Негізгі сервистік бағдарламаларды оқытуға арналған электронды курс құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 10:03, курсовая работа

Краткое описание

Бағдарлама – магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі. Алдын ала келісім нақты программа арқылы орындалатын функциялар жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды. Үнсіз келісім егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін тағайындайды. Интерфейс – программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.

Содержание

Кіріспе
3
1 Бағдарламалық құралдар
4
1.1 Архиваторлар
8
1.2 WinRАR, 7 Zip архиваторларымен жұмыс жасау
13
1.3 WinRАR, 7 Zip архиваторларының жұмыс жасауын салыстыру
16
2 Компьютерлік вирустар және олардан қорғану
17
2.1 Файлдық жүйені өзгертетін вирустар
22
2.2 Көрінбейтін және өздігінен өрбитін вирустар
22
3 Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері
25
3.1 Антивирустық бағдарламаларға шолу жасау
27
3.2 Касперский антивирус personal програмасының мақсаты және негізгі функциялары

32
3.3 Doctor Web антивирустық бағдарламасы
34
4 Macromedia Flash бағдарламасы және оның мүмкіндіктерін информатика пәнін оқытуды ұйымдастыруда қолдану

37
4.1 Macromedia Flash бағдарламасында жұмыс істеу негіздері
44
4.2 Электрондық оқыту құралдарына қойылатын негізгі талаптар
50
5 Практикалық бөлім
57
Қорытынды
64
Қолданылған әдебиеттер тізімі
65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 9.15 Мб (Скачать документ)

Вирустардың таралу жылдамдығы құрттарға қарағанда  төмен болады.

Троян программалары-зақымданушы  компьютерлерде қолданушымен рұқсат етілмеген  әрекеттер  орындайтын программалар,  яғни кез-келген жағдайға байланысты дискілердегі ақпаратты жояды, «жүйені тоқтап қалуға» әкеледі, құпия ақпаратты ұрлайды және т. б. Бұл зақымдаушы программа класы бұл терминнің дәстүрлі түсінігінде вирус болып табылмайды (ягни баска программалар және мәліметтерді зақымдамайды).

Троян программалары  өз еркімен компьютерлерге ене алмайды  және қиянат жасаушылармен «пайдалы»  программалалық қамту түрінде таралады. Бұл кезде олармен әкелінетін қayiп дәстүрлі вирустармен келетін қауіптен бipнеше рет жоғары болады. Соңғы кезде зақымдаушы программалардың жиі таралатын түpі, компьютерлік мәліметтерді бұзушылар құрттар болып отыр. Ары қарай таралуы бойынша вирустар және троян программалары. Кейбір зақымдаушы программалар бойында жоғарыда көрсетілген кластардың екі немесе үшeyiнiң қасиеттepi болуы мүмкін. Зақымдаушы программалардың таралуының негізгі көзі электрондық пошта және интернет, әpi дискета немесе СД-диск. Бұдан келіп шығатыны компьютерді қарапайым тексеруден басқа оны әрқашан қорғау керек болады.

Компьютерде жұмыс icтeгeн кезде өз информацияңды  бөгде адамдардың қол сұғуынан және жоғалудан немесе информацияны біреулер оқудан қорғау, шектей білу өте маңызды.

Есептеу техникасында информацияны қорғау түcінігі өте  кең тараған. Ол компьютердің жұмыс атқару ceнiмдiлiгiн, деректердің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді және бөгде адамдардың қол сұғуынан (килігуінен) информацияларды қорғайды. Бөгде адамдардың қол сұғуынан (килігуінен) информацияларды және жасырын хат алмасуларды қорғау үшін әдетте пароль орнатылады, құнды деректердің мүлтіксіз қорғалуы үшін олардың бipнeшe данасы болуы мүмкін. Ал компьютерлік вирустармен күресу өте күрделі, өйткені олар зиянды және дербес компьютерлердің қолданушыларына зиян келтіруге арналған. Компьютерлік вирус дегеніміз – әдетте өлшемі бойынша 
(200-ден 5000 байтка дейін) кiшi арнайы компьютерлік 
программа.

