Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру бағыттары мен жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2014 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Диплoмдық жұмыcтың өзeктілігі: Қазақстан Республикасының орта мерзімді перспективаға арналған әлеуметтік-экономикалық саясаты «Қазақстан-2050» стратегиясында айқын көрініс тауып отыр. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты және негізгі мақсаты – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге, қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиісті. Осы жолда елім деп жүрегі соққан әр азаматтың міндеті мемлекет үшін еңбек етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын қолдай отыра, дамуына жағдай жасау екені анық. Аталып отырған стратегияда көрсетілгендей, орта мерзімді кезенде әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы дамуының жаңа бағытын іске асыру бастамасы - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................5

1 Бөлім Жергілікті деңгейде әлеуметтік – экономикалық саясатты іске асырудың теориялық және әдіснамалық аспектілері
1.1 Әлеуметтік–экономикалық саясат түсінігі, мақсаты мен міндеттері...............7
1.2 Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі: түсінігі мен бағалау әдістері.....................................................................................12
1.3 Әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі...................................................................................................................15

2 Бөлім Атырау облысы «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық сипаттамасы
2.1 «Қызылқоға ауданы әкімінің аппаратының» функционалдық мақсаттары мен міндеттері, құрылымы.......................................................................................18
2.2 «Қызылқоға ауданы әкімінің аппаратының» кадр қызметі мен олардың құқықтары,міндеттері................................................................................................21
2.3 Қызылқоға ауданы әкімінің аппаратының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау...............................................................................................23

3 Бөлім Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру бағыттары мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014-2018 жылдарға арналған негізгі басымдықтарының сипаттамасы.......................38
3.2 Қызылқoғa ayдaнының әлеуметтік-экономикалық саясаттын іске асыру бағыттарын жетілдіру жолдары...............................................................................50

Қорытынды және ұсыныстар................ ..................................................................56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖАЗИРА 2 ж.docx

— 685.04 Кб (Скачать документ)

 Ayдaн бoйыншa 2013 жылы күн көpіc дeнгeйі кeдeйшілік дeнгeйінeн төмeн 20 oтбacындaғы 103 aдaмғa 2884,7 мың тeңгe көлeміндe мeмлeкeттік aтayлы әлeyмeттік көмeк тaғaйындaлды. Бұл көpceткіш 2012 жылы 60 oтбacындa 315 aлyшы бoлca, 2011 жылы 65 oтбacындa 342 aлyшы. Ал, 2013 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 239 алушыға немесе 31,1 пайызға азайып отыр (Cypeт 13).

 

 

Cypeт 13 2011-2013 жылдар аралығындағы атаулы әлеуметтік көмек, адам саны

 

          Ayдaн көлeміндe 3 мeшіт бap. Олар: «Бәйтepeк» мeшіті, «Aбдoллa Xaзpeт» мeшіті, «Aмaнияз aтa» мeшіті. Бapлық oкpyгтepдe тoқcaн caйын лaңкecтік жaғдaйлapдың aлдын aлy, жacтapдың тepіc aғымдapғa ілecіп кeтпeyін қaдaғaлay, дәcтүpлі дінді нacиxaттay мaқcaтындa жacтapмeн,  жoғapы cынып oқyшылapымeн тұpaқты apнaйы жиындap өткізіліп тұp.

          Ayдaн бoйыншa жacтap caяcaты жәнe aзaмaттapғa пaтpиoттық тәpбиe бepy жөніндe apнaйы іc-шapaлap жocпapы жacaқтaлып, жocпapлaнғaн шapaлapғa ayдaн бюджeтінeн 1050,0 мың тeңгe қapaжaт бөлінді. Жacтap бaзacы жacaқтaлып, тoқcaн caйын мoнитopинг жүpгізіліп oтыpaды. Бapлық oкpyг әкімі aппapaттapындa жacтap жeтeкшіcі штaты aшылғaн. Ayдaндa жacтap caяcaтын дaмытy мaқcaтындa құpылғaн үш үкімeттік eмec ұйым бap.

           2011 жылдың қaңтap-жeлтoқcaн  aйлapындa 87 қылмыc, 2012 жылы 111 қылмыc тіpкeлce, 2013 жылы 196 қылмыс тіркелді. 2013 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 109 қылмысқа кеміп отыр (Сурет 14).

