Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 18:33, контрольная работа
Осы ұсынылып отырған оқу құралы орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарының орыс топтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған.
Бұл оқу құралының басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.
Негізінен аудиторияда жүргізілетін сабақтағы грамматикалық тақырыптар бойынша ережелер беріліп, жаттығулар құрастырылған. Мәтіндер бойынша сұрақтар, тапсырмалар берілді. Бұл жұмысты едәуір жеңілдете түседі. Әрбір сұраққа жауап беру – оқушының өзінше ойлауын, сөйлеуін, пайымдауын, қисындауын жетілдіреді.
3) етістіктің болымсыз түріне –йынша/-йінше жұрнағы жалғануы арқылы жасалады: Жаңа жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салынған. (Ғ. Мұст.)
4) есімшеге жатыс септік жалғауы қосылу арқылы жасалады: Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз. (Х. Ес.) Егер осы жақсылығың болмағанда, мен қалаға жету былай тұрсын, жолда қатып қалатын екенмін. (А. П.)
19. 1 Қимыл –сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Бағыныңқысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл сын бағыныңқы сабақтас дейміз
Қимыл-сын бағыныңқы сөйлем қалай? Қайтіп? Не етіп? Деген сұрауларға жауап береді.
Қимыл-сын бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:
1) көсемшенің –а/-е/-й, -ып/-іп және жұрнақты түрлерінен болады: Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт бешпент сулайды. (Абай.) Ұзын кірпіктері қыбыр-қыбыр етіп, Манар әлдене бір шуылдаған дыбыстарды естіп жатты. (Х. Ес.) Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді. (Ә. С.)
Ескерту. Баяндауышы көсемшеден болған кейбір бағыныңқы сөйлемдер басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдірмей, тек онымен амалдас, мезгілдес болып келеді. Мұнадайда ол бағыныңқыға қимыл-сын бағыныңқының сұрауын қойып айтуға келмейді. Бірақ ондай бағыныңқы сабақтастарды да шарты түрде қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың қатарына жатқызып жүрміз. Мысалы: Әуеде жыршы құстар өлең айтып, қиқу салар көлдегі қаз бен қу. (Абай) Сырттағы қазандықта от жарқылдап, қазан да көтерілген-ді. (Ғ.С.) Бұл сөйлемдерде бағыныңқыдағы іс пен басыңқыдағы істің бір мезгілде қатар болып жатқандығы баяндалады.
2) есімшеге –дай/-дей, -тай/-тей жұрнағы жалғану арқылы жасалады: Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты. (М. Ә.)
Кейде –дай/-дей, -тай/-тей жұрнағы есімшеден кейін етіп, болып көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады: Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып түрегелді. (М. И.)
3) есімшеден кейін күйі, күйінде, қалпы, қалпында, бетте деген көмекші есімдердің тіркесуі арқылы жасалады: Бала, қоңырқай сопақша беті күреңденген күйі, еріксіз үзілген жұмысына қайта кірісті. (Х. Ес.)
Тапсырмалары
1 Екі жай сөйлемнен шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз
1 Айгүлде тіркелеген почта жәшігі болды. Хатты электронды почта арқылы жіберуге болады. 2 Хат алушы басқа елдерде болады. Ол хатты ала алады. 3 Интернет жүйесіне кіру мүмкіндігі болды. Хатты ала алады. 4 Сіз әлемдегі әріптестеріңізбен іс-тәжірибе туралы ой бөліскіңіз келеді. Электронды почтаның мүмкіндіктерін пайдалана аласыз. 5 Спорт, саясат, музыка, ауа-райы туралы жаңалықтарды біреуге айтқыңыз келеді. Бұлардың барлығын электрондық почта арқылы жіберуіңізге болады. 6 Ақпарат ішінен бір тақырыпты таңдап аласыз. Осыған қатысты ақпараттарды оқи бастайсыз. 7 Интернетте екінші тақырыпқа ауысу қажет болады. Сондайда кейін оралуыңыз да қиын емес.
2 Аударыңыз
1 Если программа заражена вирусом, то она неправильно выполняет свою функцию. 2 Если вы хотите защитить свой компьютер от вредного воздействия вирусов, вы должны постоянно пользоваться антивирусными программами. 3 Если мы не будем пользоваться специальными программами для защитя от вирусов, мы можем потерять все данные. 4 Если у вас есть компьютер, но нет модема, то вы не сможете воспользоваться возможностями, которые дают компьютерные сети. 5 Если у вас есть несколько компьютеров и вы хотите передать данные из одного компьютера в другой, вам необходима сетевая технология.
3 Аударыңыз
1 Все тщательно протестировав,
инженеры усовершенствовали кон
4 Аударыңыз
Жіберуге болады, маңызды байланыс, почта арқылы, тіркелген почта жәшігі, хат түседі, алушы, ала алады, жаңалықтар алу, қазіргі уақытта, көптеген адамдар, жүйеге кіру мүмкіндігі.
