Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 13:13, автореферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Өткен ХХ ғасырдағы ақпараттық төңкеріс тек жаңа ақпараттық технологияларды ғана дүниеге әкеліп қойған жоқ, сонымен бірге, ақпараттың әрі сандық жағынан, әрі сапалық жағынын артуы ерекше назар аударуды талап етті. Көтерілген мәселе еліміздегі ғылым мен білім саласын дамытудағы басымдылықтар ретінде жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлауда, олардың жеке тұлғалылығын қалыптастыруда жаңа талаптар мен міндеттер қою қажеттілігін көрсетеді.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдай отырып, қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың төмендегі принциптері ерекшеленді: белсенділік, саналылық, ғылымилық, дербестік, өзін-өзі ұйымдастыру, дамыту, ұжымдық, рольдік.
Ал С.Л.Рубинштейн бұған қосымша болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда сыртқы ықпалдың ішкі жағдайға әсерін анықтаушы детерминизм принципін ұсынды.
Танымдық іс-әрекет ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үдерістің қалыптасуымен аяқталатын мақсаткерлік, ынталылық пен қызығушылықтан тұратын күрделі құбылыс.
А.С.Мустояпова: «танымдық іс-әрекет нәтижелі жүргізілу үшін оқу-танымдық үдерісте студенттердің ынтасы мен қызығушылығын, ерік-жігерін дидактикалық негізделген принциптерге бағыттау қажет»,- деп жазды .
Р.С.Омарова танымдық іс-әрекетті таным үдерісінде кездескен қиындықтарды жеңе білуімен байланыстырып, ол үшін жеке тұлғаның белгілі бір деңгейде ерік-күш жұмсауы және өзінің танымдық іс-әрекетін саналылықпен реттеуі қажеттігін негіздейді және танымдық іс-әрекеттің негізгі құрылымдық бөлімдерін: танымдық қызығушылық, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық әрекет ретінде ажыратады.
Берілген анықтамаларға
талдау негізінде танымдық іс-әрекетті
– тұлғаның құндылықтары мен қажеттіліктеріне
сай өзін өзі жетілдіру мен
дамытудың тұлғалық тәсілі ретінде
төмендегі негізгі
1. Дидактикалық компонент, ол танымдық іс-әрекеттің дидактикалық сипатын білдіреді: мақсат, мазмұн, түрі, әдісі, құралдары, тәсілдері т.б.
2. Кибернетикалық компонент, ол оқытушы мен студенттің бірлескен іс-әрекетін танымдық деңгейде анықтайды т.б. қоғам, жеке тұлғалық сипатта болады.
3. Психологиялық компонент, ол студенттердің танымдық іс-әрекетін психологиялық қамтамасыз ету.
4. Гносеологиялық, ол танымдық іс-әрекет үрдісінде ақпараттар ағымын реттеп, оны игеруді басқарады.
5. Әлеуметтік, ол танымдық іс-әрекетті қалыптастыруда жалпы әлеуметтік байланыстардың ықпалын белгілейді.
6. Ұйымдастырушылық, ол студенттердің танымдық іс-әрекетінің ұйымдастыру сапасын қамтиды.
Р.С. Омарова студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың нақты өлшемдерін анықтаған:
Сонымен, жоғары оқу орындарында
студенттердің танымдық іс-әрекеттерін
қалыптастыру мәселесінің психологиялық-
Теориялық зерттеулер нәтижесінде төмендегідей тұжырым жасауға болады:
Студенттердің танымдық іс әрекеттерін қалыптастыруда оқыту әдістерінің маңыздылығына И.Я.Лернер тоқтала отырып, оқытудың жалпы дидактикалық әдістерінің бес түрін: ақпаратты-рецептивті; репродуктивті; проблемалық; эвристикалық; шығармашылық деп көрсетті. Бірқатар еңбектерде оқыту әдістері оқытушы мен студенттің барлық өзара әрекеттестігі жиынтығын қамтитыны айтылған.
Т.Гергей оқытудың екі ішкі жүйеден: оқытушы іс-әрекеттері және оқу іс-әрекеттерінен тұратынын айтады.
Оқыту мен оқып-үйрену арасы дидактикалық қатынасқа негізделетіндігін және дидактикалық үдерісті іс-әрекет тұрғысынан қарастыра отырып, оны студент мен оқытушының бірлескен іс-әрекеті түрінде біртұтас жүйе етіп қарастыру керек.
Қашықтықтан оқыту жүйесінде ақпараттық технология қолданылған кез келген тәсіл И.Я.Лернер анықтаған бес әдістің бірінің құрамына кіретінін байқадық. Оқыту тәсілдерінің ішінен қашықтықтан оқыту жүйесінде жиі қолданылатын түрлері: демонстрация, иллюстрация, түсіндіру, әңгімелеу, тапсырмаларды орындау, есептер шығару, жазба жұмыстары, қайталау.
Қашықтықтан оқыту технологиялары анықтамасын А.С.Скок, В.С.Дудченко мен В.Н.Макаревичтердің әлеуметтік технологияларға кеңінен берілген анықтамасы ретінде қарастырған дұрыс. Осыны басшылыққа ала отырып, қашықтықтан оқыту технологиясы үшін :
1. Білім беруде нысанға жетуге арналған педагогикалық іс-әрекеттің анықталған әдісі.
2. Әдістеменің түйіні іс-әрекет процедурасын рационалды жіктеп, оны ары қарай координациялау мен синхронизациялауды кезеңдерге бөлу.
3. Ғылыми білімді алдын-ала саналы және жоспарлы түрде реттеу, осымен сабақтас ғылымдардың алдынғы қатарлы тәжірибелерін қолдану.
Бұдан басқа қашықтықтан оқыту технологиясы екі құрылыммен көрсетіледі:
- іс-тәжірибе мен операцияның мазмұнды әрекеттер бағдарламалары;
- осыған сәйкес құрастырылған танымдық іс-әрекеттер.
Берілген түсінікте қашықтықтан оқыту технологиясы білім беруде көрсетілген қашықтықтан оқыту құралдары арқылы іске асыруға арналған, ғылыми негізделген жүйе түрінде қаралады. Бұл ретте, қашықтан оқыту технологиясының ядросы келесі көрсетілген өзара байланыстағы элементтер: әдістер, техникалық құралдар, оқыту құралдары (білім берудің берілген мазмұнын игерудегі) қамтиды.
Қашықтықтан білім беру технологияларының басты қызметі - болжау, негізгі іс-әрекетінің бірі жобалау (өйткені ол жалпы нысандар мен нәтижелерді жоспарлаумен, негізгі кезеңдерді көрсетумен сипатталады, білім-тәрбие беру) үдерісінде кәсіби құзыретті мамандар дайындау, танымдық іс-әрекеттері негізінде интеллектісін қалыптастыру. Өз кезегінде қашықтықтан білім беру технологиялары нақты пәннен тәуелсіз, оқу-тәрбиелік үдерісте игерілетін заңдылықтарға тәуелді. Бұдан басқа қашықтан оқыту технологиялары ғылым мен іс-тәжірибенің басқа саласынан да әртүрлі арнайы технологияларды қамтиды (ғылыми ақпараттық технологиялар, өндірістік, электрондық және т.б.). Сонымен, қашықтықтан оқыту технологиясы әдістемелік жүйелер, арнайы құралдар және білім берудегі пәндік мазмұнды игертуге арналған оқыту құрылымы ретінде анықталады.
Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың моделін құруда тұлғалық-әрекеттік, тұлғаға бағдарланған және синергетикалық тәсілдерді негізге алдық.
Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру моделін тұлғалық-әрекеттік тұрғыда құру тұлғаның танымдық қажетсінуін, қызығушылығы мен сұранысын, бейімділігін есепке алуға негізделеді.
Тұлғаға бағдарланған тәсіл болашақ мамандардың субьективтілік деңгейін жетілдіруге бағытталады.
Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың синергетикалық тәсілі олардың өзін-өзі ұйымдастыруы мен өзін-өзі өзектендіруін, өзін-өзі бақылауы мен өзін-өзі бағалауын, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруін мақсат етті.
Сонымен қатар, қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру моделін құруда жүйелілік тәсіл қолданылды, себебі қашықтықтан оқыту арқылы танымдық іс-әрекеті белсенді студент моделі жоғары оқу орындарында оқыту, тәрбиелеу мен дамыту қызметінде негізгі мақсатына айналуы тиіс.
Студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жұмыстары алынған диагностикаға талдау негізінде мақсатты түрде жүзеге асырылуы тиіс (сурет 1).
1- сурет - Студенттердің танымдық іс-әрекеттерін
қалыптастыру механизмі
1-суретте оқу танымдық іс-әрекеттерді қалыптастыруға қатысты негізгі деп танылған стратегиялық, ағымдық, ұйымдастыру және қорытындылау жұмыстары қарастырылған.
Білім беру ұйымының басшылығы білім беру стандарты негізіндегі оқыту нәтижелерін болжайды және танымдық іс-әрекетті қалыптастыруда студенттің бастапқы жағдайы мен мүмкіндіктеріне стратегиялық болжау жасайды. Студенттің өзінің жеке басының қасиеттері мен кәсіпке қатысты талаптарының өзара байланысын диагностикалау да осы стратегиялық болжау кезеңінде орындалады. Қашықтықтан оқытуда танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың негізгі бес кезеңге бөлеміз (сурет 2):
Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру көрсеткіштері мен белгілерін талдау негізінде қашықтықтан оқытуда танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін төмендегі тұрғыда жіктедік (сурет 3):
Танымдық іс-әрекет – студенттердің танымдық мотивтеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды. Студенттердің жоғары оқу орнында қашықтықтан білім алуы, біліктіліктерінің қалыптасуы, дағдыларының дамытылуы оларды шығармашылықпен еңбек етуге үйретеді.
3-Сурет - Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру тәсілдері
Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың өзара байланысқан төрт компоненттен тұратын: мотивациялық-еріктік, мазмұндылық, әрекетті-тәжірибелік, бақылау-бағалау құрылымдық-мазмұндық моделін ұсынамыз (кесте 1). Модельде педагогикалық үдерістің келесі әдістері ұсынылады: проблемалық-ізденушілік, практикалық (тәжірибелер өткізу, шығармашылық тапсырмаларды орындау), педагогикалық ынталандыру (қолдау көрсету, жетістікке жетуге жағдай туғызу, ынталандыру), зерттеушілік (эксперименттер жасау, болжамдар, модельдеу), өзіндік-саналық әдістер (өздігінен талдау, рефлексия жүргізу т.б.).
1-кесте - Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру моделі
Компоненттері |
Өлшемдері |
Көрсеткіштері |
Мотивациялық-еріктік компонент |
Тұлғаның танымдық іс-әрекетті қажетсінуі мен танымдық іс-әрекетке ынтасы |
- танымдық іс-әрекеттің тұлғалық-құндылық маңызын түсінуі; - өмірде өз орнын табуға деген құлшынысы; - өз мүмкіндіктерін тануға, жетілдіруге деген ұмтылысы; - белгіленген кезеңде атқаратын іс-әрекетке ынтасы, өзгермелі өмірге икемделуге деген құлшынысы; - жаңа ақпарат ағымын
үздіксіз меңгеруге деген - «ақпарат-білім-ақпарат»
жүйесінде өзінің танымдық іс- |
Мазмұндылық компонент |
Жүйелілік, біртұтастық, игерілген білімнің тереңдігі |
- пәндік білімді танымдық
іс-әрекетте тұрақты және - танымдық іс-әрекетті шығармашылық тұрғыда меңгеруі; - танымдық іс-әрекетті дамытудың тәсілдерін меңгеруі; - танымдық іс-әрекетті
жүзеге асырудың тәсілі мен мазмұнын түсінуі. |
Әрекетті-тәжірибелік компонент |
Танымдық іс-әрекет негіздерін игеруі және оны тәжірибеде қолдана білуі, құзыреттілік деңгейінің қалыптасуы |
- өз бетінше танымдық іс-әрекетті жүзеге асыруы; - танымдық жағдаяттарға талдау жасай білуі; - танымдық іс-әрекетті атқару барысында дәстүрлі емес шешімдер қабылдауы; - танымдық іс-әрекетті
қалыптастыру бағытында - танымдық іс-әрекетті жоспарлауы және оны тиімді ұйымдастыру жолдарын таба білуі. |
Бақылау-бағалау компоненті |
Танымдық іс-әрекетті рефлексиялау қабілетінің дамуы |
- танымдық іс-әрекетті обьективті бағалай білуі; - танымдық іс-әрекеттің маңызды сипаттамасы ретінде өзін өзі бақылау мен бағалау дағдыларын меңгеруі; - танымдық іс-әрекетке талдау |