Кассалық операциялар және банктік операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 23:29, реферат

Краткое описание

Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нурсик реферат — копия.docx

— 45.49 Кб (Скачать документ)

заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру;

заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент- банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

клиринттік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза ұстанымын анық- тау;

сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін керсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

төлем карточкаларын шығару;

банкнот пен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;

шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру;

төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);

чек кітапшаларын шығару;

бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;

ақшалай нысанда орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;

үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

    Ескерту. Ереженің атауында және барлық  мәтіні бойынша «карт-шоттарындағы», «карт-шот» деген сөздер «ағымдағы  шотындағы» «ағымдағы шот» деген  сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы  министрінің 2010.12.28 № 665 (ресми жарияланған  күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже кассалық операцияларды  жүргiзудің, мемлекеттiк мекемелердің  кассаларындағы және ағымдағы  шотындағы (бұдан әрі – Ереже) кассалық операцияларды жүргізудің, мемлекеттік мекеменің корпоративтік  төлем карточкасын қолдану арқылы  есеп айырысуға рұқсат етілгендердің  кассадағы қолма-қол ақша қалдығының  лимитiн, сондай-ақ, қолма-қол ақшаның  және кассалық тәртіптің сақталуын  бақылауды қамтамасыз етуге қажет  талаптарды айқындаудың тәртiбiн  белгiлейдi.

      2. Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол  ақшаны екінші деңгейдегі банктерден  немесе банк операцияларының  тиісті түрлерін (бұдан әрі - Банк) жүзеге асырушы ұйымдардан алу  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен  бекітілген, Бюджеттің атқарылуы  және оған кассалық қызмет  көрсету ережесінде анықталған  тәртіппен және чектер бойынша  және (немесе) корпоративтік төлем  карточкасын қолдана отырып жүзеге  асырылады.

      Қолма-қол ақшаны алу мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлғамен  жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеменің  кассалық операцияларды жүргізу  бойынша уәкілетті тұлға –  мемлекеттің мекеме бастығының  бұйрығына сәйкес чектер бойынша  және (немесе) корпоративтік төлем  карточкасын қолдана отырып, кассалық  операцияларды жүргізуді және  кассадағы қолма-қол ақшаның сақталуын  қамтамасыз етуді жүзеге асыратын  қызметкер.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен  бекітілген, Бюджеттің атқарылуы  және оған кассалық қызмет  көрсету ережесінің 203-тармағында  қарастырылған жағдайда, банктің  чектері бойынша мемлекеттік  мекемелердің қызметкерлеріне жалақы  мен басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар  және басқа да төлемдерді төлеуге  қолма-қол ақшаны алуға рұқсат  етіледі.

      Корпоративтік төлем карточкасын  қолдану арқылы мемлекеттік мекемелердің  шығыстары:

      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес, шығыстардың экономикалық сыныптамасы  ерекшеліктерінің мөлшерінде бюджет  қаражатының және мемлекеттік  мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын  ақша;

      2) айына 20 айлық есептік көрсеткіштен  аспайтын мемлекеттік мекемелер  үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен  түсетін ақша;

      3) мемлекеттік мекемеге Қазақстан  Республикасының заңнамалық актілеріне  сәйкес жеке және (немесе) заңды  тұлғалардың оны қайтарып алу  немесе белгілі бір жағдайлар  басталғанда тиісті бюджетке  немесе үшінші тұлғаларға шектеусіз (ақшаны уақытша орналастыру шоты) аудару шартымен беретін ақша  есебінен жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік мекеменің кассасындағы  қолма-қол ақша қалдығының күн  сайынғы лимиті мемлекеттік мекемені  қаржыландырудың жеке жоспарының  бекітілген жылдық сомасын ескере  отырып, 151 "Ел iшiндегі iссапарлар  мен қызметтiк сапарлар" және 152 "Елден тыс жерлерге iссапарлар  мен қызметтік сапарлар" ерекшеліктері  бойынша, мынадай шекте белгіленеді:

      5 млн. теңгеге дейiн - 50 айлық есептік  көрсеткіш;

      5 млн.теңгеден 20 млн.теңгеге дейiн - 150 айлық есептік көрсеткіш;

      20 млн.теңгеден жоғары - 500 айлық есептік  көрсеткіш.

      Ағымдағы қаржы жылы мемлекеттік  мекеменің кодына есептеуге тапсырылмаған  мемлекеттік мекеменің кассасындағы  бюджеттік қолма-қол ақшаның қалдығы  кезекті қаржы жылында 206106 "Бұрын  республикалық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражатты қайтару" және 206107 "Бұрын жергілiктi бюджеттен  алынған, пайдаланылмаған қаражаттардың  қайтарылуы" кірістердің бюджеттік  сыныптамасының кодтары бойынша  тиісті бюджетке міндетті түрде  қайтарылады.

