MS Access

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:23, курсовая работа

Краткое описание

Формалар- форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шаблонның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады. Форманың конструкторы көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құрасыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

986_ms_access.doc

— 1.76 Мб (Скачать документ)

 

7-сурет. «Деректер  қоры» саймандар тақтасы

 

MS Access-тің басқа  да объектілері сияқты, өз қалауыңыз  бойынша, саймандар тақтасының  сыртқы түрін баптауыңызға болады. Ол үшін Вид│Панели инструментов  командасын таңдаңыз, экранның төменгі жағында Настройка командасы бар меню шығады. Бұл команданы таңдағанда экранда саймандар тақтасының бүкіл тізімінен тұратын «Баптау» диалог терезесі пайда болады. Осы уақытта саймандар тақтасында бейнеленгендері ٧ белгісімен көрсетілген. Создать командасын таңдап, қажет кезінде экранға жаңа саймандар тақтасын қосасыз.

Саймандар тақтасы  экранның  жоғарғы жағында үнсіздік бойынша орналасады, бірақ оны  экранның кез-келген жеріне жылжытып, мөлшерін өзгерте аласыз. 

Саймандар тақтасын баптау

Сіз «Деректер  қоры» саймандар тақтасымен таныстыңыз және экранға кірістірілген саймандар тақтасын шақыруды қарастырдыңыз. Әрбір кірістірілген саймандар тақтасы жиі қолданылатын әрекеттерді орындауға арналған батырмалардан тұрады. MS Access саймандар тақтасын баптауға мүмкіндік береді. Саймандар тақтасына стандартты батырмаларды қосып, қажет емес батырмаларды алып тастауға болады. Керек кезінде жаңа саймандар тақтасын құрып, оған батырмаларды орналастыруға мүмкіндік бар.

MS Access 2000 саймандар  тақтасы менюдегі сияқты автоматты түрде бапталады және жиі қолданылатын батырмалардан тұрады. MS Access 2000 тақтасын алғаш іске қосқанда жалпы белгілеудегі батырмалар болады. MS Access 2000 тақта мазмұнында жиі қолданылатын батырмаларды ғана бейнелейтіндей етіп өзгертеді.

Егер тақтада қолданылмаған батырма басылса, ол саймандар тақтасына қосылады. Егер батырма бірнеше сеанс жұмыс істегенде қолданылмаса, оны MS Access бапталған тақтадан алып тастайды. Тақтаның батырмалар жиынын толық бейнелеу үшін 8-суретте көрсетілгендей, тақтаның оң жағында орналасқан бағыттауышты басыңыз.

 

 

8-сурет. Батырмалардың толық жиынын шақыру.

 

Саймандар тақтасын баптау үшін Настройка менюінен Вид/Панели инструментов командасын орындаңыз, егер керекті тақталар осы кезде экранда  бейнеленбесе, саймандар тақтасын экранға шығару үшін «Баптау» менюінен таңдап алып, «Настройка» диалог терезесінде жалаушаларды орнатыңыз.  Сосын батырмалар категориясы тізімінен тұратын, ал ағымдағы категория үшін «Командалар» аймағындағы батырмаларды бейнелейтін «Командалар» жапсырмасына көшіңіз (9-сурет).

 

 

9-сурет. Саймандар тақтасын баптау

 

Саймандар тақтасында батырмаларды орналастыру үшін алдымен  категорияны, сосын керекті батырманы  таңдайсыз. Әрі қарай тышқанның  нұсқауышын батырманың бейнесіне апарып, тышқанның батырмасын басыңыз және оны жібермей талап етілген батырманы бапталушы саймандар тақтасына көшіріңіз.

Саймандар тақтасынан батырманы  алып тастау үшін, тышқанның нұсқауышын өзіңіз экраннан алып тастамақшы болған батырмаға орнатыңыз. Сосын тышқанның  сол жағындағы батырманы жібермей басып ұстап тұрып, экранның бос тұрған кез- келген жеріне жылжытыңыз да, тышқанның батырмасын жібере салыңыз. Батырма саймандар тақтасынан алынып тасталынады.

Егер кірістірілген тақтаны  бастапқы қалпына келтіргіңіз келсе, «Настройка» диалог терезесінің «Саймандар тақтасы» жапсырмасында Сброс батырмасын басыңыз.

Өз тақтаңызды құру үшін «Саймандар тақтасы» жапсырмасында  Создать батырмасын басыңыз, сосын  «Саймандар тақтасының құрылуы» диалог терезесінде құрылғалы жатқан тақтаның атын енгізіңіз. ОК батырмасын басқанда бос саймандар тақтасы құрылады. «Командалар» жапсырмасына көшіңіз де, жаңа саймандар тақтасына қажетті батырмаларды орналастырыңыз. Тақтамен жұмысты аяқтау үшін Закрыть батырмасын басыңыз.

Пайдаланушының саймандар  тақтасын жою үшін «Саймандар тақтасы» жапсырмасында жойылатын саймандар тақтасын таңдап, Удалить батырмасын басыңыз. Пайдаланушының саймандар тақтасын алып тастауға болады, кірістірілген саймандар тақтасын жоюға болмайды.

