Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 12:53, курсовая работа

Краткое описание

Ақпараттың қазіргі әлемдегі маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге жетті. Осы тектес жұмыстардың сапасы мен тиімділігі экономикамыздың сапасы мен тиімділігін анықтай бастайды. Академик А.А.Харкевичтың есебі бойынша ақпараттық ағынның жалпы мөлшері орташа есеппен өндірістік потенциалдың квадратына пропорционал түрде өсіп отырады. Басқаша айтқанда, еліміздегі өндірістік күштердің екі есе өсуі ақпараттық ағынның төрт есе өсуін қажет етеді. Барған сайын ұлттық дамудың барысы ақпараттық ресурстардың жағдайына тәуелділігі арта түседі. Соғыстан кейінгі дәуірде ең бірінші болып «ақпараттық революцияның» жемісін өз пайдасына қолдана білген халық –жапондықтар болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая мк.doc

— 3.02 Мб (Скачать документ)

Реттелген кестелік құрылымдардың ең басты кемшіліктері – оны жаңарту, яғни оған қосымша жаңа жазбалар енгізу болып табылады. Себебі, ол кезде бүкіл кестенің реті бұзылады, оны қайта құру қажет болады.

Мұндағы негізгі кестеден ешқандай реттілік талап етілмейді. Жазбалар негізгі кестеге түсу ретімен енгізіле береді. Егер қолданушы қандайда бір шарттармен сұрыпталған, сүзгіленген мәліметтер алғысы келсе, онда ол сәйкес сұранысты пайдаланады. Егер қажетті сұраныс болмаса онда ол жобалаушыға тапсырыс береді.

Қалыптар. Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптау мен анализдеудің арнаулы құралдары болса, ал қалыптар мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада – ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.

Қалыптардың көмегімен мәліметерді экранға бейнелеп беруге болады. Сұраныстың көмегімен де мәліметтерді бейнелеуге болады, бірақ қалыптың көмегімен экранға шығарылған мәліметтерді безендіруге болады. Ол үшін мәліметтерді енгізу кезінде арнаулы безендіру құралдарын қолдану қажет.

Қалып құрудың 3 тәсілі бар:

1.  Автоқалып (қалыпты автоматты түрде құру).

2.  Қалыптар шебері (қалыпты жартылай  автоматты түрде құру).

3.  Қолдан құру (конструктор режимі  арқылы).

Автоқалып - кестені автоматты түрде қалып түрінде көрсетудің қарапайым түрі. Автоқалып жазуларын түзетуге және оған жаңа жазулар қосуға болады.

Автоматты түрде қалып құрудың екінші тәсілі - "Қалыптар шебері" бағдарламасын пайдалану. Бұл қалыпты көріп шығу үшін ашылған түрін редакциялауға және оған жаңа жазулар енгізуге болады.

Есептер. Өзінің қасиеттері мен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ олар мәліметтерді тек баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде баспа құжаттарына арналған арнаулы безендіру элементтері бар (жоғарғы және төменгі колонтитулдар, беттердің көшірмелері, есептің құрылуы жайындағы мәліметтер).

Беттер. Мәліметтер қорының осы арнаулы объектілері тек Microsoft Access 2000-да ғана жүзеге асырылған. Бұл – Web-бетте орналастырылатын және қолданушыға сол  Web-беттен берілетін, HTLM кодында жазылатын өте айрықша объект. Жеке өзін алсақ бұл объект мәліметтер қоры болып есептелінбейді, бірақ ол сервердегі мәліметтер қорын жіберілген Web-бетпен байланыстырылатын компоненттерді қамтиды. Осы компоненттерді қолдана отырып Web-тораптағы қолданушы мәліметтер қорындағы жазбаларды көре алады.

Макростар мен модульдер. Бұл категориядағы объектілер осы МҚБЖ-мен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және бағдарламалау арқылы жаңа функцияларды құруға арналған Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесіндегі макростар МҚБЖ-нің ішкі командалар тізбегінен тұрады және мәліметтер қорымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады. Модульдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.

 

1.3. Мәліметтер типі, мәліметтер қорының мүмкіншіліктері

 

 

                                                 Мәліметтер типі

 

Мәліметтер қорының кестесі көптеген мәліметтер типімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар:

    • Мәтіндік (Текстовый) - өлшемі арқылы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі (255 символға дейін);
    • МЕМО өрісі (Поле МЕМО) – (65535 символға дейінгі) үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі. Шын мәнінде мәтін өрісте көрсетілмейді, ол мәліметтер қорының басқа жерінде сақталады да, өрісте оның тұрған жері көрсетіледі, бірақ қолданушыға мұндай айырмашылық білінбейді;
    • Сандық (Числовой) – нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі;
    • Мерзімі/уақыты (Дата/время) – күнтізбе бойынша күнін, айын және уақытты сақауға арналған мәліметтер типі;
    • Қаржылық (Денежный) – қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі;
    • Санауыш (Счеттик) – жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі;
    • Логикалық – логикалық мәліметтерді сақтауға арналған тип (Иә немесе Жоқ деген мәндерді қабылдайды);
    • OLE объектілер өрісі (Поле OLE) - әр түрлі объектілерді (мультимедиалық, графикалық, символдық) сақтауға арналған мәліметтер типі. Бұл да МЕМО өрісі сияқты басқа жерде сақталады, OLE объектілер өрісінде оның тұрған жері көрсетіледі;
    • Гиперсілтеме (Гиперссылка) – Интернеттің Web-объектілерінің URL-адрестерін сақтауға арналған өріс. Сілтемені тышқанның батырмасымен шерткенде автоматты түрде броузер жүктелініп, терезеге Web-объекті шығады;
    • Ауыстырулар шебері (Мастер подстановок) – бұл арнаулы емес мәліметтер типі. Бұл объектінің көмегімен мәліметтерді енгізуді автоматтандыруды дайын тізімнен таңдап алатындай етіп ұйымдастыруға болады.

Өрістер МҚ құрылымын ғана емес сонымен қатар топтық қасиеттерін де анықтайды. Төменде Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесіндегі кесте өрісінің негізгі қасиеттері келтірілген:

    • Өріс атауы (наименование поля) – мәліметтер қорына автоматтандыру операцияларын қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатынаста болу керектігін анықтайды (жалпы жағдайда өріс атауы кесте бағандарының тақырыптары ретінде қолданылады);
    • Өріс типі (Тип поля) – берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды;
    • Өріс өлшемі (Размер поля) – берілген өріске енгізілетін символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды;
    • Енгізу қалқасы (Маска ввода) – енгізудің түрін анықтайды (енгізуді автоматтандыру құралы);
    • Қолтаңба (Подпись) – берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды (егер қолтаңба көрсетілмесе, онда баған тақырыбына өріс атауы қасиеті пайдаланылады);
    • Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән (Значение по умолчанию) – ұяшыққа автоматты түрде енгізілетін мән (енгізуді автоматтандыру құралы);
    • Мәнге қойылатын шарт (Условние на значение) – мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексеру үшін қолданылатын шектеу;
    • Қате туралы хабар (Сообщение об ощибке) – қате мәліметтерді енгізу кезінде пайда болатын ескерту (Мәнге қойылатын шарт қасиеті берілген кезде тексеру автоматты түрде жүзеге асырылады);
    • Міндетті өріс (Объязательное поле) – мәліметтер қорын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет;
    • Бос жолдар (Пустые строки) – бос жолдан тұратын мәліметтерді енгізуге рұқсат беретін қасиет;
    • Индекстелген өріс (Индексированное поле) – егер өріске осы қасиет берілсе, онда осы өрісте сақталынған жазбаларды сұрыптаумен, іздестірумен байланысты амалдар жылдамдатылады. Индекстелген өрістер үшін жазбалардағы мәндердің қайталануын тексеруді ұйымдастыруға болады.

Жоғарыда айтылған өрістер қасиеті негізінен мәтіндік типті өріске қатысты. Бұдан басқа типті өрістер осы қасиеттерге ие болу және болмауы да мүмкін. Өрістердің кейбір типтері тек өздеріне ғана тән қасиеттерге ие бола алады. Мысалы, нақты сандармен берілген мәліметтерге ғана тән қасиет – үтірден кейінгі белгілер санын көрсету. Ал суреттерді, бейнеклиптерді, дыбыстық жазбаларды сақтауға арналған өрістер бұл қасиеттердің көбіне ие бола алмайды.

