Жердің азонды қалқаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2013 в 09:14, курсовая работа

Краткое описание

Озонның азаюының әртүрлі мүмкін болатын зардаптары туралы хабарлар, адамдар денсаулығына күн сәулесінің зиянды әсері және кейбір өсімдіктердің қырылуы мысал болады. АҚШ-та озонның 5 %-ке жұқаруынан терінің рак ауруы байқалған деп көрсетілген. Сондықтан АҚШ үкіметі саяси және экологиялық қорытындылар жасауды, яғни конкорд ұшақтарының ұшуын тоқтату, аэрозольді баллондарды, фреондарды қолдануды шектеуге тырысады.

Содержание

І. Кіріспе.
ІІ. Озонның қасиеттері.
1.Озон молекуласының құрылысы.
2. Озонның түзілуі және ыдырауы.
3. Озонның химиялық қасиеттері.
ІІІ. Озонның улылығы.
ІV. Озонның атмосфераға таралуы.
1. Атмосфера биіктігінде озонды анықтау әдістері.
2. Озонның уақытша және кеңінен таралуы.
V.Озонның атмосферада түзілу теориясы.
VI. Атмосферадағы озон концентрациясына қоспа газдардың әсері.
1. Атмосфера аз қоспалар.
2. Атмосфераның антропогенді ластануы.
VIІ. Атмосфера қабатында озонның болуы.
VIІІ. Жер бетіндегі тіршіліктің экологиялық проблемалары және озон
атмосферасы.
ІХ. Озонның қолданылуы.
Х. Озонның өнеркәсіптік өндірісі.
Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жердің озонды қалқаны.doc

— 544.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

 

І.     Кіріспе.

 

ІІ.   Озонның  қасиеттері.

       1.Озон молекуласының құрылысы.

       2. Озонның түзілуі және ыдырауы.

       3. Озонның химиялық қасиеттері.

ІІІ.  Озонның  улылығы.

 

ІV.  Озонның  атмосфераға таралуы.

  1. Атмосфера биіктігінде озонды анықтау әдістері.
  2. Озонның уақытша және кеңінен таралуы.

 

V.Озонның атмосферада  түзілу теориясы.

 

VI. Атмосферадағы озон концентрациясына қоспа газдардың әсері.

  1. Атмосфера аз қоспалар.
  2. Атмосфераның антропогенді ластануы.

 

VIІ. Атмосфера  қабатында озонның болуы.

 

VIІІ. Жер бетіндегі тіршіліктің экологиялық проблемалары және озон    

         атмосферасы.

ІХ. Озонның  қолданылуы.

 

Х. Озонның  өнеркәсіптік өндірісі.

 

Қорытынды.

 

-3-

 

        1.  Тақырыптың өзектілігі.

         Озонның азаюының әртүрлі мүмкін болатын зардаптары туралы хабарлар, адамдар денсаулығына күн сәулесінің зиянды әсері және кейбір өсімдіктердің қырылуы мысал болады. АҚШ-та озонның 5 %-ке жұқаруынан терінің рак ауруы байқалған деп көрсетілген. Сондықтан АҚШ үкіметі саяси және экологиялық қорытындылар жасауды, яғни конкорд ұшақтарының ұшуын тоқтату, аэрозольді баллондарды, фреондарды қолдануды шектеуге тырысады.

    1. Ғылыми жаңалығы.

          Озон жерде оттегі пайда болғаннан  кейін түзілуі, ультракүлгін сәулелерді  сіңіруі жердің бетіндегі тіріні қорғайды. Тірі ағзалар сулы ортадан жер бетіне шықты. Ультракүлгін сәулелер адам,жануар және құстардың Д3

витаминін сіңіруіне  көмектеседі. Бұл сәуле әсерінен өсімдіктердің ауыл шаруашылық өнімдері артады. Алайда оның көп дозасы керісінше әсер береді. Адамдардың ультракүлгін сәулелерді көп сіңіруі күюге және тері рагіне соқтырады.

    1. Теориялық және практикалық құндылығы.

Ал атмосферадағы озон мөлшерін қалай анықтайды? Ол үшін 2 әдісі бар: жер бетіндегі бақылаулар мен ұшатын аппараттармен бақылау. Жер бетіндегі әдіске негізінен оптикалық әдістер жатады. Мынандай аспаптар бақылайды. Мысалы, Добсонның спектрофотометрі, онда озон сіңіру немесе шығару спектрлерімен анықталады.  Добсонның спектрофотометрі озонды тікелей күн сәулесі бақыланады. Және Айдың жарық сәулесімен аспанның шашыраған сәулесі бойынша өлшейді.

