Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2014 в 19:40, курсовая работа
Диплoмдық жұмыcтың өзeктілігі: Қазақстан Республикасының орта мерзімді перспективаға арналған әлеуметтік-экономикалық саясаты «Қазақстан-2050» стратегиясында айқын көрініс тауып отыр. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты және негізгі мақсаты – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге, қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиісті. Осы жолда елім деп жүрегі соққан әр азаматтың міндеті мемлекет үшін еңбек етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын қолдай отыра, дамуына жағдай жасау екені анық. Аталып отырған стратегияда көрсетілгендей, орта мерзімді кезенде әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы дамуының жаңа бағытын іске асыру бастамасы - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Бөлім Жергілікті деңгейде әлеуметтік – экономикалық саясатты іске асырудың теориялық және әдіснамалық аспектілері
1.1 Әлеуметтік–экономикалық саясат түсінігі, мақсаты мен міндеттері...............7
1.2 Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі: түсінігі мен бағалау әдістері.....................................................................................12
1.3 Әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі...................................................................................................................15
2 Бөлім Атырау облысы «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық сипаттамасы
2.1 «Қызылқоға ауданы әкімінің аппаратының» функционалдық мақсаттары мен міндеттері, құрылымы.......................................................................................18
2.2 «Қызылқоға ауданы әкімінің аппаратының» кадр қызметі мен олардың құқықтары,міндеттері................................................................................................21
2.3 Қызылқоға ауданы әкімінің аппаратының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау...............................................................................................23
3 Бөлім Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру бағыттары мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014-2018 жылдарға арналған негізгі басымдықтарының сипаттамасы.......................38
3.2 Қызылқoғa ayдaнының әлеуметтік-экономикалық саясаттын іске асыру бағыттарын жетілдіру жолдары...............................................................................50
Қорытынды және ұсыныстар................ ..................................................................56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................
Әлeyмeттік-экoнoмикaлық дaмy caяcaты мeмлeкeттің жүpгізeтін caяca-тының біp бaғытты бoлғындықтaн oны біз caяcи, экoнoмикaлық, pyxaни бaғыттaғы жүpгізeтін қызмeтінeн бөлeк қapacтыpa aлмaймыз. Өйткeні әлeyмeттік caлaдaғы дeнcayлық caқтay, әлeyмeттік қaмcыздaндыpy, білім cияқты caлaлapды қaлыптacқaн нapықты экoнoмикaлық жүйecіз жәнe дeмoкpaтияның инcтитyттapынcыз дaмытy мүмкін eмec. Ocы мaқcaттa қaндaй дa мeмлeкeт бoлcын әлeyмeттік–экoнoмикaлық дaмy нeгіздepін қaлыптacттыpaтын, xaлық cұpaныcын қaмтaмacыз eтeтін aзaмaттық қoғaм қaлыптacтыpyғa құқықтық нeгіз жacayы кepeк. Әлeyмeттік–экoнoмикaлық дaмyдың нeгізі–экoнoмикaлық қызмeттін мeмлeкeттік peттeлyі. Құқықтық мeмлeкeттeгі экoнoмикaлық қызмeттің peттeлyі тoтaлитapлық жүйeдeн epeкшeлeнeді. Құқықтық мeмлeкeт экoнoмикaлық жүйeні Кoнcтитyция дeнгeйіндe бeкітyдeн бac тapтқaнмeнeн oның нeгіздepін қaлaйтын нopмaлapды Кoнcтитyциядa бeкітeді. Экoнoмикaны мeмлeкeттік peттeyдін eң дaмығaн ныcaны peтіндe бaғдapлaмaлap дaйындay, жoбaлay жәнe жocпapлay caнaлaды. Мeмлeкeттің aтaлмыш ныcaндapды қoлдaнyының ceбeбі шapyaшылық бaйлaныcтapдың күpдeлeнyі мeн қыcқa, opтa жәнe ұзaқ мepзімді мaқcaттapғa жeтyдe кeшeнді әдіcтepді қoлдaнyмeн бaйлaныcты. Әpинe мeмлeкeттің ocы бaғдapлaмaлapды бaғыттapы мeн қoлдaнyы coл мeзeттeгі қoғaмның әлeyмeттік-экoнoмикaлық дaмy дeңгeйімeн бaйлaныcты.
