Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 12:53, курсовая работа

Краткое описание

Ақпараттың қазіргі әлемдегі маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге жетті. Осы тектес жұмыстардың сапасы мен тиімділігі экономикамыздың сапасы мен тиімділігін анықтай бастайды. Академик А.А.Харкевичтың есебі бойынша ақпараттық ағынның жалпы мөлшері орташа есеппен өндірістік потенциалдың квадратына пропорционал түрде өсіп отырады. Басқаша айтқанда, еліміздегі өндірістік күштердің екі есе өсуі ақпараттық ағынның төрт есе өсуін қажет етеді. Барған сайын ұлттық дамудың барысы ақпараттық ресурстардың жағдайына тәуелділігі арта түседі. Соғыстан кейінгі дәуірде ең бірінші болып «ақпараттық революцияның» жемісін өз пайдасына қолдана білген халық –жапондықтар болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая мк.doc

— 3.02 Мб (Скачать документ)

Азия Cолтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе ішкі аудандарда, континенттік климат басым. Оңтүстігі мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орталық Азия жазықтарына шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық. Қыста ең төмен температура солтүстік-шығыс Сібірде байқалады. Верхоян жотасы мен Оймяконда қаңтар айының орташа температурасы –50ӘС, кейде ең төмен температура –70ӘС-қа дейін жетеді. Экваторлық өңірде қаңтардың орташа температурасы 25ӘС-қа дейін өседі. Жазғы температура ендікке байланысты өзгеріп отырады. Шілденің орташа температурасы тундраның оңтүстік шекарасында 10ӘС, ал 55Ә – 60Ә солтүстік ендіктерде 20ӘС, тропиктік, экваторлық белдеулерде 25 – 28ӘС-қа дейін жетеді. Азияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс шеткі аймақтары өте ылғалды келеді. Гималайдың оңтүстік етегіндегі Черрапунджи өңірінде жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 12665 мм (Жер шарындағы ең ылғалды аудан). Экваторлық белдеуде жылына 2000 мм жауын-шашын түседі. Субэкваторлық белдеудегі таудың ық жақ беткейлерінде ылғал мөлшері күрт азайып, 1000 мм-ден аспайды. Ал климаты субтропикті және қоңыржай теңізді аймақтарда 600 – 1000 мм, Сібірдің басым көпшілік жерінде 300 – 500 мм, тундрада 150 – 200 мм, Алдыңғы, Орта және Орталық Азия шөлдерінде 100 – 150 мм, кей жерлерде одан да аз болады. 

Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Гималай, Қарақорым, Гиндукуш, т.б. тауларда мұздықтар таралған (жалпы ауданы 120 мың км2). Мұздықтар өзендердің толығуына аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60%-ы сыртқы, 40%-ы ішкі тұйық алапқа орналасқан. Солтүстік мұзды мұхитқа Объ, Енисей, Лена, Яна, Индигирка, Колыма, Тынық мұхитқа Амур, Хуанхе (Сары өзен), Янцзы (Көгілдір өзен), Меконг, Үнді мұхитына Брахмапутра, Ганг, Инд, Шатт-әл-Араб өзендері құяды. Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең ірілері: Еділ, Кура, Әмудария, Жайық, Сырдария, Іле. Экваторлық белдеудегі өзендердің суы жыл бойы мол болады. Шығыс және Оңтүстік Азия өзендері теңіздік жаңбырға байланысты бүкіл жаз бойы тасиды. Жерортатеңіздік Батыс Азия өзендерінің суы қыста молаяды. Ішкі тұйық алаптың биік тау басындағы қар мен мұздан бастау алатын өзендер жазда қатты тасиды. Құрлықтың ірі өзендері жол қатынасына және жер суаруға ежелгі заманнан бері пайдаланылып келеді. Азияда көл көп. Ең ірілері – Каспий мен Арал теңіздері. Тектоникалық ойыстарда Байкал, Зайсан, Ыстықкөл, Өлі теңіз, Хубсугул, Кукунор, Алтынкөл орналасқан. Биік таулы аймақтарда мұздық әрекетінен пайда болған ұсақ көлдер бар. Жанартау әрекетіне байланысты көлдер Камчаткада және Тынық мұхит жағалауындағы аралдарда, карст көлдері Загрос таулары мен Орталық Азия таулы қыраттарында, термокарст көлдері Сібірде көп. Шөлді белдемдегі көлдер әдетте тұзды болып келеді. 