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cypeт 14 2011-2013 жылдар аралығындағы аyдaн бoйыншa қылмыc caны, бірлік

Жaлпы қылмыcтың aшылyы 2011 жылы 15,2  пaйыз бoлca, 2012 жылы 20,3 пaйыз, aл, 2013 жылы 19,1 пaйыз бoлды. 2011 жылды 2013 жылмен салыстырғанда қылмыстың ашылуы  3,9 пайызға өсіп отыр (Cypeт 15).



 

Cypeт 15 2011-2013 жылдар аралығындағы қылмыстың ашылуы, %

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Бөлім Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру бағыттары мен жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014-2018 жылдарға арналған негізгі басымдықтарының сипаттамасы

 

Қазақстан Республикасының орта мерзімді перспективаға арналған әлеуметтік-экономикалық саясаты салаларды, кәсiпорындарды және халықты дағдарыстан кейін қолдауға бағытталған шаралардан, «Қазақстан - 2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы атты Қазақстан халқына Жолдауында анықталған стратегиялық сипаттағы ауысады Қазақстанның негізгі мақсаты – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге, қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиісті.

Орта мерзімді кезенде әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы дамуының жаңа бағытын іске асыру бастамасы -пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.

Тұтастай алғанда, ел халқының әл-ауқатының өсуiн қамтамасыз ететiн бәсекеге қабілетті ғылымды экономиканың көп қажет ететін үлгісін қалыптастыру маңызды мiндет болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің негiзгi күші іске асырылуы қажеттi бюджеттiк шығындармен қамтамасыз етілетін әлеуметтiк-экономикалық саясаттың мынадай басымдылықтарына негізделеді:

Прагматикалық экономикалық саясат экономиканы әртараптандыру, кең ауқымды кәсіпкерлікті тарту, инновацияларды жандандыру және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы экономиканың серпінді өсуін жоспарланған деңгейінде қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Макроэкономикалық тұрақтылық жаңа салық-бюджет саясатын іске асыру және экономикалық өсу үшін қолайлы инфляция деңгейін ұстап тұру есебінен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік қаржы тұрақтылығын және шикізатқа әлемдік бағаның құлдырауы кезінде бюджеттің орнықтылығын арттыру мақсатында теңгерімделген бюджет саясаты жүргізіледі.

Мемлекеттік борышты мемлекеттік қаржы тұрақтылығын бірқалыпты деңгейде ұстау үшін бюджет тапшылығын және ЖІӨ-ге қатысты мұнай емес тапшылықтың өсуін ұстап тұру жоспарлануда. Квазимемлекеттік сектор борышының өсуіне бақылау қамтамасыз етіледі.

Кепілдендірілген трансферт көлемінде қор қаражатын пайдалануды шектеу арқылы Ұлттық қорда мұнай кірістерін жинақтау саясаты жалғасатын болады.

Салық саясаты экономика дамуын ынталандырушы құралдардың бірі болады және әлеуметтік бағыттылыққа ие болады.

Орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жаңғырту арқылы әртараптандыру, мемлекеттік жеке-меншік әрiптестiк, инвестиция және инновациялар негізінде экономиканы бәсекеге қабілеттілікті нығайту жалғасын табады.

Экономиканы жаңғыртудың негізі елді Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастыру, кластерлік тәсілді енгізу және басты рөлі сапалы адами фактордың рөлін және мәнін күшейту болатын ақпараттық қоғамды дамыту үшін негіз құру болып табылады. Бұл мақсатта еңбек нарығына және экономиканың өсуіне қосымша мультипликативтік әсер ететін ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобалар қаржыландырылады.

Сонымен қатар, экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сияқты капитал құрушы салаларға инвестицияларды арттыру күтілуде, бұл отандық құрылыс индустриясын және металлургияны дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға қосымша серпін береді.

2020 жылға  дейінгі елдің агроөнеркәсіптік  кешенін дамытудың бағдарламасы  шеңберінде аграрлық сектордың  бәсекеге қабілеттілігін арттыруға  және ауыл экономикасын дамытуға  бағытталған ауыл шаруашылығын  ауқымды жаңғырту басталады.

