Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 21:55, реферат
Сіздер кез келген информацияның белгілі бір көлемі болатынын білесіздер. Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің бірінші жолы - қажет емес файлдарды жою. Ал, егерде қажет емес файлдың бәрін жойғаннан кейін де дискідегі орын жеткіліксіз болса не істейміз? Мұндай жағдайда дискідегі орынды үнемдеп файлдың көлемін азайту үшін, мәліметтерді сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.
АРХИВТЕУ ПРОГРАММАЛАРЫ
1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі
Сіздер кез келген информацияның белгілі бір көлемі болатынын білесіздер. Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің бірінші жолы - қажет емес файлдарды жою. Ал, егерде қажет емес файлдың бәрін жойғаннан кейін де дискідегі орын жеткіліксіз болса не істейміз? Мұндай жағдайда дискідегі орынды үнемдеп файлдың көлемін азайту үшін, мәліметтерді сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.
Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақтау -тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі - файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына, қысқаша басқа информацияны жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану.
Әрине архиватордың әртүрлі информациялар үшін тиімділігі әртүрлі болатыны өз-өзінен түсінікті, мысалы, мәтіндік файлдарды екі есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сұр түсті суреттерді (РСХ немесе ВМР тәрізді форматтағы) қанықтылық ерекшеліктеріне қарай екі-төрт тіпті он есеге дейін тығыздап қысуға болады.
Архиваторлар файл көлемін 10-70%-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.
Әдетге 20 Мб дискіні көшіру (СОРУ командасы
арқылы) 15-ке дейін дискет (көлемі 1,44Мб)
қажет етеді, ал архиватор көмегімен
бұл көлемді бірнеше есе
2. Архивтік файл
Архивтік файл - қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тізімі) және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив қүрамындағы әрбір файл үшін, оның мазмұны тәрізді мынадай информациялар сақталады:
- файлдың аты;
- файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
- файлдың соңғы рет өзгертілген мерзімі;
- архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау коды.
пернелерінің бірін басамыз немесе сол бума белгісін екі рет шертеміз. Дискінің түпкі бумасына өту үшін СІг1+\ пернглерін басу қажет.
Қажет файлдар бар бумаға кірген соң, архивтейтін файлдар мен бумаларды ерекшелеп белгілейміз. Бұны курсорды басқару-бағыттауыш пернелері немесе тышқанның сол жақ батырмасымен 8ҺШ (Сілтеу және Шіпсіошз-тың басқа да программаларындағыдай сияқты) пернесін бірге басу арқылы жүзеге асырамыз. ^іпКАР. терезесінде файлдарды ерекшелеп белгілеу үшін "Бос орын" және Іпз пернелерін қолдануға да болады. Цифрлық пернедегі <+>, <-> пернелері файлдар тобын ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастау мүмкіндіктерін туғызады.
Бір немесс бірнеше файлдарды ерекшелеп алып, Қосу батырмасын шертеміз (мұны АЦ+А пернелері немесе Командалар менюінен "Файлдар архивке қосу" командасын таңдау арқылы да іске асырамыз). Пайда болған сұхбат терезесіне архивтің атын енгіземіз немесе алдын ала келісім бойынша берілген атын растау қажет. Осы жерден жаңа архивтің (КАК. немесе 2ІР) форматын, қысу тәсілін, том көлемін және басқа да архивтеудің параметрлерін таңдауға болады. Бүл сүхбат туралы архивке ат беру, параметрлер енгізу Сұхбат бөлімінде толық сипатталады. Архивті жасау үшін ОК батырмасын шерту қажет.
Архивтеу кезінде
Жасалған К.АК. архивіне тасымалдау арқылы файлдарды қосуға да болады. Егер \¥іпКАК терезесінде архивті белгілеп және оның атында Епіег (немесе тышканды екі рет шертіңіз) пернесін бассақ, К.АК архивті оқып, мазмұнын
178
көрсетеді. Енді терезеде басқа файлдарды қарапайым тасымалдау арқылы архивке файлдарды қоса аламыз.
2. Файлдарды архивтен шығарып алу
WinRAR ортасында архивтен файлды шығарып алу үшін, алдымен архивті ашып алу керек. Оны төменде көрсетілген бірнеше тәсілмен жасай аламыз:
- Windows ортасында архивтік файлға екі рет тышқанды шерту немесе Еnter-ді басу (Сілтемеде немесе Жұмыс столында). Егер WinRAR орнатылған кезде (алдын ала келісім бойынша) архив-файл типімен байланысқан болса, онда архив Winrar-да ашылады. Бұл әрекетті кейіннен WinRAR-ды орнатып болған соң да "Интеграциялау" сұхбаты көмегімен жасауға да болады;
- WinRAR терезесіне немесе белгішесіне архивті тасымалдау. Бұны жасамас бұрын Winrar терезесінде басқа архивтің ашық болмағандығын тексеріп алған жөн, себебі тасымалданатын архивіміз басқасына қосылып кетуі мүмкін;
- командалар қатарынан параметр түрінде архивтік атпен WinRAR-ды іске қосу;WinRAR терезесінде архивті ашқанда, оның мазмұны шығады. Шығарып алынатын керек файлды және буманы ерекшелеп алу қажет. Ол үшін "Бос орын" және INS пернелерін қолдануға болады. Цифрлық пернедегі <+>, <-> пернелері файлдар тобын толық ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастауға мүмкіндіктер туғызады.
