Курстык жумыс Дельфи ортасында

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 11:52, курсовая работа

Краткое описание

Интеграл (латынша integer - бүтін)-математиканың маңызды ұғымдарының бірі. Интеграл ұғымы бір жағынан туындысы бойынша функцияны іздеуден, екінші жағынан – ауданды, көлемді және доға ұзындығын өлшеуден, күштің белгілі бір уақыт ішінде атқарған жұмысын табудан шықты. Осыған сәйкесті интеграл анықталмаған және анықталған интерал болып бөлінеді. Міне, осыларды есептеу интегралдық есептеудің міндеті болып табылады. Интегралды әр түрлі әдістермен шешуге болады. Ал мен интералды симпсон әдісімен шығаруды қарастырам.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гулжан1.docx

— 1.32 Мб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

Менің курстық жобамның тақырыбы интегралды Симпсон әдісімен шығару. Курстық жобаның басты мақсаты берілген Cимпсон әдісін  Delphi ортасында бағдарламалау.

Интеграл (латынша integer - бүтін)-математиканың  маңызды ұғымдарының бірі.  Интеграл ұғымы бір жағынан туындысы бойынша  функцияны іздеуден, екінші жағынан  – ауданды, көлемді және доға ұзындығын  өлшеуден, күштің белгілі бір уақыт  ішінде атқарған жұмысын табудан  шықты. Осыған сәйкесті интеграл анықталмаған және анықталған интерал болып бөлінеді. Міне, осыларды есептеу интегралдық  есептеудің міндеті болып табылады. Интегралды әр түрлі әдістермен шешуге болады. Ал мен интералды симпсон  әдісімен шығаруды қарастырам.

Құрылған  бағдарлама Delphi аумағында жазылған. Бұл Delphi бағдарламалау тілі көптеген курстық жобаларды, өзінің процедуралы  және логикалық, объектілі бағдарлы байлықтарымен жүзеге асырады. Delphi тілінде бағдарлама құру өте қолайлы, маңызды және тиімді болып келеді. Delphi бағдарламалау тілі кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

Дельфидің негізгі ерекшелігі онда қосымша құру үшін компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компонентер Visual-ды компонентер кітапханасында (VCL – Visual Component Library) жинақталған. Дельфиде бағдарлама дайындау, бағдарлама мәзірін құру және мультимедиялық процестерді ұйымдастыру мүмкіншілігі мол. Қүрылған бағдарлама Delphi тілінің стандартты процедуралар жэне функциялар қолданып қолданушыға түсінікті және қолайлы түрінде көрсетілген.

 

 

                    

1.ЖАЛПЫ  БӨЛІМ

            1.1 Пәндік аймақты сипаттау

DELPHI тіліндегі қолданбалы бағдарламалар немесе қосымшалар IDE (Integrated Development Еnvironmеnt) - дамып отыратын құрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы бағдарламаушының компьютермен карым-қатынасын ұйымдастырып, әр түрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік белігін жобалауға, бағдарламаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланастыруға болады. Аталған жұмыстар және бағдарламаны түзету, оны орындау әрекеттері IDE ортасында орындалады.

DELPHI-дің IDE ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және оның жүктелгеннен кейінгі көрінісі терезе түрде болуы мүмкін (1-сурет).

Интерфейстің кұрамьна төрт терезе кіреді:

1. Негізгі терезе (Project 1.dpr);

2. Объектілер бақылаушысының терезесі  (Object Inspector);

3. Формалар құрастырушьның терезесі  (Form1.dfm);

4. Бағдарлама кодының терезесі ( Unit1.pas).

Delphi бірқұжаттық орта, яғни бір  мезгілде тек қана бір қолданбалы  бағдарламамен жұмыс атқаруға  болады. Бағдарлама жобасының атауы  негізгі терезенің, жоғарғы қатарында  көрсетіледі.

ТMain Menu - қосымшаның басты мәзірін  көрсетеді.Бағдарлама пішінін ТMain Menu компонентін қосқаннан кейін  оны баптау керек. Ол үшін батырманы  ерекшелеу, оң жағын басып, Menu Designer (Мәзір  құрастырушысы) қатарын таңдайды. Экранда  мәзір элементтерін толтыру қажет болатын терезе пайда болады. Элемент құру үшін мауспен мәтін енгізетін аймақты шертіп, мәзір қатарының атын енгізу керек. Жазу енгізіп болған кезде экранда оң немесе төменгі жағынан келесі элементті енгізетін аймақ пайда болады.

  Cурет 1.1.1-Delphi ортасының көрінісі

Кейде Delphi жүктелгенде, Unit терезесі төмендегідей (2-сурет) түрде шығуы мүмкін. Сол жақтағы, терезе Browser терезесі деп аталады және бұл терезе аркылы бағдарламаның құрылымымен танысуға болады. DELPHI ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.

Cурет 1.1.2-Browser терезесі.