5 Электронды почта арқылы жіберу үшін досыңызға,
әріптесіңізге хат жазыңыз
20 ЭЕМ операторы
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқы сабақтас дейміз
Себеп бағыныңқы сабақтас неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрауларға жауап береді.
Себеп бағыныңқы сабақтастың баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:
1) есімшенің өткен шақ формасына –дықтан (дық+тан) деген жұрнақ пен жалғаудың қосылуы арқылы жасалады. Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ. (М.Ә.) Сол жылдың көктемі жаңбырлы болғандықтан, топырағы құнарлы жерге өскен қалың қау мен сайларға өскен қалың жоңышқаның биіктігі белуардан келеді екен. (С.М.);
2) кейде есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады: Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді. (Ғ.Мұст.) Машиналар, әсіресе тракторлар, жүздеп жөңкілген соң, саз кезінде далалық жолдардың тас-талқаны шығып қазылады. (С.М.);
3) көсемшенің –й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады: Мұғалімнің сөйлегеніне Кәрім шыдап отыра алмай, біресе орнына ұшып тұрады, біресе отырады. (Б.М.);
4) ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады: Тәуекелі мен қайраты бар еді деп, осы батыр жігіт Манасты әдейі Абай хабарын әкелуге жұмсапты. (М.Ә.)
20. 1 Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз
Қарсылықты бағыныңқылар қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? деген сұрауларға жауап береді.
Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:
1) шартты райлы етістікке да/де шылауы жалғас келу арқылы: Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды. (М. Ә.);
2) шартты райдың болымсыз түрінен: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. (М. Ә.) Достық сын жақындатпаса, алыстатпайды. (Ә.Т.);
3) есімшеге көмектес септік (-мен) жалғауы қосылуы арқылы: Ұлбереген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді. (С.М.); есімшенің бұл түріне кейде да/де шылауы қосылып та қарсылықты бағыныңқы сабақтас жасалады: Қасен байбалам-дағанмен де, ойын тоқтала қоймады.
4) Есімшеге -ша/-ше жұрнағы жалғану арқылы: Бір сөзді қайталай бергенше, менің комбайнды жүргізгенімді айтсаңшы. (Ә.Ә.) Сен ондай озық жеке комсомолдарыңды айтқанша, бүкіл комбинат жастарының бәріне араша түссеңші. (Ғ.С.);
5) –а/-е/-й жұрнақты көсемше түрінен болады: Жастар білім жағынан артық бола тұра, тәжірибелі тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен. (С.М.);
6) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының (-тан/-тен) жалғану арқылы жасалады: Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді. (В.К.)
Тапсырмалары
1 Екі жай сөйлемнен қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз
1 Мадина қызметінен жоғарылады.
Асан өзінің бұрынғы
2 Аударыңыз
1 Чтобы преуспеть в современном деловом мире, нужно быть хорошо образованным, обладать великолепными навыками общения и иметь практический опыт. 2 Кунгурова Анар управляет в банке кредитным отделом, так как она успешнее всех работала в своем регионе. 3 Бернар работал с большой отдачей, поэтому он получил повышение в течение года. 4 Оператор ЭВМ обнаружил неполадки в системе, поэтому он начал проверять компьютер. 5 Поскольку печатная машинка сломана , воспользуйтесь текстовым редактором.
3 Аударыңыз
Іске қосу, тексеру, машинаның дайындығы, себептерін анықтау, жүйелес қондырғылар, кемшіліктерді жөндеу, қызмет көрсету, жұмыс жағдайы, ауысым, ойдағыдай меңгеру, шыдамдылық, жітілік, тыңғылықтылық.
21 Компьютер және қоғам
Компьютер 15 жыл ішінде есептеу орталықтарының жабдықтарынан миллиондаған адамдардың күнделікті жұмыс құралына айналды. Бүкіл әлемде адамдар компьютерлер мен ақпараттық желілерді өздерінің барлық қызмет салаларында қолдануда. Қазіргі кезде компьютерлер мен Интернет қатынас жолдары мен электр желілерінен маңыздылығы кем түспейтін қоғамның инфрақұрылымы болып табылады.
Бүгінгі таңда коммуникациялар мен Интернет индустрия, сауда, көлік, білім, ғылымның кез келген салаларының табысты жұмысы үшін қажет. Сондықтан жоғары технологиялық өндіріс пен ақпараттық технологияларды қолданатын елдер өздерінің бүкіл экономикасын дамытудың баянды негізін салуда.
Интернеттің мүмкіндігі үнемі өсіп отыр, ал оның көрсететін қызметтері үнемі кеңеюде. 1994 жылы Еуропалық одақтастығының арнайы комиссиясы Интернеттің және оның қоғам өмірінің әр түрлі салаларына әсер етуі туралы баяндамасында оны пайдаланудың мынандай негізгі түрлерін белгілеген:
түрлерінің пайда болуы;
жасау.
