Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 23:14, курсовая работа
Қоғамның қарқынды дамуы көптеген жаңа ақпараттың жинақталуына алып келеді, ол ақпаратты тез өңдеп, қолданып не болмаса сақтау қажеттілігі туады. Әлемдегі барлық ақпарат ағындары өте көп. Сол себепті әрбір мекемеде, ол шағын немесе үлкен болуына қарамастан, мәліметтер басқару мәселесі туындайды, өз кезегінде ол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді. Кейбір мекемелер ол үшін үлкен шкафтар, құжат салатын мұқабалар пайдаланса, ал басқа мекемелер өз жұмысының тиімділігін артыру үшін компьютерлік әдістерді қолданады – ол мәліметтер қоры, ондай жұмысты ұйымдастыру үлкен мәліметтер көлемін оңтайлы сақтап жүйелеуге мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
1.1 Мәліметтер қорына кіріспе
1.2 МҚБЖ-ні ұйымдастыратын бағдарламалық өнімдер
Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі мысалында мәліметтер қорының кестелерімен жұмыс
2.1 Кесте құрылымы
2.2 Формалар құру
2.3 Access құралдары көмегімен Web парақтар құру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ |
3 | |
I |
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР |
5 |
1.1 Мәліметтер қорына кіріспе |
5 | |
1.2 МҚБЖ-ні
ұйымдастыратын бағдарламалық |
10 | |
II |
Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі мысалында мәліметтер қорының кестелерімен жұмыс |
14 |
2.1 Кесте құрылымы |
16 | |
2.2 Формалар құру |
21 | |
2.3 Access құралдары көмегімен Web парақтар құру |
21 | |
ҚОРЫТЫНДЫ |
22 | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР |
23 |
КІРІСПЕ
Қоғамның қарқынды дамуы көптеген жаңа ақпараттың жинақталуына алып келеді, ол ақпаратты тез өңдеп, қолданып не болмаса сақтау қажеттілігі туады. Әлемдегі барлық ақпарат ағындары өте көп. Сол себепті әрбір мекемеде, ол шағын немесе үлкен болуына қарамастан, мәліметтер басқару мәселесі туындайды, өз кезегінде ол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді. Кейбір мекемелер ол үшін үлкен шкафтар, құжат салатын мұқабалар пайдаланса, ал басқа мекемелер өз жұмысының тиімділігін артыру үшін компьютерлік әдістерді қолданады – ол мәліметтер қоры, ондай жұмысты ұйымдастыру үлкен мәліметтер көлемін оңтайлы сақтап жүйелеуге мүмкіндік береді. Мәліметтер қорысыз қазіргі күні қаржы, өнеркәсіп, сауда т.б. мекемелердің жұмысын елестету мүмкін емес. Егер мәліметтер қоры болмаса, онда ол мекемелерді ақпарат ағыны басып кетер еді.
Қазіргі күні ақпараттық технологияларды бағдарламалаушылар алдында көп көлемді және әр түрлі ақпарат ағындарымен жұмысты ұйымдастыра алатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз ететін бағдарлама құру мақсатында көптеген жаңа мәселелер туындайды. Осындай сұраныс бойынша ұйымдастырылған жүйелер кең қолданыста. Өз іс-әрекетінде жетістіктерге қол жеткізген кез келген мекеме қызмет ету үшін ақпаратты уақытында өңдеуі қажет.
Мәліметтер қоры әр түрлі мекемелер үшін құрастырылады. Бұл жерде басты мәселе мәліметтер тиімді қолдану үшін олар жүйеленіп, ұйымдастырылып және топталған болуы қажет. Бұнда мәліметтер қорына жету күрделі бағдарламалауды қажет етпейтін қарапайым сұраныстар арқылы жүзеге асады. Сол сияқты есеп алуда қиындық туғызбайды.
Бағдарламалаушының алдында
Осыған орай, курстық жұмысытың басты мақсаты – компютерлі дүкен мәліметтер қорын құру, яғни жұмысын аутоматтандыратын жүйені құру болып табылады. Осындай жүйені құрастыру барлық компьютерлік дүкен жайлы ақпаратты жинақталған және ұйымдастырылған электрондық күйде сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, қажет болған жағдайда сұраныс, сұрыптау ұйымдастыру арқылы қажет ақпаратты өңдеп есеп беруге болады. Осыған қоса келесілерді алуға болады:
Осы мақсаттар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмалармен тығыз байланысты. Елбасы ақпараттық инфрақұрылымды құрудың бірден-бір факторы - халықтың компьютерлік сауатынның деңгейін арттыру екендігін атап өтті.
Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" заңының 3-бабындағы бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың принциптерiнде "бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру", 8-бабындағы "оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру" деп нақты көрсеткен[2].
Жоғарыдағы мақсаттарға сай келесі міндеттер қойылады:
Кез келген ұйым жақсы жұмыс істеу үшін мәліметтеді аутоматты жинақтап олармен манипуляция және өңдеуге мүмкіндік беретін дамыған ақпараттық жүйесі бар болуы қажет.