Өсімдігі алуан түрлі, құрамында реликтер мен эндемиктер көп. Солтүстік мұзды мұхит жағалауында арктикалық, мүкті-қыналы тундра тараған. Солтүстік Азияда орман өте кең алқапты қамтиды, оның көп жерін тайга (батысында шырша, майқарағай, самырсын, шығысында балқарағай мен қарағай өседі) алып жатыр. Қиыр Шығыстың аралас және жалпақ жапырақты ормандары өсімдік түріне бай. Орман белдемінен оңтүстікке қарай орманды дала белдемдері (Батыс Сібірдің оңтүстігі, Солтүстік Монғолия, Байкал сырты, Солтүстік-шығыс Қытай) өтеді. Орта және Орталық Азияда шөл өсімдігі басым. Тибет пен Памирдегі тау басын суық шөл алып жатады. Субтропиктік шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдігі Иран, Кіші Азия таулы қыраттарында, Месопотамияның солтүстік бөлігінде өседі. Месопотамияның оңтүстігі мен Араб түбегі тропиктік шөлге жатады. Субтропиктік белдеудің батыс жағына қарай, Кіші Азиядағы теңіз жағалауында негізінен маквис және мәңгі жасыл еменнен тұратын жерортатеңіздік өсімдіктер өседі. Тынық мұхит жағалауында қоңыржай белдеудің ормандары субтропиктік орманға ауысады (мәңгі жасыл ағаштар – магнолия, лавр, емен, камфора, тунг ағашы, кипарис, т.б.). Малакка түбегі мен Малай топаралында мәңгі жасыл ылғалды тропиктік қалың орман (гилея) өседі. Оның тауларындағы өсімдіктер биіктік белдеулерін құрайды. Солтүстік Азияда тау тайгасы мен тау тундрасы, Орта және Орталық Азияда тау даласы мен шөлі, Оңтүстік Азияда тропиктік тау орманы басым.

Тундрада жануарлардың түрі аз. Орман белдемінде сүтқоректілерден: бұлан, бұлғын, қоңыр аю, сілеусін, тиін, борша тышқан, сасық күзен; құстардан: саңырау құр, тоқылдақ, бұлдырық, шырша торғай, жапалақ, т.б. мекендейді. Құрлықтың шығысы жануарлар түріне өте бай. Мұнда тайганың, жалпақ жапырақты орманның және субтропиктік аймақтың жануарлары өмір сүреді. Дала мен шөл жануарлары Кіші, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда, Солтүстік-батыс Үндістанда тараған. Әсіресе кемірушілердің түрі көп. Батыс жағын жерорта-теңіздік жануарлардан: қабылан, гепард, қорқау қасқыр, жайра, т.б. мекендейді. Өзен бойы тоғайларында жолбарыс, Солтүстік-батыс Үндістанда арыстан сақталған. Құрлықтың субэкваторлық және экваторлық ендіктерінде Үнді-Малай жануарлары (піл, орангутан, гиббон, макака, лемур, тупайя, тапир, мүйізтұмсық, жолбарыс, аю, қабылан, т.б.) басым. Құстардың түрі көп. Жорғалаушылардан алып ешкіемер, қолтырауын, өте улы көзілдірікті жылан, питон (ұзындығы 8 – 10 м) көп тараған. 

Құрлық аумағының солтүстігін Ресей мемлекеті алып жатыр. Ал батысын Кипр, Түркияның негізгі бөлігі, Иран, Ауғанстан, Сирия, Ливан, Израиль, Иордания, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Оман, Йемен Араб Республикасы (ЙАР), Йемен Халық Демократиялық Республикасы (ЙХДР) сияқты Таяу және Орта Шығыс Азия мемлекеттері құрайды. Оңтүстік Азия мемлекеттеріне Пәкстан, Үндістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Бутан, Непал, Мальдив Республикасы; Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне Мъянма, Таиланд, Малайзия, Сингапур, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Филиппин, Индонезия, Бруней, Шығыс Тимор; Орталық Азия мемлекеттеріне Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, МХР енеді. Шығыс Азияны ҚХР, КХДР, Оңтүстік Корея, Жапония мемлекеттері құрайды.

 

Жалауларымен бірге аймақтар мен территориялар аты

Аумағы 
(km²)

Халық саны 
(1 July 2002est.)

