Кассалық операциялар және банктік операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 23:29, реферат

Краткое описание

Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нурсик реферат — копия.docx

— 45.49 Кб (Скачать документ)

      Жекелеген тұлғаларға жалақы  үшiн қолма-қол ақшаны бiр жолғы  беру, кассалық шығыс ордерi бойынша  жүргiзiледi.

      16. Есепті ай біткен соң, барлық  жүзеге асырылатын операцияларды  бухгалтерлік есепке алу шоттарында  көрсету және бухгалтерлік есептілікті  белгіленген мерзімде жасау мақсатында:

      1) тiзiмдемеде төлем төленбеген  тұлғалардың тегiнің қарсысына  мөртабан басылады немесе "Депозитке  салынды" деп қолмен белгi соғылады;

      2) депозитке салынған соманың  тiзiлiмi жасалады;

      3) тiзiмдеменің соңында іс жүзінде  төленген сома және депозитке  салынуға жататын алынбаған сома  туралы жазу жасалады, бұл соманы  тiзiмдемедегi жалпы жиынымен салыстырылады  және оған өзінің қолы қойылады;

      4) кассалық кiтапқа iс жүзiнде төленген  сома жазылады және тiзiмдемеге: "N___ кассалық шығыс ордері" деген мөртабан басылады. Бухгалтерлiк  қызмет тiзiмдемеде мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлға  жасаған белгiлердi тексеріп, ол бойынша  депозитке салынған және берілген  соманы есептейдi.

      Депозитке салынған сома банкке  өткiзiледi және өткiзiлген сомаға  бiр ортақ кассалық шығыс ордерi толтырылады, ол қолма-қол ақшалай  салым жөнiндегi хабарландыру жазу  үшiн негiз болады, онда бюджеттiк  сыныптаманың коды мiндеттi түрде  көрсетiледi.

      17. Кассалық кiрiс ордерлерi мен  олардың квитанцияларын, сондай-ақ  кассалық шығыс ордерлерi мен  тізімдемелерін мемлекеттік мекеменің  кассалық операцияларды жүргізу  бойынша уәкілетті тұлғасы шариктi қаламсаптың пастасымен дәл де  анық етіп толтырады. Бұл құжаттарда  тазартуға, өшiрiп жазуға, түзетуге  жол берiлмейдi.

      Альбомда көзделген деректемелердің  болу шартымен компьютерлік жүйелерді  және арнайы бағдарламалық қамтамасыз  етуді пайдалана отырып толтырылған  кассалық құжат бланктерін пайдалануға  жол беріледі.

      Кассалық шығыс ордерлерiнде олардың  толтырылуы үшiн негiздеме көрсетiледi, оларға тiркелген құжаттар аталады.

      Кассалық шығыс ордерлерiн немесе  тізімдемені қолма-қол ақша алушы  тұлғаның қолына беруге тыйым  салынады.

      18. Кассалық кiрiс және шығыс  ордерлерiн немесе тізімдемені  алу кезінде мемлекеттiк мекеменің  кассалық операцияларды жүргізу  бойынша уәкілетті тұлға:

      1) құжаттарда - бас бухгалтердің  қолы, ал кассалық шығыс ордерi мен тізімдемеде - мемлекеттiк мекеме  басшысының немесе ол уәкiлеттiк  берген тұлғалардың қолы болуын  және оның растығын;

      2) құжаттарды ресiмдеудің дұрыстығын;

      3) құжаттарда аталған қосымшалардың  болуын тексереді. Осы талаптардың  бiрi болмаса бiрi сақталмаған жағдайда, мемлекеттiк мекеменің кассалық  операцияларды жүргізу бойынша  уәкілетті тұлға құжаттарды тиiсiнше  ресiмдеу үшiн бухгалтерлiк қызметке  дереу қайтарады.

      Кассалық кiрiс және шығыс ордерлерiне  немесе тізімдемеге қосымшаларымен  бiрге, күнi, айы, жылы көрсетiле отырып, мiндеттi түрде "Алынды" немесе "Төленді" деп жазылған мөртабан басылуға  жатады.