      5. Мемлекеттiк мекемелер өздерiнің  кассаларында банктен чек бойынша  және корпоративтік төлем карточкасын  пайдалану арқылы алынған қолма-қол  ақшаны қызмет көрсететiн банктен  ақша алған күндi қоспағанда, 3 жұмыс  күннен артық емес сақтайды.

      6. Мемлекеттік мекеме кассаға  қабылдаған қолма-қол ақшаны Банкке  қабылдаған күннен бастап үш  жұмыс күннен кешіктірмей қолма-қол  ақшаның тиісті бақылау шоттарына:

      1) республикалық және жергілікті  бюджеттерге түсімдерді есептеумен  және шығыстарды жүргізумен;

      2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есептеумен  және олардың есебінен шығыстарды  жүргізумен;

      3) олар Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілеріне сәйкес  алған мемлекеттік мекемелер  үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен  түсетін ақшаны есептеумен және  жұмсаумен;

      4) тиісті бюджетке немесе үшінші  тұлғаларға белгілі бір жағдайлар  басталған кезде олардың қайтарымдылық  негізінде не аудару шарттарында  жеке және (немесе) заңды тұлғалар  Қазақстан Республикасының заңнамалық  актілеріне сәйкес мемлекеттік  мекемеге берілетін ақшаны аударумен  байланысты операцияларды есепке  алу үшін тапсырылады.

      Ақшаны, оларды алдын ала тиiстi қолма-қол ақшаның бақылау шоттарына  тапсырмастан, пайдалануға рұқсат етiлмейдi.

2. Қолма-қол  ақшаны алу және кассаға кіріске  алу тәртібі

      7. Қолма-қол ақшаны банктен чек  бойынша алу үшін кассалық  операцияларды жүргізу бойынша  мемлекеттік мекеменің уәкілетті  тұлғасы банктен чек кітапшасын  сатып алады. Чектерді пайдалану  туралы шартты жасау тәртібі  және оның міндетті талаптары  Қазақстан Республикасының банктік  заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      Чек кітапшалары Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігі Қазынашылық  департаменті директорының 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 548 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілердің  мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 677 болып тіркелген, мемлекеттік  мекемелерге арналған бухгалтерлік  құжат нысандарының альбомында (бұдан  әрі - Альбом) қарастырылған N 448 нысан  бойынша қатаң есептілік бланкісін  есепке алу жөніндегі кіріс-шығыс  кітабында тіркеледі. Мемлекеттік  мекемелердің чекті пайдалануы  чек бланктерінің нөмірлерінің  реттілігін сақтай отырып қамтамасыз  етіледі, бұл ретте чек кітапшасы  мемлекеттік мекеменің кассасынан  тыс шығарылмайды.

      8. Банктен чек бойынша қолма-қол  ақша алған кезде мемлекеттiк  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлғасы  банктiң бақылаушысының қатысуымен  алынған жалпы соманы парақтап  санайды және чекте көрсетiлген  сомаға сәйкес екендiгiне көзiн  жеткiзеді. Егер мемлекеттiк мекеменің  кассалық операцияларды жүргізу  бойынша уәкілетті тұлғасы банктің  бақылаушысының қатысуымен алынған  соманы парақтап санамаған болса, онда кейiннен жетiспеушілік болған  жағдайда, толық материалдық жауапкершілік  туралы шартта қарастырылған  жауапкершілік жүктеледі.

      9. Уәкiлеттi банктен чек бойынша  және карт шот бойынша алынған  қолма-қол ақша дәл сол күнi мемлекеттiк мекеменің кассасына  кiрiске алынады, сол үшiн мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлғасы  кассалық кiрiс ордерiн жазып  бередi (N КО-1 нысаны). Кассалық кiрiс  ордерi кассаға берiлгенге дейiн  кассалық кiрiс және шығыс ордерлерiн  тiркеу журналына тiркейдi (Альбомның N КО-3а).

      Бұдан басқа, бас бухгалтердің  немесе оны ауыстырушы қол  қойылған кіріс ордерінің нөмірі  мен күні көрсетіле отырып, чек  кітапшасы түбіртегенің арғы  бетінде қолма-қол ақшаның кассаға  кіріске алынғаны туралы жазба  жасалады.

