Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 23:14, курсовая работа
Қоғамның қарқынды дамуы көптеген жаңа ақпараттың жинақталуына алып келеді, ол ақпаратты тез өңдеп, қолданып не болмаса сақтау қажеттілігі туады. Әлемдегі барлық ақпарат ағындары өте көп. Сол себепті әрбір мекемеде, ол шағын немесе үлкен болуына қарамастан, мәліметтер басқару мәселесі туындайды, өз кезегінде ол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді. Кейбір мекемелер ол үшін үлкен шкафтар, құжат салатын мұқабалар пайдаланса, ал басқа мекемелер өз жұмысының тиімділігін артыру үшін компьютерлік әдістерді қолданады – ол мәліметтер қоры, ондай жұмысты ұйымдастыру үлкен мәліметтер көлемін оңтайлы сақтап жүйелеуге мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
1.1 Мәліметтер қорына кіріспе
1.2 МҚБЖ-ні ұйымдастыратын бағдарламалық өнімдер
Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі мысалында мәліметтер қорының кестелерімен жұмыс
2.1 Кесте құрылымы
2.2 Формалар құру
2.3 Access құралдары көмегімен Web парақтар құру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Пәндік аймақ – сала бойынша басқаруды ұйымдастыру мақсатын оқытуға арналған басқару процесінің кезекті аутоматтандырылуы.
Объект – мәліметтер қорында сақталатын ақпараттық жүйенің элементі.
Объектілер класы - қасиеттері бірдей жиынтықтан тұратын объектілердің жиынтығы.
Атрибут – объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі. Әрбір объект атрибуттардың жиынымен сипатталады.
Мәліметтердің кілттік элементі – мәліметтердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін атрибут (немесе атрибуттар тобы).
Мәліметтер жазбасы — мәліметтердің байланысқан элементтері мәндерінің жиынтығы.
Бастапқы кілт —кестедегі әрбір жолды бірден анықтауға мүмкіндік беретін атрибут (немесе атрибуттар тобы).
Екінші кілт – мәні бірнеше жазба (объекттің даналалары) үшін қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Екінші кілттер жазбаны іздеу операциясы кезінде қолданылады.
Керісінше, альтернативті
кілт – бастапқы кілтпен сәйкеспейтін,
кестедегі әрбір жолды
Кесте – типтес (бір типтегі) жазбалардың жиынынан құралған реттелген құрылым.
Қорда мәліметтін сақтау процедуралары кейбір жалпылама принциптерге жүгінуі тиіс. Олардың ішінде алдымен мыналар аталады:
Мәліметтердің тұтастығы мен қайшылығы, бұл мәліметтердің физикалық тұтастығы, мәліметтер дұрыс қолданбауды болдырмау, мәндердің үйлесімділігін қолдау, құрылым жағынан бұзылуынан және рұқсатсыз қатынаудан қорғау; артық мәліметтердің аздығы - қорда мәліметтердің кез келген элементі бір ғана түрде сақталуы тиіс деген сөз, ол жасалған операцияларды қайталау қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді.
Мәліметтер
қорын басқару жүйесін
• кәсіби немесе өнеркәсіптік;
• дербес.