      19. Кіріс және шығыс ордерлері  немесе тізімдемелер кіріс және  шығыс кассалық құжаттарының  тіркеу журналында қолма-қол ақша  алғанға және берілгенге дейiн тiркеледi.

4. Кассалық  кітапты, ақшаны пайдалану кітабын жүргізу тәртібі және ақшаны сақтау ережесі

      20. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін  қызметтерді) сатудан, демеушiлiк және  қайырымдылық көмектен түсетін  және тиісті бюджетке немесе  үшінші тұлғаға белгілі бір  жағдайлар басталған кезде олардың  қайтарымдылық негізінде не аудару  шарттарында жеке немесе заңды  тұлғалар Қазақстан Республикасы  заңнамалық актілеріне сәйкес  мемлекеттік мекемеге беретін  бюджеттік ақша есебінен қолма-қол  ақшамен есеп айырысуды жүзеге  асыру үшін мемлекеттік мекемелер N КО-4 нысаны немесе Альбомның N 440 нысаны бойынша кассалық кiтап  жүргiзуге тиiс.

      21. Әрбiр мемлекеттiк мекеме нөмiрленген, жiппен қайымдалған және сүргiштi немесе мастикалық мөр басылған  тек бiр ғана кассалық кiтапты  жүргiзедi. Кассалық кiтаптағы парақтардың  саны басшының, бас бухгалтердің  немесе осы мемлекеттiк мекеменің  бухгалтерлiк есебiн қамтамасыз  ететiн бөлiмшенi басқаратын тұлғаның  қолымен расталады.

      Кассалық кiтаптағы жазу көшiргi қағаз арқылы 2 дана етiп жазылады. Парақтардың екiншi даналары жыртылады  және мемлекеттік мекеменің кассалық  операцияларды жүргізу бойынша  уәкілетті тұлғаның есеп беруiне  керек болады. Парақтардың бiрiншi даналары кассалық кiтапта қалады. Парақтардың бiрiншi және екiншi даналары  бiрдей нөмiрлермен нөмiрленедi.

      Кассалық кiтапта өшiруге және  ескертiлмеген түзету енгiзуге  тыйым салынады. Кiтапта қатенi түзету, түзетудің күнi көрсетіле отырып, "Түзетiлдi" деген жазумен ескертiлуге  және мемлекеттік мекеменің кассалық  операцияларды жүргізу бойынша  уәкілетті тұлға мен бас бухгалтерiнің  немесе оны ауыстыратын тұлғаның  қойылған қолымен расталуға тиiс.

      22. Кассалық кiтапқа жазуды мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлғасы  әрбiр ордер немесе тізімдеме  бойынша қолма-қол ақшаны алғаннан  кейiн немесе бергеннен кейiн  жазуға тиiс. Күн сайын, жұмыс күнiнiң  аяғында мемлекеттік мекеменің  кассалық операцияларды жүргізу  бойынша уәкілетті тұлғасы бiр  күнге операциялардың қорытындысын  есептеп, келесi күнге кассадағы  қолма-қол ақша қалдығын шығарады, сөйтiп екiншi жыртылмалы парақты (кассалық кiтаптағы бiр күнгi жазбалардың  көшiрмесiн) кассалық кiрiс және  шығыс құжаттарымен бiрге есеп  ретiнде бухгалтерлiк қызметке  берiп, кассалық кiтапқа қол қояды. Сонымен бiрге кассадағы қолма-қол  ақша қалдығын iс жүзiндегi қолма-қол  ақшамен салыстырады.

      23. Кассалық шығыс ордерiнде немесе  тізімдемеде алушының қойылған  қолымен расталмайынша кассадан  қолма-қол ақша беру кассадағы  қолма-қол ақша қалдығын растау  үшiн қабылданбайды. Бұл сома кемалым  болып саналады және мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлғадан  өндiріп алынады. Кассалық кiрiс  ордерiмен расталмаған қолма-қол ақша кассаның артық ақшасы деп саналып, 204113 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" 204114 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар" түсімдердің бюджеттік кодтары бойынша тиісті бюджеттің кiрiсiне есепке алынады.

      24. Мемлекеттiк мекемелердің банктерден  алған қолма-қол ақшасы қатаң  түрде мақсатына жұмсалады. Қолма-қол  ақшаның нысаналы мақсатқа пайдаланылуын  бақылау үшiн барлық мемлекеттiк  мекемелер бюджеттік ақша үшiн  Альбомдағы N 453 нысаны бойынша (N 2-қосымша) қолма-қол ақшаның нысаналы мақсатқа  пайдаланылуын бақылау кiтабын  және Альбомдағы N 454 нысаны бойынша (N 3-қосымша) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін  қызметтерді) сатудан, демеушілік және  қайырымдылық көмектен, тиісті бюджетке  немесе үшінші тұлғаларға белгілі  бір жағдайлар басталған кезде  олардың қайтарымдылық негізінде  не аудару шарттарында жеке  және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан  Республикасының заңнамалық актілеріне  сәйкес мемлекеттік мекемеге  беретін қолма-қол ақшаның мақсатты  пайдаланылуына бақылау кiтабын  жүргiзуi қажет.

      Екi кiтап бойынша шығыстардың  экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша айдың басындағы қолма-қол  ақшаның қалдығы, ақшаның түсуi, шығысы  және айдың аяғындағы ақшаның  қалдығы көрсетiледi. Екi кiтап бойынша  қолма-қол ақша қалдығы жиынының  сомасы айдың аяғындағы кассалық  кiтап бойынша қолма-қол ақшаның  қалдығына сәйкес келуi тиiс. Кітапқа  жазуды мемлекеттік мекеменің  кассалық операцияларды жүргізу  бойынша уәкілетті тұлға жазады.

      25. Кассалық кiтап пен қолма-қол  ақшаның нысаналы мақсатқа пайдаланылуын  бақылау кiтаптарының (N 2 және N 3-қосымшалар) дұрыс және уақытылы жүргiзiлуiн  бақылау бас бухгалтерге немесе  мемлекеттiк мекемеде бухгалтерлiк  есеп жүргiзудi қамтамасыз ететiн  бөлiмшенi басқаратын тұлғаға жүктеледi.

      26. Әрбiр мемлекеттiк мекеменің  қолма-қол ақшамен есеп айырысу  жүргiзу үшiн кассасы болуға  тиiс. Касса - қолма-қол ақшаны сақталуын  қамтамасыз ету үшiн техникалық  талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған  және қолма-қол ақшаны қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға  арналып оқшауландырылған бөлме.

      Кассаға кiретiн есiк операциялар  жасау кезiнде iш жағынан кiлттелiп  жабылуға тиiс. Кассаның жұмысына  қатысы жоқ тұлғалардың оның  бөлмесiне кiруiне тыйым салынады. Әрбiр мемлекеттiк мекемеде кассаға  кiретiн тұлғалардың тiзiмi жасалады, оған басшы мен бас бухгалтер  қол қояды.

      Мемлекеттiк мекеменің басшысы  оның кiнәсiнен қолма-қол ақшаны  сақтау мен тасымалдау кезiнде  оның сақталуын қамтамасыз ететiн  қажеттi жағдайлар жасалмаған жағдайда  тиiстi заңнамада белгiленген тәртiппен  жауап бередi.

      27. Мемлекеттiк мекемелердің барлық  қолма-қол ақшасы, чек кітапшалары, қатаң есептілік бланкілерін  есепке алу бойынша кіріс-шығыс  кітаптары және кассалық кітаптары  сейфтерде немесе отқа жанбайтын  металл жәшiктерде, олар жұмыс  аяқталғаннан кейiн кiлттелiп, сүргiш  мөр басылады. Металл жәшiктердің  кiлттерi мен мөрлер мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлғада  сақталады және олардың кiлттердi шартты жерлерде қалдыруына, бөгде  тұлғаларға беруiне не ескерiлмеген  қосымша даналарын жасатуына  тыйым салынады.

      Мемлекеттік мекеменің кассалық  операцияларды жүргізу бойынша  уәкілетті тұлғалар пакеттерге, қобдишаларға немесе басқа да  орауыштарға салып мөрлеген кiлттердің  ескерiлген қосымша даналары мемлекеттiк  мекемелердің басшыларында сақталады. Кемiнде тоқсанына бiр рет оларға  комиссиялық тергеу жүргiзiледi. Кiлттің  жоғалғаны анықталған жағдайда, мемлекеттiк мекеменің басшысы  болған оқиғаны iшкi iстер органдарына  хабарлап, металл жәшiктің құлпын  дереу ауыстыру шараларын қолданады.

      Осы мемлекеттiк мекемеге тиесiлi емес қолма-қол ақша мен басқа  да құндылықтарды кассада сақтауға  тыйым салынады.

      28. Кассаның бөлмесi мен металл  жәшiктердi ашар алдында мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлға  құлыптардың, есiктердің, терезе торлары  мен мөрлердiң сақталуын тексереді  және күзет дабылының бұзылмағандығына  көз жеткiзеді.

      Мөр бүлiнген немесе алынған, құлыптар, есiктер мен терезе торлары  сындырылған жағдайда, мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлға  мұны дереу мемлекеттiк мекеменің  басшысына хабарлайды, ол болған  оқиғаны iшкi iстер органдарына хабарлап, ішкі істер органдарының қызметкерлерi келгенше, кассаны күзету шараларын  қолданады.

      Мұндай жағдайда мемлекеттiк мекеменің  басшысы, бас бухгалтерi немесе оны  ауыстыратын тұлға, сондай-ақ мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлға iшкi iстер органдарының рұқсатын  алғаннан кейiн кассада сақтаулы  қолма-қол ақша мен басқа да  құндылықтардың бар екендігiн  тексередi. Бұл тексеру кассалық  операциялар басталмастан бұрын  жеткiзiледi. Тексеру нәтижелерi туралы 3 данада акт жасалады, оған тексеруге  қатысушы барлық тұлғалар қол  қояды. Актiнің бiрiншi данасы - iшкi iстер  органдарына, екiншiсi - бюджеттiк бағдарламалардың  әкiмшiсiне жiберiледi, үшiншiсi - мемлекеттiк  мекемеде қалады.

      29. Мемлекеттік мекеменің басшысы  кассалық операцияларды жүргізу  бойынша кызметкерге өкілеттікті  беру туралы бұйрық берiлгеннен  кейiн мемлекеттік мекеменің кассалық  операцияларды жүргізу бойынша  уәкілетті тұлғаны осы Ережемен  таныстырып, қолын қойдырады, мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлғамен  оның толық материалдық жауапкершiлiгi туралы жазбаша шарт жасалады.

      30. Мемлекеттік мекеменің кассалық  операцияларды жүргізу бойынша  уәкілетті тұлға материалдық  жауапкершілігi туралы қолданылып  жүрген шартқа сәйкес өзi қабылдап  алған барлық құндылықтар үшiн  қасақана әрекеттермен де, өзiнің  мiндеттерiне салдыр-салақ қарауы  немесе адал қарамауы салдарынан  да мемлекеттiк мекемеге келтiрілген  қандай да болсын зиян үшiн  толық материалдық жауапкершiлiкте  болады.

      31. Мемлекеттік мекеменің кассалық  операцияларды жүргізу бойынша  уәкілетті тұлғаның өзiне жүктелген  жұмысты басқа бiреуге сенiп  тапсыруына тыйым салынады.

      32. Бiр мемлекеттік мекеменің кассалық  операцияларды жүргізу бойынша  уәкілетті тұлғасы бар мемлекеттiк  мекемелерде оны уақытша ауыстыру  қажет болған жағдайда, мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлғаның  мiндетiн атқару мемлекеттiк мекеме  басшысының жазбаша бұйрығымен  басқа қызметкерге жүктеледi. Бұл  қызметкермен осы Ереженің 30-тармағында  көзделген жазбаша шарт жасалады.

Информация о работе Кассалық операциялар және банктік операциялар