Айэрозольді жоғалтуларды азайту үшін озонды жоғары таулардан бақылауға болады. Өлшеу құралдарына тәуелсіз м/й жер әдістері де қолданылады . Ол Ламберт – Бэр заңына бағынады.

    1. Жұмыстың мақсаты мен міндеті.

          Барлық әлемде соңғы жылдары фреомдар өндірісінің қарқынды дамуы басталды, бұл тоңазытқыштардың, еріткіш және шашырандының яғни тұрмыстық химияның кеңінен пайдалану негізінде түзіледі.

-4-

          Фреондар деп – метан, этан  және фтор болады. Олар төменгі қайнау температурасына ие болғандықтан ауада жақсы буланады. Казіргі кезде фреондардың атмосфераға қалай таралатыны жайлы пікір жоқ. Тропосферадан фреондар сумен кетеді гидролизденбейді, содан мұхитта жиналады. Атмосферада жинақталатын фреондардың микробиологиялық тұрақтылығы белгісіз? Анализі өте күрделі. Қолданылатын хроматографтар мен спектрометрлер өте сезімтал. Фреондардың мөлшері жергілікті қалаларға байланысты. Биіктіктің көтерілуі мен фреондардың концентрациясы бірдей келеді, бұл стратосферада фотолизбен түсіндіріледі. Фотолиз ультракүлгін сәулелердің әсерімен жүреді.

    1. Тақырыптың зерттеулік деңгейі

Неорганикалық синтезде озон маңызды болып қолданылады. Сілтілік металдардың озонитдері түзіледі. Әсіресе озон құрғақ күйдіргіш сілтілермен әрекеттеседі. Кәзіргі кезде жаңа реакция ашылды. Онда натрий, калий, рубидий және цезий осы элементтердің асқын тотықтары озонмен әрекеттеседі, осылайша озон халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданылып, әр жылда көптеген мүмкіндіктер мен жаңа процестер ашылуда оның бәрі жемісті қолданылады.

Озонды өндірістік қолдану  оның қалдықтарын тиімді жоюға мүмкіндік  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-5-

Атмосферада озон өте аз, барлығы 4·10-17 көлем % ді құрайды. Ол осы планетада өмірдің пайда болып дамуына жағдай жасап отыр. Жер атмосферасында оттегі шамамен 1,8 млрд. бұрын пайда болғаннан бастап озон қабаты бар болып есептеледі. Бұл қабат ультра- күлгін сәулелерді күшті сіңіруінің нәтижесінде Жерде барлық тіршілік үшін өзіндік озонды қалқан ролін атқарады. Озон өте күшті сіңіруші, ол күннің барлық ультра-күлгін радиациясын 2900-2200 А° жолағында толықтай сіңіруге оның өте аз концентрациясы жеткілікті. Бұл энергия, қалқан атмосферадағы бүкіл энергиямен пара-пар. Сонымен қатар жердің инфрақызыл сәулелерін сіңіруде маңызы зор. Озон атмосфераның басқа компоненттері сіңірмейтін Жердің жылулық сәулелерін сіңіреді. Бұл озонның «парникті» эффектісі осы тәрізді әсерлермен атмосферадағы басқа қоспалармен Жерде  жылулық режим үшін өте қолайлы жағдай тудырады. Біздің планетамызда өмір үшін үлкен мәнге ие. Осылайша атмосферада сіңірілетін сәулелердің маңызды бөлігі озон үлесіне тиеді. Сурет 1-де Жер мен атмосфераның жылу балансы берілген. Суреттен атмосфера Күн сәулелерінің белгілі мөлшерін сіңіретіні негізінен ол жер сәулелерінің көп бөлігін сіңіретіні көрсетілген.

   Сонымен қатар  жер атмосферадан жылудың негізгі  массасын алады. Сондықтан 70 жылдары  озон мәселесіне қызығушылық туындады. Әсіресе атмосфераның ластануы Жердегі озонды қабаттың бұзылуын әкелуі мүмкін. Озонға деген қызығушылық атмосферада антропогенді қоспалардың табиғи озонның бұзылуына әкелген кезде байқалды.

Атап айтқанда азот тотықтарының көптеген қоспалары атомдық жарылыс  негізінде, ұшақтардың бөлінетіін газдар, азотты тыңайтқыштардың ыдырауынан, сонымен қатар фреондар мен басқа көмірсутектердің хлор туындыларынан бөлінетін хлор қоспалары болуы мүмкін.

   Сонымен қатар  озонның азаюының әртүрлі мүмкін  болатын зардаптар туралы хабарлар, адамдар денсаулығына күн сәулесінің  зиянды әсері, және кейбір өсімдіктердің  қырылуы мысал болады. АҚШ-та озонның 5%-ке жұқаруынан терінің рак ауруы байқалған деп көрсетілген. Сондықтан АҚШ үкіметі саяси және экономикалық қорытындылар жасауды, яғни ол конкорд

-6-

 

ұшақтарының ұшуын тоқтату, аэрозольды баллондарда фреондарды қолдануды шектеуге тырысады.

   Алайда басқа  оқымыстылар озон қабатының бұзылуы  туралы болжаулары қате болғандықтан көрсетілген биологиялық эффектілер қателесуіне әкеледі.

   Озонның рөлі  туралы, оның ыдырауы мен түзілуі  адамзатқа ашық болып қалады.

   Озон қоршаған  ортаны қорғау мен өндірісте күшті тотықтырғыш болып табылады.

 

I. Озонның қасиеттері.

 

   Озон (О3) – оттегі түзетін тұрақты О2 орамасының екінші салыстырмалы түрде тұрақты қосылыс.

  Озонның сипатты  ерекшелігі оттегі элементінің  2-ші жай қосылысы болып, барлық үш агрегаттық күйде бола алады. Бұл барлық элементтердің ішіндегі көп жағдайлардың бірі емес. Сондықтан, озонның кәдімгі анықтамасы оттегінің аллотропиялық модификациясы дегеніміз аз.

   Ерекше жағдай, озон басқа жай заттардың арасында  орын алып әртүрлі мамандықтағы химиктердің қызығушылығын тудырады. Озонның ашылуын оның өзіне тән иісімен байланыстырады, оны Шонбейн «озо»-«иіс шығарамын» деген атпен атады.

   Ерте заманнан  Гомердің «Одиссия» мен «Илиадасында» айтылғандай жаңбырдан кейін байқалады.

   Күкірттің иісі көгілдір түсті, күкірттің жануы деп атады.

   1785 жылы Ван-Марум  өзінің «Ғажайып үлкен электр машинаны сипаттау» деген кітабында оттегі көлемінің азаюын ескеріп және иістің машинаның маңайында шығатынын байқады.

   Сол кездегі  флагистон теориясына сүйеніп, ол электрлік материяның түзілуі және оның сынапқа әсері бар деді.

 

-8-

 

   1801 жылы дәл  осындай хлордың иісі күкірт  қышқылының электролизі кезінде  байқалады. 

   1840 жылы Шонбейн осы екі бақылауды біріктіріп бұл иіс тек бір жеке заттың түзілуінде байқалатындығын анықтап, оны «озон» деп атады.

   Соңынан озонның тағы да бір химиялық түзілу жолын фосфордың жәй тотығуы кезінде түзілетіндігін ашты.

   Алайда, озонның табиғаты 20 жыл бойы түсініксіз болып қалып бұл сұрақ туралы дискуссия жүргізілді. Шонбейн бұл жылдарды озон табиғаты жайлы қате көзқарастарға сүйенді. Шонбейн өз көзқарастарын айта отырып көптеген жұмыстар жүргізді, олар қате болса да ол озон табиғаты мен қасиеттерін түсіндіруге бағытталды.

   «Озон дегеніміз  не?» деген сұраққа жауап берудің қиындығы сол, сол кезде ол зат таза күйінде жоқ еді.

   Зерттеушілер  газдар қоспасымен жұмыс жүргізіп, онда озонның аз мөлшері азот, азот тотықтары, сутегі, су булары  қоспаларында болатындығы анықталды.

   1844 жылы басында  азоттың бар екендігіне сүйене отырып, ол озон-жаңа химиялық элемент және азот озонның сутегімен қосылысы деп қорытындыға келді.

   Бұл гипотеза, соңынан қалдырылды, себебі Мариньяк электролиз кезінде және фосфордың тотығу кезінде азот қатысынсыз түзілетіндігін байқады.

  Осыдан кейін Шонбейн, озон-сутегінің жоғары тотығы деген ұйғарымды ұсынады.

  Бұл ұйғырым, озондалған  газдарда сутегі мен судың тұрақты қоспалары бар екендігіне сүйенді. Әсіресе озонды электролизбен алғанда, көптеген зерттеушілер 1845 жылы Де-ла-Рив пен Мариньяк эксперимент жүзінде, озон таза оттегінен алынатындығын байқап, озон-оттегінің ерекше күйі деп қорытындыға келді.

