Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:23, курсовая работа
Формалар- форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шаблонның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады. Форманың конструкторы көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құрасыз.
59-сурет. Автоесептің таспалық түрі.
Есепті көру кезінде экран бетінде оның бір бөлігі ғана көрінеді. Масштаб батырмасы арқылы есеп парағын толық көруге де болады, бірақ бұл кезде ондағы мәліметтер анық көрінбейді. Сондай-ақ саймандар тақтасындағы Екі бет батырмасы арқылы есептің екі бетін де экранға толық шығаруға болады. Есепті көру режимінде Түрі мәзіріндегі Беттер командасы арқылы есептің 1,2,4,8 және 12 бетін экранға шағыруға мүмкіндік бар.
MS Access-те кестелер мен
сұраныстардағы берілгендерді
Формаларды құру тәсілдерінің жеңілдігі, әртүрлілігі және олардың сыртқы түрлері MS Access программасының басқа ДҚБЖ артық болуына әсер етеді. Бұған формалармен жұмыс барысында көз жеткізуге болады. Форма жапсырмасындағы Құру батырмасын шерткенде пайда болатын Жаңа форма терезесіндегі форма құру тәсілдерін қарастырамыз:
Форма шебері мен конструкторы
Жаңа форма
терезесінде форма шеберін
Форма шеңбері төмендегідей 4 қадамнан тұратын әрекеттер бар (қадам әрекеттері тандалған кесте бойынша жақша ішінде нақтыланған):
1-қадам. Форма
құруға қажетті өрістерді
2-қадам. Форманың үш түрінің бірін таңдау (мысалы үшін баға түрі таңдалсын).
3-қадам. Форма стилін таңдау. Форма стилі деп оның фонының шрифтін, қолтаңба рельефін беру саналады. Мысалы, бұлт (облака) стилі таңдалсын.
4-қадам. Жаңа
фораға атау беріп және оның
дайын форманы көру немесе
форма үлгісін өзгерту
Бағдарламада форма құру барысында кестенің барлық өрістерін экран бетіне сыйдыруға тырысады. Оның форма құрудағы әсемдік сапасы ұнамаған жағдайда оны құрастырушы режимінде жөндеуге болады.
Форманы құрастырушы көмегімен құру үшін Форма объектісіне барып, Құрастырушы тәсілін және қажетті кесте немесе сұраныс атауын таңдап Ок батырмасын шертеміз. Экранда құрастырушы терезесі ашылады. Бұл терезеге өзімізге қажетті өрістерді өрістер тізімінен орналастырып, ол өрістердің шрифтін, өлшемін, түсін қалауымызша өзгертеміз. Дайын болған форманы ат беріп сақтаймыз.
Шебер режимі көмегімен Конструктор режимі көмегімен
Автоформалар
MS Access-те форманың, автоматты түрде құруға болатын стандартты түрі бар: бағандық автоформа; таспалық автоформа; кестелік автоформа. Автоформа түрлерін, нақты мысал ретінде Студент кестесін қарастырамыз: Осы кестенің стандартты түрдегі формасын алу үшін Жаңа форма терезесінде автоформалардың бірін белгілеп терезенің төменгі жағында Студент кестені таңадап, ОК түймесін таңдау керек. Бағандық формада кестенің барлық өрістері баған түрінде орналасқан. Экран бетінде оның бір ғана жазбасы көрінеді. Кестенің қажетті жазбасын көру үшін оның жазбалар бойымен жылжу батырмалары пайдаланылады.
Таспалық форма кестеге ұқсас, бірақ ондағы берілгендер кестедегідей жинақы емес, олардың әрқайсысы бір таспада орналасқан.
Кестелік форма сыртқы түрі бойынша кәдімгі кестеден айырмашылығы жоқ. Шындығында, форма статусындағы кесте, басқаша айтқанда, форма үшін кесте режимі қамтылған.
Макростар
Батырмалы форманы пайдаланғанда ең бірінші қарастыратын керекті құрал, яғни байланыстыратын құрал - бұл макростар.
Макрос бұл - жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Байланыстырушы құрал. Бұл MS ACCESS бағдарламасының 6 объектісі және оның көрікті, кең көлемді болып безендірілуіне улкен үлес қосады. Макросты бір ғана құру жолымен құрамыз. Оны конструктор арқылы ашып жөндеуге болады. Макрос жалпы макрокоманда, ескерту, макрокоманд аргументінен тұрады. Макрокоманда бірнеше функция атқарады мысалы, форманы ашу, кестені ашу, сұранысты ашу, сақтау, жазу іздеу, сағат шығару, бағдарламаныны жауып шығу. Осы функцияларды таңдау арқылы оның аргументіне керекті аргумент енгіземіз. Мысалы, форма ашу үшін макрокомандадан открыть форму - ды таңдап, аргумент макрокомандадан ашу керек форма атын беріп, сақтаймыз. Сол сияқты функцияларды орындай береміз.