 

Параметрлерді баптау

MS Access-те сансыз  көп әртүрлі баптау параметрлері бар. Сіз жүйелік файлдардың орналасуын, үнсіздік бойынша қаріп параметрлерін, т.б. көрсете аласыз. Параметрлерді баптау үшін Сервис / Параметры командасын орындау негізінде ашылатын «Параметрлер» (10-сурет) диалог терезесі пайдаланылады.

 

10-сурет. «Параметрлер»  диалогты терезесі

 

Параметрлерді баптауды жеңілдету үшін олар атқаратын  қызметтеріне қарай топталған, әрбір  топ жеке жапсырмаларда бейнеленеді. Төменде жапсырмалар тізімі және олардың қызметі көрсетілген:

 

Жапсырма

Сипаттама

Түр

Экранда қалып-күй  жолы, жүйелік және жасырын объектілер, жүктеу терезесі, сонымен бірге аттарының  бағаны мен макростардың конструктор  шарттары бейнеленетінін анықтайтын жалаушалар бар.

Жалпы

Деректер қорын  сұрыптау реті, баспаға жіберу өрісінің шекара параметрлері, жұмыс істейтін каталог аты бар.

Түзету және іздеу

Іздеу және ауыстыру параметрлерін баптауды, дәлелдеуді және  фильтр параметрлерін жүзеге асырады.

HTML

Гиперсілтеме, HTML шаблонын бейнелейтін параметрлерді  және ASP файлдарын шығару параметрлерін анықтайды.

Пернетақта

Өріске кіруге көшу кезінде Enter және бағыттауыш пернелерін  басуды баптайды.                                        

Кестелер режимі

Қаріп, тор және бағандар ені параметрлерін баптайды.

Кестелер және сұраныстар

Кестелер және сұраныстар конструкторларын баптайды.

Пішімдер және есеп берулер

Объектілерді  ерекшелендіру параметрлерінен, пішім  және есеп   есеп беру шаблондарынан  тұрады.

Басқалар

Ашу режимін  және үнсіздік бойынша оқшаулауды, DDE

операцияларын, қателердің алдын алуды және т.б. береді.


 

Параметрлерді баптаған соң, ОК немесе Применить батырмаларын басасыз. ОК батырмасын басқанда орнатылған мәндер MS Access-те тек ағымдағы жұмыста іске асырылады, ал Применить батырмасын басқанда алдағы барлық сеанстарда да жұмыс істейді.

 

MS Access-тен шығу

Жұмыстың ағымдағы сеансы аяқталған соң сізге MS Access-те тастау қажет. Бұл үшін келесі тәсілдердің  бірін пайдалана аласыз:

  • Файл │ Выход  командасын таңдаңыз.
  • MS Access басты терезесі жүйелік менюінің Закрыть командасын таңдаңыз.
  • MS Access басты терезесі жүйелік менюінің батырмасына барып, тышқанды екі рет басыңыз.

Ашылған терезелердің бірінде сақталмаған ақпарат  бар болса, MS Access онымен не істеу  керектігіне нұсқау береді.

Деректер қорын  құру

MS Access реляциялық  деректер қорын басқару жүйесі болып табылады. Реляциялық деректер қоры – қазіргі уақытта едәуір кең таралған және ақиқат өнеркәсіптік стандарт. Реляциялық деректер қорында барлық деректер тікбұрышты кесте түрінде сақталады әрі деректер қорымен орындалатын барлық операциялар кестелерде қолмен жасалып беріледі. MS Access-те деректер қоры ақпаратты енгізу, сақтау, қарау, таңдау және басқару үшін арналған құралдар жиынынан тұрады. Бұл құралдарға кестелер, пішімдер, есеп берулер, сұраныстар жатады.

MS Access-те деректер қорын құрудың екі тәсілі бар. Бос деректер қорын құрып алып, оған кестелерді, пішімдерді, есептерді және басқа объектілерді қосуыңызға болады. Мұндай тәсіл едәуір қолайлы, бірақ деректер қорының әрбір элементінен жеке айқындылықты талап етеді. Бұдан басқа, барлық қажетті кестелермен, пішіндерді және есептермен айқын түрдегі деректер қорын шебердің көмегімен құруға болады. MS Access сізге арналған түрлі деректер қорынан тұратындықтан, екінші тәсіл көп жағдайда қолдануға ыңғайлы. Екі жағдайда да кез-келген уақытта өзіңіз құрған деректер қорын өзгертуге және кеңейтуге мүмкіндігіңіз бар.

 

Бос деректер қорын құру

MS Access-ті іске  қосқанда (11-сурет) диалог терезесі  ашылады, мұнда жаңа деректер  қорын құру немесе бұрыннан  барын ашу ұсынылады. 

 

 

11-сурет. MS Access іске қосылғанда ашылатын  диалог терезесі

 

Егер бұл диалогты терезесі жабылған соң қор құрғыңыз келсе (мысалы, құрылған деректер қорымен  жұмыс істегенде), келесі әрекеттерді  іске асырыңыз:

1. Файл │ Создать   командасын таңдаңыз немесе саймандар  тақтасынан Создать

батырмасын басыңыз. Экранда  «Создание» диалог терезесі (12-сурет) ашылады, ол екі жапсырмадан тұрады:

    • «Жалпы» - жаңа бос деректер қорын құрады.
    • «Деректер қоры» - қажетті объектілерден тұратын деректер қорының үлгісін таңдауға мүмкіндік береді.