Жұрт тығыздығы 
(per km²)

Астаналары

Орталық Азия:

 Қазақстан

2,346,927

16,972,893

5.7

Астана

 Қырғызстан

198,500

4,822,166

24.3

Бішкек

 Тәжікстан

143,100

6,719,567

47.0

Душанбе

 Түрікменстан

488,100

4,688,963

9.6

Ашхабад

 Өзбекстан

447,400

25,563,441

57.1

Ташкент

Шығыс Азия:

 Қытай

9,584,492

1,384,303,705

134.0

Бейжің

 Гонконг

1,092

7,303,334

6,688.0

Виктория-Сити

 Жапония

377,835

126,974,628

336.1

Токио

 Макао

25

461,833

18,473.3

 Моңғолия

1,565,000

2,694,432

1.7

Ұлан-Батыр

 Солтүстік Корея

120,540

22,224,195

184.4

Пхеньян

 Оңтүстік Корея

98,480

48,324,000

490.7

Сеул

 Тайвань

35,980

22,548,009

626.7

Тайпей

Солтүстік Африка:

 Мысыр

980,869

80,335,036

21.7

Каир

Солтүстік Азия:

 Ресей

13,115,200

139,129,729

3.0

Мәскеу

Оңтүстік-шығыс Азия:

 Бруней

5,770

350,898

60.8

Бандар Сери Бегауан

 Камбоджия

181,040

12,775,324

70.6

Пномпен

 Шығыс Тимор

15,007

952,618

63.5

Дили

 Индонезия

1,419,588

227,026,560

159.9

Джакарта

 Лаос

236,800

5,777,180

24.4

Vientiane

 Малайзия

329,750

27,662,365

68.7

Куала Лумпур

 Мьянма (Бирма)

678,500

42,238,224

62.3

Naypyidaw

 Филиппиндер

300,000

84,525,639

281.8

Манила

 Сингапур

704

4,483,900

6,369.0

Сингапур

 Таиланд

514,000

62,354,402

121.3

Бангкок

 Вьетнам

331,690

87,375,000

246.1

Ханой

Оңтүстік Азия:

 Ауғанстан

647,500

27,755,775

42.9

Кабул

 Бангладеш

144,000

133,376,684

926.2

Дака

 Бутан

47,000

672,425

14.3

Thimphu

 Үндістан

3,167,590

1,045,845,226

318.2

Нью Дели

 Иран

1,648,195

70,472,846

42

Тегеран

 Мальдивтер

300

320,165

1,067.2

Мале

 Непал

140,800

25,873,917

183.8

Катманду

 Пәкістан

803,940

147,663,429

183.7

Исламабад

 Шри-Ланка

65,610

19,576,783

298.4

Коломбо

Оңтүстік-батыс Азия:

 Армения

29,800

3,330,099

111.7

Ереван

 Әзірбайжан

46,870

3,845,127

82.0

Баку

 Бахрейн

665

656,397

987.1

Манама

 Кипр

9,250

775,927

83.9

Никосия

 Газа

363

1,203,591

3,315.7

Газа

 Грузия

20,460

2,032,004

99.3

Тбилиси

 Ирак

437,072

24,001,816

54.9

Бағдад

 Израиль

20,770

6,029,529

290.3

Құддыс

 Иордан

92,300

5,307,470

57.5

Амман

 Кувейт

17,820

2,111,561

118.5

Кувейт

 Ливия

10,452

3,677,780

353.6

Бейрут

 Оман

212,460

2,713,462

12.8

Мускат

 Катар

11,437

793,341

69.4

Доха

 Сауд Арабиясы

1,960,582

23,513,330

12.0

Рияд

 Сирия

185,180

17,155,814

92.6

Дамаск

 Түркия

756,768

67,308,928

76.5

Анкара

 Біріккен Араб Әмірліктері

82,880

2,445,989

29.5

Абу Даби

 Батыс жағалауы

5,860

2,303,660

393.1

 Йемен

527,970

18,701,257

35.4

Сана

Total

43,810,582

3,902,404,193

89.07

 

 

 

 

 

2.2.Азия мемлекеттері  мәліметтер қорының жұмысын іске  асыру

 

  Азия мемлекеттері мәліметтер қорын құру үшін:

 

  1. Пуск Программы Мicrosoft Offise Microsoft  Access қадамдарын орындаймыз. «Новая база данных» батырмасын шертеміз, сонда экран бетінде  Microsoft  Access-тің терезесі пайда болады.