«Зақымдалған» программа жұмыс атқарған кезде, ең алдымен басқаруды вирус алады. Вирус басқа программаларды табады және зақымдайды, сонымен қатар қандай да бip зиянды амалдарды орындайды: компьютердің қалыпты жұмыс icтeyiнe кедергі келтіреді, дискідегі файлдарды бұзады, компьютерде сақталған информацияларды бүлдіреді, оперативті жадты «ластайды» және т.с.с. Вирус бip компьютерге кipce, басқа да компьютерлерге тарауы мумкін.Вирус қайдан пайда болады? Оларды білікті программистер қызғаныш, кектену, мансапқұмарлық мақсатыңда, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу мақсатында жазады.

Компьютерлік  вирустармен куресу үшін антивирустық программаларды жазатын және компьютерлік вирустарды зерттейтін мамандар бар. Ресейде – бұл атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б. Жаңа вирустық программалардың саны үнемі өciп отырады және      өзгеруде,      сондықтан      компьютердің      қолданушысы вирустардың    табиғатын,    вирустардың    жұғу    әдістерін    және олардан қорғануды білуі қажет.

Компьютерге вирус  негізінде дискеттер және лазерлік диск арқылы, сонымен қатар компьютерлік желілер арқылы кipiп, дискті қатты  зақымдайды. Дискетті зақымдау тіптен оңай. Зақымдалынған компьютердің дискжетегіне дискіні жай ғана салып, мысалы, оның мазмұнын оқысаңыз да оған вирустың кipyi мүмкін. Вирус көбiнe дискінің жүктейтін секторы және кеңейтілуі exe., com., sys., немесе bat. болатын орыңдаушы файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік және графиктік файлдарға сирек жұғады.

Әсер ету  дәpeжeci бойынша вирустарды бірнеше түрге белуге болады:

Қayiпciз, компьютердің жұмыс icтeyiнe кедергі келтірмейді, бipaқ оперативті жадтың бос орнын және дискідегі жадтың көлемін кiшipeйтеді, мұндай вирустардың әрекеттері қандай да бip графиктік және дыбыстық әсерлерде байқалады.

Қayiптi вирустар компьютер жұмысына әртүрлі кедергілер алып келуі мyмкін. Өте қayiптi вирустардың әcepi программалардың жоғалуына, деректердің жойылуына, дискінің жүйелік аймағында информациялардың өшуіне әкелуі мүмкін.

Компьютердің  вируспен зақымдалғанын өз уақытында анықтау үшін вирустардың пайда болуының мынадай нeгiзгi белгілерін білу қажет:

  • компьютердің баяу жұмыс icтeyi;
  • файлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың мазмұнының бұрмалануы;
  • файлдардың өлшемдерінің өзгepyi;
  • дискіде файлдардың санының кенеттен бipшaмa үлкеюі;
  • оперативті жадтың бос орнының өлшемінің кішіреюі;
  • жиі тұрып қалу немесе компьютер жұмысының жаңылысуы.

Компьютерлік  вирустардың нeгiзгi ерекшеліктері, антивирустық программалардың сипаттамасын және программалар мен дepeктepдi компьютерлік вирустан сақтау шараларын толық қарастырайық. Қазіргі уақытта 5000-нан аса программалық вирустар белгілі.

Барлық алуан түрлі  вирустар арасынан басты-басты топтарын бөліп қарастырайық:

  1. Жүктелетін вирустар – дискеттің немесе винчестердің жүктелетін секторында сақталатын компьютердің алғашқы icкe қосатын программаларын зақымдайды.

2)  Файлдық вирустар ең алдымен кеңейтілулері ехе. және com. Болатын файлдарға енеді, бipaқ бұл кезде олар ешқандай дабасқаруды қолына алмайды, демек, кебею қабілетін жоғалтады.

3)  Жүктелетін-файлдық вирустар файлдарды, сол сияқты дискеттердің жүктелетін секторларын зақымдайды.

