Кассалық операциялар және банктік операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 23:29, реферат

Краткое описание

Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нурсик реферат — копия.docx

— 45.49 Кб (Скачать документ)

      Мемлекеттік мекеменің кассалық  операцияларды жүргізу бойынша  уәкілетті тұлға кенеттен жұмыста  болмай қалған жағдайда, (сырқаттанып  қалуы, басқа да себептермен) оның  есебiнде тұрған құндылықтарды  олар өзiне табыс етiлетiн тұлға  мемлекеттiк мекеменің басшысы  тағайындаған тұлғалардан тұратын  комиссияның қатысуымен дереу  санайды. Құндылықтарды қайта санау  және табыстау нәтижелерi туралы  көрсетiлген тұлғалардың қолы  қойылған акт жасалады.

      33. Басшылар, бас бухгалтерлер және  кассалық құжаттарға қол қою  құқығын пайдаланатын басқа да  қызметкерлер мемлекеттік мекеменің  кассалық операцияларды жүргізу  бойынша уәкілетті тұлғаның мiндеттерiн  атқаруына болмайды.

      Жекелеген жағдайларда, мемлекеттiк  мекеме басшысының жазбаша өкiмiмен  мемлекеттік мекеменің кассалық  операцияларды жүргізу бойынша  уәкілетті тұлғаның мiндеттерiн  толық материалдық жауапкершiлiк  туралы шарт жасаса отырып, бас  бухгалтер немесе мемлекеттiк  мекеменің басқа қызметкерi атқара алады.

 

5. Кассаны  тексеру және кассалық тәртіптің  сақталуын бақылау

      34. Тексеріс өткізу мерзімі мемлекеттiк  мекеменiң басшысымен белгiленеді. Тоқсанына бiр реттен жиi емес, барлық қолма-қол ақшаны парақтап  толық қайта есептей отырып  және кассадағы басқа да құндылықтарды  тексере отырып, кассаға кенеттен  тексерiс жүргiзедi. Мемлекеттiк мекеме  басшысының бұйрығымен кассаға  тексерiс жүргiзу үшiн тиісті  құжат жасайтын комиссия тағайындалады.

      35. Тексерiс кезiнде кассада құндылықтар  жетiспеген не артық болған  жағдайда, жетiспеген немесе артық  шыққан сома және оның пайда  болуының мән-жайы көрсетiле отырып  акт жасалады.

      36. Қазақстан Республикасының Үкіметімен  уәкілеттелген, облыстық, республикалық  маңыздағы қалалар және астана  бюджеттерінен қаржыландырылатын  орталық мемлекеттік органдардың  ішкі бақылау қызметтері және  атқарушы органдарының ішкі бақылау  қызметтерінің ішкі бақылау органы, республикалық және жергілікті  бюджеттерден бөлінген қолма-қол  ақшаның, сондай-ақ тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан, демеушілік және қайырымдылық  көмек, тиісті бюджетке немесе  үшінші тұлғаларға белгілі бір  жағдайлар басталған кезде олардың  қайтарымдылық негізінде не аудару  шарттарында жеке және (немесе) заңды  тұлғалар Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілеріне сәйкес, мемлекеттік  мекемеге беретін ақшаның, қолма-қол  ақшаның сақталуының қамтамасыз  етіуіне, олардың мақсатты пайдаланылуына  ерекше назар аудара отырып, мемлекеттік  мекемелердің қызметіне тексеріспен  тексеру жүргізген кезде кассаға  міндетті түрде тексеріс жүргізіледі.

Өтемақы төлемдерi.

Шұғыл қызметтегi әскери қызметшiлерге әскери қызметтен босатылған кезде төленетiн бiр жолғы жәрдемақы және әскери қызметшiлерге - шет мемлекеттердiң әскери оқу орындарының түлектерiне сауықтыруға арналған жәрдемақы.

Сақтаулы қор сатып алу.

