Негізгі сервистік бағдарламаларды оқытуға арналған электронды курс құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 10:03, курсовая работа

Краткое описание

Бағдарлама – магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі. Алдын ала келісім нақты программа арқылы орындалатын функциялар жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды. Үнсіз келісім егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін тағайындайды. Интерфейс – программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.

Содержание

Кіріспе
3
1 Бағдарламалық құралдар
4
1.1 Архиваторлар
8
1.2 WinRАR, 7 Zip архиваторларымен жұмыс жасау
13
1.3 WinRАR, 7 Zip архиваторларының жұмыс жасауын салыстыру
16
2 Компьютерлік вирустар және олардан қорғану
17
2.1 Файлдық жүйені өзгертетін вирустар
22
2.2 Көрінбейтін және өздігінен өрбитін вирустар
22
3 Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері
25
3.1 Антивирустық бағдарламаларға шолу жасау
27
3.2 Касперский антивирус personal програмасының мақсаты және негізгі функциялары

32
3.3 Doctor Web антивирустық бағдарламасы
34
4 Macromedia Flash бағдарламасы және оның мүмкіндіктерін информатика пәнін оқытуды ұйымдастыруда қолдану

37
4.1 Macromedia Flash бағдарламасында жұмыс істеу негіздері
44
4.2 Электрондық оқыту құралдарына қойылатын негізгі талаптар
50
5 Практикалық бөлім
57
Қорытынды
64
Қолданылған әдебиеттер тізімі
65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 9.15 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Негізгі сервистік бағдарламаларды оқытуға арналған электронды курс құру» тақырыбына

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

3

1 Бағдарламалық құралдар

4

1.1 Архиваторлар

8

1.2 WinRАR, 7 Zip архиваторларымен жұмыс жасау

13

1.3 WinRАR, 7 Zip архиваторларының жұмыс жасауын салыстыру

16

2 Компьютерлік вирустар және олардан қорғану

17

2.1 Файлдық жүйені өзгертетін вирустар

22

2.2  Көрінбейтін және өздігінен өрбитін вирустар

22

3 Компьютерлік вирустардан  сақтанудың негізгі тәсілдері

25

3.1 Антивирустық бағдарламаларға шолу жасау

27

3.2 Касперский антивирус  personal програмасының мақсаты және  негізгі функциялары

 

32

3.3 Doctor Web антивирустық бағдарламасы

34

4 Macromedia Flash бағдарламасы және оның мүмкіндіктерін  информатика пәнін оқытуды ұйымдастыруда қолдану

 

37

4.1 Macromedia Flash бағдарламасында жұмыс  істеу негіздері

44

4.2 Электрондық оқыту құралдарына  қойылатын негізгі талаптар

50

5 Практикалық бөлім

57

Қорытынды

64

Қолданылған әдебиеттер тізімі

65


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Бағдарламалық құралдар 

Бағдарлама – магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің  көмегімен шешіледі. Алдын ала келісім нақты программа арқылы орындалатын функциялар  жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды. Үнсіз келісім егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін тағайындайды. Интерфейс – программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.  
        Программалық жасақ – информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жай элементгер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды. ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді,оны келесі сызбадан көре аласыздар.

 


 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Бағдарламалардың жіктелу сызбасы

 

Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жүмыс  істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады. Жүйелі программалық жасақты бірнеше топқа жіктеуге болады.

 


 


 

 

 

 

 

 

Сурет 2. Жүйелік бағдарламалық  жасақтаманың жіктелу сызбасы

Операциялық жүйелер – компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараган операциялық жүйелерге  МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады.

Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады.

Көп мақсаттылық – бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға болады, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі құрылғылар атқарады немесе ол құрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді.

Көптеген ІВМ – үйлесімді компьютерлер дискілік  DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі  WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.

Операциялық жүйелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бүл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден  алғашқы жүктелетін кешенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компьютердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады.

Сервистік программалар – әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар «қосымшалар» деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатын қуатгы мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады. Қолданбалы программалық жасақ – белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программадар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді. Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жасақ әр адамның нақты есептерін шығаруга арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді. Дербес компьютерлердің кең таралуына басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жасақтарың кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өндеуді түгел қамти алатын болды. Әртүрлі информацияларды өндеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалық жасақтың негізгі түрлері келесі суреттегідей болады.

 


 


 

 

 

-   мәтін

 

 

 

Сурет 3. Әмбебап программалық жасақтаманың жіктелу сызбасы

 

Мәтіндік информацияларды  даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редакторы деп  аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жүмыс  істейтін адамдар әртүрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсатгарға пайдаланса, басқа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек. Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. 
Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет т.б. шығаруда кең пайдаланылады. Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайындау шапшаңдайды, оларды безендіру жолдары жеңілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар.

Кең тараған мәтін  редакторларына WordPerfekt, Mikrosoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker т.б.  жатады. Графиктік редакторлар графиктік информацияны дайындау мен өңдеуге арналған бағдарлама болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңгайлы. Оның үстіне графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп  - схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерде бере алады.

Графикалық редакторлар  мәліметтердің есептелу нәтижесін  график бейнесінде көрсетуде де және өз қалауымызша түрлі сызықтар тұрғызуда  да қолданылады. Графиктерді әртүрлі  қылыи, мысалы, түзу немесе кисық сызық түрінде, дөңгелек диаграммалар мен гисто-граммалар бейнесінде алуга болады, оларга автоматты түрде масштаб енгізуге, керек болса координата остеріне сандар мен атауларды жазып қоюга да болады. Күрделі графикалық бейнелер түрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуға да болады. Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютермен жазу арқылы толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазга басып алу сияқты көптеген әрекеттср өте жылдам орындалады.