 

1-сурет. Microsoft  Access экран беті

 

  1. Вид Конструктор командасын орындап, кестенің атын «Орталық Азия» деп сақтаймыз. Экран бетіндегі «Баған аты» деген жерге мәліметтердің атын жазамыз. Мысалы, мемлекет аты, астанасы, аумағы т.с.с. Ал «Мәліметтер типі» деген бағанға  сол енгізген мәліметтердің типін енгіземіз. Мәліметтер типін енгізгеннен соң оны міндетті түрде сақтаймыз.

 

 

2-сурет. Енгізілген мәліметтердің  типін беру

 

  1. «Орталық Азия» деп аталатын кестені шертіп, мәліметтер енгіземіз және сақтаймыз.

 

 

  1. Басты менюден Создание Форма командаларын орындаймыз және экран бетінде «Орталық Азия» кестесінің формасы пайда болады.

 

 

3-сурет. Создание

Форма командаларын орындау сызбасы

 

4-сурет. Форма көрінісі

 

  Сол сияқты Шығыс Азия, Оңтүстік-шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-батыс Азия елдері туралы мәліметтер енгізіп, олардың формаларын құрамыз.   

 

Енді орындалған мәліметтерді жинақтап кнопканы басу арқылы көрсетейік. Ол үшін:

    1. Басты менюден Работа с базами данных диспетчер кнопочных форм командаларын орындаймыз.

 

5-сурет. Кнопкамен жұмыс істеу.

 

    1. Экранда Диспетчер кнопочных форм терезесі пайда болады. Ол жерден Изменить батырмасын басып кнопка формасының бетіне ат береміз және Создать батырмасын басамыз.

6-сурет. Кнопкалық формаға атау беру.

 

    1. Создать батырмасын басқаннан кейін Диспетчер кнопочных форм терезесіндегі
      • Текст деген жерге Орталық Азия
      • Команда деген жерге Открыть форма для изменение нұсқасын таңдаймыз
      • Кнопочная форма деген қатарға Орталық Азия деген форманы таңдап ОК батырмасын басамыз.

 

7-сурет. Кнопкалық форманың элементтерін өзгерту.

 

    1. Сол сияқты осы операцияларды Шығыс Азия, Оңтүстік-шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-батыс Азия елдеріне де қайталап, соңында Закрыть батырмасын басамыз.
    2. Экранда мемлекет туралы мәлімет деген Кнопкалық форма пайда болады.

8-сурет. Кнопкалық форма.

 

10-сурет. «Азия құрлығындағы мемлекеттер»  мәліметтер қорының формасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі таңда мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің  түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Курстық жұмыс Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесінде жазылған.

Курстық жұмыстың тақырыбы-«Азия құрлығындағы мемлекеттер» мәліметтер қорын құру. Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады.

1. Мәліметтер қоры және  мәліметтер қорын басқару жүйесі.

2. «Азия құрлығындағы мемлекеттер» мәліметтер қорын құру.

Бірінші бөлімде Access мәліметтер қорын басқару жүйесіне қысқаша түсінік берілген.

Екінші бөлімде мәліметтер қоры, олармен жұмыс істеу, кесте құру, форма құру, кнопка жасау тәсілдері көрсетілген.

Курстық жұмысты қорытындылай келе, Access мәліметтер қорының теориялық материалдарын толық меңгеруде, мәліметтер қорымен жұмыс істеудекөмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Симонович С.В. Специальная информатика. М.:издат.центр «Академия» 2000.
  2. Камардинов О. « Информатика ». Алматы, 1994ж.
  3. Байжұманов. « Информатика ».Астана, 2004ж.
  4. Балапанов. « Информатикадан 30 сабақ ».
  5. 5. Виктор Пасько «Access2000» Киев 1999 ж
  6. Ларионов Б.А. «Информатика и ВТ» 1992 ж.
  7. Харитонова И. «Самоучитель Access» 2001 ж.
  8. В.Н.Кирнос «Информатика Базовый курс» Көкшетау, 2004 ж
  9. С.Симонович «Информатика Базовый курс» 2004 ж
  10. А.В.Могилев, Н.И.Пак, Е.К.Хеннер «Практикум по информатике» 2000ж.

 

 

 


Информация о работе Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі