Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 13:13, автореферат

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Өткен ХХ ғасырдағы ақпараттық төңкеріс тек жаңа ақпараттық технологияларды ғана дүниеге әкеліп қойған жоқ, сонымен бірге, ақпараттың әрі сандық жағынан, әрі сапалық жағынын артуы ерекше назар аударуды талап етті. Көтерілген мәселе еліміздегі ғылым мен білім саласын дамытудағы басымдылықтар ретінде жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлауда, олардың жеке тұлғалылығын қалыптастыруда жаңа талаптар мен міндеттер қою қажеттілігін көрсетеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру.doc

— 441.00 Кб (Скачать документ)

ӘОЖ 378.164:378.115                                                             Қолжазба құқығында                                                                                                                

 

 

ЖҮЗБАЕВА ГҮЛЖАН СЕРІКҚЫЗЫ

 

 

 

 

Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру

 

 

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

 

 

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертация

 

 

АВТОРЕФЕРАТ

 

 

                                                                   Ғылыми жетекші  

педагогика  ғылымдарының докторы,

                                                                   проф. С.Ж Пірәлиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы 2010

 
Жұмыс Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Ұлттық академиясында орындалған

 

 

 

Ғылыми жетекші: 

педагогика ғылымдарының докторы 

Пірәлиев С.Ж.

 

 

 

Ресми оппоненттері:

педагогика ғылымдарының докторы 

Мынжанов Н.А.

 

педагогика ғылымдарының кандидаты

Төлбаев Ә.Ә.

   
   

Жетекші ұйым:                        

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті


 

 

 

 

Диссертация 2010 жылы 26 қараша сағат 10.00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.05.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050000, Алматы қаласы, Достык даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы)

 

 

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050000, Алматы қаласы, Казбек би 30, 3-қабат

 

 

 

Автореферат 2010 жылы  « 26 » қазанда  таратылды.

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

 ғалым хатшысы                                                                        Көшербаева Ә.Н.

 

Кіріспе

 

Зерттеудің  көкейкестілігі. Өткен ХХ ғасырдағы ақпараттық төңкеріс тек жаңа ақпараттық технологияларды ғана дүниеге әкеліп қойған жоқ, сонымен бірге,  ақпараттың әрі сандық жағынан, әрі сапалық жағынын артуы ерекше назар аударуды талап етті. Көтерілген мәселе еліміздегі ғылым мен білім саласын дамытудағы басымдылықтар ретінде жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлауда, олардың жеке тұлғалылығын қалыптастыруда жаңа талаптар мен міндеттер қою қажеттілігін көрсетеді.

Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігі ақпараттық болып есептелгендіктен, сондықтан уақыттың өтуімен бірге маманның ақпараттық технологияларды пайдалана білу іскерлігі мен кәсіби құзырлығына қойылатын талап та арта түсуде. Пайда болған мәселені шешу республикалық кәсіби білім беру жүйесіне келіп тіреледі. Жоғары мектептердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - жеткілікті деңгейде кәсіби білімі, құзырлықтары мен танымдық іс-әрекеті қалыптасқан, шығармашылық қабілеттері дамыған, жоғары кәсіби білікті мамандар даярлау болып табылады. Бұл міндеттерді шешудің жолдары ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктеріне негізделген студенттердің кәсіби бағыттылығын жетілдіруді, танымдық іс-әрекетін қалыптастырып, дамытуды атауға болады.

2030 ж. дейін Қазақстан Республикасын дамыту тұжырымдамасында: «аймақтық деңгейде білім беру сапасын арттыру мақсатында қашықтықтан виртуалды оқытуды және жаңа білім беру технологияларын жасап, енгізу қажет» делінген. Мұндай тәсіл қашықтықтан оқыту технологияларына негізделетін жаңа білім беру парадигмаларына көшуді ұсынады.

Болашақ мамандарды кәсіби даярлауды  жетілдіру мәселелері Қазақстан  Республикасының негізгі нормативті құқықтық құжаттарында: Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңында (2007), 2005-2010 ж.ж. арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, ҚР-ның 2002-2004 жылдарға арналған білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасында, сондай-ақ, жыл сайынғы ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауларында көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру саласын  жетілдірудің маңызды тәсілдерінің бірі – білім беруді ақпараттандыру және халықаралық ауқымды коммуникациялық  желіге шығу екендігі айтылған. Сонымен  қатар, бұл бағыт Қазақстан Республикасында 2010 ж. дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында қарастырылған негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Тұжырымдамада «қазіргі жағдайда жоғары білім беру жүйесіне жаңа сапа, қоғамдық статус беріп, алдыңғы кезектегі міндеті жоғары білікті мамандар даярлау болып есептелетін қоғамның ерекше сферасы ретінде түсіну қажет» деп көрсетілген.

Мамандардың кәсіби даярлығын  дамытуға әрі білім беру процесінің теориясын, мазмұнын, әдіснамасын, ұйымдастырылуын  жетілдірумен, әрі жоғары мектепте жұмыс істейтін оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру жолдарымен айналысатын (Т.С. Садықов, А.П. Сейтешев, Г.А. Уманов, Л.К. Керимов, Н.Д. Хмель, М.А. Кудайкулов, Н.Н. Хан, А.А. Бейсенбаева, К.К. Жампеисова, Г.Т. Хайруллин, С.Ж. Піралиев, Ш.Т.Таубаева, Г.К. Нургалиева, Р.К. Толеубекова, В.В. Трифонов және т.б.) қазақстандық ғалымдардың қазіргі зерттеулері елеулі үлес қосуда.

Сонымен қатар, республикада болашақ  мамандардың кәсіби сапаларын қалыптастыру мәселелері зерттелуде, олардың қатарына педагогикалық ғылымды дамытудағы төмендегідей: болашақ мұғалімнің кәсіби мәнді сапаларын (А.А. Калыбекова, К.С. Успанов, А.А. Молдажанова және т.б.); зерттеу мәдениетін Ш.Т. Таубаева және т.б. танымдық ізденімпаздылықты қалыптастыру (А.Е. Абылқасымова және т.б.); танымдық белсенділікті (Ж.А. Қараев); қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру (Д.М. Джусубалиева)  тәрізді бағыттарды жатқызуға болады.

Жүргізілген зерттеулер ішінен қашықтықтан  оқыту технологияларына байланысты және танымдық іс-әрекетті қалыптастыруға даярлау мазмұны мен әдістемесі А.Е. Абылқасымованың, Д.М. Джусубалиеваның, Ж.А. Қараевтың еңбектерінде қарастырылған.

Қазақстан республикасында білім  беру саласында ақпараттық технологияларды, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологияларын жасап, жүзеге асырудың тәжірибелері жинақталып, ғылыми қоры қалыптасып келеді. Білім беру саласын ақпараттандыру мәселелеріне арналған зерттеулердің екі бағытын шартты түрде бөлеміз:

- қазіргі ақпараттық технологиялардың жетістіктерін меңгеру негізінде ЖОО-да болашақ мамандарды кәсіби даярлауды (Нұрғалиева Г.К., С.Ж.Піралиев, С.М. Кеңесбаев, Т.О.Балықбаев, Б.Д. Сыдықов, А.И. Тәжіғулова, К.З. Халықова, Г.А. Абдулкаримова, А.Р.Тұрғанбаева, Г.К. Ізтілеуова және т.б.); жетілдіру;

- арнайы және орта оқу орындарының оқу процесінде ақпараттық технологияларды (Р.Ч. Бектурганова, У.Қ. Тоқбергенова, С.Н. Конева, Т.Т. Бортко, О.З. Имангожина, Н.Д. Татару, Б.Досжанов, Д. Исабаева, Н.Ошанова, С.Көбентаева, С.А.Нұрпейсова және т.б.) қолдану.

Қашықтықтан оқытудың теориясы мен практикасын дамытуға байланысты көптеген зерттеуші ғалымдар өз үлестерін қосып келеді. Олардың әрқайсысы қашықтықтан оқыту жөнінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға, педагогикалық практикаға енгізуге айтарлықтай ат салысты. Олардың ішінен: А.А. Андреев, Ю.Н. Афанасьев, А.А. Ахаян, A.M. Бурлаков, А.В. Барабанщиков, Д.А. Богданова, В.П. Кашицин, Е.С. Полат, И.В. Роберт, А.В. Хуторской және т.б. атауға болады. А.А. Андреев үздіксіз білім беру жағдайындағы қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері мен технологиясын жасаса, Д.М. Джусубалиева қашықтықтан оқыту жағдайындағы студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздерін қарастырған.

Практика көрсетіп отырғанындай, жоғары оқу орнын бітірген жас маман өз кәсіби іс-әрекетін жеткілікті деңгейде ұйымдастыруы және психологиялық, педагогикалық, теориялық, практикалық даярлығымен қоса, өзбетімен танымдық іс-әрекеттерді орындай алуы мен олардың жеке басының танымдық ізденімпаздығы сияқты қасиеттерінің болуын талап етеді. Бұдан студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың тоық теориялық тұрғыдан негізделмеуі,  қашықтан оқыту жағдайында жоғары оқу орындарында оны тиімді ұйымдастырудың әдістемелік тұрғыда жан-жақты қамтамасыз етілмеуі мен студенттерді оған қалыптастыру қаежттілігі арасында қарама-қайшылық пайда болады. Бұл қарама-қайшылықтан қашықтан оқыту жағдайында студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі туындайды. Көтерілген мәселе зерттеу тақырыбын «Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру» деп таңдауымызға ұйтқы болды.

Зерттеудің  мақсаты - қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасап, тәжірбиелік-ғылыми экспериментте тексеріп, әдістемелік ұсыныс беру.

Зерттеу нысаны - жоғары оқу орындарындағы қашықтықтан оқыту технологиясы.

Зерттеу пәні – қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін  қалыптастыру процесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалып,  танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың моделі құрылып, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен қалыптасу деңгейлері анықталса және ұсынылған әдістемеге сай оқыту үдерісі ұйымдастырылып, оқу процесіне енгізілсе, онда жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың тиімділігі артады, студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің деңгейі жоғарылап, кәсіби даярлығы қалыптасады.

Зерттеудің міндеттері:

- студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау.

- қашықтықтан оқыту технологияларының студенттердің танымдық іс әрекетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтау

- қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың моделін жасау

- қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру әдістемесінің мазмұнын жасау және оны тәжірибелік эксперимент жүзінде тексеру.

Жетекші идея: қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру – ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайықты, жеке тұлғаның қалыптасып, дамуын анықтайды, ол жоғары оқу орындарындағы біртұтас педагогикалық процесте жүзеге асады.

Зерттеудің  әдіснамалық және теориялық негіздеріне: 
философияның танымдық ілімі және жеке тұлғаның дамуы мен іс-әрекет, теориясы, жеке тұлғаны сипаттайтын танымдық белсенділік, қабілеттілік туралы психологиялық тұжырымдар, қашықтан оқыту, оқу процесін басқару, дамыта оқыту, жеке тұлғаға бағыттылған оқыту теориялары, танымдық дербестік пен шығармашылықты дамытудағы психологиялық қағидалар мен осы бағытта зерттеу жүргізген ғалым-педагогтардың ғылыми-әдістемелік еңбектері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ата заңы, «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасында 2010 ж. дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, ҚР-ның 2002-2004 жылдарға арналған білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамалары басшылыққа алынды.

Зерттеудің  көздері: Қазақстан Республикасының Ата заңы, «Білім туралы» заңы (2007), Қазақстан Республикасында 2010 ж. дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, ҚР-ның 2002-2004 жылдарға арналған білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамалары, Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2007-2010), зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген қазақстандық және шетел ғалымдарының (философия, психология, педагогика және т.б.) оқу-тәрбие үдерісіне арналған еңбектері, ғылыми оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар және автордың педагогикалық іс-тәжірибесі. 

Зерттеудің  әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік еңбектерге талдау жасау; жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту орталықтары жұмысы мен  қашықтан оқыту процесін бақылау; студенттер мен оқытушылардан сауалнама алу, пікірталас, әңгіме жүргізу; мемлекеттік деңгейдегі білім беру саласына байланысты жарық көрген бағдарламалар мен нормативті құжаттармен  танысу, орындалып жатқан шараларды зерделеу, талдау, зерттеліп отырған мәселеге сәйкес арнайы курстарды өткізу және талдау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін тәжірибелі-эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің  негізгі кезеңдері. Бірінші кезең (2006-2007ж.ж.) студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру мәселенің теориялық тұрғыда зерттелуіне арналды. Қашықтан оқыту жүйесіндегі студенттердің танымдық іс-әрекеттері мазмұны анықталып, маман даярлау жағдайына талдау жасалынды. Осы кезеңде қашықтан оқыту технологиялары мен әдістері зерттелінді. Қашықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық моделі құрастырылды.

Екінші кезеңде (2007-2008ж.ж.) - жоғары оқу орнында қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша оқитын студенттердің танымдық іс-әрекеттері, танымдық қызығушылық және ізденімпаздықты қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырылды. Студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу-практикалық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді түрлері анықталып және оларға қажет дидактикалық тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар берілді.

Информация о работе Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру