Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2014 в 19:40, курсовая работа
Диплoмдық жұмыcтың өзeктілігі: Қазақстан Республикасының орта мерзімді перспективаға арналған әлеуметтік-экономикалық саясаты «Қазақстан-2050» стратегиясында айқын көрініс тауып отыр. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты және негізгі мақсаты – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге, қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиісті. Осы жолда елім деп жүрегі соққан әр азаматтың міндеті мемлекет үшін еңбек етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын қолдай отыра, дамуына жағдай жасау екені анық. Аталып отырған стратегияда көрсетілгендей, орта мерзімді кезенде әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы дамуының жаңа бағытын іске асыру бастамасы - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Бөлім Жергілікті деңгейде әлеуметтік – экономикалық саясатты іске асырудың теориялық және әдіснамалық аспектілері
1.1 Әлеуметтік–экономикалық саясат түсінігі, мақсаты мен міндеттері...............7
1.2 Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі: түсінігі мен бағалау әдістері.....................................................................................12
1.3 Әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі...................................................................................................................15
2 Бөлім Атырау облысы «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық сипаттамасы
2.1 «Қызылқоға ауданы әкімінің аппаратының» функционалдық мақсаттары мен міндеттері, құрылымы.......................................................................................18
2.2 «Қызылқоға ауданы әкімінің аппаратының» кадр қызметі мен олардың құқықтары,міндеттері................................................................................................21
2.3 Қызылқоға ауданы әкімінің аппаратының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау...............................................................................................23
3 Бөлім Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру бағыттары мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014-2018 жылдарға арналған негізгі басымдықтарының сипаттамасы.......................38
3.2 Қызылқoғa ayдaнының әлеуметтік-экономикалық саясаттын іске асыру бағыттарын жетілдіру жолдары...............................................................................50
Қорытынды және ұсыныстар................ ..................................................................56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................
Аграрлық сектор субъектілерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған түбегейлі жаңа бағдарламасы әзірленді.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қаржылық сауықтыру, ауыл шаруашылығы субъектілері үшін тауарлар, жұмыстар және қызметтердің қол жетімділігін арттыру, АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту, ауыл шаруышылығындағы мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру мынадай төрт бағыт: жұмыс жүргізілетін болады. Бұл ретте, жайылымдық мал шаруашылығы және жемшөп өндірісін дамыту сияқты кіші салаларға ерекше назар аударылатын болады.
Өсімдік шаруашылығы саласына стратегия, өндірісті әртараптандыруды, дақылдар өсірудің ғылыми негізделген ылғал, ресурс үнемдейтін технологияларға көшуі жолымен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайтуды, ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді, жаңа және қазіргі пайдаланудағы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту дегенді білдіреді.
Астық өндірісінің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылатын болады, өйткені ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының құрылымында астық дақылдарының алатын орны зор. Бидайды өңдеу және сақтау, сондай-ақ оны тасымалдау үшін қуаттылықтар құру және ұлғайту жолымен элеваторлар мен бидай тасығыштардың жетіспеушілігі мәселелері пысықталатын болады.
Мал шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға ,және ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыруға ынталандыру жұмысы жалғасатын болады.
Асыл тұқымды базаны дамыту және мал мен құстың тұқымдық әлеуетін арттыру, оның ішінде одан әрі өсіру үшін асыл тұқымды малдың импорты есебінен арттыру жұмысы жалғасатын болады.
Дәстүрлі мал шаруашылығы салаларын дамыту үшін жайылымдық мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын дамытуға ынталандыратын іс-шаралар кешенін қабылдау мәселесі пысықталатын болады.
Сондай-ақ жем-шөп өндірісін дамыту және бұзылған жайылымдық жерлерді қалпына келтіру, суландыру бойынша шаралар қабылдау мәселесі пысықталатын болады.
Балық шаруашылығын дамытудың басым бағыты ретінде тауарлы балық өндірісін ұлғайту мақсатында отандық аквамәдени өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары қабылданатын болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнімнің сапасын арттыру, азық-түлік тауарларының ассортиментін кеңейту үшін өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру жүргізілетін болады, осылайша Кеден одағы бойынша негізгі сауда әріптестермен бәсекелестікте тең жағдайлар жасалатын болады.
Нарықты отандық өндірістің азық-түлік өнімдерімен, оның ішінде сақтау логистикасын дамыту және өнімді тұтынушыларға дейін жеткізу, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді кооперациялау жолымен дайындау, қайта өңдеу және сақтау пункттерін құру жолымен одан әрі толықтыру шараларын іске асырылатын болады.
Жоғары сапа стандарттары мен азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу мақсатында ветеринарияны, өсімдіктерді қорғауға және тамақ өнімінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылатын болады.
Озық технологияларды енгізуге және отандық ауылшаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайтуға ынталандыру мақсатында қолданыстағы қолдау шараларымен қатар жекелеген дақылдарды тікелей субсидиялаудан жеңілдікті қаржыландыру арқылы қолдауға біртіндеп өту көзделетін болады (кредиттер мен лизинг бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, АШТӨ қаржы институттары алдындағы қарыздарына кепілдік беру және сақтандыру жүйесін енгізу, сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде инвестициялық субсидиялау).
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына кредиттік жүктемені азайту және банкроттыққа жол бермеу мақсатында осы кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру жүзеге асырылатын болады.
АӨК басым салаларында білімді генерациялау мен енгізудің ғылыми зерттеулер, халықаралық жетекші ғылыми орталықтармен аграрлық зерттеулер саласында ғылыми-инновациялық жүйесін құру жобаларды бірлесіп іске асыру, трансферт және агротехнологиялар мен білім тарату желілерін коммерцияландыру жүйесін дамыту сондай-ақ халықаралық деңгейдегі транстәртіптік ғылыми білім беру кешендерін (орталықтарын) құру жолымен жүзеге асырылатын болады.
Жасыл экономикаға өту стратегиясы су проблемаларын шешуді, экология, энергия тиімділік, жылу және электр энергиясын өндіру, шөлейттенудің мерзімі жеткен мәселелерін, жасыл энергетиканы дамыту, урбандануды жоспарлау, өңірлерді дамыту мәселелерін, ауыл шаруашылығын қалпына келтіру және жаңғырту, қоршаған ортаның ластануының зардаптарын азайту, макроэкономикалық көрсеткіштер мен институциоаналдық дамуды көздейтін болады.
Осыған байланысты мынадай іс-шаралар көзделуде:
- экономикалық қызмет және
- әл-ауқаттың өсуін ынталандыру
және қоршаған ортаның ластану
деңгейін төмендету: ауа, жер мен
судың ластану деңгейін
Жасыл экономика дамуының басым бағыттарының бірі 2050 жылға дейін барлығы жиынтық энергия қолданатылған жартысынан кем емес энергияның балама және жаңартылған түрлерін өндіруді дамыту болады.
Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» «Болашақтың энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрмені табысты ұйымдастыру және өткізу үшін келесі бесжылдық бағдарламада жаңартылатын энергия көздерін дамыту, баламалы энергетиканы дамытудың перспективалы кластерлік моделін дамыту бойынша шаралар әзірлеу көзделеді.
Болжанатын кезеңде монополияға қарсы саясаттың негізгі мақсаты тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау, тауар нарығына кіруге кедергі келтіретін тосқауылдарды тиімді жою және бәсекелестікті шектеуге жол бермеу болуы тиіс. Тұтынушылардың мүдделерін қорғау нарық субъектілері үстем жағдайды теріс пайдаланған жағдайда монополияға қарсы реттеудің мақсаты болуы керек.
Мыналар бойынша жұмыс жандандырылатын болады:
- жосықсыз бәсекелестіктердің
кез келген түрлерінің және
нарық субъектілерінің
- тауар нарығына кіруге кедергі келтіретін тосқауылдарды жою;
- экономиканың инфрақұрылымдық
салаларында экономикалық
Монополияға қарсы заңнама мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінің шектеулі бәсекелестігінен тиімді қорғауды қамтамасыз етуі керек.
Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік қызметте мемлекеттің қатысу үлесін төмендету, экономика салалары мен секторларын монополиясыздандыру, сондай-ақ әртүрлі тауар нарықтарына монополияға қарсы бақылау құралдарын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады.
Монополияға қарсы саясат өз қызметі шеңберінде реттеуші және салалық органдар жүзеге асыратын экономика салаларында бәсекелестікті дамыту шараларымен келісіліп жүзеге асырылатын болады.
Жемқорлық тәуекелі жоғары және ашық емес рұқсат беру жүйесі кәсіпкерлікті дамыту үшін айтарлықтай кедергі болып табылады.
Осыған орай, негізгі қағидаты рұқсат беру құжаттарын жіктеуді және оларды қауіп дәрежелері бойынша санатқа бөлуді көздейтін Интеграцияланған рұқсат беру жүйесін енгізу болып табылатын Рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жалғастырылатын болады.
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заң жобасын әзірлеу басталды, онда сыныптар мен санаттарға және хабарламаларға бойынша бөліністе рұқсат беру құжаттарының толық тізбесі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей әсер ететін барлық рұқсаттар хабарламаларға ауыстырылады.
Заң жобасы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында рұқсат беру заңнамасына жаңа қағидаттар енгізуге, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендетуге және рұқсат беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігін жоюға бағытталған.
Кәсіпкерлік ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің 2020 жылға дейінгі кешенді тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірленетін болады.
Тұжырымдаманың мақсаты бизнеске түсетін ауыртпалықты азайту және мемлекеттің шығындары кезінде ең жоғарғы тиімділігіне қол жеткізілетін мемлекеттік реттеудің жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Тұжырымдамада мынадай қағидаттарды іске асыру көзделген: мемлекет, бизнес және тұтынушылар мүдделерінің теңгерімі, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың қол жетімділігі, өзара жауапкершілік және жазалаудың әділдігі, реттеуіш құралдардың негізділігі мен тиімділігі, реформаларды іске асырудың кешенділігі мен тиімділігі.
Аталған қағидаттарды іске асыру мынадай бағыттар бойынша жұмыстарды орындау арқылы жүзеге асырылатын болады: рұқсат беру жүйесі; мемлекеттік бақылау және қадағалау, бизнестің өзін-өзі реттеуі; норма шығармашылық; техникалық реттеу; заңға бағынушылық тәртібін ынталандыру, салықтық және кедендік әкімшілендіру, бизнесті ашу және жабу, кәсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғау.
Мемлекеттік органдардың бақылау қызметін одан әрі оңтайландыру мақсатында бақылау мен жоспардан тыс тексерістердің басқа да нысандарын жүзеге асыру мәселелерін нақты регламенттеу, тәуекелдерді басқару жүйесін толық автоматтандыру, мемлекеттік органдардың бақылау функцияларының қайталануын жою ұсынылады.
Сондай-ақ бақылау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің (жауапкершілікті сақтандыру, дербес қаржы кепілдіктері, қоғамдық бақылау) балама нысандарын қолдану мәселелері пысықталатын болады.
Заңға бағыну тәртібін ынталандыру мақсатында мемлекеттік бақылау және қадағалау анықтау мен жазалаудан профилактика мен алдын алуға және мөлшерлес жауапкершілік белгілеуге қайта бағдарланатын болады.
Бизнестің мемлекеттік деңгейде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін талап ету жөніндегі бірыңғай ұстанымын ұсыну мақсатында кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру үшін Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы және тиісті Заң қабылданады.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларымен оны нақты жұмыс орындарын құра отырып қамтуды кеңейту көзделіп отыр.
Субсидиялау мен кепілдік беру құралдарын одан әрі жетілдіру, шағын қалалар мен ауылдардың кәсіпкерлері және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау үшін жекелеген банк өнімдерін әзірлеу жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Елдiң барлық өңірлерінде кәсiпкерлiкке қызмет көрсету орталықтарының желiсi ашылатын болады. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бойынша шараларды практикалық іске асыру басталады. Ел өңірлерінде iрi компаниялар төңірегінде шағын және орта бизнестi дамыту бойынша әрiптестiк бағдарламалар да іске асырылатын болады.
Экономиканың әлеуметтiк маңызы бар секторларында инвестицияларды ынталандыру мақсатында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетiктерiн пайдалануды бюджет және концессия заңнамасына қажетті өзгерістер енгізу арқылы жетілдіру жалғасатын болады.
Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік саясат мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
- ең төменгі әлеуметтік
- қоғамның ең аз қамтылған
топтары үшін әлеуметтік
- өңірлер дамуындағы әлеуметтік
теңгерімсіздік проблемаларын
- жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу саясатын жаңғырту.
Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік салада алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені енгізу мақсатында әлеуметтік саланың стратегиялық дамуының барлық аспектілерін айқындайтын Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік дамуының жалпыұлттық тұжырымдамасы әзірленетін болады.
Осы Тұжырымдама шеңберінде ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесін жетілдіру, білім беру және денсаулық сақтау сапасын арттыру, әлеуметтік қамтамасыз ету, еңбек белсенділігін және еңбекке деген уәждемені ынталандыру, елдің еңбек ресурстарының кәсіптік құзыретін арттыру бойынша шаралар көзделген.
Экономиканың өсуін ескере отырып өмір сүру сапасының стандарттарын кезең-кезеңмен арттыруды көздейтін заң жобасы әзірленетін болады.
Инновациялық экономиканы қалыптастырудың қажетті шарты серпінді экономикалық өсудің және қоғамның әлеуметтік дамуының маңызды алғышарты болатын, елдің әл-ауқаты мен қауіпсіздігінің шарты болатын білім беру жүйесін жаңғыртуболып табылады.
Балалардың, жалпы өсіп келе жатқан ұрпақтың функционалдық сауаттылығына ерекше назар бөлінетін болады, сөйтіп «Қазақстан -2050» жаңа саяси бағытын ескере отырып мектепке дейінгі білім беру «Балапан» бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартылды.
12 жылдық
білім беруге көшуге дайындық
жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бастауыш,
негізгі орта және жалпы орта
білім берудің мемлекеттік