.
10 Windows жүйесі
1985 жылы Microsoft фирмасы ІВМ тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды. Солардың бірі Windows жүйесі болатын.
Windows интерфейсінің негізгі