 

 

12-сурет. «Құрылу»  диалог терезесі

 

 

2. Жаңа бос  деректер қорын құру үшін жалпы  жапсырмасына өтіңіз, деректер қорын  элементін таңдап, диалог терезесінің  төменгі жағыңдағы ОК батырмасын  басыңыз. Экранда «Жаңа деректер  қорының файлы» диалог терезесі  ашылады.  

3. Ашылған бума  тізімінен құрылған деректер  қорын сақтағаныңыз келген буманы  таңдаңыз, ал Файл аты өрісінде  деректер қорының атын енгізіңіз. 

Жаңа деректер қоры үнсіздік бойынша «Менің құжаттарым»  бумасында құрылады. Бұл баптауға сәйкес «Жаңа деректер қорының файлы» диалогты терезесі ашық тұрғанда, сол жақ тақтада Менің құжаттарым элементі таңдалған. Мұнан басқа, саймандар тақтасында төмендегі элементтер де бар:

 

Элемент

Қызметі

Журнал

Құрылған файлдардың соңғылары жайлы ақпаратпен қамтамасыз етеді

Жұмыс столы

Қайта құрылғалы  жатқан деректер қорының пиктограммасын жұмыс столында орналастыруға мүмкіндік  береді.

Таңдалынған

Интернетке  деректер қорын жариялауға қолданылады.


 

  1. Құрылатын деректер қорының атын енгізген соң, осы диалогты терезесінің Создать батырмасын басыңыз. Экранда деректер қорының терезесі ашылады  (13-сурет).

 

 

13-сурет. Жаңа деректер қорының терезесі

 

Бұл терезеде деректер қорына кіретін барлық объектілерді құру керек. Олардың тізбесі сол  жақ тақтаның «Объектілер» бөлімі элементтеріне сәйкес. Терезеде кестелерді, сақталынатын ақпараттарды, есеп берулерді, пішіндерді, сұраныстарды, Web-парақтарын құра аласыз. Объектілердің айқындалған категорияларына мүмкіндік оған сәйкес элементті таңдаумен жүзеге асырылады. Нәтижесінде қор терезесінде таңдалынған объектінің құрылған объектілер тізімі, ал терезенің жоғарғы жағында осы категорияның объектісін құруға арналған құралдар бейнеленеді.

 

Шебердің көмегімен  деректер қорын құру

Шебердің көмегімен  деректер қорын құру үшін мына әрекеттерді  орындаңыз:

  1. Файл │ Создать командасын орындаңыз.
  2. Ашылған «Құрылу» диалог терезесінде «Деректер қоры» таңбашасын таңдаңыз. Экранда шебермен ұсынылған деректер қорының тізімі пайда болады (14-сурет).

 

 

14-сурет. «Деректер қорының» жапсырмасы

 

  1. Тізімнен сізге барынша сәйкес келетін деректер қоры үлгісін таңдаңыз да, ОК батырмасын басып, деректер қорын құру шеберін орындауға қосыңыз.
  2. «Жаңа деректер қоры файлы» диалог терезесінде ашылған. Бума тізімінен құрылатын деректер қорын орналастыратын буманы таңдап, Создать батырмасын басыңыз.
  3. Келесі диалог терезесінде шебер өзі құрған деректер қоры қандай ақпараттан тұратынын хабарлайды. Осы диалог терезесінің төменгі жағында мына батырмалар бар:
    • Отмена – шебердің жұмысын тоқтатады.
    • Назад – шебер жұмысының алдыңғы қадамына қайта келеді.
    • Далее – шебер жұмысының келесі қадамына барады.
    • Готово – орнатылған параметрлерімен деректер қорына шеберді жібереді.
  4. Жұмысты жалғастыру үшін Далее батырмасын басыңыз.
  5. Ашылған диалог терезесі (15-сурет) екі тізімнен тұрады.

Олардың бірі – деректер қорының кестелер тізімі, ал екіншісі – таңдалынған кестенің өрістер тізімі. Бұл тізімде кестеге енгізілген өрістер тіркелген. Көбіне кестенің барлығының дерлік, сирек қолданылатындарынан басқа, өрістері тіркелген. Өрістер үшін жалаушаларды орнатып немесе алып тастау, кестенің өрісін таңдай аласыз. Кесте өрісін таңдаған соң, Далее батырмасын басыңыз.

 

 

15-сурет.  Деректер қоры кестесінің өрістері тізімін таңдау

 

 

 

                                         16-сурет. Экранда безендіру түрін таңдау

 

     8.  Келесі диалог терезесінде (16-сурет) ұсынылған үлгілерден безендіру түрін таңдап, Далее батырмасын басыңыз.

 

                                                  

                   17-сурет. Есеп берулердің түрін айқындауға арналған диалог терезесі.

Информация о работе MS Access