Бір немесе бірнеше файлдарды белгілеп алған соң, WinRAR терезесіндегі Шығару батырмасын басамыз (оны АLT+Е пернелері немесе Командалар менюінен "Файлды архивтен шығару" пункітін таңдау арқылы орындаса да болады). Егер де архивтен шығарылған файлды басқа бумаға сақтағыңыз келсе Шығару... (немесе АLT+А-ны басыңыз) батырмасына шертіп, пайда болған терезеде қажет жолды керсетіп, ОК-ны басу керек. Мұнда бірнеше қосымша
параметрлерді ауыстыру болады (бұл туралы толығырақ информацияны Сұхбат бөлімінде оқи аласыз).
Архивтеу кезінде
3. Архивтердің тұтастығын (бүтіндігін) тексеру
Архивтегі әрбір файл үшін оның циклдік бақылау коды (СRС) жазылып сақталады. Бұл код - файлдың ішкі мәліметінің арнайы функциясы, файлға кішігірім өзгерту енгізілсе, оның бақылау коды да өзгеруге тиіс. Сондықтан бақылау коды архивтік файлдың бүлінбей дұрыс сақталғанының белгісі болып табылады. Файлдарды WinRAR программасында архивтен шығарар кезде олардың әрқайсысы үшін бақылау коды бөлек есептеледі де, ол бұрынғы жазылып сақталған кодпен салыстырылып нәтижесі экранда көрсетіледі.
4. Архивті бүлінуден сақтау
RАR архивінің форматы берілген көлемнен тыс арнайы информация типін, яғни қалпына келтіру деп аталатын мәліметті сақтайды. Егер архивте бұл мәлімет болса, онда иілгіш дискідегі информация бүлінген жағдайда да оларды қайтадан қалпына келтіре аламыз. Бірақ бұл программа ZІР форматындағы архивтерді қайтадан қалпына келтіру әрекетін орындай алмайды.
Мәліметті қалпына келтіру үшін командалық қатарда RR[N] сөз тіркесін кез келген операциялық жүйе командасының кілті ретінде қолдануымызға болады немесе бұрын құрылған архивті қорғап қою мақсатында тікелей командасын енгізуге де мүмкіндік бар. Мысалы:
а -гг пеwагс *.txt
WinRAR d -rr4 пеwагс dummу.txt
WinRAR гг oldагс
WinRAR. терезесіндегі команда құрамына архивтің атын немесе оның параметрлeрін енгізу кезінде "Қалпына келтіру информациясы" опциясын іске қосуға болады. Мұның басқаша орындалу түрі - алдын ала келісім бойынша архивтеу профиліне жоғарыдағы тәрізді опцияны іске қосу болып табылады. Мұндайда кез келген архивті өзгерткеннен кейін, оған оны қалпына келтіру информациясы автоматты түрде қосылып отырады.
Қалпына келтіру информациясы өз функциясын орындауы үшін оның құрамында 4096-ға дейін секторлар болуы мүмкін. Егер бүлінген мәліметтер үзіліссіз қатарласа орналасса, онда әрбір сектор оның бүлінген 512 байт көлемін қайта қалпына келтіре алады. Файлдың бір тектес бүлінуі бірнеше рет қайталанатын болса, онда бүл көлем де кішірейеді.
Мұндайда секторлар санын тікелей "RR[N]" коман-дасымен немесе "-RR[N]" (N=1,2..4096) параметрі арқылы беруге болады. Егер бұл параметр көрсетілмесе, онда оның мөлшері автоматты түрде файлдың көлеміне байланысты таңдалып алынады - ол жалпы архив көлемінің 1,2%-ын құрайды, бұл тәсілде бүлінген мәлімет жалпы файл көлемінің 0,7%-на дейінгі мөлшерде болғанда оны қалпына келтіре алады.
Осындай түрдегі қалпына келтіру информациясы архив көлемін шамалы ғана ұлғайтады. Қалпына келтіру информациясы көлемін шамамен мына формула бойынша анықтай аламыз:
<архив көлемі>/256 +
<қалпына келтіру
WinRAR ортасында қорғалған архивтерді түзету үшін "Қалпына келтіру" командасы пайдаланылады, ол үшін командалық қатарға "г" командасы енгізіледі.
Қалпына келтірілген архив гесоvег.rаr деп сақталады. Егер бүлінген архивте қалпына келтіру информациясы болмаса немесе ол елеулі түрде зақымданып, қалпына келмейтіндей күйде болса, онда қалпына келтіру ісінің екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде тек архив құрылымы ғана жөнделеді. Мұндай операциялардан соң бақылау коды (СRС) кате болған файлдарды қалпына келтіру мүмкін емес, ал кодтары дұрыс файлдар
қалпына келтіріледі. Екінші кезеңнен өткен файлға _гесоnst.rаr деген ат беріледі.
INTERNET ЖЕЛІСІ
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INТЕRNЕТ желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң калдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNЕТ жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі "ханшалардан" күнделікті "күңіңізге" айналып барады. Оның күрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. ЕТ желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екш. І80С (Іпіегпеі Зосіеіу — Іпіегаеі қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNЕТ желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNЕТ бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.
29.1. Аздаған тарихи дерекгер мен статистикалық мәлімегтер
INTERNЕТ желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінің АРRАNЕТ компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бүзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен INTERNЕТ тек желі ғана емес, ол — желілердің желісі. INTERNЕТ көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
INTERNЕТ-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты ВВS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, INTERNЕТ компьютерлерінің көпшілігі ВВS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады). INTERNЕТ-ке қосылу дегеніміз — басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы қүжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді жәнг т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.
INTERNЕТ информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNЕТ-тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NАSA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.
INTERNЕТ желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптаскан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNЕТ компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім
арқылы ортақ пайдалануға