   Бір қызығы  осыған ұқсас нәтижені, яғни оттегінен  озонды Шонбейн тағыда 1844 жылы  алды. Алайда сол кезде озон  табиғаты жайлы қарама-қайшылықтарға сүйеніп, бұл нәтижесі мән бере қойған жоқ.

-9-

 

  Тек 1849 жылы оқымысты  озон тек таза оттегінен алынатын, ол оттегінің аллотропиялық модификациясы екендігін білді.

  Алайда пікірталастар  бұнымен аяқтала қойған жоқ.  Сол кезде газдардың кейбір  екі атомды молекулалары, мысалы сутегі қарама-қарсы зарядталған атомдардан тұрады деп санады. Бұл гипотезаны оттегіне пайдаланып, Шонбейн кәдімгі оттегі молекуласы екі қарама-қарсы зарядталған бөлшектерден: теріс зарядталған активті бөлшек – Озон және оң зарядталған бөлшек- антозаннан тұрады деді. Озон мен антозан бар екендігі кейбір перокси қосылыстардың қасиеттерінің әртүрлілігі, біріншіден олардың немесе қышқылы әсерінен сутек пероксидін түзу және түзбеу қабілеттілігі, сонымен қатар дымқыл озонды қоспаларда тұман түзетіндігі анықталып, бұл озонның ыдырау процесінің нәтижесі екендігі, соның ішінде оның су буы конденсациясына әсері, бұл қасиетке тек озон ғана емес, кейбір басқа тұрақсыз қосылыстар жатады.

   Бұл уақытта  озон табиғаты жайлы басқа   да көзқарастар айтылды. Оны бөліну уақытына дейін атомарлы оттегі немесе ерекше күйдегі қозған поляризацияланған, электрленген молекула күйіндегі оттегі деп қарастырды.

   1860 жылы Эндрюс  пен Тайт оттегін иодты калий  қатысында және оның қатысынсыз түзілуі мен ыдырау көлемінің өзгеруін анықтады. Олар мынадай қорытындыға келді.  Озон – оттегінің конденсирленген формасы. Алайда олардың тәжірибелерінің нәтижелері озонның дәл формуласын шығаруға келмеді. Формуласын О2+n түрінде болады деді.

   Озонның бірінші  дәл формуласын 1865 жылы Сорэ ұсынды. Ол озондаған оттегінің қыздыру жолымен және озонның маймен сіңіруіндегі көлем өзгерісінің сандық қатынасын озонды-оттегі қоспасымен оттегінің өздігінен ыдырамауы байқалады. Сорэ тәжірибелерінің нәтижелері бойынша озон молекуласы оттегінің үш атомынан тұратындығы анықталды.

   1867 жылы Сорэ  өзінің алған нәтижелерін бекітіп,  салыстырмалы диффузия жылдамдығын  өлшеу  жолымен озонның молекулалық  массасын анықтады.

   Сорэ нәтижелері  басқа зерттеушілерден қолдау тауып, ХІХ ғасыр аясында

-10-

озон молекуласы үш атомнан тұрады деп қабылданды.

 

   Алайда басқа  оттегі молекуласының болу мүмкіндігі  жайлы пікірталас жалғаса берді, мысалы Оn (оксозон) және т.б. Пікірталастың жаңа пәні – озонның құрылыс формуласы пайда болды.

   Қалыпты жағдайда озон - өте интенсивті (көгілдір) газ. Түсі 1 м қабатта оттегінде 10-15% мөлшерде байқалады.

   Сұйық озон  – күңгірт көк мөлдір емес  сұйықтық.

   Қатты озон  – күңгірт сия көк ине тәрізді  кристалдар.

   Озон өзіне  тән иісі бар озон 10-7 – 10- 8 % мөлшерінде байқалады.

   Иісті сезу  шекарасы жеке және азот тотықтары  қоспасына байланысты.

   Таза озон барлық  үш агрегаттық күйде бола алады,  жарылғыш.

   Озонның маңызды физика  – химиялық қасиеттері төменде көрсетілген:

 

Молекула салмағы                                             48

Қайнау температурасы (760мм рт. ст.)            ―111,9°С

Балқу температурасы   (760мм рт. ст.)            ―192,7°С

Критикалық температура                                   ―12,1°С

Критикалық қысым                                             54,6 атм

Критикалық тығыздық                                        0,437 г/мл

Критикалық көлемі                                             0,147 л/моль

Информация о работе Жердің азонды қалқаны