Еуропа үшін жасалған бұл бағыттар дүние жүзінде жұмыс
істейді, себебі Интернет шексіз.
Компьютерлік технологияларды қолдану адамның білім алуы үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Интернет жер жүзіндегі миллиондаған адамдарға дүние жүзі мәдениетінің шығармаларының аса көрнекті үлгілерін көруге мүмкіндік туғызады.
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың қазіргі даму деңгейі ауқымды білімнің ғаламдық жүйесін жасау мүмкіндігі туралы айтуға негіз береді.
Ақпараттық қызмет маңыздылығының өсуі жұмыс орындары құрылымының қайта реттелуіне әсер етеді: еңбек ресурстары материалдық саладан ақпараттық салаға ауысады, ақпаратты өңдеумен тікелей байланысты жаңа мамандықтар пайда болады. Бір қатар елдерде (Үндістан, Израиль, Венгрия және т.б.) ақпараттық технологиялар қарқындап дамуда.
Ақпараттық қоғамның қалыптасуы тек қана өндіріс саласына емес, адам өмірінің құрылысына, оның құндылықтар жүйесіне де өзгерістер әкеледі. Индустриалдық қоғамда барлығы тауар өндіру мен оны тұтынуға бағытталған болса, ақпараттық қоғамда интеллект, білім өндіріліп, тұтынылады. Бұл ой еңбегі үлесінің артуына әкеледі. Адамнан шығармашылыққа қабілеттілік талап етіледі.
Ақпараттық қоғамда жағымсыз беталыстар да байқалуы мүмкін:
Тапсырма: мәтінді оқып, сөздік құрастырыңыз, аударыңыз.
22 Компьютер көмегімен қашықтан оқыту
Зат есімді қайталау
Тапсырмалары
1 Зат есімдердің
қандай жұрнақтар арқылы жасалғ
Аңшы, куәлік, жастық, жолдас, әдебиетші, саясаткер, ұшқыш, бөлме, өзгеріс, бағдарлама, қажеттілік.
2 Жасалуын түсіндіріңіз
Ата-ана, көзқарас, ыдыс-аяқ, қолжазба, бала-шаға, солтүстік, күншығыс, аты-жөні, жеміс-жидек, баспасөз.
3 Негізгі зат ес імдерді бір бағанға, туынды зат есімдерді екінші бағанға бөліп жазыңыз
Оқушы, мұғалім, орталық, бағдарлама, жүйе, мүмкіндік, жер, жағдай, әлем, оқулық, қызметкер, дайындық, ауысым, мамандық, жұмыс, білім, жол, жинақ, өнімділік.
4 Аударыңыз
Компьютер экранында, оператордың жұмысы, дүние жүзінің студенттері, нұсқаулар жиынтығы, жұмыс нәтижесі, олардың мүмкіндіктері, жұмыс өнімділігі, ақпараттың бағалылығы, қызмет саласы, машинаның дайындығы, есептеу орталығының ерекшелігі, технологиялардың дамуы.
5 Берілген әр етістікпен бірнеше сөз тіркесін құраңыз
Үлгі: оқыту – қашықтан оқыту, баланы оқыту, қазақ тілін оқыту.
Тыңдау, кіру, алу, қамтамасыз ету, сөйлесу, білу.
23 Болашақта шығарылатын кітаптарға қағаз керек жоқ
Сын есім
Сын есім тұлғасына қарай негізгі сын есім және туынды сын есім болып екіге бөлінеді
Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар:
1) –қы/-кі, -ғы/-гі: қысқы, жазғы кешкі, көктемгі
2) –лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті: сулы, денелі, епті, көлді, ағашты
3) –сыз/-сіз: тассыз, үнсіз
4) –шыл/-шіл: ойыншыл, күлкішіл, сөзшіл
5) –дай/-дей, -тай/-тей: таудай, үйдей, сүттей, асықтай
6) –лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік: қалалық, азаматтық, көліктік, өлкелік, күздік.
7) –шаң/-шең: бойшаң, киімшең
8) –қой, -қор, -паз/-ымпаз/-імпаз: намысқой, шаруақор, өнерпаз, білімпаз, жағымпаз
9) –и: әдеби, мәдени, саяси
Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар:
1) -ақ/-ек, -ық/-ік, -қ/-к: қорқақ, бөлек, толық, бітік, ақсақ, сирек
2) –ыңқы/-іңкі, -ңқы/-ңкі: басыңқы, көтеріңкі, бытыраңқы
3) –ынды/-інді, -нді/-нді: туынды, серпінді
4) –малы/-мелі, балы/-белі, -палы/-пелі: таңдамалы, бүрмелі, ауыспалы, көшпелі.