Қазіргі таңдағы қарқынды дамыған ақпараттық жүйелер (АЖ) - ол өз құрамында келесілер бар мәліметтер қоры:
Мәліметтер қоры ақпараттың сақталуын және де ынғайлы әрі тез енуді қамтамасыз етеді. Мәліметтер қоры әртүрлі ақпараттын қандайда бір ережеге сүйеніп ұйымдастырылғаның көрсетеді.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі – мәліметтер қорын құруға және оны қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың жиыны. Қолдануына қарай мәліметтер қорын басқару жүйесі дербес және копқолданушылық деп бөледі. Дербес мәліметтер қорын басқару жүйесі бір компьютерде жұмыс істейтін локальді МҚ құруға арналған. Оған келесілер жатады Paradox, dBase, FoxPro, Access және т. б.
Көпқолданушылық мәліметтер қорын басқару жүйесі «клиент-сервер» архитектурасында жұмыс істей алатын ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданушылық мәліметтер қорын басқару жүйесіне келесілер жатады Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQL Server, InterBase және т.б.
Қолданушылар мәліметтер қорын қолдап, құра және анықтай алатын, сонымен қатар оған бақыланатын қатынауды жүзеге асыратын бағдарламалық қамтамасыз ету.
МҚБЖ – бұл қолданушының қолданбалы бағдарламасымен және мәліметтер қорымен өзара байланысатын бағдарламалық қамтамасыз ету және ол төмендегі мүмкіншіліктерге ие:
Төменде көрсетілген құралдар көмегімен мәліметтер қорына бақыланатын қатынауды ұсынады:
Жоғарыда көрсетілген функционалды мүмкіндіктерге байланысты МҚБЖ пайдалы құралға айналды. Бірақ соңғы қоданушылар үшін жүйенің ішкі ұйымы қаншалықты күрделі және қарапайым екені маңызды болмаса да, МҚБЖ-нің қажет мәліметтен артық мәлімет ұсынатыны жұмысты қиындатады деген қарсы пікірлер естуге болады.
МҚБЖ-де артық мәліметтерді «жою» проблемасын шешу үшін кез келген қолданушыға мәліметтер қоры туралы жеке «бейнесін» құруға мүмкіндік беретін көрсетулерді (view) құру механизмі қарастырылған.
Қолданушыларға керекті мәліметтерді көрсету арқылы жұмысты жеңілдетуден басқа, көрсетулер тағы көптеген қасиеттерге ие:
Жоғарыда көрсетілген мысалдар бірнеше жалпы сипатқа ие. Негізінен функционалды мүмкіндіктің шынайы көлемі нақты МҚБЖ-ға тәуелді. Мысалы, МҚБЖ-де персоналды компьютер үшін параллельді біріккен қатынас қолдау таппайды, ал мәліметтер тұтастығы мен қалпына келтіруді қолдау мен қорғау режимін басқару тек өте шектелген дәрежеде болуы мүмкін. Бірақ, қазіргі заманғы көп қолданушылық МҚБЖ жоғарыда тізілген барлық функционалды мүмкіндіктерді және т.б. ұсынады. Қазіргі заманғы жүйелер кодтың миллиондаған жолдарынан және құжаттың көптеген томдарынан тұратын күрделі бағдарламалық қамтамасыз етуді қарастырады. Жалпы сипаттық талаптарды қанағаттандыра алатын бағдарламалық қамтамасыз етуді алуға ұмтылу нәтижесі осындай болады. Сонымен қатар, қазіргі кезде МҚБЖ-ні қолдану жүз пайыздық қолайлық пен дайындықты ұсынады, тіпті аппараттық және бағдарламалық қателік барысында да. МҚБЖ-нің бағдарламалық қамтамасыз етуі үнемі дамуда және қолданушылардың барлық жаңа талаптардан қанағаттандыру үшін тағы кеңейе түсуі керек. Мысалы, кейбір қосымшаларда енді графикті, видео, дыбысты және т.б. сақтау талап етіледі. Нарықтың бұл бөлігін қамту үшін МҚБЖ даму керек, сонымен қатар уақыт өте оған басқа жаңа функцияларды орындау талап етіледі. Сондықтан, МҚБЖ-нің функционалды бөлшегі ешқашан өзгеріссіз қалмайды.
Мәліметтер қорында ақпараттарды ұйымдастырунына байланысты мәліметтерді көрсету келесі негізгі модельдерге бөлінеді:
Дербес компьютерлерге арналған мәліметтер қоры көбісі реляциялық болып табылады. Курстық жұмыстың мәліметтер қоры ұйымдасуына байланысты реляциялық болғандықтан. Жұмысты жазу барысында әңгіме осы реляциялық мәліметтер қоры жайында болмақ. Бірақ төменде осы модельдердің барлығы қарастырылады.
Қосымша бағдарламалар, немесе қосымша мәліметтер қорындағы ақпаратты өңдеуге арналған. Қолданушы мәліметтер қорын және оның ақпараттарын басқаруды осы қосымшалар көмегімен іске асырады, ол мәліметтер қорының қосымшалары деп аталады.
Кей кезде мәліметтер қоры термині колданушылар арасында тек қана мәліметтер қорын ғана бейнелемей, сонымен қатар мәліметтерді өндейтін қосымшаны қосады.
Негізінен, XX ғасырдың 50-жылдарының басында мәліметтер қорын басқару теориясы жеке пән ретінде дами бастады. Осы уақыт аралығында, онда маңызды ұғымдардың анықталған реті орныға бастады. Солардың біразын қарастыра кетсек.
Информация о работе Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі