Электрондық оқулық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 08:34, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта дамыған заманның ақпараттандыру кезеңінде оның барлық мүшелері олардың қоғамдық жағдайына қарамастан өзінің қызмет барысында алдында тұрған міндеттерді шешу барысында ақпарат пен білімді пайдаланады. Кітаптар, патенттар, жорналдар, есептер, идеялар шоғырланған білім, тәжірибе, жалпы қоғамның барлық танымдық талабының қоры техникалық деңгейде күнделікті өндірістік, ғылыми, жалпы білімдік және басқа да қызмет түрлерінде әрдайым көбейіп отырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой эл кн.docx

— 865.03 Кб (Скачать документ)
  • әдебиет оқулығына қарғанда үйренетін материалды түсінуге жеңілдетеді;
  • қолданушының дайындау деңгейіне интелетуальдық мүмкіндігіне сәйкес үйренісужүргізіледі;
  • көп есептерді шешу мен көп мысалдарды қарастыруға мүмкіндік беру арқылы үлкен есептеулер мен өзгерістерден босатады;
  • барлық кезеңдегі жұмыстағы өзіндік тексерулерді кеңінен мүмкіндігі қамтамасыздау;
  • шексіз түсіндіру мүмкнідігін шыдамды ұстаз ролін атқарады;

Оқулық студентке керек, өйткені  онсыз сапалы және жан жақты білім  мен біліктілікті берілген пәннен ала  алмайды [7].


Информатика  пәнi бойынша  электрондық  оқулықты  құрудың  кейбiр  принциптерi.

Кванттық  принциптерi: көлем  бойынша  минимальды,  бiрақ  мазмұны  көрiнбей  тұратын  материалдарды  тарауға  бөлу.

Толықтыру принципi: кез-келген  модульды келесi  компоненттерге  бөлу керек.

  1.  Теоретикалық негiз;

  2.  Теория  бойынша  бақылау жұмысы;

 Мысалдар,  өзiндiк жұмыс үшiн тапсырма  мен жаттығулар,  барлық  модульге  арналған  бақылау сұрақтары мен жауаптары,  бақылау жұмысы,  қосымша анықтамалар (HELP)  тарихи  пiкiрлер.

Көзқарас  принциптерi:   мұнда әр  модуль  аз  мәтiн мен визуализация  арқылы  құрылуы керек,  ол  жаңа  түсiнiктер,  қағидаларды,  әдiстердi  оңай  есте  ақтау керек.

Тармақталған принциптерi кез келген  модульге  еркiн енетiндей  етiп, әр  модуль  келесi  модулге  гипермәтiндiк сiлтеме арқылы  байланысу керек.

Сәйкестендiру принципi: оқушы кадрдың ауысымын  өздiгiнен   басқара алады,  экранда  кез келген  мысалды  шақыра  алады, тапсырманың шешуiн,  сонымен  қатар өзiн-өзi  тексеру, бақылау сұрақтарына жауап  беру және  бақылау жұмыстарын  орындай  алады [6].

Компьютерлiк  қолдау  принципi:  кез келген  уақытта оқушы компьютерлiк  қолдау  көре  алады,  ол   оқуға берген  материалдарды  тез игеруге,  есептердi және  мысалдарды  тез шешу  жолдарын  көруге  мүмкiндiк бередi.  Сонымен  қатар компьютердегi  үлкен жұмыстарды  атқарып қана  қоймай, әртүрлi  есептеулер  мен графикалық  салуларды орындайды,  және  кез келген  деңгейдегi    математикалық операцияларды  орындайды.

Жинақтау принципi:  Электрондық оқулық  форматта орындалуы керек,  оларды бiр  электронды  комплекске  бiрiктiрiп, үлкейтiп және  жаңа тараулар  мен тақырыптарды толықтырып,  сонымен қатар әр пән бойынша  электрондық кiтапханаларға  немесе  оқушының, оқытушының және  зерттеушiнiң жеке  электронды  кiтапханаларына  талдау  керек.

Электрондық оқулық арнайыландырған  аудиторияларда практикалық сабаққа  пайдалы, өйткені ол

  • көптеген есептерді шешу үшін компьютерді пайдалануға мүмкіндік береді, алынған шешім анализіне және оның графикасынамен интерпритация үшін уақыт босайды;
  • оқытушыға өзіндік жұмыс ретінде компьютердесабақты жүргізу мүмкіндік;
  • оқытушыға компьютер көмегімен бақылау жұмысының күрделілік деңгеңінен және мазмұннын тарау арқылы студенттің білімін тиімді және тез бақылауға мүмкіндік.
  • Электрондық оқулық оқытушы үшін ыңғайлы. Өйткені:
  • көлемі жағынан аз, бірақ мазмұны бойынша бірқанша түсінікті лекция мен практикалық сабақта материалды өз көзқарасы бойыншаалып, қалғанын сабақтан тыс лекцияларды электронды оқулықпен өзіндік жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
  • Бақылау жұмысы мен типтік есептеулер үй жұмысын тексерулерден босату;
  • Студенттермен жеклендірілген жұмыс істеу мүмкнідік әсіресе, үй жұмысы мен бақылау шаралары қатысты бөлімінде [25].

Электрондық оқулықтың негізін  жасау кезеңдері:

    1. Әдебиеттерді таңдау
    2. Авторлармен қайта өңдеу құқығы туралы шарт жасалуы мазмұны
    3. Тарауларды және басқа түсініктер жасау
    4. Тараулардағы бөлім бойынша тексті өңдеу
    5. Электрондық түрде гипермәтінді жүзеге асыру
    6. Кешндік демеу жасау
    7. Мультимедиялық айналу үшін материалды сұраптау
    8. Материалдарды визуализациялау үшін дайындау
    9. Материалдарды визуализациялау

Нәтижесінде осы сұраққа көп  көңіл бөлуіміз керек. Білім реформасы  оқытушылар мен оқушылар үшін үйде және аудиториядабір компьютерлік ортасын  қамтамасыз ететін электрондық оқулық басылымы талап етілуі куерек. Мұнда  кітап басып шығарудыойлап табуына  байланысты европалық білім беру реформасымен параллель жүргізуге  болады [8].

Ортағасырларда оқушылар толықтай ұстазына бағынышты болды. Өйткеніол  ақпаратқа ие болды.

Гутенбергтің кітапты басып  шығару тапқырлығытапқырлығы ақпарат  көзіне барлығы бірдей жеткілікті болды. Бұл білім жүйесіне көптеген өзгерістер әкелді.Кітап, қағазды оқушылар мен  мұғалімдерде де болды. Сол сияқты қазіргі  білім реформасы үшін барлығына  ортақ жаңа ақпарат көзін жасау  керек. Осы жағдайда мұғалімдер кейде  студенттерге қарағанда ыңғайсызжағдайлар  көп болды [10].

Электрондық оқулықтарды пайдаланудың теориялық негізідері


Қазақстан Республикасындағы  білімді ақпараттандыру жүйесін  ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің  ақпараттық ресурсы болып табылатын, оқытуға арналған программалық құралдарды (ОАПҚ) дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің  де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпаратық жүйелер, оқыту  орталары, электрондық оқулықтар  және мультимедиалық программалар. Осы  оқытуға арналған программалық құралдардың  әртүрлі нұсқауларын  әзірлеу  Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығының (РБАО) негізгі жұмысы болып табылады.

Қазіргі кезде Республикалық  білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығының негізінен  білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқыту программаларын жасаумен шұғылданып келеді. Электронды оқыту программаларын жасаумен құрастыру  технологиясы (профессор Г. Нурғалиева жасаған ) оқыту процесіндегі заңдылықтарға  негізделіп жасалып, бір – бірімен  тығыз байланыста болатын төрт бөліктен тұрады, олар: мотивациялық мақсаттық, мазмұндық операциялық және нәтижелік  бақылау компоненттері [14].

Қазіргі кезді электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық.

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен  қатар ақпараттық ізденіс қабілетін  дамыту.» Білім берудің кез  келген саласында электрондық оқулықтарды  пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен  жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім  беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын  немесе оқулықты пайдалану қазіргі  заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай  алға жылжу мүмкін емес, сондықтан  электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық  оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор  ықпал етеді [9].

Сонымен қатар электрондық  оқулықтарды сабақта пайдалану  кезінде оқушылар бұрын алған  білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы  таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар  орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.Мазмұны  қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент  болып табылады. Бейнеклиптер уақыт  масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге  пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік  туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай  қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау.

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс  және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып  түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген  баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Осы Электрондық оқулықтарды  қолдану барысында оқушылардың  сабаққа деген қызығушылығының  күрт артқандығы байқалады. Сондай ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан  ала алады. Электронды оқулық – бұл  дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген  түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен  оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда  кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде  қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты  дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты  бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн  бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн  тигiзедi [11].

Электрондық оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн  өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан  бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi [28].

Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша  мәтiн берiлген.

Осы мәтiндi оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздiктерге көңiл аударады.

Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп тауып алғаннан кейiн, сол сөздермен  басқа жағдаяттарда қолдануға болатын  сөйлемдер құрастырады.

Осы құрастырған сөйлемдерiн  қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.

Өздерi ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады.

Сұхбаттарды бiрiншi жақтан құрастырғаннан кейiн, оны үшiншi жаққа аударып  айтып бередi.

Берiлген тақырып көлемiнде  түрлi жаттығулар мен тапсырмалар  орындайды [12].

Сөйлемдегi сөздердiң орын тәртiбiн дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.

Сөйлемдегi жетпей тұрған сөздi табу арқылы, сөйлемнiң мағынасын  түсiнуiн аңғартады.

Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап  бере алатындығын көрсетедi.

Әңгiменi қостай отырып, сол  тақырып көлемiнде сөйлесе алатындығын  байқатады.

Сөйлемдегi сөздердiң жалғауларын  дұрыс қоюы грамматиканы түсiнгендiгiн  бiлгiзедi.

Сөйтiп көптеген жаттығулармен  тапсырманы дұрыс орындағанда барып  өз өмiрiнде осы тақырыпты қолдана  отырып әңгiме құрастыруға дейiн  жетедi.

Электронды оқулықтар  оқушылардың

- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;

- ауызекi тiлде сөйлей  бiлу дағдыларын қалыптастыруға;

- өз бетiнше iздену қабiлетiн  қалыптастыруға;

- ойларын дамытуға;

- студенттердiң сөздiк  қорының молаюына;

- тiлдi үйренуге деген  ынтасы мен қызығушылығының артуына;

- сабақта өзiн еркiн  ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен  пайдалана алуына;

- өз iсiне талдау жасай  алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.

Электронды оқыту прграммаларының  мотивациялық мақсаттық компоненті модульдерді (микромодульдерді) құрастырудан тұрады. Модуль дегеніміз- жергілікті (локальды), жүйелік және функционалдық  білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетін ұйымдастыратын «түйіні» болып  саналады [13].

Электронды оқыту программаларының мазмұндық компоненті гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтін-терминдерден, ұғымдардан, графиктерден және диаграммалардан  тұратын мәліметтер базасы ретінде  берілген ақпараттық оқыту ортасы. Мәтіндерді қазақ, орыс, ал кейбір жағдайда ағылшын тіліндегі дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтін бейне материалдармен толықтырылады.

Информация о работе Электрондық оқулық