Негізгі терезе бағдарламаның жобасын  құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғары бөлігінде орналасады (3- сурет).

Бұл терезеде Delphi-дің негізгі мәзір жүйесі, пиктограмма-командалык батырмалар мен компоненттер жинағы (палитрасы) орналасқан.

Cурет 1.1.3- Негізгі терезенің көрінісі

  

           Cурет 1.1.4-Тақташалар құрамын икемдеудегі терезелер

Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту  үшін алдымен тақташанның оң жақ  батырмасын шертіп, шыққан терезедегі тақташалар тізімін және олардың  статусын өзгертуге болады (4-сурет).

Пиктограммалық батырмалар. Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі мәзір  жүйесінің маңызды опцияларына (мүмкіндіктеріне) тез арада қол жеткізуге болады. Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар алты топқа  бөлінген. Әр топ жеке тақташада  орналасады және олардың атқаратын  жұмысы төменде келтірілген.

Standard тобы

 Объектілер репозитариясын ашу  (File/New);

 Бұрыннан құрылған файлды  ашу (File/Open File);

 Файлды дискіде сақтау (File/ Save as …), (Ctrl+S);

 Дискіге жазып барлық файлдарды  сақтау (File/Save all );

 Бұрыннан құрылған бағдарламаның  жобасын ашу (File/Open), (Ctrl+F11);

 Жобаға жаңа файлды қосу (Project/Add to Project), (Shift+F11);

 Жобадағы файлды жою (Project/Remove from Project).

View (қарап шығу) тобы

 Екпінді жобаның құрамындағы  модульдер тізімінен қажетті  модульді таңдау (Veiw/Units), (Shift+F12);

 Екпінді жобаның құрамындағы  формалардың тізімінен керекті  форманы таңдау (View/Form), (Ctrl+F12);

 Форманың терезесінен бағдарлама  кодының терезесіне және одан  кері өту (View/Toggle from Unit), (F12);

 Жаңа форманы құру (View/New Form).

Debug (түзету) тобы

 Бағдарламаны компиляциялау  және орындау;

 Түзету енгізіп жатқан бағдарламаның  жұмысын уақытша тоқтату (Run/Program Pause);

 Қадамдық тексеру ішкі бағдарламалардың  жұмысын бақылау тәртібінде орындайды.

 Қадамдық тексеру ішкі бағдарламалардың  жұмысын бақыламайтын тәртібінде  орындайды (F7).

Custome (баптау) тобы

Delphi ортасының құрамындағы аңықтама  жүйесін іске қосу (Help/Contents).

Desktops (икемдеу) тобы

Delphi ортасының екпінді күйін  сақтау;

 Түзету тәртібіне сәйкестелген  терезелерді орнату.

Компоненттер жинағы

Компоненттер жинағы – Delphi – дің  негізгі ерекшелігі. Ол негізгі терезенің  оң жағында орналасып, қажетті компонентті  тез табуға арналған белгішелерден  тұрады.

         Cурет 1.1.5- Компоненттер жинағының терезесі

Компонент деп белгілі – бір  қасиеттері бар және форма терезесінде  кез келген объектіні орналастыру  мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының  компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен бағдарламаның негізгі  қаңқасы құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т.с.с).

 

Cурет 1.1.6- Компоненттер жинағын икемдеу терезелері

Батырмалар тақташасы сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшін компоненттер палитрасына кіретін  кез келген пиктограммада тышқан тетігінің оң жақ батырмасын таңдау арқылы, арнайы редакторды іске қосу керек. Ашылған мәзірдегі Properties (қасиеттер) пунктін таңдағанда, 6 – суреттегідей оның оң жақ терезесі шығады.

Мысалы, 6 суреттегі көрінбейтін  компоненттер арасындағы Dialogs парағын  алға жылжытайық. Бұл парақта жиі  қолданылатын компоненттер орналасады. Ол үшін 6 – суретте келтірілген  терезеде Dialogs пунктін тышқанның  сол жақ батырмсын басып тұрып, Dialogs пунктін Data Access пунктінің орнына орналастыру қажет.

Форма құрастырушысының немесе форманың терезесі болашақ бағдарламаның Windows ортасындағы жобасы. Алдымен бұл  терезе бос болады, дәл айтсақ Windows стандартты интерфейстік элементтерінен, яғни жүйелік мәзірді шақыру, терезені үлкейту/кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршалған  шегінен тұрады. Бұл терезенің  жұмыс аумағы координаттық тордың нүктелерімен реттеліп тұрады.

Бағдарламалау Lego конструкторының  бөлшектерімен атқарылатын жұмыс  сияқты компоненттер жинағынан қажетті  компонентті таңдап, форманың терезесіне орналастырудан басталады. Сөйтіп форма  терезесінде қажетті компоненттер бірінен соң бірі орналасады.