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің кәсіби (өнеркәсіптік) түрі ірі экономикалық объектілерді басқарудың аутоматтандырылған жүйелерін жасауға арналған бағдарламалық негізді береді. Оның қорында басқару кешендері мен үлкен мекемелердің, оның ішінде банктер мен тұтас өнеркәсіп салаларының ақпараттарын өңдеу құрылады. Деректер қорын басқару жүйесінің кәсіби түрінің қызметіне кіретін ең алғашқы шарттарына мыналар жатады:
Қазіргі кезде
мәліметтер қорын басқару жүйесінің
өнеркәсіптік түрінің даму кезеңі айтарлықтай
өсіп отыр. Негізінен, 70-жылдардың аяғы
мен 80-жылдардың басында үлкен
есептеу машиналарының
Oracle мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізін американдық ғалымдар Ларри Эллисон, Роберт Майнер және Эдвард Оутс қалаған. Олар Relational Softwarе Inc. компаниясын құрып, алдарына Э. Ф. Кодд пен К. Дж. Дейттің жасаған идеялары мен жұмыстарын іске асыруды мақсат етіп қойып, солар арқылы белгілі жүйе жасауды қолға алды. Олардың жұмыстарының нәтижесі тасымалданатын мәліметтер қорын басқару жүйесінің реляционды түрі - 50Ь атты базалық тілді құрды. 1979 жылы тапсырыс берушілерге осы компания тарапынан Digital Equipment Corporation фирмасының PDP-11 мини-компьютерлеріне Oracle-дің жаңа версиясы ұсынылды. Олар бірден RSX-11, IAS, RSTS және UNIХ сияқты бірнеше операциялық жүйелерге тапсырыс берді. Кейінірек Oracle VAX VMS атты операциялық жүйесімен басқарылатын VAX компьютерлеріне ауыстырылды. Бағдарламалық кодтың басым көпшілігі ассемблер тілінде жазылды. Сондықтан жүйені жаңа платформаға ауыстыру процесі айтарлықтай қиындықтар туғызды. Oracle-дің кезекті үшінші версиясының айырмашылығы мен ерекшелігі оның толығымен Си тілінде жазылуында еді. Бұл шешім жүйенің басқа жаңа платформаларға ауысуына, оның ішінде UNIX-ке ауысуына өз септігін тигізді. Жаңа версияның (1983 жыл) негізгі ерекшелігі оның транзакция концепциясын қолдай алатынында болатын. Шамамен сол уақытта фирма жаңа атпен атала бастады. Жаңа аты - Oracle Соrporation болды. Ол мәліметтер қорын басқару жүйесін жасаушылардың үздігі болды. Oracle-дің төртінші версиясы өзі қолдайтын платформалар мен операциялық жүйелер тізімінің кеңейгендігі бойынша өзіндік сипат алды. Oracle үлкен ЭЕМ фирмасы IBM-ге (мэйнфреймдер) және MS-DOS-тың басқаруымен жұмыс істейтін дербес компьютерлерге ауысты. Осы төртінші версияда деректер қорының тұтастығын қолдайтын технолгияны дамытуда маңызды қадам жасалды. Көп қолданушылар тұтынатын жүйелер үшін Oracle-дің «оқу кезінде қайшылыққа қарсылығын» қолдайтын шешімі ұсынылды. Бесінші версиясында «клиент-сервер» архитектурасын қолдайтын мәліметтер қорын басқару жүйесі іске асырылды. Oracle-дің одан кейінгі версиялары транзакцияларды өңдеуші үлкен масштабты жүйелерді құру, енгізу/шығару жүйелерін іске асыру әдістерін өзгерту, буферге алу, қосалқы қатынауды басқаратын ішкі жүйелер, көшірме алу, қалпына келтіру мүмкіндіктерін бере алатындай күйге жетті.
Мәліметтер
қорын басқару жүйелерінің
Жоғарыда айтылған біржақты пікірлер (Oracle жүйесі үшін) әмбебап сипат алады және басқа бағдарламалық өнімдердің даму жолын анықтайды. Бұл қазіргі нарық жағдайында қалыптасқан үлкен бәсекелестік жағдайды туғызып отыр.
Мәліметтерді басқарудағы дербес жүйелер – жергілікті қолданушы немесе бірнеше қолданушы топтарының тапсырмаларын шешуге бағытталған және микро ЭЕМ-дерде (дербес компьютерлерде) қолдануға арналған бағдарламалар. Дербес жүйелерді анықтаушы сипаттамаларға мыналар жатады:
Барлық аталған жүйелер өздерінің даму жолында біршама құрылымдық сипаттардан тұрады. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтсек:
Кейінгі жылдары
кәсіби және дербес жүйелер арасында
шекарасыз тенденция
Мәліметтер қорын басқару жүйелерін құру кезінде қолданылатын бағдарламалық жүйелерге қысқаша сипаттама.
Microsoft компаниясының бағдарламалық өнімдерін, оның ішіндегі Visual FoxPro 3.0, Visual Basic 4.0, Visual С++, Access 7.0, SQL Server 6.5. бағдарламаларын қарастырайық. Осы бағдарламалық пакеттердің ерекше белгісі болып олардың деректерді қолдану мен бірігіп жұмыс істеу сияқты интеграциялық үлкен мүмкіндіктері табылады. Өйткені бұл пакеттер бір өндірушінің өнімі. Сонымен қатар деректермен алмасуға ұқсас технология.