Модельдердің түрлері. Берілгендер құрылымының байланыстарын атрибуттарын көрсету әдісі мәліметтер моделі деп атайды. Негізінен 4 мәлімет модельдері бар. 1. тізім, 2. реляциялық, 3. иерархиялық, 4. желілік.

          1. Тізім  – ең қарапайым тип. Мұнда мәліметтер сызықтық тізбек түрінде болады.

          2. Ағаш  тәрізді иерархиялық құрылым  кеңінен қолданылады. Олар мәліметтердің  графикалық және кестелік түрінде  болады. Ал олардың арасындағы  байланыстарды көрсету үшін доға  пайдаланады. Иерарахиялық модель  негізгі шектеулері.

          1) барлық  байланыс түрлері функционалды  болу керек (1:1,1:М)

           2)байланыс  құралдар ағаш тәрізді байланысты  бағдарламадан графика. Мұнда циклдар  болмайды. Әдетте нақты бір төбені  белгілеп оны түбір деп қарастырамыз.

           3) 70 жылдары реляциялық модельдердің теориялық зерттеу басталған. Дербес ЕЭМ-дер пайда болғаннан кейін осы модель басым пайдаланылған. Реляциялық модельде мәлімет кестелер түрінде береді. Ал кестеде амалдар, қасиеттер орындалады.

          4) Желілік моделдер мәліметтің графикалық түріне негізделеді. Графикалық төбелері мәндер түрін көрсетеді, ал доға байланысты болғанын көрсетеді. Желілік модель иерарахиялық модельге қарағанда бірден көп түбірлері болуы мүмкін болады.

 

 

 

Мәліметтер қорының мүмкіншіліктері:

1. Мәліметтер қорын анықтау- (DDL- мәліметтерді анықтау тілі, текст, счетчик, числовой т.б)

2. Мәліметтер қорына енгізу өңдеу  жою т.б амалдарды жасау (DML- мәліметтерді  басқару тілі арқылы жүргізіледі) (delete, insert, home, end т.б)

3. МҚ –на кіруді басқаруға рұқсат беру.

 

МҚБЖ-ның артықшылықтары:

1. Мәліметтердің артықшылығын бақылау.

2. Мәліметтердің сәйкестілігін  сақтау.

3. Мәліметерді бірігіп пайдалану.

4. Бүтінділікті сақтау.

5. Жоғары дәрежедегі қауіпсіздік.

6. Мәліметтердің стандарттары.

7. Жүйенің көлемінің өсуіне байланысты  тиімділіктерін сақтау.

8. Қарама-қарсы талаптарды жою

9. Мәліметтерге кіруді жеңілдету.

10. Өнімділікті арттыру.

11. Мәліметтерді тәуелсіздік есебінен  жүйені ұйымдастыруды жеңілдету.

12. Параллельді басқару.

13. Резервті көшіру және қалпына  келтіру құралдары.

 

МҚБЖ-ның кемшіліктері:

1. Күрделілік 

2. Көлем

3. МҚБЖ-ның бағасы.

4. Қосымша шығындар көп болады.

5. Өңдеу шығындары.

6. Өнімділік.

7. Істен шыққанда пайда болатын  жағдайлар.

 

  Деректор қорының қауіпсіздігі және тұтастығы.Мәліметтер қорының қауіпсіздігі – МҚ-ны кез келген әдейі немесе әдейі емес қауіптерден түрлі компьютерлік құралдар арқылы сақтауын қамтамасыз ету. Сақтау тек қана мәліметтерге ғана қатысты емес, олар жүйенің басқа да бөліктерінде болуы мүмкін. Мәліметтер қорын сақтауға пайдаланылатын құрал жабдықтар бағдарламамен қамтамассыздандыру, персонал және мәліметтердің өздері де кіреді. Қорғауды тиімді іске асыруда жүйенің пайдалану ерекшелігіне байланысты нақты талаптарға сәйкес бақылау құралдары қажет. Берілгендерді қорғау мәселесі қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Осындай жағдай көп көлемді корпарациялық мәліметтердің істен шығунан олар кризиске ұшырауына байланысты. МҚ-ны сақтаудың мынадай проблемалары бар: 1. берілгендерді ұрлау және фальсификация; 2. Құпияның ашылуы; 3. Жеке берілгендерге біруді бұзу; 4. Бүтінділікті жоғалту; 5. Кіру мүмкіншілігінен айрылу.

ДҚ-ның тұтастылығы - әрбір атрибут жеке бір доменмен байланысты болғандықтан әрбір аттрибуттың мәндер жиынтығының қатынастары сол доминнің шектеулерімен анықталады. Одан басқа тағы да 2 тұтастылықтың маңызды ережелері бар: олар МҚ-ның барлық мүмкін болатын күйлері болады. Реалияциялық моделдің 2 ережесі мәндердің (сущность) тұтастығы деп аталады. Мәндердің тұтастығы – ол алғашқы кілттің кез – келген аттрибуты бос мәндерге ие болмайды. Осы ереже алғашқы кілт кортеждердің жеке – даралығын сақтайтын идентификатор екендігін көрсетеді сондықтан алғашқы кілттің ешқандай жиынтығы кортеждің даралығын сақтауға жеткілікті емес болады. Екінші шектеу – сыртқы кілттерге қатысты. Сілтемелік тұтастық мына жағдайларда пайда болады. Егер МҚ-да сыртқы кілт бар болса, онда сыртқы кілттің мәні не кортеждің потенцияллдық кілтіне сәйкес, не бос болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Азия  құрлығындағы мемлекеттер» мәліметтер қорын құру

 

2.1. Азия мемлекеттері туралы мәлімет

 

Азия — Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып Еуразия құрлығын құрайды. Ассириялықтар тілінде Азия – асу, шығыс деген мағынаны білдіреді. Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы  43,4 млн.  км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн.  км2-ден асады. Жағалауы аз тілімденген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2 – 2,5 мың км қашықтықта орналасқан. Ең ірі түбектері: Таймыр, Чукча, Камчатка, Корей, Үндіқытай, Үндістан, Арабия, Кіші Азия. Құрлықтың шеткі нүктелері: солтүстігінде – Челюскин мүйісі, оңтүстігінде Пиай мүйісі, батысында Баба мүйісі, шығысында Дежнев мүйісі. 

Азия дүние бөліктерінің ішінде абсолюттік биіктігі жағынан (Эверест шыңының биіктігі  8848 м) 1-орында, орташа биіктігі жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-орында (950 м). Жерінің 75%-ы таулар мен тау үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші Азия түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған. Мұндағы ең биік таулар мен тау қыраттары Орталық Азияға шоғырланған. Олар: Памир, Тянь-Шань, Тибет тау қыраты, Гималай, Гиндукуш, Қарақорым. Гималай тауының шыңдары 7 – 8 мың метр және одан да биік болып келеді. Солтүстік шығыс белдеуі Тян-Шань тауынан Чукча түбегіне дейін созылады. Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне әрі аласа болып келеді. Солтүстік-шығыс белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай орташа, аласа таулар мен тау үстірттері тарайды. Ең ірісі: Орта Сібір таулы үстірті. Құрлықтың шығыс жағында бұл екі белдеуден оқшау солтүстіктен оңтүстікке қарай Коряк таулы қыраты, Камчатка таулары, Сихотэ-Алин, Корей таулары, Наньмин, Аннам тау қыраты тізбектеліп орналасқан. Азияның жалпы аумағының 25%-ы жазықтар. Оның ең ірілеріне Батыс Сібір, Тұран, Ұлы Қытай, Үнді-Ганг, Месопотамия жазықтары жатады.

Тас көмірдің ірі кен орындары Сібірде (Кузнец, Минуса, Лена, Кан, Иркут), Қазақстанда (Қарағанды), Қытайда, Үндістанда бар. Азияда мұнайдың дүниежүзілік қорының жартысынан астамы шоғырланған. Негізгі мұнай-газ аудандары: Батыс Сібір, Каспий маңы ойпаты, Кавказ, Маңғыстау, Орта Азия, Парсы шығанағы төңірегі, Малай топаралы, Солтүстік және Батыс Қытай. Темір кені мен түсті металдар Азияның таулы, қыратты аймақтарында кездеседі. Фосфориттің мол қоры Қаратауда (Қазақстан), боксит кені Торғай даласында (Қазақстан), Краснояр өлкесінде, Үндістанда, Мъянмада, Индонезияда, алмаздың ірі кен орны – Саха-Якутияда. 

Информация о работе Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі