Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 13:13, автореферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Өткен ХХ ғасырдағы ақпараттық төңкеріс тек жаңа ақпараттық технологияларды ғана дүниеге әкеліп қойған жоқ, сонымен бірге, ақпараттың әрі сандық жағынан, әрі сапалық жағынын артуы ерекше назар аударуды талап етті. Көтерілген мәселе еліміздегі ғылым мен білім саласын дамытудағы басымдылықтар ретінде жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлауда, олардың жеке тұлғалылығын қалыптастыруда жаңа талаптар мен міндеттер қою қажеттілігін көрсетеді.
Үшінші кезең (2008-2010ж.ж.) - ЖОО студенттернің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру әдістемесіне сәйкес оқыту эксперименті жүргізіліп, студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру мазмұны, әдіс-тәсілдері, алынған теориялық, тәжірибелік, эксперименттік нәтижелер жүйеленіп, қорытынды жасалды; әдістемелік нұсқаулар оқу үдерісне ендірілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері анықталды.
- қашықтықтан оқыту технологияларының студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталды.
- қашықтықтан оқыту жағадйындағы студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі құрылып, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталып, деңгейлеріне сипаттама берілді.
- жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесінде студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру әдістемесі ұсынылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- студенттеррді қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде олардың танымдық-іс-әрекетін қалыптастыруға арналған «Студенттер даярлау үдерісіндегі қашықтықтан оқыту технологиялары» атты элективті курс бағдарламасы әзірленді;
- зерттеу мәселесіне байланысты оқу әдістемелік кешендер жасалып практикаға ендіріледі
- теориялық талдаулар негізінде жасалған тұжырымдар мен қорытындыларды, ұсынылған элективті курсты ЖОО-да мамандар даярлау үдерісінде, мамандар біліктілігін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- студенттердің танымдық іс-әрекеті – танымдық қызығушылық пен қажеттілікті туғызуға бағытталған оқу әрекетінің түрі. Танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы негізінде студенттердің ой-өрісі толысып, белсенді ойлау әрекеті мен шығармашылық ойлау үдерісін дамытумен қатар, студенттердің кәсіби мәдениеті мен ізденімпаздығын дамытады.
- қашықтықтан оқыту технологияларының мәнін анықтау мен мазмұнын сұрыптау оның студенттердің танымдық іс - әрекетін қалыптастыру мүмкүндіктерінің жоғары деңгейге көтеретіндігін дәлелдейді.
- қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру моделі мотивациялық-еріктік мазмұндық, әрекетті-тәжірбиелік бақылау-бағалау компоненттері бірлігінде байқалады және нақты өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлер арқылы сипатталады.
- қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру әдістемесі, студенттердің меңгерген білім, іскерлік, дағдысын практикалық іс-әрекеттерде шығармашылықпен пайдалануға бағдарлайды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: (2007-2010) талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, эксперимент жұмыстарының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, олардың тиімділігін тәжірибе жүзінде тексерумен және практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу базасы: Қазақ-Рессей университеті, Академиялық Инновациялық университеті(АИУ), Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университеті (ХҚТУ).
Зерттеуді сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру: зерттеудің негізгі қағидалары халықаралық және республикалық конференцияларда 2002-2010ж аралығында (“Развитие информационных технологий в Казахстане”; “Принципы дистанционного обучения” (г.Бишкек); Перспективные направления развития науки. (Украина); “Дистанционное образование современном РК”, (Польша); “Инновационные технологии в обучении студентов вузов – дистанционному обучению, опытно-экспериментальная работа”; Дистанционное обучение: Опыт и перспективы эвристического подхода; “Болашақ мұғалімдерді оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға даярлау”; “Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың ерекшеліктері”; “Дистанционное образование в РК”, (Чехия); “Болашақ мұғалімдердің танымдық іс-әрекетін қашықтықтан оқыту технологиясына қалыптастырудың әдістері”), республикалық ғылыми басылымдарда, Академиялық Инновациялық университеті және т.б. ғылыми-әдіснамалық семинарларында, педагогикалық кеңестерінде баяндалып, электрондық оқулықтар, электрондық оқу- әдістемелік құралдар түрінде жоғары оқу орындарында енгізілді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кiрiспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми-әдіснамалық аппараты, өзектілігі, мақсаты, пәні, объектісі, міндеттері, болжамы, зерттеу кезеңдері мен әдістері, ғылыми жаңалығы практикалық маңызы ашылып көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалады.
«Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі танымдық іс әрекет ұғымының мәні мен мазмұны ашылып көрсетілген. Студенттердің танымдық іс-әрекетін басқаруға даярлау моделі ұсынылып, танымдық іс-әрекеттің негізгі компоненттері анықталған, оны қалыптастыру механизмі жасалып, құрамдас бөліктері айқындалды. Қашықтықтан оқыту технологияларына сипаттама беріліп, оның студенттерді қалыптастырудағы алатын орны мен ролі баяндалады.
«Қашықтықтан оқыту технологиялар арқылы cтуденттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру әдістемесі және тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесі» деп аталатын екінші бөлімде студенттердің танымдық іс-әрекетін қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы сатылап қалыптастыру әдістемесі келтірілген. Қашықтықтан оқыту әдістері мен құралдары талданып, оның әдістемелік принциптеріне сипаттамалар берілген. Қашықтықтан оқыту жүйесінің төрт моделі қарастырылған. Қашықтықтан оқыту курстарын құру әдістемесіне қойылатын талаптар тұжырымдалған. «Студенттерді кәсіби даярлау үдерісіндегі қашықтықтан оқыту технологиялары» атты элективті курс бағдарламасы ұсынылған.
Қорытынды бөлімінде ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдар мазмұндалады, ұсыныстар беріліп, зерттеу мәселесінің келешектегі зерделенетін бағыттары көрсетіледі.
Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгілері, зерттеу жұмысының практикаға енгізілгендігі туралы акт, анықтамалар және электрондық оқулық туралы материалдар келтірілген.
Негізгі бөлім
Бүгінгі күні студенттерге қойылатын басты талаптардың бірі – оларды танымдық іс-әрекеті арқылы жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2030 жылға дейінгі білім беру саласын дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуда. Жоғары білімнің басты мақсаттары мен міндеттері ретінде:
- адам құқықтарын, демократия, бейбітшілікті нығайту мақсатында барлық адамдардың бүкіл өмір бойы дамуы мен әлеуметтік әрекетіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс;
- ғылым мен технологияны дамыту жолымен қоғамның мәдени, әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосу;
- өзі үшін жауап бере алатын жоғары іскерлікті мамандарды, азаматтарды даярлауды жүзеге асыру;
- тұтас алғанда қоғамның, оның ішінде, білім беру жүйесінің дамуы мен жақсаруына үлес қосу аталып көрсетілген.
Қоғам өміріндегі болып жатқан әлеуметтік,
саяси және экономикалық өзгерістер
мен аталған салалардың болашақтағы
дамуы қоғамдағы негізгі фактор
болып есептелетін жеке тұлғаның
даму деңгейіне тәуелді. Бұл мәселе
қоғамдағы білім берудің
Студенттерді танымдық іс-әрекеті – жас ұрпақты өмір мен кәсіби қызметке даярлаудың маңызды кезеңі болып табылады. Аталған әрекет кез келген қызмет түрімен біртұтас құрылымдық бірлікті құрай алады.
Студенттердің танымдық іс-әрекеті – танымдық қызығушылық пен қажеттілікті туғызуға бағытталған оқу әрекетінің түрі болып саналады. Танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы негізінде студенттердің ой-өрісі толысып, белсенді ойлау әрекеті мен шығармашылық ойлау үдерісін дамытумен қатар, студенттердің кәсіби мәдениеті мен ізденімпаздығын дамытады.
Студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру қоғам сұранысына жауап бере алатын, ғылыми-техникалық үдеріс міндеттерін оңтайлы шеше білетін, халықтың рухани құндылықтарын дамыта алатын қоғам мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Интеллектуалдық операцияларды орындауға даярлықтың жеткіліксіздігінен танымдық іс-әрекетті кез келген студент өз бетінше орындай алмайды, ол білім алушылардан ерік-жігер мен ақыл-ойды талап етеді. Осыған сәйкес, психологиялық-педагогикалық зерттеулер барысында танымдық іс-әрекетті қалыптастыру білім, білік, дағдыны меңгерту ретінде ғана емес, ерік пен жігерді, қабылдау мен түйсікті дамыту тұрғысында талданады.
Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін ынталандыруға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіру қажеттілігі туып отыр.
Студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру – оқу үдерісін ойдағыдай ұйымдастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол оқу үдерісінің тиімділігін арттыру, студенттердің оқу әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне сай дидактикалық әдіс-тәсілдерді қолдануды, оқытудың дамытушылық қызметін толық пайдаланып, танымдық іс-әрекетті дамытуды талап етеді. Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуда оқытушылар мен білім алушылардың өзара субъективтік қатынасына негізделген танымдық іс-әрекет оңтайлы ұйымдастырылғанда оқытудың нәтижелілігі артады. Сондықтан студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру – жоғары оқу орнында оқу үдерісін ұйымдастырудың маңызды міндеті.
60-жылдардың екінші жартысы мен 70- жылдардың басында Кеңес педагогикасы мен педагогикалық психологиясында мұғалімнің басшылығымен студенттер танымдық міндеттерге өз бетінше қол жеткізуі арқылы дамитын танымдық іс-әрекет мәселесі кеңінен талқылана бастады.
Оның ішінде жоғары оқу орындарында танымдық іс-әрекетті қалыптастыру – студенттердің оқуға деген ынтасын қалыптастыру құралы (Дж.Брунер, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, А.Е.Әбілқасымова, Р.С.Омарова т.б.); тұлғаны әрекет барысында дамыту (Б.Г.Ананьев, А.Н. Леонтьев, В.А. Петровский, Л.С. Рубинштейн т.б.); іс-әрекет түрлерін оңтайлы үйлестіру (И.Я. Лернер, М.И.Махмутов, И.М.Чередов т.б.); танымдық іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі (Л.П. Буева, В. Мудрик т.б.)ретінде қарастырады.
Жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың философиялық негіздемесі В.Г.Афанасьев, Н.Э.Майн, В.А.Ядов т.б. еңбектерінде қарастырылды. Мәселенің психологиялық бағыты Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, Ю.Н.Кулюткин, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин еңбектерінде талданды. И.Ф.Харламов студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру заңдылықтарын белгіледі.
Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруда О.А.Нильсонның студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың көрсеткен түрлері маңызды болып табылады:
А.А.Вербицкий танымдық
іс-әрекеттің психологиялық-
Бұл мәселе ұлы қазақ ойшылдарының да еңбектерінен көрініс тапты. Ұлы Абай қазақ мектебінің жалпы білім берудегі және тәрбиедегі маңызын ескере отырып, жас буынға мектепте жүйелі білім беру қажеттігіне, жас ұрпақтың тұлғасын қалыптастыруда танымның шешуші роль атқаратындығына ерекше мән берді. Абай шәкірттің танымдық әлемін кеңейту үшін оны өз бетінше еңбектенуі қажет деп жазды. Ғылымға қолы жету де, әлеумет өміріне пайдалы жұмыс істеу де, үйрену мен білу үшін де ең алдымен өздігінен еңбектену қажет деген қорытынды жасады.
А.Е.Әбілқасымова танымдық іс-әрекетті күрделі педагогикалық құбылыс ретінде және оның мағынасын ашу үшін студенттің танымға деген тұрақты көзқарасын анықтау қажеттігін жазады.
Жоғары мектеп дидактикасында студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру олардың оқу-танымдық белсенділігін жетілдіру жолы ретінде қарастырылады. Танымдық белсенділік Л.П.Аристованың, А.С.Белкиннің, Д.В.Вилькеевтің, Е.В.Каратаеваның, М.И.Махмутовтың, Р.А.Низамовтың, зерттеулерінде талқыланды.