Visual FoxPro өзіндік жоғары жылдамдығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар диалекттері көптеген мәліметтер қорын басқару жүйелерінде орнатылған xBase және SQL-ді қолданатын дайын объектті-бағытталған бағдарламалау тілінен құралған. Объекттік модельдің жоғарғы деңгейінен тұрады. Есептеу желілерінде қолданылғанда мәліметтерді қолданушылардың қатынауының жекелеген түрін де, монопольды түрін де қамтамасыз ете алады.
Access ең танымал
Microsoft Office пакетінің құрамына кіреді.
Негізгі ерекшеліктері:
Visual Basic –
бұл диалекттері Access, Visual FoxPro-да
орнатылған әмбебап объектті-
SQL Server – мәліметтер қорының сервері, «клиент-сервер» ұғымын іске асырады және көрсетілген пакеттермен әрекеттесіп жұмыс жасайды. Басты ерекшеліктері: мәліметтерді сақтауда жоғары деңгейлі болып табылады, деректерді өңдеу үшін қуатты құралдардан жабдықталған, жоғары өнімділігі. Қолданылу аймағы: үлкен көлемді мәліметтерді сақтауда, жоғары құнды мәліметтерді немесе құпиялылық режимін қадағалауды талап ететін мәліметтерді сақтауда. Көрсетілген бағдарламалық өнімдер қолданушы интерфейсін визуальды жобалау мүмкіндігінен тұрады, яғни өңдеуші дайын фрагменттерден интерфейс элементтерін құрады. Қандай да бір орындалатын жайтқа жауап ретінде олардың өзгертілуін бағдарламалайды.
Access жүйесін іске қосу
үшін Пуск→Программы→Microsoft Access командалын орындау керек. Экранда
мынандай терез пайда болады:
Сурет1. Microsoft Access ортасы
Кестелер – қосымшаның мәліметтерінің негізгі бөлігі сақталатын реляциялық мәліметтер қорының фундаментальді объектілері. Жеке кесте көбінесе нақты тақырыпты ақпаратты сақтайты (мысалы, компанияның жұмыскерлері немесе тапсырыс берушілер мекен жайы туралы деректер). Кестедегі ақпарат бағаналар (өрістер) мен жолдармен (жазбалармен) құрылады. Кестеге α компонент тән: кесте құрылымы және кесте мәліметтері.
2.1 Кесте құрылымы
Кесте құрылымы (сонымен қатар кесте анықтауышы деп атлады) кестені құрған кезде спецификацияланады. Кесте құрылымы кестеге мәліметтер енгізілмей тұрып жобаланып құрылып алу керек. Ол кесте қандай мәліметтерді сақтайтынын және енгізуге немесе мәліметтерді жоюға қатысты ережелерді (бизнес-ережелер немесе шектеулер) анықтайды. Кесте құрылымына кесте конструкторы терезесі арқылы қол жеткізуге болады. Ол терезені ашу үшін құрылған кесте үшін мәліметтер қорының терезесінің кестелер вкладкасын ашып кестені таңдап коструктор батырмасын басу керек.
Кесте1. Кесте құрылымы өзіне келесі ақпараттарды қосады:
Кесте атауы |
SQL операторларында, тәсілдерде
және қасиеттерде кестеге |
Кесте бағаналары |
Кестеде сақталған ақпараттар категориялары. Әр бағанда мәліметтің типі мен атауы болады. |
Кестелік және бағаналық шектеулер |
Кесте немесе бағана деңгеәінде анықталған тұтастық шектеулері. |
Кесте конструкторы терезесі кестені құру кезінде кесте құрылымын анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар кесте құрылымын өзгерту үшін де қолданылады. Ол операциялар төменде қарастырылады.
Кестені құру
Кестелер қосымшаның мәліметтерінің үлкен бөлігін сақтайтын объекттер болғандықтан, кестелерді жобалауға үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Кестелердің дұрыс құрылуы өзіне терең қарастыруды талап ететін көп аспектілерді қосады. Төменде кестелерді құрудың бірнеше базалық принциптері келтірілген.
Информация о работе Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі