Негізгі сервистік бағдарламаларды оқытуға арналған электронды курс құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 10:03, курсовая работа

Краткое описание

Бағдарлама – магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі. Алдын ала келісім нақты программа арқылы орындалатын функциялар жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды. Үнсіз келісім егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін тағайындайды. Интерфейс – программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.

Содержание

Кіріспе
3
1 Бағдарламалық құралдар
4
1.1 Архиваторлар
8
1.2 WinRАR, 7 Zip архиваторларымен жұмыс жасау
13
1.3 WinRАR, 7 Zip архиваторларының жұмыс жасауын салыстыру
16
2 Компьютерлік вирустар және олардан қорғану
17
2.1 Файлдық жүйені өзгертетін вирустар
22
2.2 Көрінбейтін және өздігінен өрбитін вирустар
22
3 Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері
25
3.1 Антивирустық бағдарламаларға шолу жасау
27
3.2 Касперский антивирус personal програмасының мақсаты және негізгі функциялары

32
3.3 Doctor Web антивирустық бағдарламасы
34
4 Macromedia Flash бағдарламасы және оның мүмкіндіктерін информатика пәнін оқытуды ұйымдастыруда қолдану

37
4.1 Macromedia Flash бағдарламасында жұмыс істеу негіздері
44
4.2 Электрондық оқыту құралдарына қойылатын негізгі талаптар
50
5 Практикалық бөлім
57
Қорытынды
64
Қолданылған әдебиеттер тізімі
65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 9.15 Мб (Скачать документ)

Көптеген басқа  бағдарламалар сияқты архиваторлар да тегін және ақылы деп екіге бөлінеді.

 

 

Сурет 4. Архиваторлардың  жіктелу сызбасы

 

Тегін архиваторды  сіз Интернеттен ешқандай ақы  төлеместен жүктеп, қондыра аласыз. Ал егер сіз компьютеріңізде архиватордың бар-жоғын тексерген кезде, «Архивке қосу»  (немесе «Add to») сөзінен басталған пунктті көрсеңіз, бұл сіздің компьютеріңізде ақылы архиватор орнатылған деген сөз. Ол  деп аталады. 

 

 

Сурет 5. WinRAR архиваторының белгішесі

 

Ал егер сіз  компьютеріңізді тексерген кезде, 7 Zip атты пунктті байқасаңыз, онда бұл тегін архиватор сізде бұрыннан бар.

 

 

Сурет 6. Архиватор белгішесі

 

Ең бастысы  жеке бөлек қосымшамен біртіндеп тәжірибе жинақтай отырып,  әрқайсысының  ыңғайы  мен  араласу  принциптері  бірдей екенін ұмытпау.

  1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі.

Сіздер кез  келген информацияның белгілі бір  көлемі болатынын білесіздер. Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен  болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы  мүмкін. Бұл мәселені шешудің бірінші жолы – қажет емес файлдарды жою. Ал, егерде қажет емес файлдың бәрін жойғаннан кейін де дискідегі орын жеткіліксіз болса не істейміз? Мұндай жағдайда дискідегі орынды үнемдеп файлдың көлемін азайту үшін, мәліметтерді сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.

Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақтау -тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі – файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына, қысқаша басқа информацияны жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану. 
Әрине архиватордың әртүрлі информациялар үшін тиімділігі әртүрлі болатыны өз-өзінен түсінікті, мысалы, мәтіндік файлдарды екі есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сұр түсті суреттерді (РСХ немесе ВМР тәрізді форматтағы) қанықтылық ерекшеліктеріне қарай екі-төрт тіпті он есеге дейін тығыздап қысуға болады.

Архиваторлар  файл көлемін 10-70%-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді. Әдетге 20 Мб дискіні көшіру (СОРУ командасы арқылы) 15-ке дейін дискет (көлемі 1,44Мб) қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді бірнеше есе қысқартуға болады. Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т. б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. Архивтеу программалары тегін (SНАРЕWАRЕ) немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына АRІ,RAR, РРKUNZІP жәнеPKZIP тәрізді программалар жатады. Бұлардан басқа да архиваторлар бар.

  1. Архивтік файл.

Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тізімі) және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив қүрамындағы әрбір файл үшін, оның мазмұны тәрізді мынадай информациялар сақталады:

  • файлдың аты;
  • файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
  • файлдың соңғы рет өзгертілген мерзімі;
  • архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау;
  • коды.

Дискінің түпкі  бумасына өту үшін СІг1+\ пернглерін басу қажет. 
Қажет файлдар бар бумаға кірген соң, архивтейтін файлдар мен бумаларды ерекшелеп белгілейміз. Бұны курсорды басқару-бағыттауыш пернелері немесе тышқанның сол жақ батырмасы мен  пернесін бірге басу арқылы жүзеге асырамыз. WinRar терезесінде файлдарды ерекшелеп белгілеу үшін «Бос орын» және пернелерді қолдануға да болады. Цифрлық пернедегі <+>, <-> пернелері файлдар тобын ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастау мүмкіндіктерін туғызады.

Бір немесс бірнеше  файлдарды ерекшелеп алып, Қосу батырмасын шертеміз (командалар менюінен «Файлдар архивке қосу» командасын таңдау арқылы да іске асырамыз). Пайда болған сұхбат терезесіне архивтің атын енгіземіз немесе алдын ала келісім бойынша берілген атын растау қажет. Осы жерден жаңа архивтің (rar. немесе zip) форматын, қысу тәсілін, том көлемін және басқа да архивтеудің параметрлерін таңдауға болады. Бүл сүхбат туралы архивке ат беру, параметрлер енгізу, сұхбат бөлімінде толық сипатталады. Архивті жасау үшін ОК батырмасын шерту қажет. 
Архивтеу кезінде статистикалық терезе пайда болады. Егер қысу процесін кенеттен тоқтату қажет болса, сол терезеде Болдырмау батырмасын басу керек. Архивтеу аяқталған соң, статистика терезесі жойылады, ал жасалған архив ағымдағы белгіленген файл күйінде қалады.

  1. Файлдарды архивтен шығарып алу.

WinRAR ортасында  архивтен файлды шығарып алу  үшін, алдымен архивті ашып алу  керек. Оны төменде көрсетілген бірнеше тәсілмен жасай аламыз:

  • Windows ортасында архивтік файлға екі рет тышқанды шерту немесе Еnter-ді басу (Сілтемеде немесе Жұмыс столында). Егер WinRAR орнатылған кезде (алдын ала келісім бойынша) архив-файл типімен байланысқан болса, онда архив Winrar-да ашылады. Бұл әрекетті кейіннен WinRAR-ды орнатып болған соң да «Интеграциялау» сұхбаты көмегімен жасауға да болады;
  • WinRAR терезесіне немесе белгішесіне архивті тасымалдау. Бұны жасамас бұрын Winrar терезесінде басқа архивтің ашық болмағандығын тексеріп алған жөн, себебі тасымалданатын архивіміз басқасына қосылып кетуі мүмкін;
  • Командалар қатарынан параметр түрінде архивтік атпен WinRAR-ды іске қосу.WinRAR терезесінде архивті ашқанда, оның мазмұны шығады. Шығарып алынатын керек файлды және буманы ерекшелеп алу қажет. Ол үшін «Бос орын» және INS пернелерін қолдануға болады. Цифрлық пернедегі «+», «-» пернелері файлдар тобын толық ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастауға мүмкіндіктер туғызады. Бір немесе бірнеше файлдарды белгілеп алған соң, WinRAR терезесіндегі Шығару батырмасын басамыз. Архивтеу кезінде статистикалық терезені пайдаланып, қысу процесін тоқтатуға болады. Ол үшін Болдырмау батырмасын басу керек. WinRAR терезесін жүйелік науада (tгау) кішірейту үшін, Фондық батырмасын басамыз. Архивтен шығару қатесіз аяқталса, онда WinRAR өз ортасына оралады, ал кері жағдайда диагностикалық хабарламасы бар Терезе пайда болады.
  1. Архивтердің тұтастығын тексеру.

Архивтегі әрбір  файл үшін оның циклдік бақылау коды (СRС) жазылып сақталады. Бұл код – файлдың ішкі мәліметінің арнайы функциясы, файлға кішігірім өзгерту енгізілсе, оның бақылау коды да өзгеруге тиіс. Сондықтан бақылау коды архивтік файлдың бүлінбей дұрыс сақталғанының белгісі болып табылады. Файлдарды WinRAR программасында архивтен шығарар кезде олардың әрқайсысы үшін бақылау коды бөлек есептеледі де, ол бұрынғы жазылып сақталған кодпен салыстырылып нәтижесі экранда көрсетіледі.

  1. Архивті бүлінуден сақтау.

RАR архивінің  форматы берілген көлемнен тыс  арнайы информация типін, яғни  қалпына келтіру деп аталатын мәліметті сақтайды. Егер архивте бұл мәлімет болса, онда иілгіш дискідегі информация бүлінген жағдайда да оларды қайтадан қалпына келтіре аламыз. Бірақ бұл программа ZІР форматындағы архивтерді қайтадан қалпына келтіру әрекетін орындай алмайды. 
Мәліметті қалпына келтіру үшін командалық қатарда RR[N] сөз тіркесін кез келген операциялық жүйе командасының кілті ретінде қолдануымызға болады немесе бұрын құрылған архивті қорғап қою мақсатында тікелей командасын енгізуге де мүмкіндік бар.

Мұның басқаша орындалу түрі – алдын ала келісім бойынша архивтеу профиліне жоғарыдағы тәрізді опцияны іске қосу болып табылады. Мұндайда кез келген архивті өзгерткеннен кейін, оған оны қалпына келтіру информациясы автоматты түрде қосылып отырады.

Қалпына келтіру  информациясы өз функциясын орындауы үшін оның құрамында 4096-ға дейін секторлар болуы мүмкін. Егер бүлінген мәліметтер үзіліссіз қатарласа орналасса, онда әрбір сектор оның бүлінген 512 байт көлемін қайта қалпына келтіре алады. Архиваторлардың түрлері өте көп. Қазіргі уақытта кең қолданылатын түрлері келесі суретте көрсетілген.

 

 

Сурет 7. Архиваторлардың кең тараған түрлері

 

Енді осы кең таралған архиваторларға қысқаша тоқталып өтсек, оларды келесі бөлімдерден көре аласыздар.

 

 

1.2 WinRАR, 7 Zip архиваторларымен жұмыс жасау

 

Енді WinRaR бағдарламасы жөнінде біраз әңгіме өрбітейік. Бұл өте қарапайым және ыңғайлы бағдарлама. Сонымен файлдар мен папкаларды қалай архивтеуге немесе архивтен алуға болады? 

 

 

Сурет 8. WinRAR архиваторының белгішесі

 

Бірінші файлдар мен папкаларды архивтеп үйренеміз. Ол өте қарапайым түрде жүзеге асады. Тышқанды архивтегіңіз келетін файл немесе папканың үстіне апарып, оң жақ батырманы басамыз. Сол кезде 9-суреттегідей тізім шығады (Сурет 9).

 

Сурет 9. WinRAR архиваторы

 

Байқағаныңыздай, бізге керегі – «Добавить в архив» (Add to) деген сөзден басталатын пункт. Оның ішіндегі маңыздысы екінші пункт «Добавить в архив “Папка.rar”» (Add to «Папка.rar»). Сізде де осындай пункт болары анық. Бірақ тек «Папка.rar» сөзінің орнына файл немесе папкаңыздың аты болады (папка) .rar.

Бірақ кей жағдайларда, суреттерді, видео немесе музыканы архиваторда  сыққан кезде, көлемі кішкене азаюы  немесе тіпті өзгермеуі мүмкін. Аталған  нәрселерді сығу үшін басқа бағдарламалар  қолданылады, архиватор емес.

Енді 7 Zip жөнінде біраз мағлұмат бере кетейік. 7 Zip – өзінің тегін, сенімді және 7Z форматын игере алатындығымен аса танымал архиватор.

 

 

Сурет 10. 7  Zip архиваторының белгішесі

7 Zip архиваторы. Қатынауға болатын адресі: http://www.7-zip.org. Бағасы: тегін, GNU LGPL.  Көлемі: 820КБ. Сығу тәсілдері: 7z, ZIP, GZIP, BZIP2, TAR Аша алатын бағдарламалар тізімі: RAR, CAB, ARJ, LZH, CHM, Z, CPIO, RPM, DEB.

7– Zip архиваторының негізгі мүмкіндіктері:

1)  Жаңа 7z форматы мен LZMA сығу компрессиясының арқасындағы жоғары сығу деңгейі.

2)  Оқитын форматтары: 7z, ZIP, GZIP, BZIP2 және TAR.

3)  ZIP және GZIP форматтары үшін 7– Zip архиваторы PKZip және WinZip архиваторларына қарағанда 2-10 пайызға тез сығады.

4)  7z және ZIP форматарында сығу жылдамырақ.

5)  Файлдың қуатты менеджері бар.

6)  Командалық жолдың қуатты нұсқасы.

7)   FAR Manager-ге арналған плагин.

8)  74 тілге аударылған.

 

 

Сурет 11. 7  Zip архиваторының жұмыс жасау барысындағы бейнесі

1.3 WinRАR, 7 Zip архиваторларының жұмыс жасауын салыстыру

 

Ақпараттарды  сақтау да, тасымалдау да ақпараттық үрдіс  мүшелеріне арзанға түспейді. Сондықтан мәліметтерді байланыс арнасы арқылы жіберу қажет болған жағдайларда оларды алдына ала архивтеу керек. Бұл операцияны орындайтын бағдарламалық құралдарды архиватор бағдарламалары деп атайды. Күнделікті компьютермен жұмыста кең қолданылатын мәліметтерді қысу ZIP және RAR форматтарын қарастырайық (Кесте 1).

 

Кесте 1

WinZip пен WinRaR-ды  салыстыру кестесі

Бастапқы файлдың  түрі

Бастапқы файлдың  өлшемі

RAR архивінің өлшемі

Zip архивінің өлшемі

WinRAR

қысу уақыты

WinZip

қысу уақыты

(*.pdf) құжаттаманың файлы

120 КБ

111 974 байт

112 064 байт

1 секундтан аз

1 секунд

(*.doc) Word құжаты

1,37 МБ

381 КБ

421 КБ

1 секундтан аздап көбірек

2 секунд

(*.xls) Excel құжаты

560 КБ

102 КБ

127 КБ

1 секундтан аздап көбірек

2 секунд

(*.jpg) Фото

122 КБ

99,3 КБ

100 КБ

1 секундтан аз

1 секунд

(*.gif) сурет

19,6 КБ

20 180 байт

20 228 байт

1 секундтан аз

1 секунд

(*.exe) қосымша

42,7 МБ

7,74 МБ

10,8 МБ

37 секунд

20 секунд

(*.avi) Видеофайл

97,2 МБ

91,8 МБ

91,9 МБ

4 минут 31 секунд

43 секунд

(*.mp3) Аудиофайл

5,67 МБ

5 922 838 байт

5 918 524 байт

9 секунд

7 секунд


 

Салыстырудың  нәтижесінде WinRAR аудио файлдардардан  басқа кез-келген өлшемдегі файлдарды WinZip-тан қарағанда едәуiр жақсы қысады, WinZip аудио файлдарды жақсы қысады, видео файлдарды қысқанда уақыты жағынан тиімді. Мәліметтерді қысу үшін арналған алгоритмдер саны өте көп. Солардын ішінде WinRAR архиваторында Secure Hash Algorithm 1 (SHA-1) – криптографиялық кэштеу алгоритмі қолданылған.

2 Компьютерлік вирустар және олардан қорғану

 

Компьютерлік  вирус – арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да жұғады және басқа да зиянды іс-әрекетгер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т.с.с.).

Компьютерді пайдаланушы  адамдардың санының көбеюіне байланысты және олардың бip-бipiмeн пошта және интернет арқылы мәліметтермен алмасуына байланысты компьютерді вирустармен зақымдануы, әpi басқа да қауіп тудыратын программалармен ақпаратты ұрлау және бүлдіру мүмкіндігі арта түсті.

Сіздің мәліметтеріңізге қандай қауіп туатынын білгіңіз келсе,қандай зақым келдіретін программалар бар  және олар қалай жұмыс істейтінін білу керек.Жалпы түрде зақымдайтын  программаларды үш класқа белуге болады:

Құрттар (черви) – зақымдаушы программалардың бұл категориясы таралу үшін желілік ресурстарды қолданады.Бұл класс атының өзі көрсеткендей олар бip компьютерден басқа компьютерге желіні,электрондық поштаны және басқа акпараттың каналдарды пайдалана отырып жылжып отырады.Осыған байланысты құрттардың жылдамдығы өте үлкен болады.

Құрттар компьютерге  енеді де, басқа компьютерлердің  желілік адрестерін анықтайды да осы адрестерге өз көшірмелерін жібереді. Желілік адрестерден басқа пошталық клиенттердің адрестік кітапшасындағы мәліметтер пайдаланылады. Осы зақымдаушы программа класының мүшелері кейде жүйе дискілерінде жұмысшы файлдарды құрады, бipaқ та компьютер ресурстарына оперативті жадынан басқа мүлдем қатынамауы мүмкін.

Вирустар – басқа компьютерлерді зақымдайды, яғни оларға өзінің кодын 
қосады, артынан зақымдалған файлдар іске қосылғанда басқаруды алады. Бұл 
қарапайым анықтама вируспен орындалатын негізгі әрекетті-зақымдауды 
айқындауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Негізгі сервистік бағдарламаларды оқытуға арналған электронды курс құру