3. Қолма-қол  ақшаны қабылдау мен беру

және кассалық құжаттарды ресімдеу тәртібі

      10. Банкнот пен тиынды төлемге  қабылдау кезiнде мемлекеттiк  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлғасы  Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкi белгілеген ақша белгiлерiнің  төлемдiлiгiн анықтау белгiлерi мен  тәртiбiн басшылыққа алады.

      Қолма-қол ақшаны қабылдау кезінде  бас бухгалтер немесе оны уақытша  ауыстырушы тұлға және мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлғасы  қол қойылған кассалық кіріс  ордеріне квитанция беріледі.

      11. Мемлекеттiк мекеменiң кассасынан  қолма-қол ақша беру кассалық  шығыс ордерлерi (Альбомдағы N КО-2 нысаны) немесе төлем тізімдемесі N 49 нысаны  төлем (есептесу- төлеу) және Альбомның N 389 нысаны (бұдан әрі- тізімдемесі) бойынша жүргiзiледi, бұл құжаттарға  мөртабан басылып, кассалық шығыс  ордерiнің деректемелерi толтырылуы  керек. Қолма-қол ақшаны беруге  арналған құжаттарға мемлекеттiк  мекеменің басшысы мен бас  бухгалтері немесе оларды уақытша  ауыстырушы тұлға және мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлғасы  қол қоюға тиiс.

      Мемлекеттiк мекемелерге қызмет  көрсететiн орталықтандырылған бухгалтерияда  берiлген жалақының жалпы сомасына  бiр кассалық шығыс ордерi толтырылады, оның күнi мен нөмiрi әрбiр тiзiмдемесiне  қойылады.

      12. Жекелеген тұлғаға кассалық  шығыс ордерi немесе тізімдеме  бойынша мемлекеттік мекеменің  кассалық операцияларды жүргізу  бойынша уәкілетті тұлғасы ақша  беру кезінде алушының жеке  басын куәландыратын құжат ұсынуды  талап етедi, құжаттың атауы мен  нөмiрiн, оны кiм және қашан бергенiн  жазып алады. Бұл ретте тізімдемеде  жеке басын куәландыратын құжаттағы  деректер "Ескерту" бағанында  көрсетіледі.

      Қолма-қол ақшаны алушы ақшаны  алғанына қол қояды, қолхат алынған  сомасын жазумен көрсете отырып, тек шариктi қаламсаптың пастасымен  өз қолымен жазылады. Қолма-қол  ақшаны тiзiмдеме бойынша алған  кезде жазумен сомасы көрсетiлмейдi.

      13. Мемлекеттiк мекеменiң штаттық  санында жоқ тұлғаларға қолма-қол  ақша әр тұлғаға жеке-жеке жазылатын  кассалық шығыс ордерi бойынша  немесе жасалған шарттар негiзiнде  жеке тізімдеме бойынша берiледi.

      14. Қолма-қол ақшаны мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлға  тек кассалық шығыс ордерiнде  немесе тізімдемеде көрсетiлген  тұлғаға ғана бередi. Егер ақша  сенiмхат бойынша берiлетiн болса, онда ордердiң мәтiнiнде ақша  алушының тегiнен, аты-жөнiнен кейiн  ақша алуға сенiм бiлдiрілген  тұлғаның тегiн, аты-жөнiн көрсетедi. Егер ақша тiзiмдеме бойынша  берiлетiн болса, онда мемлекеттiк  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлғасы  ақша алу жөнiндегi қолхаттың алдына "Сенiмхат бойынша" деген жазу  жазады. Сенiмхат мемлекеттiк мекеменің  кассалық операцияларды жүргізу  бойынша уәкілетті тұлғада қалады  және кассалық шығыс ордерiне  немесе тiзiмдемеге тiркеледi.

      15. Тiзiмдеменің титул (басты) парағында  қолма-қол ақшалай қаражатты беру  туралы рұқсат етiлген жазу  жазылып, мемлекеттік мекеменің  басшысы мен бас бухгалтерiнің  немесе оларды алмастырушы тұлғалардың  қолы қойылып, қолма-қол ақшаның  берiлген күнi және жазбаша сомасы  көрсетiледi.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен  бекітілген Бюджеттің атқарылуы  және оған кассалық қызмет  көрсету ережесінің 203-тармағында  қарастырылған жағдайда жалақы үшiн қолма-қол ақшаны бiр жолғы беру де (демалысқа кеткен, ауруы себептi, басқа да себептер бойынша), қызмет бабындағы iссапарларға байланысты шығыстар жөнiнде есеп беретiн болып бiрнеше тұлғаға депозитке салынған сомамен қолма-қол ақшалай қаражат беру де ұқсас тәртіпте ресiмделедi.

Информация о работе Кассалық операциялар және банктік операциялар