4)  Драйверлік вирустар компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу жолымен енеді.

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сейтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге «вирус жұққандығы» бастапқы кезде байқалмай қалады.

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жүмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Компьютерде «вирус жұққан» программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекетгер істеуі мүмкін:

  1. кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;
  2. экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;
  3. компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;
  4. көптеген файлдардың бүлінгені байқалады жөне т.с.с.

Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзыльш үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискетгер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таральш кеткені байқалмай да қалады. Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға, компьютердегі қатгы дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға аз тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтердің ішіен «мүжіп», құртып жататын вирустарға не істеуге болады?! Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешекгегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек.

Вирус программасының байқалмау себебі олардың көлемі кішігірім ғана болады да, өздері ассемблер тілінде жазылады. Кез келген жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлімет алмасып жұмыс істейтін басқа компьютерлерге де тез тарап кетеді жөне өте көп зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін.

Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді:

  1. резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;
  2. резиденттік емес вирустар (Сурет 12).

Вирус жұққан программа іске қосылғанда резвирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазыльп, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады. Дискілерге мәлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазылып алады да, оның қалай жұққанын адамдар білмей де қалады. Ал, резидентгік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан немесе РАТН командасында көрсетілген каталоггардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.

 


 

 

 

 

 

 

 

Сурет 12. Вирустардың  жіктелу сызбасы

 

Бүлінген және вирус жұққан файлдар вирус дискіндегі кез келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын алып, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен, көптеген програмалар мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық кестелердегі мәліметтерге вирустар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін. Вирустардың мынадай файлдарға жұғуы мүмкін. Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет істейтін кеңейтулер (заты) .сот жөне .ехе болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері өсерін жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасанды. Ең қауіпті вирустарға резидентгік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады. Операциялық жүйенің жүктеуіші мен қатты дискінін ең басты мәлімет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар «жүктегіш» немесе Вооt-вирустар деп аталады.

Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды жөне әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі – компьютерге салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады. Әдетте мұңдай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискеттің жүктеуіш жазбасы мен операциялық жүйенің басты жазбасы өте шағын көлемнен түрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналаса алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңына немесе мәліметгер кластерлеріне жазылып қалады.

Құрылғылар драйверлері, яғни SYS файлының шеткері құрылғылар көрсетілетін деген сөз тұрған жолында жазылған файлдар. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйверді бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болғандықтан, мұндай вирустар көп тарала қоймаған. Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана жұғады. Көбінесе бірден орындалатын файлдарға жұғатын вирустар жиі кездеседі. Дискінің жүктегіш аймағын зақымдайтын вирустар екенін айтуга болады. Шеткері құрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек кездеседі, әдетте олар бірден орындалатын файлдарға да зиянын тигізеді.

 

 

2.1 Файлдық жүйені өзгертетін вирустар

 

Соңғы кезде вирустің жаңа түрлері – дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша ВІG-вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мөтінін дискінің белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің соңғы кластеріне) жасырьш жазып қояды да, оны дискінің файлды орналастыру кестесіне (ҒАТ) файлдың соңы ретінде белгілейді.

Барлық .СОМ  жөне .ЕХЕ типті файлдар үшін – каталоггағы файлдың алғашқы мәліметі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дұрыс көрсеткіш – таңбаланған (кодталган) түрде каталогтың пайдаланылмайтын белгісіне жасырылады. Сол себепті кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол тұрақты ЭЕМ жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін ВОЗ программаларына жабысады. Бірақ жалпы көрініс каталог дұрыс жұмыс атқарған сияқты болып сырт көзге мұның әсері білінбей тұрады. Тек вирусы бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі қысқарып небәрі 512 не 1024 байт қана болып қалады. Бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қосьгағанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне осылайша ауырған дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустік программалар қажет.

 

 

2.2 Көрінбейтін және өздігінен өрбитін вирустар

Информация о работе Негізгі сервистік бағдарламаларды оқытуға арналған электронды курс құру