- спортта  дарынды балаларға арналған мектеп-интернат  оқушыларының каникул және олардың  оқу-жаттығу жиындарында болуы  кезеңiнде тамақтануымен;

- донорларға  ақысыз негiзде қан тапсыруды (донацияны) жүзеге асыруы үшiн  энергетикалық шығындарын толтыруға  арналған тегiн тамақ орнына  ақшалай өтемақы төлеумен байланысты шығындар бойынша.

Дәрi-дәрмектер және медициналық мақсаттағы өзге де құралдар сатып алу.

Қанды сатып алу.

Жанар-жағар май, отын сатып алу мемлекеттiк мекемелердiң:

- Қазақстан  Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасының  құқық қорғау органдарының әуе  кемелерiне алыс және жақын  шет елдерiнде қызметтiк iссапарларда  болу кезiнде жанар-жағар май (бұдан  әрi - ЖЖМ) құю үшiн материалдар  құнын төлеумен байланысты;

- Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң бекiтiлген  тiзбеге енгiзiлген ерекше қауiптi мал ауруларының ошақтарын жоюды  жүзеге асыратын арнайы автомобиль  көлiктерiне жанармай құюға арналған  ЖЖМ құнын төлеуге байланысты  мемлекеттiк мекемелердiң шығыстарын  төлеу кезiнде ветеринарлық бақылау  посттарында көлiк құралдарын  дезинфекциялау, мемлекеттiк органдардың  шешiмi бойынша малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды  алып қою және жою, сондай-ақ  сатып алу ЖЖМ, малдардың аса  қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған  малдарды жою мақсатындағы шығыстары бойынша;

Өзге де сақтаулы қорлар сатып алу мемлекеттiк мекемелердiң шығыстары бойынша:

- мемлекеттiк  саясатты және тауарлар үлгiлерiнiң  сатылу саласындағы сапасы мен  қауiпсiздiгiне мемлекеттiк қадағалауды iске асыру үшiн оларды сатып  алумен байланысты техникалық  реттеу және метрология саласындағы  бақылау–қадағалау өкiлеттiктерiн iске  асыратын;

- көлiк құралдарына  арналған қосалқы бөлшектер сатып  алумен, байланысты шығыстары бойынша  бiрақта айына 20 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес.

Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу.

Өзге де қызметтер мен жұмыстар төлем.

Қазақстан Республикасының Әуе қорғанысы күштерiнiң әскери-көлiк авиациясының, құқық қорғау органдарының әуе кемелерiне алыс және жақын шет елдерде iссапарларда болғанда қызмет көрсету жөнiндегi әуежай қызметтерiн төлеуге байланысты мемлекеттiк мекемелердiң шығындары бойынша.

Басқа да ағымдағы шығындар.

Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар.

Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарға және жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар үшiн заңнамамен белгiленген iссапарда болған уақыт үшiн тәулiктiк, баратын жерге және керi қайту жол жүру үшiн шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары және заңнамада белгiленген басқа да шығыстар.

Елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк сапарлар.

Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарға және жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар үшiн заңнамамен белгiленген iссапарда болған уақыт үшiн тәулiктiк, баратын жерге және керi қайту жол жүру үшiн шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары және заңнамада белгiленген басқа да шығыстар

Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары.

Мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептердiң аз қамтылған отбасынан шыққан аса мұқтаж оқушыларына ақшалай көмек көрсету

Ерекше шығындар

Мемлекеттiк құпиялар, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру, елдiң қорғаныс қабiлетi мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мiндеттер мен өкiлеттiктерге сәйкес мемлекеттiк органдар iске асыратын iс-шараларға арналған шығындар

Өзге де ағымдағы шығындар

- заңнамалық  актiлерге сәйкес мәдени, спорттық  және басқа да iс шаралардың  жеңiмпаздары мен қатысушыларына  әр түрлi сыйақылар, жүлделер, естелiк  сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, жеке  тұлғаларға басқа да ақшалай  төлемдер төлеуге;

- бостандығын  шектеу, қамау немесе бостандығынан  айыру түрiнде жазасын өтеуден  босатылатын тұлғалар үшiн тұратын  жерiне дейiн жол жүру билеттерiн  сатып алуға;

- мемлекеттiк  мекемелер қызметкерлерiнiң iссапар  шығыстарынан басқа, сапарға шығу  арқылы iс-шаралар (жол жүру, тұру, тамақтану) өткiзуге;

- бюджеттiк  бағдарлама әкiмшiлiктерiнiң өткiзетiн iс-шараларына қатысушылардың (республиканың  түрлi аймақтары, жақын, алыс шет  ел өкiлдерiнiң) жол жүру шығындарын  өтеу бөлiгiндегi өкiлдiк шығыстармен;

- нотариалдық  қызметтерге ақы төлеуге;

- қызметтiк  автокөлiкке техникалық тексеру  жүргiзуге және қызметтiк автокөлiкке  мемлекеттiк нөмiрлер сатып алуға байланысты шығындар бойынша

Жеке тұлғаларға берiлетiн трансферттер

Мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiне, әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына почта аударымдары үшiн ақшалай өтемақы төлеуге байланысты шығындар, мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiне, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа кетуi кезiнде азық-түлiк үлесiнiң орнына төленетiн ақшалай өтемақы бойынша

Шығыс бойынша жиыны. Айдың соңындағы қалдық. Кассалық операциялар жүргізу,     мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және ағымдағы шотындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесіне 3-қосымша         

Тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарымдылық негізде не аудару шарттарында жеке және (немесе) заңды тұлғалар мемлекеттікмекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін, Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде, жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастырудан түскен ақшаның мақсаты пайдаланылуын бақылау кітабы

Мемлекеттік мекеменің атауы _________________________________

Мемлекеттік мекеменің коды _________ ж __________ айы         (теңге)

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрінің м.а.      

2009 жылғы 6 тамыздағы   

N 331 бұйрығына  қосымша 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік мекемелерде кассалық  операциялар жүргізудің ережесін  бекіту туралы" Қазақстан Республикасы  Қаржы министрінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 195 бұйрығы (нормативтік құқықтық  актілерді мемлекеттік тіркеу  тізілімінде 2000 жылғы 23 мамырда N 1135 болып  тіркелген).

      2. "Мемлекеттік мекемелерде кассалық  операциялар жүргізудің ережесін  бекіту туралы" Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 195 бұйрығына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігінің 2001 жылғы 19 наурыздағы N 146 бұйрығы (нормативтік  құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 28 сәуірде N 1483 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы  орталық атқарушы органдарының  және өзге де мемлекеттік органдарының  нормативтік құқықтық актілерінің 2001 жылғы N 24 бюллетенінде жарияланған, 426-құжат).

      3. "Мемлекеттік мекемелерде кассалық  операциялар жүргізудің ережесін  бекіту туралы" Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 195 бұйрығына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 103 бұйрығы (нормативтік  құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 26 сәуірде N 4637 болып тіркелген, Заң газетінде" 2007 жылғы 18 мамырдағы N 74 (1277) жарияланған, Қазақстан Республикасы орталық  атқарушы органдарының және өзге  де мемлекеттік органдарының  нормативтік құқықтық актілерінің 2007 жылғы наурыз-сәуір жарияланған).

      4. "Мемлекеттік мекемелерде кассалық  операциялар жүргізудің ережесін  бекіту туралы" Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 195 бұйрығына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 4 шілдедегі N 234 бұйрығы (нормативтік  құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 11 шілде N 4799 болып тіркелген, Заң газетінде" 2007 жылғы 24 тамыздағы N 130 (1333) жарияланған.


Информация о работе Кассалық операциялар және банктік операциялар