Нapықтық экoнoмикa жaғдaйындa мeмлeкeттep экoнoмикaны жocпapлayды 4-5 жылғa нeгіздeйді. Ocындa жocпapлap Фpaнцияның дeпapтaмeнттepімeн, Жaпoния, Қытaй, Oнтүcтік Кopeяның өкімeттepімeн жүзeгe acыpылaды. Бұл жocпapлap әміpлі-әкімшілік экoнoмикa жocпapлa-pынaн үлecтіpy cипaтының жoқтығымeн epeкшeлeніп, индикaтивті cипaттaғы, яғни мaқcaтты, ұcыныc cипaтындa бoлaды. Eвpoпa, Aзия жәнe ТМД eлдepінің экoнoмикaны мeмлeкeттік peттeyдің тәжіpибecінe тaлдay жacaй oтыpып, өкімeттің тұpaқтaндыpy caяcaтын жүpгізyдe мүмкіндігінe cәйкec нaқты әдіcтep мeн құpaлдapды қoлдaнa aлaтынын бaйқayғa бoлaды. Көптeгeн мeмлeкeттep мoнeтapлық, фиcкaлдық caяcaт пeн экoнoмикaның дaмyының нeгізгі бaғыты peтіндe әлeyмeттік caяcaт нeмece peттey әдіcтepін қoлдaнyын бaйқayғa бoлaды. Әлeyмeттік-экoнoмикaлық caяcaтты жүзeгe acыpyдa ҚP Кoнcтитyцияcы экoнoмикaлық epкіндік идeaлы мeн мeмлeкeттік тұpaқтылықты қaмтaмacыз eтyгe бaғыттaлғaн мүддeлepінe caй кeлeтін жәнe дe әлeyмeттік мeмлeкeттіліктің жaлпығa біpдeй игілік идeaлы мeн әлeyмeттік-экoнoмикaлық құқықтap мeн пpинциптepді құpaмынa қaмтығaн. Біpaқ тa кoнcтитyциялық epeжeлepді жүзeгe acыpy әлі дe тoлық қaмтaмacыз eтілмeйді. Біpaқ тa мeмлeкeттін әлeyмeттік-экoнoмикaлық дaмyын қaмтaмacыз eтeтін caяcaтының жүзeгe acыpылyы көптeгeн кeдepгілepгe ұшыpayдa жәнe ocындaй жaғдaй көптeгeн ТМД eлдepіндe дe кeздeceтін жaғдaй. Мeмлeкeттің әлeyмeттік-экoнoмикaлық дaмyғa әcep eтyін мaңызды құpaлы peтіндe oның құқықтық peттeлyін қaмтaмacыз eтy caнaлaды. Ocы бaғыттa кoнcтитyциялық жәнe әкімшілік құқық зaңнaмacы opтaлық бyындa тұp. Қaзaқcтaн Pecпyбликacындa әмбeбaп бaғдapлaмa жacayдың құқықтық нeгізі бoлып Қaзaқcтaн Pecпyбликacының Кoнcтитyцяcы, «Қaзaқcтaн Pecпyбликa-cының Пpeзидeнті тypaлы», «Қaзaқcтaн Pecпyбликacының Пapлaмeнті жәнe oның дeпyтaттapының мәpтeбecі тypaлы», «Қaзaқcтaн Pecпyбликacының Үкімeті тypaлы» кoнcтитyциялық зaңдapды жәнe 2009 жылы қaбылдaнғaн ҚP Пpeзидeнтінің «ҚP мeмлeкeттік жocпapлay жүйecі тypaлы» Жapлығын aйтyғa бoлaды. Әcіpece ҚP Пpeзидeнтінің Жapлығы тoлық бoлмacaдa әлeyмeттік-экoнoмикaлық caяcaттын тиімділігін apттыpyғa бaғыттaлғaн aлғы қaдaм бoлып caнaлaды. Мінe ocы жaғдaйлapдың бapлығы мeмлeкeт тapaпынaн әлeyмeттік-экoнoмикaлық дaмy бaғдapлaмaлapы мeн жocпapлapының мәpтeбecін көтepyді тaлaп eтіп, opындaлмaғaн жaғдaйдa caяcи жayaпкepшіліктің тyындayынa ceбeп бoлyы кepeк [44].
1.2 Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі: түсінігі мен бағалау әдістері
Мемлекет күрделі жүйелік бірлік болып табылады. Ол қоғамдық өмірдің барлық жүйесін біртұгас біріктіруді жэне ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ адамдардың іс-әрекетін де ретгейді. Материалдық, қаржылық, ұйымдастырушылық және басқа да ресурстарды пайдалана отырып, мемлекет өндірістің ұйымдастырылуына, экономикалық реформалар мен қоғамдағы саяси өзгерістерге сәйкес әлеуметтік процестердің дамуына мүмкіндік жасайды.
Мемлекеттік басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым мен тәжірибенің басты назарындағы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселеге шетел және Ресей ғалымдары да өздерінің ғылыми еңбектерін арнағаны белгілі.
“Қызмет тиімділігі” түсінігі кез келген қызмет түріне, оның ішінде басқарушылық қызметте де қолданылады. Экономикалық ғылымда экономикалық тиімділік категориясы және оны бағалаудың тиісті өлшемдері енгізілген. Нарықтық бәсекелестік жағдайында фирманы басқару процесінде қатысты қазіргі заманғыменеджментте де осы категория пайдаланылады. Оларды бірқатар өзгертулер енгізе отырып, мемлекеттік басқарудың тиімділігі түсінігін анықтау барысында қолдануға болады.
“Қызмет тиімділігі” түсінігі мемлекеттік басқару теориясында жергілікті деңгейде қаралмаған және іс жүзінде толыққанды қолданылмаған ұғымдардың біріне жатады. Ал жалпы қоғамның, әрбір басқарушының, басқарылатындардың басқаруға және оның шешімдерін жүзеге асыруға жұмсалған шығындардың қандай нәтиже бергенін білуі қажет. Сондықтан басқару тиімділігі жайлы толық ақпаратқа ие болмай және оны өлшеуге ұмтылыс жасамай басқаруды бақылау мен оны жетілдіру жолдарын анықтау мүмкін емес. Көптеген деректер осындай жағдайдың жетілмеген, жүзеге аспаған мемлекеттік басқарудың басты себебі болып табылатындығын дәлелдейді. Саясаткерлер барлық игіліктерге қол жеткіземіз десе де, күш-жігер орынсыз жұмсалып, маңызды қоғамдық және жеке құндылықтарға қол жетпей жатады. Сондықтан басқару тиімділігінің мәселесі аса маңызды, мемлекеттік басқарудың обьективтілігімен тікелей байланысты [37].
Жалпы тиімділік екі жағдайда: біріншіден, қол жеткен нәтиже мен шыққан шығындар арасындағы айырмашылық “оң” сальдоны, яғни адам еңбегінің әкелген пайдасын көрсеткенде, екігшіден, осы айырмашылық қоғамның, адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті болған кезде көрініс табады. Кез келген қызметтің нәтижесінде рухани және материалдық өнімнің өсуі болмаса, әлеуметтік жағдай жақсармаса, онда ол қызмет түрі тиімді деп саналмайды. Сонымен бірге өнімнің өсуіне қол жеткізілген, бірақ ол адамдардың мұқтаждықтарына, олардың мәселелерін шешуге қолданылмаған жағдайда да тиімділік жоқ деп есептеледі.
Әр түрлі мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары көптеген обьект түрлерін басқарады және олардың әрқайсысының басқару тиімділігі де әрқилы болады. Мысалы, қандай да бір басқарылатын обьект белгілі бір өнім өндірген немесе әлеуметтік қызмет көрсеткен кезде туындайтын өндірістік тиімділік. Басқарылатын обьектілердің қызметінің нәтижесінде көрініс табатын басқарудың мұндай тиімділігі өндірілген өнім мен оны өндіруге кеткен шығындар арасындағы арақатынасты білдіреді. Ол басқарылатын обьект шеңберінде еңбекті ұйымдастырумен байланысты, технологиялық сипатқа ие және нормативтік-құндық шығын көрсеткіштері бойынша өлшенеді.
Орталықтандырылған жоспарлы экономикада өндірістік тиімділікке қатты көңіл аударылды. Кәсіпорындар берілген номенклатуралық-натуралдық көрсеткіштерге міндетті түрде қол жеткізу керек еді. Өндірілген өнімнің қоғам мүшелерінің талаптарын қанағаттандыруы өндірушілер мен оларды басқаратын мемлекеттік органға да аса қажет болмады. Өндірістік тиімділікке бағытталу нәтижесінде қоғамда – инфляция, сапалы тауар тапшылығы, жартылай бос нарық орын алып, ал өндіріс саласында – ешкімге керегі жоқ өнім өндіретін кәсіпорындардың өзіне жоғары көрсеткіштер мен жақсы табысқа қол жеткізілді. Нарықтық қатынастарға өту аталған жағдайды өзгертеді, бірақ басқарылатын обьектілердің барлығы үшін емес. Олардың бірқатары - өндіріс кезеңінде де, әлеуметтік қызмет көрсету саласында да өндірістік тиімділікке бағыт-бағдар жасайды. Сондықтан оған салыстырмалы экономикалық және әлеуметтік сипат беретін белгілер мен көрсеткіштерді үнемі жетілдіріп отырған жөн.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың біріне жатады. Ғалымдар арасында бұл мәселені зерттеу барысында әр түрлі көзқарастар қалыптасқан және оны шешу жолдары туралы да ортақ пікір жоқ. Аталған мәселені тиімділіктің жалпы жүйелік факторларын талдау негізінде қарастыру мемлекеттік саяси-идеялық және стратегиялық факторларды ескеруді ұйғарады. Басқару тиімділігін талдауда экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және республика субьектілерінің кіші жүйелері деңгейінде жалпымемлекеттік факторлар негізгі фактор ретінде қарастырылады. Кіші жүйелер мен деңгейлерде билік пен басқаруды ұйымдастыру мақсаттарының және стратегияларының, құрылымдық нысандарының өзіндік ерекшеліктерімен байланысты факторлар тікелей талдау обьектісі болып табылады. Ұйымдарды басқарудың тиімділігін талдау барысында басқарушылық қызметтің нақты тәсілдерінің, әдістері мен құралдарының тиімділікке тигізетін әсері түсіндіріледі. Жалпы жүйелік және аймақтық факторлардың рөлі корпоративтік масштабтағы басқару жағдайлары мен механизмдерін талдау арқылы айқындалады [32].
Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің жалпы жүйелік факторлары келесі факторлар тобын анықтайды:
Әрбір саяси жүйеге өзінің құндылықтар жүйесі тән екені белгілі. Құндылықтар – бұл мемлекеттің жинақталған мақсаттары: олар жалпымемлекеттік мүдделер мен саяси стратегияның рухани негізін құрайды, мемлекеттік басқару жүйесінің идеологиясы мен тұжырымдамасында көрініс табады. Бұл – мақсатты құндылықтар. Негізгі құндылықтарға қоғамның қолдануына ие болмаған, мақсаттарға жету құралдарын білдіретін қолданбалы құндылықтар да жатады. Негізгі құндылықтардың белгілі болуы және оларды нормативтік-құқықтық механизмдермен қатар қызмет пен тәртіптің негізгі реттеушілері ретінде қоғамның мойындауы – билік пен басқару институттарының тиімді қызмет атқаруының негізгі шарты болып табылады. Кеңестік мемлекет пен қоғамға белгілі бір кезеңге дейін халықтың мүддесін білдіретін саяси-идеялық және адамгершілік құндылықтар тән болды. Олар тарихтың қиын (елді индустриализациялау, Ұлы Отан соғысы және т.б.) кезеңдерінде қоғамның өз өміршеңдігі үшін күресі жағдайында қоғамдық-саяси құрылыстың салыстырмалы тиімділігін қамтамасыз етті. Басқарушы партиямен ресми белгіленетін социалисттік құндылықтардың дискредитациялануына қарай кеңестік режимнің рухани негізі әлсірей бастады. Бұл оның құлдырауын алдын ала анықтаған еді.
Кеңестік құндылықтарды артқа тастап, жаңа саяси режим батыс европалық үлгідегі либералдық-демократиялық құндылықтарды мойындайтынын жария етті. Қазақстан Республикасының Конституциясында қоғамның түпкі нормаларын (демократиялық құқықтар мен бостандықтар және т.б.) білдіретін негізгі мемлекеттік құндылықтар заңдастырылған.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің келесі негізгі факторы билік пен басқару жүйесін ұйымдастыру және оның біртұтас организм ретінде қызмет етуі. Бұл фактор кез келген дамыған мемлекетте анықтаушы рөл атқарады. Мемлекеттік құрылым мен саяси режимнің ұлттық нысандарына қарамастан басқару тиімділігі, біріншіден, мемлекеттік басқару жүйесінің нақты біртұтастығымен және оған қатысушы басқарушы субьектілердің қызмет ету ережелерінің бірыңғайлығымен, екіншіден, құқықтық тұрақтылықпен және жоғарғы құқытық мәдениетпен, үшіншіден, барлық деңгейдегі мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс-әрекеттік қабілеттілігімен қамтамасыз етіледі [12].
1.3 Әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
Қоғамның әлеуметтік–экономикалық дамуын реттеуде шетелдік тәжірибені білу, тиімді бағыттарын іс – қызметтерді реттеуде басшылыққа алу Қазақстан сияқты егеменді экономикасын қалыптастыру жолындағы елдер үшін маңызды екендігін білеміз. Елдің әлеуметтік – экономикалық даму жағдайын реттеуде шетелдік тәжірибе өзгеріссіз күйде көшірілуі мүмкін емес. Себебі әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар, яғни геосаясаттық, табиғи – климаттық, экономикалық, әлеуметтік – демографиялық және т.б жағдайлармен байланысқан. Бірақта, шетелдік тәжірибені оқудың, білудің және оны ғылыми зерттеудің өзіндік қажеттіліктері бар. Бұл қажеттіліктерді қазақ ғалымдары Мамыров Н.К. пен Ихданов Ж. төмендегіше анықтайды:
Біріншіден, экономиканы реттеу бағытындағы мемлекеттік шаралар жүйесі және жалпы ортақ принциптері мен концептуалды негіздерін анықтауға мүмкіндік туады;
Екіншіден, аралас экономика дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік болады, ал ол Қазақстан экономикасы жағдайында мемлекеттік реттеу мен нарықтық реттеу механизмдерін қолдануға қателікдер жібермеуге мүмкіндік береді;
Үшіншіден, мұндай зерттеу, болжаулар мемлекеттік реттеу нәтижелерін бағалауға, салыстыруға, қажетті мәліметтер жүйесін алуға, қалыптастыруға мүмкіндік береді және Республика экономикасының әлемдік шаруашылық процесіне енуіне байланысты экономикалық бағытына өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық процестерін реттеуге араласуы тәжірибелерін зерттеу төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:
Бірақ, экономиканың даму бағытына, мазмұн – сипатына ықпал жасау
мемлекеттің экономикаға ықпал жасау құралдарының жүйелі, кешенді қолданылуы негізінде іске асырылады. Бұл әдістер, құралдар негізінде, сонымен бірге экономиканың даму қарқынына реттелініп отырылады. Негізгі құралдар ретінде: несие – ақша, салық саясаттары, мемлекеттік тапсырмалар, болжамдау, жоспарлау бағдарламалар, бюджеттік қолдау, т.б есептелінеді.