Елдің табиғи ресурстарын ұтымды пайдалануға негізделген орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында «Жасыл» экономикаға көшудің ұзақ мерзімді стратегиясы әзірленуде.

 «Бизнестің  жол картасы-2020» бағдарламасы  шеңберінде нақты жұмыс орындарын  құруға бағдарлай отырып, шағын  және орта бизнесті кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау шараларымен  қамтуды кеңейту жөніндегі жұмыс  жалғасады.

Елдің экономикалық өсуінің негізгі факторы экономиканың шикізаттық емес секторына инвестицияларды тарту және елде қолайлы инвестициялық ахуалды құру болуы тиіс.

Орта мерзімді кезеңдей инновациялық даму шеңберінде Жасыл экономиканың дамуына қуатты серпін беретін Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу үшін қажетті ұйымдастыру іс-шаралары өткізіледі.

Әлеуметтік жаңғырту және жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру.      Экономиканың өсуін ескере отырып, халықтың өмір сүру сапасын кезең-кезеңмен арттыру үшін тиісті негіздемелік заңмен регламенттелетін ең төменгі әлеуметтік стандарттар жүйесін қалыптастыру жұмысы басталады.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын одан әрі іске асыру және құралдарын кеңейту жұмыспен қамтуды және экономиканың өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді [38].

Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын іске асыру жалғасын табады.

Инфляцияның өсуіне жол бермеу және оны жоспарланған дәлізде ұстап тұру үшін кеден-тарифтік реттеудің тетіктерін қолдану жалғасады. Осылайша, мұнай өнімдерінің ішкі нарығында жетіспеу шілікті болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистиляттарды, керосиндер мен газойльдерді шығаруға уақытша тыйым салынды.

Бұдан басқа, республиканың ішкі нарығын толықтыру және мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне арналған бағаларды тұрақтандыру мақсатында облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша Мұнай өнімдерін жеткізу кестесін бекіту жалғасады, бензин мен дизель отынына шекті жол берілетін баға ай сайын белгіленеді.

Азық-түлік нарығындағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету және бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу үшін нарық тетіктерін қолдана отырып азық-түлік нарығын реттеу бойынша шаралар кешені шеңберінде жүзеге асыралады. Бағалардың алыпсатарлық және негізсіз өсуіне жол бермеу және маусымдық ауытқулорды реттеу мақсатында азық-түлік нарығын реттеу үшін құрылған өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын құру және пайдалану жұмысы жалғасады.

Отандық өндірушілерді қолдау жұмысы жалғасады. Гербицид жанар-жағармай материалдарын, тыңайтқыштар сатып алу шығындары, мал шаруашылығында – асыл тұқымдық жұмыс, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеуде – қайта өндеуші кәсіпорындардың кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемелері субсияланады.

Бұдан басқа, «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы шеңберінде өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылық, тауарлық балық шаруашылығы, ауыл шаруашылық шикізатын тереңнен қайта өндеу және агронер-кәсіп кешенінің басқа салаларын қаражат болу және мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктерін енгізу көзделген. Бұл кейіннен өндіріс көлемін үлгейтуға және қазақстандық өнімнің өзіндік құнын төмендеу және сапасын арттыру есебінен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және нарықты отандық өндірісі өнімдерімен қамтамасыз етуді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бастапқы міндет ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толтыру болып табылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары және олардың шекті жол берілген бөлшек бағаларының мөлшері одан әрі бөлшек бағаның шекті мәнін белгілеу тетігіне сәйкес белгіленетін болады.

Тұрақты экономикалық өсуді жоспарланған деңгейде қамтамасыз ету және жеделдетілген экономикалық жаңғырту Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі – ҮИИДМБ) іске асыру арқылы жалғасатын болады.

ҮИИДМБ-нің бірінші бесжылдығы (2015 жылға дейін) Қазақстанның табысты индустрияландырылуы және индустриядан кейiнгi қоғамға кезекті өтуі үшін Қазақстанда қажетті өндірістік және инфрақұрылымдық базаны қалыптастырады.

Одан әрі құрылымдық әртараптандыруды және инновациялық дамыту мақсатында жаңа ҮИИДМБ әзірленетін болады (2020 жылға дейін).

2015 – 2019 жылдарға  арналған индустрияландырудың екінші  кезеңін іске асыру үшін «бастама  нүктесін» қалыптастыру мақсатында:

1) келесілерге жүйелі талдау  жүргізіледі:

- бірінші үш жылда бағдарламаны  іске асыру нәтижелеріне және 2013-2014 жылдарға арналған жетістіктердің  консервативті болжамдарына негізделе  отырып, бірінші бесжылдыққа (2010-2014 жылдар) белгіленген басымдықтар  мен мақсаттар жетістіктеріне;

- 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік  бағдарлама шеңберінде экономика  салаларының дамуын қолдаудың (құралдар, әдістер) түйінді шараларының тиімділігі  мен тұтастығына;

Жүргізілген талдау негізінде индустрияландырудың екінші кезеңі шеңберінде кластерлердің пайда болуын ынталандыратын шараларды ескере отырып, Қазақстан экономикасын одан әрі әртараптандырудың одан арғы саясаты бойынша ұсынымдар әзірленеді.

Ағымдағы жағдайды талдау, күшті жақтары және әр сала дамуының проблемалы мәселелері, Қазақстанның индустриялық дамуының екінші кезеңі шеңберінде дамуда басымды болатын тізімнен алып тастауға/тізімге енгізу ұсынымдары жаңа салалық даму бағдарламаларын әзірлеудің перспективалығын, басымдылығын айқындауға мүмкіндік береді.

ҮИИДМБ-нің бірінші бесжылдығы (2015 жылға дейін) Қазақстанда қажетті өндірістік және инфрақұрылымдық базаны Қазақстанның табысты индустрияландырылуы үшін және индустрялдан кейiнгi қоғамға кезекті өтумен салынады.

Қазақстанда байырғы өндірістік революцияны қамтамасыз ететін экономиканың инновациялық жаңғыруы елдің экономикалық дамуының негізгі бағыты болуы тиіс.

Екінші бесжылдықта басымдылық ретінде индустриялды-инновациялық бағдарламаның - IT-технологиялар, биотехнологиялар мен Назарбаев Университетінің ғылыми басымдылықтары салаларына таңдап алдағы үшінші өндірістік революциясы үшін негіз қалыпьтастыру қажет.

ҮИИДМБ-де қойылған міндеттерді іске асыра отырып, Қазақстан өнімдердің жаңа қайта бөлінулері өндірісіне өте алады, сондай-ақ жоғары зияткерлік өнімдер нарығын қалыптастыруға өтумен инновациялар құру мен үдерісін едәуір жылдамдатады.

Елдің жасыл экономикаға көшу кезеңінде өнеркәсіптің энергия тиімділігін және инновациялық және энергия тиімді технологияларды өндіруді арттыру саясатын жүргізуді күшейту қажет. Осыған байланысты Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші кезеңінің негізгі бағыттарының бірі - энергия тиімділікті арттыру мен ірі және орташа өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту және эмиссиялар шығарындыларын төмендету, сондай-ақ жасыл экономикаға көшу үшін қажет өнім өндіру болып табылады.

Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу стратегиясы әзірленуде. Стратегия жобасын әзірлеу секторалдық талдау, әр сектор бойынша түйінді индикаторларды есептеуді, инвестициялар мөлшерін, экологияға түйін мен ресурстар параметрлеріне әсерін қоса алғанда, басты бастамашылықтарды идентификациялау мен санын айқындауды қамтиды.

Сонымен қатар Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталып кетті. Тұжырымдаманы сапалы әзірлеу мақсатында әлемнің жетекші консалтингтік және ғылыми-зерттеу орталықтары, сондай-ақ Дүниежүзілік банк, Азияның даму банкі, БҰҰ және ЭЫДҰ сияқты халықаралық даму институттары тартылып жатыр.

Агроөнеркәсіптік кешеніндегі саясат азық-түлік қауіпсіздігі мен қазақстандық өнімнің экспортын арттыруды қамтамасыз ететін, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталатын болады.

Агроөнеркәсіптік кешенін индустриалдық-инновациялық дамытуға жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ су ресурстарын интеграциялық басқару қағидаттарын енгізу жолымен қол жеткізілетін болады.

Информация о работе Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру бағыттары мен жетілдіру жолдары