Ойын программалары  дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез  келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар – демалудың жаңа технологиясы.

Оқыту программалары  оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математикадан, физикадан т.б. пәндерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық жөне тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап әрі информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде компьютерлер тексеруші рөлін де әділ атқара алатын құрал екені белгілі.

Іс программалары қызметте керекті әртүрлі информацияларды дайындау, сақтау және өңдеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бұлар іс қағаздарын жүргізуді компьютерлендіру кезінде де құжаттар дайындау, жұмыс кестелерін жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерде де өте ыңғайлы болып табылады.

Информацияның көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялық жүйелер қолданылады. Бұларға мәліметтер базасы, кітапханадағы информация іздеу жүйелері, театрлардағы, әуе жолындағы және темір жолдагы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері мен информациялық коммуникациялар негізіндегі осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру бағдарламасының іргетасын қалайды.

Болашақта перспективасы  бар информациялық құралдарға білімдер базасы мен эксперттік жүйелерді  жатқызуға болады. Олардың көмегімен  кейбір мамандық салаларында эксперттер тәртібін модельдеу арқылы медициналық тақырыптардан консультациялар мен әртүрлі қызмет салаларынан анықтамалар беру, технологгар мен конструкторларға көмек беру істерін жүзеге асыруға болады.

Олар бірыңғай командалар жүйесі арқылы бір форматгы пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелерді, графикалық редакторды, мәліметтер базасын басқару жүйесін, калькуляторды және тағы басқаларды біріктіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкіндігін береді. Әмбебап программалык, жасақ дербес компьютерлермен жабдықтаған әртүрлі мамандық иелерінің жұмыс орындарын автоматандыруды іске асырады. Мұндай жүйелерге, мысалы, конструкторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасап дайындауды, экономикалық және бухгалтерлік жұмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен және информациялық қорлармен толық қамтамасыз ету бұрынгы "қағаздағы" мәліметтерді қолдану жұмыстарын толықтыра отырып, информация алу, тарату, пайдалану жұмыстарын ұйымдастыруды жаңа белеске көтерді. Мұны өзі қоғамымызды информацияландыру процестерін дамытудың негізі болады деп толығынан айта аламыз.

Қолданбалы програмалар  арасындағы ерекше топқа «қосымша» программаларды даярлаудың аспаптық құралдары жатады.

Программалау жүйелері шыққанға дейін өр адам өзі қолданатын программа мәтінін программалау тілінде жазып, оны ЭЕМ-ге арнаулы  мәтін редакторы арқылы енгізіп, сонан соң тағы бір арнайы программа - компилятор (транслятор) көмегімен өз мәтінін машина тіліне аударатын. Ең соңында үшінші бір арнаулы жинақтаушы программаның арқасында бөлек модульдерден орындалатын программалық файл алынатын. 
Қазіргі кезде жасалынып жатқан программалар теледидар, тоңазытқыш, шаңсорғыш тәрізді өндірістік өнімдер санатына кіреді. Бұл программаларды жасау мен тарату – өндірісті жүргізу зандылықтарымен бірдей деңгейде болады деген сөз.

 

 

1.1 Архиваторлар

 

Архиваторлар, бұл файлдың өлшемін кішірейту арқылы, дисктегі орынды үнемдеуге мумкіндік беретін программалар болып табылады. Архивтеу программасы өте көп. Мысалға: PKZIP, ARJ,RAR, Windows ортасы үшін- WinZIP,WinRAR. Бұлардың барлығы жеткілікті тез және жақсы жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысын да қолдануға болады. Бізге информатика оқулыгын жазу барысында жасалған файлдарды   архивтеу   (буып-таңу)   керек   болсын.    Бұл   файлдар информатика    бумасында    жинақталған.    Егер    Сізде   WinRAR архиваторы   бар   болса,   онда  Сіз  тышқан   курсорын   сол   бумаға көрсетесіз де оң жақ пернесін басасыз. Жауап ретінде нұсқаулары бар терезе шығады. «Добавить в архив «Информатика»» нұсқауын таңдайсыз. Егер тышқанды сырт еткізсеңіз, архивтеу үрдісі жүктеледі,  ақпарат терезесі дәлелдеме болады.

Программа файлдарды  буа бастайды. Сонымен қатар олардың  аттарын және тығыздау дәрежесін жазады. Программаның орындалуы аяқталысымен, сіз сол каталогте дәл сондай атпен жаңа файлды байқайсыз.

Әрі    қарай    қасиет    нұсқауының көмегімен сіз файлдың типін, орналастыру өлшемін архивтеу үшін қандай қосымша қолданатындығын және тасу кезінде дискте қандай орын алатындығы және т.б. білетін боласыз. Архивтелген файлмен көптеген амалдар орындауга болады: алу (ашу), жаңарту, қосу және т.б.

Архивті ашу  үшін де архиватор программасы қолданылады. Біз бұл  жағдай   да   архивтеуде   тышқанмен   орындалған   амалдарды орындаймыз. Сонда нұсқауларымен  пайда болған терезеде бізге тиімді пунктті тандаймыз. Әрі қарай программа архиватор файлдарды біртіндеп алып, көрсетілген бумаға жаза береді. Буылған файлды жаңартуда, яғни файлдың көне үлгілерін жойып жаңа файлды қосу «Ашу» нұсқауының көмегімен орындалады. Барлық терезелер сияқты бұл терезе де тақырыбынан, менюлер жолынан, құрал-саймандар жолынан және т.б. тұрады, жасалатын қимылыңызға байланысты меню пунктін немесе құралды таңдайсыз.

Информация о работе Негізгі сервистік бағдарламаларды оқытуға арналған электронды курс құру