Бұл ерекшелік – визуалды (көзбен шолу) бағдарламалаудың негізі болып  табылады. Бағдарламалаушы әр мезгілде құрылатын бағдарламаның терезесін  бақылап отырып, қажетті өзгерістерді кез келген мезетте енгізу мүмгіндігіне ие болады.

1.2 Программалау мәнінің  элементтеріне шолу

Жоғары деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі – бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы  кездерде Windows ортасында жарыққа  шыққан және объектілі-бағдарлы бағдарламалау (ОБП) негізінде құрылған бағдарламалау  тілдері – Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland C++ for Windows.

ОБП тілінде  бағдарламаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы  оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың  визуальды түрлері – Visual Basic тілі QBasic бағдарламалау тілі негізінде, Delphi тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін  басшылыққа алып құрылған. Олар, әсіресе, Delphi бағдарламалау тілі – кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

      Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6 -нұсқалары жарық көрді. 5,6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде өзгешіліктер енгізілген.

Delphi-дің негізгі ерекшелігі - онда  қосымша құруда компоненттік  және объектілік тәсілдер пайдаланылады.  Компоненттік тәсілдің мәнісі  жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді  орындайтын компоненттерден жинақталады.  Ол жеткіліксіз болса, объектіні  өңдеуге арналған үстеме бағдарлама  құрылады. Компоненттер визуальды  компоненттер кітапханасында (VCL- Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер  панелінде түрлі кластарға тиісті  стандартты компоненттер өте  көп. Пайдаланушы жаңа компонент  дайындап, оны панельге қосуына  да болады.

Delphi-де бағдарлама дайындау, бағдарлама  мәзірін құру, анимация, мультимедиа  процестерін ұйымдастыру, OLE технолнгиясын  пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды  шақыру, олармен жұмыс істеу және  т.б. іс-әрекеттерді орындауға  болады. Көптеген операторлардың  жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты  болады. Бірақ, мұнда бағдарламалауды  үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін  танысып, компоненттерді пайдалану  және түрлі командалардың жазылу  түрлерін білу қажет.

Delphi тілі - бұл бағдарламаларды  өңдеу ортасы болып табылады. Delphi ортасы – программист жұмысының  өте жоғары тиімділігін қамтамасыз  ететін орта болып табылады. Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның  жұмысын басқаратын алты негізгі  терезе шығады.

- Негізгі терезе

- Объектілер терезесі

- Объектілер инспекторының терезесі

- Броузер (көру) терезесі

- Формалар терезесі

- программа кодының терезесі

Негізгі терезе – бұл құрылатын  бағдарламаның жобаларын негізгі  қызметті атқарады. Бұл терезе экранда  барлық уақытта болады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас менюі, пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы және компоненттер палитрасы орналасқан. Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас терезенің барлық элементтері  арнайы панельдерде орналасқан оның сол жағында басқару батырмалары  бар.

Компоненттер палитрасы – Delphi ортасының  ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жағында  орналасқан. 

Объектілер терезесі – бұл терезе екпінді формада немесе мәліметтердің  екпінді модулінде орналасқан және компоненттер арасындағы байланысты бейнелеуге арналған.

Формалар терезесі - бұл терезе басында бос болады, ал дәлірек  айтсақ, Delphi-дің интерфейстік элементтері  үшін стандартты жүйелік менюді шақыру батырмаларынан, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан және тақырып жолынан  тұрады.

Объектілер инспекторының терезесі – бұл формаға орналасатын  кез-келген компонент бірқатар параметрлер  жиынымен сипатталады: орналасуы, өлшемі, түсі және т.б. мысалы, компоненттің орналасуы  мен өлшемін программист формалар терезесінде компонентті басқара  отырып, өзгерте алады. Ал объектілер инспекторының терезесі қалған өзгертулерді орындауға арналған. Объектілер инспекторы терезесінің кез-келген беті екі  бағанды кесте түрінде беріледі, сол бағанда қасиеттің немесе оқиғаның аты, ал оң жақта қасиеттің  нақты мәні немесе сәйкес оқиға өндейтін қосалқы бағдарламаның аты болады.

 Код терезесі – бағдарлама  мәтінін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ереже бойынша  құрылады және бағдарламаның  жұмыс алгоритмін

сипаттайды.  Delphi жүйесінде object Pascal бағдарламалау тілі пайдаланылады. Ол кеңінен таралған Pascal тілінің  кеңейтілген, жетілдірілген нұсқасы.

Delphi-де форманы орналастыратын  объектілердің барлық типтері  класс түрінде дайындалады. Қолданушымен  анықталған кластар – типтер  деп аталады. Мұнда объектінің  қасиеті, әдісі, оқиғасы бейнеленеді.  Оқиға – тышқан мен пернетақтаның  кез-келген әсері жобаның құрылуы  кезінде бірнеше форма мазмұндалуы  мүмкін.  

Информация о работе Курстык жумыс Дельфи ортасында